Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3
I ҚҰҚЫҚ ТҮСІНІГІ

1. 1 Құқық түсінігі, мәні және қайнар көздері . . . 5

II . ҚҰҚЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
2. 1 Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері . . . 15

III ҚҰҚЫҚ ФУНКЦИЯЛАРЫ ЖҮЙЕСІ

3. 1. Құқық функциясы түсінігі . . . 19

3. 2. Құқық функциясынын жүйесi . . . 23

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 28
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 30

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі- әрқашанда пәннің сипаттамасын, мәнімен мағынасын аныктау.
Ғылымда «функция» термині түрлі мағыналарда қолданылады. Математика да, функция тәуелді деген ұғымды берсе,
Ал заң ғылымында «функция» термині мемлекет пен құқықтың әлеуметтік
Осылайша, «функция» терминінің мағынасы көп:

Құқық ұғымы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады.

Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.

Құқық (ағылш. 1. law (наука) ; 2. right) - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүделі-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады:

біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;

екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.

Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

Жоғарыда айтылғандай, құқық - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма - құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.

Курстық жұмыстың мақсаты-құқық қағидалары мен функцияларына қатысты заманауи көзқарастарды қалыптсатыру жане мақсатқа жету.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер алға қойылған:
☆құқық түсінігін жане түрлерiн талдау;
☆құқық қағидаларын сипаттау;
☆құқықтың жеке функциясы мен функциялар жүйесiн талдау.

Құқық саласында "қағида" жане "функция" термині қандай мағынаны береді? Құқық қағидасы мен функциясы деген не? және құқықтың қандай қағидасы мен функциялары ерекшеленеді? Осы және басқа да сұрақтардың жауаптары менің «Құқық қағидалары мен функциялары» атты курстық жұмысында талқыланды.

I ТҮСІНІГІ

1. 1 Құқық түсінiгi және қайнар көздері

Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады.

Құқық дегеніміз - мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы.
Құқықтың белгілері:
1. Ерікті сипаты;
2. Жалпыға міндеттілігі;
3. Нормативтілігі;
4. Мемлекетпен байланысы;
5. Формалды анықталғандығы;
6. Жүйелілігі.
Құқықтың мәнін қарастыру да екі аспектіні есепке алу маңызды:
Объективті құқық- бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін;
Субъективті құқық -бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған.
Құқықтың заңды мағынасындағы мәні мен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасын дағылардан (объективті, субъективті) басқа позитивті құқық
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысын да оның
Көпшілік (бұқаралық) құқық-бұл мемлекеттік істер облысы, яғни
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке,
Құқықтың қайнар көздері-бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1. Нормативті заңды актілер;
2. Санкцияланған әдет- ғұрыптар; .
3. Заң прецеденті;
4. Нормативті шарт;
5. Құқықтың жалпы қағидалары;
6. Діни мәтіндер.
Нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады. Нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жарияланады.

Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі - Қазақстан Республикасының заң намасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму динамикасын және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардың қызметі.

нормативтік құқықтық актінің деңгейі - нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысындағы өзінің заң күшіне қарай алатын орны.

Нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау - нормативтік құқықтық актінің толық мәтінін ресми және мерзімдік баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшін жариялау болып табылады.

Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді.

Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық Заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;

3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік қаулылары;

6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік

органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;

7) орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;

8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.

Нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады:

1) регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

2) ереже - қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

3) қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрсететін нормативтік құқықтық акт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Құқық қағидаларының жалпы түсінігі
Заң алдындағы жауаптылық және оның қағидалары
Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Азаматтық іс жүргізу құқығынын принциптері, оның мазмұны және сот тәжірибесінде жүзеге асырылуы
Заңды жауапкершілік
Әкімшілік процес қағидаларының мазмұны
Халықаралық құқықтың түсінігі
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz