Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы лизингтік қатынастар


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Лизингтің мәні . . . 6
- Лизинг түсінігі . . . 6
- Лизинг ұғымының пайда болуы . . . 7
- Лизингтік қатынастың субъектілері мен объектілері . . . 9
- Лизинг нысандары, типтері және түрлері . . . 10
- Қазіргі кездегі лизингтің мәселелері . . . 38
- Лизингті мемлекеттік реттелуі . . . 38
- Әр-түрлі субъектілерге қатысты лизингтің пайдасы мен кері жақтары . . . 51
- Ауыл шаруашылығындағы лизинг рөлі . . . 57
- Қазақстандағы лизингтік қатынастарды дамыту бағытында жүргізілетін негізгі іс-шаралар . . . 62
- Қазақстанда инвестициялық белсенділікті көтеру . . . 62
- Лизинг кәсіпкер қаруы . . . 63
- Астана қласында лизинг негізінде транспорттық құралдармен қамтамасыз ету . . . 71
Қорытынды . . . 75
Пайдаланылған әдебиет . . . 77
Кіріспе
Елдің қаржылық жүйесінің басты тобы болып халық шаруашылығы салаларының кәсіпорындары табылады. Негізінде ақша қатынастары: қаржылық, несиелік және т. с. жатқан, әртүрлі экономикалық қатынастардың нақты негізі өндірісте болады.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығуының негізгі шарты Қазақстан шаруашылығын құрылымдық қайта құру болып табылды, ол оларды пайдалану тиімділігін көтеруде инвестицияның өсуінсіз мүмкін емес. Қазақстан инвестицияның өсуін аса қажет етеді.
Өндіріс, айналым саласын қайта құру, шаруашылық жасаудың экономикалық жағдайын терең өзгерту біздің экономика үшін дәстүрлі емес материалдық базаны жаңарту тәсілдерін енгізуді туғызады. Нарықтық қатынастар несиелік-қаржылық жүйені жақсарту мен мемлекеттік инвестицияларды қысқартуды шамалайды, экономикалық қатынастардың әртүрлі субъектілері қойған мақсатқа жету үшін әртүрлі нұсқалар пайда болады.
Аталған дипломдық жұмыста лизинг арқылы инвестицияларды тарту, лизингтің пайда болуы мен табиғаты, лизингтік компаниялардың ұйымдастырушы үлгілері бойынша, біздің елімізде әртүрлі факторлар ықпалымен қалыптасқан жақсы және теріс сәттерді және лизингтік қатынастардың қалыптасушы нарығын жақсарту бойынша бағыттарды талдауға әрекет жасалды.
Аталған тақырыпты таңдауға бірнеше себептер болды. Біріншіден, лизингтік қызмет нарығы өте жас және игерілмеген. Екіншіден, лизинг Қаржы Академиясының түлектері үшін лизинг перспективті бағыт болып отыр, яғни, осы салада мамандар жетпейді. Соңында, үшіншіден, лизингтің көмегімен Қазақстан экономикасының аса мұқтаж тобына нақты түрде қажетті инвестиция жіберіледі.
Жұмыстың басты мақсаты ретінде лизингтік қатынастарға байланысты барлық әдебиеттерді зерттеу арқылы, осындай жаңадан пайда болған қаржылық қатынастардың мазмұнын барынша ашуды алдым. Яғни кез-келген субъектілер үшін лизингтің пайдасын біліп, экономикамыздың дәстүрін бұзбай, несиелік жүйеге жұмсақ толықтай кіру жолдарын табу.
Жас, бірақ қарқынды дамып келе жатқан мемлекетіміздің экономикасын тұрақтандыру, ғаламдық қатынастарда рөлін молайту, жалпы айтқанда мемлекеттік экономикасының дүние жүзілік нарықта бәсекеге қабілетті жағдайына жеткізу жолдарының бірін толықтай ашып, пайдасын көрсету.
Жұмыста кестелер мен диаграммалар қатары көрсетілген, мерзімді әдебиет, монографиялар, заңдар пайдаланылған
Таңдалған тақырып және «Ақша, Несие, Банктер» курсының арасында өте тығыз байланыс байқалады, яғни лизингтік мәмілелерді жүзеге асыруда негізгі рөл коммерциялық банктерге, инвестициялық қорларға, сақтандыру компанияларына жатады. Жабдықты алушылар бұл ұйымдардың қаржысына несиеленеді. Қаржылық лизинг жабдықты әкелудің барлық мөлшеріне несие болады.
І-бөлім Лизингтің негізгі теоретикалық аспектілері
1. 1 Лизинг ұғымының пайда болуы мен экономикалық мәні
Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де бірнеше анықтамалары бар. Ең алдымен, лизинг, - ағылшын тілінен, to lease етістігінен шыққан - мүлікті уақытша пайдалануға алу және тапсыру. «Лизинг» терминінің мәнін нақты бейнелейтін, менің ойымша келесі анықтама бар: Лизинг еркін немесе тартылған қаржылық қаржыларды инвестициялау болып табылады, мұнда лизинг беруші белгілі бір сатушыдан келісіммен келісілген мүлікті меншікке алуға және бұл мүлікті лизингті алушыға кейіннен сатып алу құқығымен уақытша пайдалануға ұсынуға міндеттенеді.
Лизингтік мәміле, ең алдымен, лизинг берушімен, лизинг алушымен және лизинг затының сатушымен (жабдықтаушымен) арасындағы келісімді жүзеге асыру үшін қажетті, келісімдердің жиынтығы болып табылады.
Лизингтің заты болып қандай да болсын пайдаланылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындар мен басқа да мүліктік кешендер, ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары мен кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын басқа да жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Жер телімдер мен басқа да табиғат объектілері, сондай-ақ федералды заңдылық еркін айналымға тиым салған немесе олар үшін айналымның ерекше тәртібі орнатылған мүліктер лизингтің заты бола алмайды.
Типтік лизингтік мәміле мынадай болады.
1. Пайдаланушы (лизингтік қатынастарға кіргеннен кейін лизинг алушы) лизингтік компанияға, оған қандай жабдық қажет екенін хабарлайды.
2. Лизингтік компания, жобаның таратылуына көзі жетіп, бұл жабдықты дайындаушы-фирмадан немесе лизинг объектісі болып саналатын мүлікті сататын, басқа заңды немесе жеке тұлғадан сатып алады.
3. Лизингтік компания (лизинг беруші), жабдықтың меншік иесі болғаннан соң, орнына лизингтік төлемдер алып, оны одан әрі сатып алу құқығымен (келісіммен анықталады) лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді.
Сатып алу-сату келісімі Лизинг келісімі
№1 сызба. Қарапайым лизингтік қатынастың көрінісі
Үш жақты лизингтік мәміленің күрделі сызбасы №7 (34 бетте) көрсетілген.
Аристотельдің өзі «Риторикада», байлық меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын авторы Т. Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг туралы бірнеше ережені шамамен б. д. д. 1760 жылы қабылданған Хаммурапи заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ - ол өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа - бұл жақсы ұмытылған ескі екенін тағы да еске салады.
Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп қабылдайды. Онда американ «Белл Телефон Компани» компаниясы телефондарды сатудың орынына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік компания «Юнайтед Стейс лизинг корп». 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды. 60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға «өткізді», онда алғашқы лизингтік компания - «Дойче лизинг ГМбХ» 1962 жылы Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы бар.
Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі - 1284 жылғы Уэльс Заңы.
Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын - меншік иесі кім, иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды, нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек «лизинг» деп аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану жолымен «нағыз» және «жалған» лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.
«Жалған» лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен «лизингке» банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын, қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген, орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек ғана Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі Белорусь) .
Біздің елімізде қабылданған лизинг түрлерінен басқа, жабдық лизингінен өзге астық лизингі, жұмыс күші лизингі және басқа да түрлері бар, яғни экономикалық қатынастардың мұндай түрінің күш-жігері өте жоғары.
1. 2 Лизингтің нысандары, типтері мен түрлері
Лизингтің негізгі екі түрі бар: ішкі және халықаралық.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы (жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, халықаралық лизинг келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, онда халықаралық лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.
Оған қоса, «Лизинг туралы» заңдылық лизингтің 3 негізгі типін реттейді:
ұзақ мерзімді лизинг - үш және одан көп жыл бойы жүзеге асырылатын лизинг;
орта мерзімді лизинг - бір жарым жылдан үш жылға дейін жүзеге асырылатын лизинг
қысқа мерзімді лизинг - бір жарым жылдан кем уақыт ішінде жүзеге асырылатын лизинг.
Қазіргі кезде дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесінде әрқайсысы өзінің маманданым ерекшеліктерімен сипатталатын әркелкі лизингтер пайдаланылады.
Аса көп тарағандары:
- жеделдік (сервистік) лизинг (operating lease)
- қаржылық (капиталдық) лизинг (Financial lease)
- қайтару (sale and lease bask
- үлестік лизинг (leveraged lease)
- тікелей лизинг (direct lease)
- сублизинг (sub- lease)
Осындай келісімдердің барлық барлық түрлері екі базалық лизингтің басқа түрі - жеделдік не қаржылық болып табылады. Қазақстан Республикасында «Лизингтер туралы» заң лизингтің негізі үш түрін реттейді: жеделдік, қаржылық және қайтарымдық (мәні жағынан, қаржылық лизингтің бір түрі) . Сонымен бірге, мен лизингтің кең тараған түрлері туралы толық қарастыруды ұсынамын.
1) Оперативті (сервистік) лизинг (№1 сызба)
жеделдік (сервистік) лизинг - бұл ағымдағы жалдау туралы келісім. Мұндай келісімнің мерзімі жалға алған активтің толық өтелімі кезеңінен аз. Осылайша, келісім-шартпен қарастырылған жалға алу ақысы активтің толық құнын жаппайды, ол оны лизингке бірнеше рет тапсыру қажеттігін тудырады.
Жеделдік лизингтің маңызды белгісі -лизинг алушының келісім-шартты мерзімінен бұрын өтеу құқығы. Осындай келісімдер жалға тапсырылатын жабдықтың ағымдағы техникалық қызмет көрсетуді бекіту бойынша әртүрлі қызмет көрсетуді қарастырады. Осыдан келіп, лизингтің жиі қолданылатын - сервистік атауы шығады. Сонымен қатар көрсетілген қызметтер құны жалға беру бағасына кіреді не жекелей төленеді.
Жеделдік лизингтің негізгі объектілеріне тез ескіретін жабдықтар (компьютерлер, көшірме және көбейту мащиналары, оргтехниканың әртүрлі түрлері және т. с) және техникалық күрделі, әрқашан сервистік қызмет көрсетуді талап ететін (ауыр және жеңіл көліктер, әуелайнерлері, темір жол және теңіз көлігі) .
Жеделдік лизинг шарты жалгер үшін өте тиімді екенін байқаймыз. Соның ішінде, жалға алуды мерзімінен бұрын тоқтату ескірген жабдықтан уақытында құтылып, оны ең жоғары технологиялық және бәскелесу қабілеті бар жабдыққа айырбастауға мүмкіндік туғызды. Сонымен қатар, қолайсыз жағдайлар туғанда жалгер аталған қызметті тез тоқтата алады, сәйкес жабдығын иесіне мерзімінен ерте қайтаруға, өндірісті тарату мен қайта құру туралы шығындарды азайта алады.
Бір жолғы жобаларды немесе тапсырмаларды жүзеге асырғанда жеделдік лизинг одан әрі қажет болмайтын сатып алуларды және жабдықты одан әрі ұстаудан босатады.
Лизинг беруші не жабдық жасаушы көрсететін әртүрлі сервистік қызметті пайдалану, одан әрі қажет болмайтын жабдықты сатып алудан, және кейін ұстау қажеттігінен босатады.
Жеделдік лизингтің кемшліктері: лизингтің басқа нысандарына қарағанда жалға алу төлемі өте жоғары; аванастар мен алдын ала төлеу талаптары; жалға алуды мерзімінен ерте тоқтатқан жағдайда айып төлеу туралы келісім-шартарда тармақтың болуы; мүлік иесінің қауіп-қатерін жартылай төмендететін және орына келтіруге шақырған басқа да жағдайлар.
Жедел лизингтік үдеріс үшін
Жалгер Өндіруші
4 5 2
(Лизингтік
компания)
1 3
Жалгер
- жабдыққа тапсырыс;
- жабдық үшін төлем;
- жабдық;
- жалгерлік төлемдер;
- келісім-шарт мерзімі өткеннен кейін жабдықты қайтару.
№2 Сызба. Жедел (оперативті) лизинг
2) Қаржылық (капиталдық) лизинг (№2 сызба)
Қаржылық (капиталдық) лизинг жалға алушы салатын төлем есебінен жалға алған жабдықтың толық өтелімін қарастыратын ұзақ мерзімдік келісім. Мұндай келісімдер жалға алудың мерзімінен ерте тоқтатылу мүмкіндігін болдырмайтындықтан, кезеңдік төлем мөлшерін дұрыс анықтау жабдық иесіне жабдықты сатып алу мен ұстауға кеткен шығында толық орнына келтіруді, сондай-ақ пайдалылықтың талап етілген нормасын қамтамасыз етеді. Лизингтің бұл нысанында мүлікті орнатуға және ағымдағы қызмет етуге кеткен барлық шығындардың толық өтелуін жалгерге қамтамасыз етеді. Көбіне мұндай келісімдер жалгердің келісім-шарт мерзімі өтіп кеткен соң мүлікті арзан немесе қалған бағасымен алуды қарастырады (мұндай баға таза символикалық болуы да мүмкін, мысалы, 1 доллар) .
Жеделдікке қарағанда қаржылық лизинг көбіне ұзақ мерзімдік банктік несиелерді алғанда жасайтын келісімдерге ұқсас, себебі жабдықтың толық өтелуін; жабдықтың құны мен иесінің пайдасын қосатын, кезеңдік төлемдер енгізуді (займ бойынша төлем - негізгі және пайыздық бөліктерін) ; келісімді орындай алмаған жағдайда жалгерді банкрот деп жариялау құқығын және т. б. қарастырады.
Қаржылық лизинг объектілеріне жылжымайтын мүлік (жер, ғимарат, құрылыс), сондай-ақ өндірістің ұзақ мерзімдік құралы жатады.
Қаржылық лизинг ұзақ мерзімдік жалгерліктің екі - қайтару мен үлестік (үшінші жақтың қатысуымен) нысаны үшін база ретінде қызмет етеді.
Қаржылық лизингтік үдеріс үшін
Жалгер Өндіруші
4 2
(Лизингтік
компания) 1 3
Жалгер
- жабдыққа тапсырыс;
- жабдық үшін төлем;
- жабдық;
- жалгерлік төлемдер;
№3 Сызба. Қаржылық лизинг
Қаржы лизингiн құқықтық реттеу
1. Қаржы лизингi туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, Азаматтық кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнiң нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының қаржы лизингi туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылған: қаржы лизингi (бұдан әрi - лизинг) - лизинг беруші сатушыдан өз меншiгіне сатып алған және лизинг шартымен келiсiлген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға беруге мiндеттенетiн инвестициялық қызметтiң түрi. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру мына талаптардың бiрiне немесе бiрнешеуiне сай келуге тиiс:
1) лизинг нысанасын лизинг алушының меншiгіне беру және (немесе) лизинг алушыға тiркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
2) лизинг мерзiмi лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзiмiнiң 75 процентiнен асады;
3) лизинг төлемдерiнiң лизингтің бүкiл мерзiмi ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтiң берiлген нысанасы құнының 90 процентiнен асады;
лизинг бepуші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебiнен лизинг нысанасын меншiгіне сатып алатын және оны лизинг алушыға лизинг шартының талаптарымен беретiн лизинг мәмiлесiне қатысушы. Бiр лизинг мәмiлесінің шеңберiнде, лизинг берушi бiр мезгiлде оның басқа қатысушысы ретiнде iс-қимыл жасауға құқылы емес;
лизинг алушы - лизинг шартының талаптарына орай кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмiлесiне қатысушы.
лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келiсiлген iс-қимылының жиынтығы;
лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау жөнiндегi қызметi;
тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бiрақ пайдалану процесiнде табиғи қасиеттерiн жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiк;
сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;
лизинг мүмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар;
лизинг мерзiмi - лизинг нысанасы лизинг шартына сәйкес лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлетiн мерзiм. Бұл орайда лизинг берушiде лизинг нысанасына меншiк құқығының сақталуы кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн өзгертуге әкеп соқпайды.
Лизингтiң нысандары мен түрлерi
Осы Заңмен лизингтiң мынадай негiзгi нысандары мен түрлерi реттеледi.
1. Лизингтiң нысандары:
1) iшкi лизинг. Iшкi лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi мен лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылады.
2) халықаралық лизинг. Халықаралық лизингтi жүзеге асырған кезде лизинг берушi немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резидентi болып табылмайды.
2. Лизингтiң түрлерi:
1) қайтару лизингi - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушiге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретiнде лизингке алу талабымен сатады;
1-1) қайталама лизинг - лизинг берушiнiң өз меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда, осы Заңның 2-бабына сәйкес басқа лизинг алушыға лизингке берiлетiн лизингтiң бiр түрi;
2) банк лизингi - лизингтiң бiр түрi, мұнда лизинг берушi банк болып табылады;
3) толық лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг берушi жүзеге асырады;
3-1) сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;
4) таза лизинг - лизингтiң бiр түрi, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетудi және оның ағымдағы жөндеуiн лизинг алушы жүзеге асырады.
Лизинг нысанасы
1. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басєа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.
2. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.
3. Заң актiлерiнде заттар мен жер учаскелерiнiң жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретiнде пайдалануға өзге де шектеулер белгiленуi мүмкiн.
4. Лизинг берушiнiң меншiгiнде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда оны лизинг беруші басқа лизинг алушының лизингіне одан әрi беру үшiн пайдалануы мүмкiн.
Мұндай лизинг нысанасын лизингке одан әрi берген кезде сатушыны және лизинг нысанасын таңдауды лизинг берушi жүзеге асырды деп есептеледi.
Лизинг нысанасына меншiк құқығы
1. Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берiлген лизинг нысанасына меншiк құқығы, лизинг алушы лизинг шарты бойынша өзiнiң барлық ақшалай мiндеттемелерiн орындаған жағдайда жүзеге асыратын, лизинг шартының қолданылу мерзiмi өткенге дейiн (егер лизинг шартында мұндай өту көзделген болса) лизинг алушының меншiгiне лизинг нысанасы ауысқан жағдайларды қоспағанда, лизинг шарты қолданылатын бүкiл мерзiм iшiнде лизинг берушiде сақталады.
2. Лизинг алушы жойылған немесе банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы лизинг берушiге қайтарылуға тиiс.
Лизинг алушы банкротқа ұшыраған кезде лизинг нысанасы конкурстық массаға енгiзiлмейдi.
Лизинг нысанасына тыйым салуға және оны тәркiлеуге жол берiлмейдi.
3. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг нысанасын пайдалану нәтижесiнде алынған өнiм және өзге де табыстар, сондай-ақ лизинг алушы ажыратып алатындай дәрежеде жақсартқан лизинг нысанасы лизинг алушының меншiгi болып табылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz