Девианттық-мінез құлықтың салдарының виктимдішлігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Девианттық-мінез құлықтың салдарының виктимдішлігі

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Маликова Шолпан Балтабековна

Алматы 2017ж
Жоспары:
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. ДАВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ;
2.2. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ;
2.3. ДАВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ;
ҚОРАТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қоғаммыздың кеселіне айналып отырған девиантты мінез-құлық ( лат.
deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-
әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары;
қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-
кұлқы. Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік
ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық,
альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар,
жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін,
дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт-
қушылықты білдіреді. Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік
ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты
мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады.
Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлықтың  әлеуметтік
себептері Р.Мертонның айтуынша- қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол
жеткізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта ,ал
Э.Дюркгейм әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі
мен қарама-қайшылықтығында деп түсінеді. Девиантты мінез-құлыққа жауап
ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып,
өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.Девианттық мінез-құлық
әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық тұжырымдамасын қалыптастырған
француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол әлеуметтік девиацияны түсіндіру
үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия термині француз тілінен
аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт Мертон мінез-құлық
ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің
әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық,
геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік,
өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да
қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен
бірге әлеуметтік орта әсерлеріне де өз ықпалын тигізеді:
Қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт-
дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.); Біздің елімізде әлеуметтік орта
әсері ретінде қарастырылатын қоғамдық үрдістер туралы айта кетсек,
мемлекеттік саясатымыз жарқын өмірді күтетін арманшыл жастар үшін бар
жағдайды жасап отырған болса, Елбасы жолдауы 50 елдің қатарына кіру мақсаты
ұстанылған әлеуметік экономикалық өрлеу жағдайында, ал салт-дәстүріміз
ұлттық ділімізбен дінімізді өміршеңдігімізді дәріптейтіні белгілі.
Өз ықпалын тигізетін  жеке, пайда табуды көздеген кейбір
ақпарттық басылымдар мен интернет желісін мақсатсыз, орынсыз пайдалану 
деп есептеймін.
Тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе,
референтті топ,);
Микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы
өзара қарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да
маңызды адамдар).   

2.1. ДАВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ФАКТОРЛАРЫ;
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ
ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар
мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық
нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден
(мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін
құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс,
қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды
аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек
белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндай девиантты мінез-құлық
әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол
конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері
қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау
тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік
құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-
қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам
немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін
ондай қылықтары үшін жазалайды.
Девианттық мінез-құлық әлеуметтенудегі девиантты мінез-құлық
тұжырымдамасын қалыптастырған француз әлеументтанушысы Эмиль Дюркгейм. Ол
әлеуметтік девиацияны түсіндіру үшін аномия тұжырымдамасын ұсынды. Аномия
термині француз тілінен аударғанда ұжымның, заңның болмауы. Ал, Роберт
Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен
оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп
түсіндіреді. Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына
климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу,
геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және
басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен
бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат,
салт-дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік
мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері,
отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар,
басқа да маңызды адамдар).
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды
мінез-құлық.
• Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес
келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі.
Кейбір әдебиеттерде бұл типті антидисциплиналық деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан,
еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат
қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
• Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның
мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін
дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде
көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-
үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке
байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
• Криминалды мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Балалар сот үкімі
арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады:
алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық
және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші
өздеріне үлкен зиян келтіреді.
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу
факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі
және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
• жанұяда берекенің болмауы;
• ата-ананың ерекше қамқарлығы;
• тәрбие берудегі кемшіліктер;
• өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;
• өмірлік дағдының болмауы, айналысындағы адамдармен, құрбыларымен
жарасымды қатынасқа түсе алмауы;
• сырттан келген қысымға төтеп бере алмау, өз бетінше шешім қабылдай
алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;
• психоактивті заттарды жиі пайдалануы;
• агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;
• мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;
• балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары
Үшіншілері оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше
қарастыратын болсақ:
Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі
жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға
мыналар жатады:
• ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс
тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі
тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын
генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру
кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі
кемшіліктер.
• психофизиологиялық факторлар: психофизиологиялық күш, дау-жанжал,
келіспеушілік жағдайлар, адам организмдеріне кері әсер ететін,
қоршаған ортаның химиялық құрамы, соматикалық, аллергиялық, токсикалық
ауруларға душар ететін энергетикалық технологияның жаңа түрлері;
• физиологиялық факторлар: сөйлеу дефекттері, адам бойындағы соматикалық
кемшіліктер.
Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-
қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне
байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды,
қатынасы бұзылады.
Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен
мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар
жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді.
Акцентуациялық сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға
міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы
ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың әрбір даму
сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі
ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік
ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.
Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-
анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену - невротикалық реакциялар, қоршаған
ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және
суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар
сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол пайдакүнемдік,
қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге
бейім тұрады.
Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық
тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне
байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген
оқу тапсырмаларына және бағаларға парықсыз қарайтындар. Бұның бәрі баланың
оқудағы бейімсіздігін көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан өтеді:
• оқудағы декомпенсация – баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы
жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап
болуынан;
• мектептік бейімсіздік (дезадаптация) – бала сабаққа үлгермеуімен
қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-
қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп
қол үзе бастайды;
• әлеуметтік бейімсіздік – баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген
қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге,
нашақорлыққа қызыға бастайды;
• криминалдылық – кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен
болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал
мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып
олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.
Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы - ата-
ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы
қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:
• дисгармонды стиль - бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін
орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті
жағдайларға баланы итермелейді;
• тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі,
ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік
кемшіліктерден туындайды;
• асоциалды стиль - ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы,
криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық
қаттыгездік, зорлаушылық жатады.
Балаға көрсетілген қатыгездік қатынасқа жататындар: қинаушылық, физикалық,
эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық. Қатыгездік үйде, далада, мектепте,
балалар үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін. Мұндай іс-әрекетке душар
болған балалар қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған ортаға бейімделе алмай
қалады. Соның әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін деп сезінеді. Баланың
қаттыгездікке жауап беру түрі баланың жасына, тұлғалық ерекшелігіне,
әлеуметтік тәжірибесіне байланысты. Психикалық реакциялардан басқа
(қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы, тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-
құлқы да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш, өзіне сенімсіз,
ұялшақ, өзіне деген бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге қарағанда, зорлық-
зомбылықты көп көрген балалар өскенде зорлаушы рөлінде болуды қалайды.
Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей
және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция,
әлеуметтік кернеу, т.б.
Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің
деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты
балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп
шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік,
педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде,
бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау
қажеттігі туады:
• балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
• оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
• оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
• оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы
білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
• салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге
бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
• девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-
әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар
құру;
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын
жүргізуде римдік философ Сенеканың: әрбір адам өмірінің тек кейбір
жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды деген ой-
пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз,
баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды,
қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып
әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл
педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік
қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар
арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік,
махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында
девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан
бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады
2.2. ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ
Қазіргі заман жағдайында девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына
қылмыс жасаушылықты, алкоголизм мен нашақорлықты, өз-өзіне қол
жұмсаушылықты жатқызуға болады. Қылмыскерлік пен оның шығу себептері туралы
алғашқы зерттеушілердің бірі — орыс статисті К. Ф. Герман (1824). Қылмысты
зерттеу ісіндегі келесі ірі зерттеуші бельгиялық ғалым, математик-статист
А. А. Кетле болады. Өзінің Әлеуметтік физика (1935) де-ген еңбегінде ол
әрбір қоғамдық қүрылыс өз ерекшеліктеріне қарай белгілі бір реттік және
сандық тұрғыдан қылмыстарды болжауға мүмкіндік береді деп есептеді.
Қылмыскерліктің шығу тегін зерттеу оның динамикасына әсер ететін көптеген
факторларды айқындайды: әлеуметтік жағдай, айналысатын қызмет саласы, білім
деңгейі, кедейлік, тапсыздық, яғни индивид пен әлеуметтік топ арасындағы
байланыстардың бүзылуы, жұмыссыздық, инфляция, бәсекелестік, т.б.
Маскүнемдік — спирт ішімдіктерін өте көп қолдану және соның нәтижесінде
сырқатқа айналатын ішімдікке құмарлық.
Адамды мас қылатын сусындар адамзатқа өте ерте замандардан белгілі. Олар
көбіне өсімдіктерден дайындалды да, оларды қолдану түрлі мейрамдарды атап
өтудегі діни дэстүрлердің бір бөлігі бо-лып есептелді. Ішімдіктерді
өндірудің салыстырмалы түрдегі арзан тэсілі ашылғаннан кейін бүл сала тез
қарқынмен дами түсті. Дэл осы жағдай ХҮІІІ ғасырда Англия, Германия, Швеция
сияқты елдерде маскүнемдіктің кең таралуына себепші болды. Шамамен осы кез-
дерде Ресейде де арақты қолдану кең етек алды. Адамзат өркениеті үшін
күрделі проблема болып отырған маскүнемдік XIX ғасырда белең алып, ХХ-ХХІ
ғасырларда ғаламдық түрғыдағы індетке ай-налды десек қателеспейміз.
Маскүнемдікпен күрестің тарихында негізгі екі бағытты көреміз:
1. Спирттік ішімдіктердің өндірілуі мен сатылуын шектеу, ба-ғасын өсіру,
тыйымдар мен шектеулерді бүзғандарды жазалау шара-ларын мейлінше қатайту
2. Ішімдікке деген сүранысты азайтуға бағытталған шаралар — өмір сүрудің
элеуметтік жэне экономикалық деңгейін жақсарту, жалпы мэдениет пен
руханилықтың өсуі, ішімдіктің зияны туралы салмақты да сабырлы ақпарат,
халық арасында ішімдіксіз мінез-қүлық стереотиптерін қалыптастыру, т.б.
Бірінші бағыттың ең соңғы шараларының бірі — қүрғақ заң. Бүл шараны эр
кезеңде Англия, АҚШ, Финляндия, Ресей (КСРО) қолданып көрді. Бірақ мүндай
заңдар нэтижелері ешқашан түпкілікті жеңіске жете алған емес. Себебі тек
қана ішімдіктің болуы маскүнемдіктің бірден-бір себебі емес. Маскүнемдікті
жою үшін элеуметтік, экономикалық, мэдени, психологиялық, демографиялық,
заңдық жэне медициналық жағдайлар кешенді түрде ескерілуі жэне үнемі
жақсартылуы тиіс.
Бүкілэлемдік денсаулық сақтау үйымы бекіткен анықтама бой-ынша, маскүнемдік
дегеніміз — спирттік ішімдікті қолдану, сонымен бірге қоғамға және оның
жеке мүшелеріне зиян келтіру. Алкогольдің эсер етуі адам ағзасының
физиологиялық жағдайына байланысты. Сондықтан кейбір адамдар өте аз
ішкенде, ал енді біреулері көп ішкенде мас болады. Негізгі психологиялық
өзгерістер алколгольді аз ішкеннен-ақ басталады. Мүндай адамдар себепсізден-
себепсіз көңілденіп, сезімталдығы жоғарылайды: жылайды, күле береді,
ашуланады, ызаланады. Ықыласы, зейіні төмендейді, еңбек етуі ба-яулайды.
Алкоголизм адамның қызғанышпен жасыратын ақауының бірі деп есептеледі.
Күнделікті ішетіндер ішінде өзінің маскүнем екенін мойындайтындар аз.
Алкогольге тэуелділік наркотикті қол-данғанға қарағанда, элдеқайда жай
пайда болады. Маскүнемдік түқым қуалайды, гендер мен хромосомалар бүзылады.
Бүл бүзылыс үрықтану кезеңінде алкогольді бір қолданудан кейін пайда болуы
мүмкін.
Статистика бойынша маскүнем екіқабат эйелдердің 50 %-ы түсік тастайды
немесе уақытынан ерте туады, 35-40 %-ының балалары мүгедек немесе өте элсіз
болып туады. Туа пайда болған кемтарларды немесе жындыларды ерте уақыттан
бері мерекелік түннің баласы деп айту кездейсоқтық емес. Өкініштісі сол,
алкоголь, ең алдымен, ішкен адамға емес, оның балалары мен немерелеріне
зиян келтіреді, алкоголизммен байланысты түқымқуалаушылық ауытқушылықтары
өседі. Соның нәтижесінде орталық жүйке жүйесінің қызметі бүзылады. Есте
сақтау, мидың интеллектуалды қабілеттілігі бірден төмендейді. Соңында
ағзаны зиянды заттардан тазалайтын жүйелер шыдамайды: бауыр, үйқы безі,
бүйрек зақымданады. Мишықтың қүрамына жэне қызметіне алкоголь зиянды эсерін
тигізеді. Ішімдікке салынған адамдардың мишығы уланып, оның дене қалпын
үстауына мүмкіндік бермейді. Алкоголь ас қорыту мүшелерінен өте жылдам
өтіп, қанмен мишыққа келіп, оның қүрамына жэне қызметіне зиян-ды эсерін
тигізеді.

2.3. ДАВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан –
2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты деп аталатын
өз халқына арналған биылғы Жолдауында адамдардың дұрыс мінез-құлқының
дамуына баса назар аударды. Бүгінгі күнде әлеуметтік, саяси нормалар саласы
үлкен өзгерістерге ұшырауда.
Әр қоғамның әлеуметтік, саяси норма туралы өз түсінігі бар, демек, девиация
туралы да өз түсінігі бар деген сөз. Сонымен бірге әлеуметтік, саяси
нормалардың сол қоғамдағы әртүрлі таптар мен топтарға тән айырмашылығы да
баршылық.
Сонымен, мінез-құлық, қоғамдық пікірден қолдау таппайтын, девианттық деп
аталады. Бұл: билетсіз жол жүруден бастап адам өлтіруге, отанын сатуға
дейінгіні қамтитын мейлінше кең құбылыстар тобы. Девиант кең мағынасында –
жолдан тайған немесе нормадан ауытқыған кез келген адам. Мәселені осылай
қойған кезде ауытқудың түрлері мен көлемдері туралы да айту жөн. Девианттық
мінез-құлықтың түрлеріне қылмыс, алкоголизм, нашақорлық, жезөкшелік,
гомосексуализм, құмар ойындар, психикалық бұзылу, өзіне-өзі қол салу
(суицид) жатады.
Тар мағынада девианттық мінез-құлыққа қылмыстық жауапқа тартылмайтын
ауытқушылықтар түсініледі. Басқаша айтқанда, бұлар заңға қайшы келмейтін
ауытқушылықтар. Заңға қарсы қылықтар немесе қылмыстар жиынтығы
әлеуметтануда – делинквенттік (сөзбе-сөз – қылмыстық) мінез-құлық деген
ерекше атқа ие болды.
Девианттық мінез-құлық – бұл көпшілік таныған құқық, саясат, мораль, әдет-
ғұрып, салт-дәстүр нормаларынан ауытқу, көпшілік мойындаған нормаларды,
ережелерді бұзуға жеткізетін және әлеуметтік топтар, халық немесе қоғам
тарапынан оған басқаша жауап беру қажеттігін тудыратын адамдардың немесе
олардың топтарының әлеуметтік-саяси әрекеті, қылығы.
Әлеуметтік, саяси нормалар мен ережелерді бұзу маңызды және маңызсыз,
саналы және санасыз болуы мүмкін. Қоғамдық нормалар мен ережелердің
бұзушылығының барлығы девианттық мінез-құлыққа жатады. Осыдан кейін
девианттық мінез-құлық әртүрлі формаларға бөлінеді. Қазіргі жағдайда
девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына, қылмысты, ішімдікке
салынуды, нашақорлықты, өзіне-өзі қол салуды, психологиялық ауытқуды
жатқызуға болады. Девиацияның әрбір формасының өз ерекшелігі бар. Енді
халық арасындағы девианттық мінез-құлықтың негізгі формаларына жеке-жеке
тоқталайық.
Қылмыс. Қылмыс деп жалпылама түрде заңдарды бұзу түсініледі. Қылмыскерлерге
сот ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деструктивті мінез құлық
Қиын оқушыларды болдырмаудың қазіргі жолдары
Мінез - құлықтарында ауытқулары бар жеткіншектердің талаптану деңгейінің ерекшеліктері
Мінез-құлқында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктері
Жастардың әлеуметтенуiндегi ауытқу мен қазiргi кездегi социология
Мінез - құлықтың ауытқушылығының себептері
Девиантты мінез-құлықтың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының әсерін теориялық тұрғыда негіздеп, оның түзету жолдарын ұсыну
Жастар арасындағы құқық тәртіп бұзу әрекеттерінің алдын алудағы әлеуметтік жұмыс
Отбасымен, жасөспірімдермен және жастармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүргізу
Девиантты мінез - құлықты жастармен жұмыс жүргізу технологиясы. Жастардың девианттық мінез - құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
Пәндер