Сармат қоғамындағы әйелдердің орны мен дүниетанымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Сармат қоғамындағы әйелдердің орны мен дүниетанымы

«Сақ әйелдері ержүрек келеді. Соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсетіп, ұрысқа араласады» деп көрсетіледі грек жазбаларында. Бұл сөздерді археологиялық қазба деректері де растайды. Сарматтардың қоғамындағы әйелдердің орны жөнінде терең талдаулар кең көлемді жазылмағанымен кейбір деректерде, әсіресе орыс тілді деректерде «амазонка» әйелдері жөнінде деректер көптеп саналады. Ал Қазақстан жеріндегі сарматтардың қоғамындағы әйелдердің орны жөнінде кейінгі упақытта әдебиеттанушы ғалымдармен қатар шынара мәдениеттанушы ғалымдар қалам тартып келеді.
Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады.
Сармат қоғамы әскери-демократия негізінде қалыптасқан. Оларда ішкі және сыртқы мәселелерді әскер басылар шешті. Олар бүкіл қауым мүшелерімен ақылдаспай, тек әскери жасақ қатарындағы адамдармен санасқан. Сармат әскерлерінің негізгі бөлігін садақшылар құрады. Мұны жасы мен жынысына жіктемей-ақ барлық сармат қабірлерінен кездесетін жебе салынған қорамсақ қалдықтарынан байқауға болады. Сармат қоғамында басқа көрші тайпаларға қарағанда әйелдер мен ерлер тең құқылы болып, әйелдер жасақ құрамында әскери жорықтарға қатысқан. Оған олардың қабіріне қойылған қару-жарақтар дәлел бола алады. Сондықтан сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды. Сарматтар қоғамындағы әскери демократия басқа көшпелілердікінен өзгеше болды. Мысалы, сақтардың әскери демократиялық қоғамында демократия тек ерлер үшін, оның ішінде де әскери жасаққа жарамды жатағы ерлер үшін болды. Ал сарматтардың әйелдері жасақ құрамына кірен. Оған лардың қабірлерінен қару жарақтың көп табылуы дәлел. Сарматтар қоғамында әскери демократия ерлерге де, әйелдерге де бірдей қатысты болды. Қауымдағы ерлер мен әйелдер тең саналған. Қазба жұмыстары кезінде табылған археологиялық ескерткіштер сармат қоғамында әлеуметтік теңсіздік орын алғанын көрсетеді. Мәселен, біздің жерімізде зерттелген сармат обаларының кейбіреуінде сол кезде өте бағалы саналған заттар бірге көмілген. Ал, енді біріндегі заттар өте жұпыны болып келеді. Әлеуметтік теңсіздікті біз обалардың сыртқы пішінінен де байқаймыз. Қоғамда ерекше орын алған бай, беделді адамдар қайтыс болғанда оларға үлкен ескерткіштер қойып, кейде сол атақты кісінің жанына қатардағы туыстарын жерлеген. Сарматтардың ру басылары өзерінің үстемдік жағдайын мәңгілікке паш етуге талпынған. Осы мақсатта олар орасан зор ескерткіш - оба соқтырды. Сарматтардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын олардың оба үйінділерінің көлемінен байқауға болады. Егер үлкен обаларда тайпа көсемдері жерленсе, орташа көлемдегі обаларда белгілі жауынгерлер ал, шағын обаларда қатардағы қауым мүшелері жерленді.

Батыс Қазақстан сарматтарының қоғамындағы әйелдердің орны жөніндегі кейінгі жылдары зерттеліп жүрген Тақсай ескерткішінен табылған археологиялық жәдігерлер негізінде көптеген қорытындыларға келуге болады.

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы 2012 жылы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде бес бірдей қорған кешені табылды. Бұлар шартты түрде «Тақсай-1», «Тақсай-2», «Тақсай-3», «Тақсай-4» және «Тақсай-5» болып аталды. Алғашқы екі обадағы жерленімдерден қызықты материалдар алынғанымен, жәдігерлер аз болды. Соңғы оба, яғни үшінші обадағы жерленімнен қайталанбас ғажайып материалдар, ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек бай әйелдің жерленген орны анықталды. «Тақсай-1» қорған кешенінде ағаш бөренемен жабулы жерлеу орны, төрт ат жүгені қазылып алынды. Ағаш бөренемен жабу астындағы шығыс жақ қабырғасына қарай жерленген әйел адамның қабірі табылды, мүрденің басы батысқа, беті оңтүстікке қарап жерленген. Жерленген әйел адам аса қымбат әшекейлі киім киген: басында шошақ төбелі, жоғарғы жағында тау ешкісінің бейнесі бар алтын бас киім, мойнында екі салпыншақты және тұтас құйылған гривна (металдан жасалған әшекей) тағылған. Ал киімнің кеуде тұсына төртбұрышты, сопақша пішінді барақ ит, қойдың бастары бейнеленген алтын жапсырмалы әшекейлер мен дөңгелек пішінді алтын моншақтар тігілген. Киімнің жеңдеріне де алтын қалыптағы қасқырдың азу тістері бейнесіндегі алтын салпыншақ тігілген. Білектеріне қиял-ғажайып жануар, яғни мүйізді мысық тұқымдас жыртқыштың бұзаумен айқасы бейнеленген алтыннан құйып жасалған екі білезік тағылған. Сол қолында толқынды өрнектері бар көкшіл түсті шыны ыдыс, оң қолында қоладан жасалған алтын сапты айна ұстаған. Айнаның тұтқасы жуан және онда барақ иттің басының бейнесі салынған. Барақ ит, тұмсығы өткір, көзі дөңгелек жыртқыш құс бейнесінің бастары қырынан салынған. Шебер бұл суреттер арқылы табиғаттағы күштердің қарама-қарсылығын көрсеткісі келгенге ұқсайды. Айнаның сабы кертештелген, ол жаңғақ ағашынан жасалған қаппен құндақталған. Айна ғалымдарға сол кездегі тарихты анықтау үшін таптырмас дерек болып табылады. Қабірдің оңтүстік-батысында жаңғақ ағашынан жасалған қобдиша табылды. Қобдишаның ішінде салт-жоралғылар жасайтын заттар салынған, олар: ақ саздан жасалған жіңішке мойынды ыдыс, ағаш тарақ. Қасқырдың азу тісі және соғыс көрінісі бейне-ленген тарақта, сірә, ассириялықтар мен мидиялықтар бейнеленген болса керек, орта тұсында соғыс арбасының бейнесі салынған. Ал үңгірдің орта тұсында түйе басты қола қазан, ағаш ыдыстың құрсауы, тана көзді шыны ыдыс анықталған. Үңгірдің батысында ат әбзелдерінің кейбір бөлшектері шашылып жатқан. Әсіресе, қабірдің оңтүстік жарының безендіруі ерекше қызығушылық туғызады, ол жарты шеңбер тәріздес, сәуле шашып тұрғандай етіп жасалған. Жарты шеңбер қабырғаларының астынан алтын жапсырмалар мен алқа шыққан.

Ерте көшпелі дәуірдегі ежелгі сармат кезеңіне жататын ақсүйек бай әйелдің жерленген орнынан барлығы сексеннен астам алтын бұйымдар табылып, салмағы үш келіге жуықтады. Бұл қабірдің Батыс Қазақстан облысында бұдан бұрын зерттелген обалардың ішіндегі ең көнесі болуы да айрықша жаңалық еді. Тақсай қорған кешенінен табылған материалдар, жерлену тәсілі, оралғы заттары, сонымен қатар өртеген кезде жанбай қалған тарақта бейнеленген соғыс көрінісі ғылыми ортада үлкен қызығушылық тудырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақтан сарматтарының дүниетанымы
Хұндар айбынды жауынгерлер
Көшпелілер мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Қазақ мәдениеті аясындағы қазақтың ұлттық мәдениетінің қалыптасуы
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Көшпенділер мәдениетінің ерекшеліктері
Қазақ әдебиетіндегі әйел тағдыры және дәстүрлі отбасы құндылықтарының дәріптелуі
Батыс Қазақстан жеріндегі ескерткіштер
Батыс Қазақстандағы сақ тайпаларының ескерткіштері
Қазақтың зергерлік өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz