Сарматтардың аң стилі мен өнері
Сарматтардың аң стилі мен өнері
3-5 ғасырларда далалық тайпаларда полихромдық стиль деп аталған сәндік өнер гүлденіп, өркен жайды. Оның жасалу жолдарында, көркемдеу тәсілінде бірсыпыра ерекше қасиеттері болды.
Осы кездегі зергерлік өнерде негізінен бір ғана зат алтын қолданылды. Алтын бұйымдарды жасауда ежелгі шеберлер өнерінің жетілдірілгені соншалықты, тіпті қазіргі зергерлер жасаған сәндік бұйымдарымен тайталаса алады.
Полихромдық өнерге бұйымдарды әшекейлеудің әр алуан техникасы тән. Жиі кездесетіндері түрлі-түсті тастармен безендіру (инкрустация), зерлеу (түрлі алтын домалақтарын жапсыру ), оқа жүргізу (алтын жіптермен кестелеу, алтын жалату), заттың бетіндегі ойыстарды бағалы заттар қосылған арнайы сұйықпен толтыру, т.б.
Полихромдық стильдің скифтік-сібірлік аңдық стильді ауыстыруының ең басты себебі Монғолиядан, Орта Азия аймағынан сарматтардың көптеген бірлестіктерінің ағылып келуі болды. Ерте орта ғасыр тарихнамасы Иорданның жазуына қарағанда сармат ордалары батысқа қарай құйын көтерген халықтай жылжыды. Осы дауылды кезеңде Батыс пен Шығыс, Солтүстік пен Оңтүстіктің әр түрлі тайпалары арасында пайда болған тығыз байланыстар полихромдық стильдің барлық жерде бірдей, бір уақытта дамуына себепкер болды. Осы тамаша зергерлік өнерінің шығу көзі б.з.б. I мыңжылдықтың басында жатыр. Б..з.б. 7-5 ғасырлардың өзінде-ақ Қазақстанда полихромдық өнердің екі түрі-безендіру және зерлеу белгілі болды. Осылай әшекеленген заттар Ертістің жоғарғы жағынан (Шілікті), Орталық (Жыланды) және Батыс Қазақстан (Бесоба) қорғандарынан, сонымен қатар Алакөл ойпатындағы қабірлерден табылды.
Б.з.б. I мыңжылдықтың басында Алдыңғы Азия мен Шығыс Жерорта теңізі елдерінен тараған бұл күрделі де нәзік өнер 4-5 ғасырларда жетілу шегіне жетіп, ежелгі Азия зергерлері арқылы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып отырды. [7, 29 б.].
Полихромдық стиль скиф-сақ өнеріндегі жоғалып кетпей, қазақ шеберлері жасаған әсем де тамаша мүліктерінде біздің заманымызға дейін сақталып келді.
Сақ заманы тайпаларының мәдени шығармашылығының ең жарқын керіністері арасында қодданбалы өнер ерекше орын алады. Оның басты құрауышы б.з.б. VIIІ-VI ғасырларда қалыптасып, Сібірдің, Қазақстанның, Орта Азияның және Оңтүстік Еуропаның тайпалары арасында тараған аң стилі деп аталатын өнер болды.Алғашында Скифияда, ал кейіннен Сібірде де бастапқы табылған орны бойынша бұл бейнелеу шығармашылығы шартты түрде скифтік-сібірлік аң стилі деп аталады. Оның негізгі тақырыбы андарды, хайуандарды және аңыздағы зооморфтық ғажайыптарды бейнелеу болды.Мазмұны жағынан мифо-логиялык, түрі жағынан реалистік аң стилі өнері сәндік сипатта колданылды. Бейнелеу әдістерінің көбі қазандар мен құрбандық ыдыстарын, семсер, қанжар, қорамсақ, айбалта, жүген, айна секілді заттарды, киімді, тулардың сабын әшекейлеу үшін пайдаланылды.
Ертедегі шеберлер көп жағдайда заттардың пайдалылығын бейнелеуді мазмұндылығымен жақсы үйлестіріп отырды, осының нәтижесінде олардың жасаған көптеген бұйымдары дүние жүзіндегі ең тандаулы үлгілерден қалысқан жоқ. Ертедегі суретшілердің шығармашылығы өздерінің айналасындағы жануарлар дүниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар мен таутекенің, жолбарыс пен қабанның, марал мен түйенің, дала қыраны мен киіктің, қасқыр мен қоянның, жылқы мен бұланның өздеріне жақсы таныс бейнелерін сомдай білген. Андарды бейнелеуде әр түрлі материалдар қолданылды. Бізге дейін жеткен бұйымдардың көбі қола мен алтыннан жасалған, сүйектен, мүйізден, темірден, киізден жасалған андардың бейнелері де кездеседі. Ағаштан, теріден, киізден ойып жасалған аңдардың бедерлері де мәлім.
Аң стиліндегі өнерді шартты түрде үш кезеңге: көне заманғы кезеңге, өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне бөлуге болады. Б.з.б. VIII -- VII ғасырлар үшін аңдарды бір орында тұрған қалпында жеке немесе ішінара бейнелеу тән болып келеді. Таутекенің, арқардың мүсіндері, басын кетеріп жатқан қабанның немесе тұрған жыртқыштың, аяғын бүккен немесе тұяғының ұшымен тұрған бұғылардың бедерлеп салынған суреттері көп кездеседі. Қос шеңберлі тұғырда тұрған екі текенің құйма қола мүсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы түрде, бейне бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тұқырта бейнеленген, ал бедерлі үлкен мүйіздері арқаларына тиіп тұр.
Жетісудан табылған екі қола мүсінде мүйіздері айнытпай түсірілген текелердің басы реалистік тұрғыда көрсетілген; мүсіндер ұзын конус тәріздес төлкелерге орнатылған. Алдыңғы қола құю өнерінің тағы бір үлгісі -- Солтүстік Қазақстаннан табылған, басын жоғары кетерген және мүйіздері бірнеше рет бұралған арқардың іші қуыс мүсіні, ол соғыс қаруы - балға-шотқа (Бурабай) салынған. Шілікті обасынан (Шығыс Қазақстан) табылған заттардың арасында үлкен мүйіздерін арқасына кайыра жатқан бұғы кейпінде шебер жасалған алтын бұйымдар, қабандардың ойып жасалған шағын мүсіндері ерекше көзге түседі. Қола пышақтарды жыртқыштардың басын салып немесе тұтас мүсіндерін салып әдемілеу, ал жүген тоғаларына аттың басын немесе ат тұяғының таңбасын салып әшекейлеу сол кездегі көп тараған әдіс болған еді.
Алдыңғы кезеңнің өнеріне жануарлардың қимыл-қозғалысының болмауы тән, олар ең жақсы дегенде, мысалы, Шіліктіден табылған бүркіттің алтын мүсіндері сияқты, басы сәл бұрылып бейнеленеді. Бейне бір құрсақта жатқандай кейіпте орала бүктетіліп жатқан жануарлардың бейнесі кеңінен тараған сюжет болып табылады. Бұл кейіптес бейнелердің ең ертедегі үлгілері Еуразия далаларының шығыс аудандарынан табылған.
Б.з.б. VI-IV ғасырларда Еуразия далаларында аң стиліндегі өнер стилистикалық жағынан өзгерістерге ұшырады. Бір орында тұрған күйінде бейнеленген жануарлар бейнелерінің орнына құрылымы күрделі, серпінділікке толы сюжеттер шығады. Мүсіндік бейнелер азайып, қозғалыс үстіндегі андардың бедерлі бейнелері, аңдардың шайқасып жатқан, жыртқыштардың шабуыл жасап жатқан көріністері бар композициялар көбірек кездеседі. Атыла ұмтылған козғалыс мүсіндердің бұратылуы тәсілімен беріледі, бұл жағдайда аңның жарты денесі қарама-қарсы жағына бүктетіле салынады. Бейненің қозғалыста екендігін керсетудің басқа да техникалык әдістері: қисық сызықтар жүйесі, жануарлардың дене мүшелерін бұрамалар, шырмауықтар, орамалар, үш бұрыштар, жақшалар және т. б. түріндегі арнайы белгілермен беру әдістері қолданылады.
Есік обасынан табылған сақ қанжарының жұқа алтын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz