Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Маликова Шолпан Балтабековна

Алматы 2017ж.

Жоспары:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету;
2.2. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық;
2.3. Абайсызда кісі өлтіру
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


КІРІСПЕ
Қазақстанда балалар, бүкіл әлемдегідей, үйінде, мектепте және басқа да қоғамдық мекемелерде күнделікті қатыгездікпен және зорлық-зомбылықпен ұшырасып отырады, алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ.
Балалар, ересектер сияқты, негіз қалаушы: сыйлау, қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады: проблеманың тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.
Бүгінде барша әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық біздің елімізде де өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Зерттеулер бойынша оның басты себептерінің біріне етек алған маскүнемдік, жұмыссыздық, соған байланысты тұрмыс жағдайының ауырлығы сияқты әлеуметтік жайлар жатады. Тұрмыста жапа шегетіндер негізінен әйел адамдар.
Ал, біздің мемлекетіміз үшін әйел-ананы қорғау ерекше мәселе. Бұған Елбасымыздың өзі тереңірек мән беріп, Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді... деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. Әрбір әйел-ана отбасының ұйытқысы. Қоғам өмірінің барлық салаларында гендерлік теңдік қағидаттарын іске асыру мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы ҚР Президентінің 29 қараша 2005 жылғы Жарлығында отбасы мүшесінің заңды құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін, оның тәнін немесе жан дүниесін қинап, моральдық зиян келтіретін отбасының бір мүшесінің екінші мүшесіне кез-келген қасақана іс-әрекеті отбасындағы зорлық-зомбылық болып танылатыны көрсетілген.

2.1. Балаларға зорлық-зомбылық көрсету
Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету проблемасы бойынша мәліметтер мен жетік статистикалық деректердің жетіспеу проблемасы бар елдердің қатарына Қазақстан да жатады. Мәселенің тереңдігі мен көлемі әлі де белгісіз, ал біздің қолымыздағы біркелкі емес және үзінді зерделеу нәтижелері іс жүзіндегі жағдай туралы болжамдар жасауға ғана мүмкіндік береді.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы мәселенің күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы.
Қазақстанның қолдануында іс-әрекеттер жасаудың белгілі құқықтық негізі - Балалар құқықтары туралы Конвенция бар, дегенмен, нақты міндеттемелерге келер болсақ, жалпы алғанда мемлекет, әлеуметтік қызметтер, құқық қорғау органдарының ресми тұлғалары, қоғам, БАҚ, отбасы тарапынан күннен-күнге тиісті жауапкершілікпен қарауы байқалмай келеді.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 137-бабы кәмелетке толмаған баланы ата-анасының немесе осы міндет жүктелген басқа адам, сонымен қатар педагог немесе оқыту, тәрбиелеу, емдеу не кәмелетке толмаған баланы қадағалау міндеттелген басқа да мекеменің қызметкері тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін атқармағаны немесе жөнді атқармағандығы үшін шара қолдануды қамтиды.
Балаларын бағып-қағу міндеттерін орындамаған, саны мыңнан асқан ата-ана ата-аналар құқығынан айрылды, сонымен қатар, ата-аналар әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа да тартылып жатыр.
Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды. Соңғы жылдары БАҚ-та балаларға қауіп-қатер сыртта жүргенде бөгде адамдар тарапынан төнеді деген жалған пікір қалыптастыру үрдісі байқалуда. Жағдайдың шатақ болуы проблеманың күрделілігіне байланысты, сондай-ақ балалар жайлы пікірдің индивидум және отбасының басқа мүшелері сияқты қорғалу құқығы бар құқық субъектісі болудан гөрі, ата-анасының меншігі ретінде қалыптасудың салдары. Қазақстанда осы күнге дейін үй ішіндегі немесе отбасындағы зорлық-зомбылық анықтамасы және ол үшін жауапкершілік заңды түрде бекітілмеген. Осы тақырыптағы пікірталастар негізінен әйелдерге көрсетілетін зорлық-зомбылыққа меңзейді, ал балаларға күш көрсетілуі заң шығарушы назарынан мүлдем тыс қалып отыр.
Балаларға қатыгездік көрсету және адамзаттық абыройына нұқсан келтіру, оларды ата-аналарының және өзге қамқоршыларының жазалауын қоғамдық пікірдің қолдауы, балалар мүддесін қорғауға бағытталған, аталмыш қоғам ішінде рұқсат етілетін тәрбиелеу мен жол берілмейтін қатыгездік ұғымдарының ара-жігін ажыратуға мәжбүр қызметтер жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Қоғамдағы пікір бойынша балаға қасақана зақым келтіру немесе абыройына нұқсан келтіру қалыпты жағдай болып есептелсе, балаларды қорғау және тәрбиелеудің оң нышандарының дамуына ықпал жасау қажеттілігін көңілге қонымды етіп негіздеу мен жеткізу мүлде мүмкін емес.
Отбасында балаларға қатыгездікпен қарау көпшілік жағдайларда мемлекеттік органдардың көзқарасынан тыс қалатындығына, балалар құқықтарын бұзушылықтың осындай түрінің аса жасырындылығына қарай және отбасыларында тұратын балалар құқықтарының сақталуын мемлекеттік билік органдарының әлсіз байқайтынына назар аударған жөн.
Адам құқықтары жөніндегі қазіргі бар құқықтық құжаттар негізгі мәні балалық проблемасы болып табылатын, осы проблемаларға қатысты талқылануы мүмкін өзінің жиынтығында үлкендер қалай қорғалса, балаларды да солай қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп арасындағы балалар объектісі болатын дене жарақаттары мен басқа да адамгершілікке жат және қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынас ұзақ уақыт сақталып келеді және белгілі бір шыдамды қоғамда осы күнге дейін сақталып келеді, олай болса, БҰҰ Баланың құқықтары жөніндегі комитеті, атап айтқанда, балалар мектеп табалдырығын аттай отырып, өздерінің адамдық құқықтарын жоғалтпайды деп атап көрсетті.
Сондай-ақ зорлық-зомбылық, дәлірек айтқанда, зорлық-зомбылықтың әр түрлі түрлері мұғалімоқушыларға қатысты оқу орнына, білім деңгейіне және т.б. тән, мектепте қандай да бір ерекше феномен ретінде қадағаланбайтындығын атап өткен жөн, ол қоршаған жағдайларға, атап айтқанда, экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларға, отбасындағы жағдайға байланысты болмай отыр, зорлық-зомбылықтың (оның әр түрлі нысандарының) пайда болуы ретінде де, оны ескерту ретінде де жәрдемдесуі мүмкін. Сондықтан зорлықтың түрлі нысандарының пайда болу себептері туралы мәселеге мектептің ерекше түпмәтіні ретінде қарауға болмайды, өйткені керісінше оны талдау үшін интербелсенді, жүйелі көзқарас қажет. Мектеп арасындағы шеңберден тыс зорлық-зомбылық проблематикасын қараған кезде мектеп тыйым салған мектепте жүзеге асырылатын алдын алу немесе қуғын-сүргін шаралары шығады деп түсінуді білдіреді және мұның зорлықты тудыратын экономикалық, әлеуметтік, отбасылық және мәдени проблемалардың түпмәтінінен толық үзіп алынуына қарай болмашы ғана қызығушылықты білдіруі мүмкін.
Зорлық-зомбылық актісі, әлеуметтік аномалия жағдайын, яғни ережелер мен нормалардың жоқтығын, ақыр аяғында, олардың құндылықтарының негізінде жатқан бағдарларды жоғалту мен естен шығаруда жиі көрініс табады. Шындығында да, оқу орнында педагогикалық, моральдық, әлеуметтік немесе таза реттеушілік шартының болмауынан кез келген зорлық-зомбылық актісі үшін аса игілікті негіз бола алмайды. Осыған ұқсас ақтаңдақ тиісті құқықты, бостандық пен бұрмалаушылықты анықтауға мүмкіндік бермейді. Моральдық міндеттемелердің болмауы, санкциялар ретінде тең, тыйымдардың шегінен тыс көкжиекке өзгеріссіз жылжытып тастайды, ол билік жүйесімен оның нақты емес материалдық және символикалық түрде іске асыру жүйесімен аяқталмайтын мүмкін болатын әлеует ойынына айналады.
2.2. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Қазіргі уақытта қоғамның қарыштап дамуына қарамастан әйелдерге қатысты отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттер тыйылар емес. Оған айғақ отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы әйелдерге сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттергеқатысты істер санының азаймауы. Ағымдағы жылдың 9 айында Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққақарсы әрекеттерге қатысты 598 әкімшілік іс қаралған, оның шамамен 80 пайызы әйелдерге көрсетілген зорлық-зомбылық. 270 тұлғаға әртүрлі әкімшілік жазалар қолданылған. Ал, 379 іс қысқартылған, оның негізгі бөлігі әкімшілік іс бойынша іске тартылушы тұлға жәбірленуші жақпен бітімгершілікке келуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылған. Жаратылысынан жүрегі кең қазақ әйелі төзімділігімен ерекшеленеді. Өзі қандай қиыншылыққа тап болса да, қанша қысым, моральдық зардап шексе де кешіріммен қарайды, отбасының бірлігін ойлайды. Көп жағдайларда қазақ әйеліне тән бұл қасиет оны отбасындағы қорлық пен кемсітушілікті сыртқа шығаруға да жол бермейді. Бас сынса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде қалады. Осыны пайдаланған кейбір пасық жандар отбасындағы теріс іс-әрекеттерін жалғастырып келеді. Ондайларға сот қаулысымен Қазақстан Республикасының 04.12.2009 жылғы Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы Заңын басшылыққа алып құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленіп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Аталған құқық бұзушылықтардың алдын-алуда, олармен күресуде учаскелік полиция қызметкерлерінің атқаратын ролі ерекше. Тәуліктің кез-келген уақытында түскен хабарлама бойынша құқық бұзушылық орын алған жерге барып жететін де солар.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мақсатында Ақтөбе қаласы мамандандырылған әкімшілік соты құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен семинар сабақтар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып,мемлекетіміздің гендерлік саясатын насихаттау жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстан - зайырлы мемлекет, сондықтан азаматтарымыз ар-ождан бостандығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Елбасымыз айтқандай өз бетімен дәстүріміз бен заңдарымызға қайшы келетін қандай да бір іс-әрекетке қарсы тұратын уақыт жетті.
Зорлықтың түрлері:
- Эмоциялық зорлық - балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;
- Физикалық зорлық - отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;
- Қауіп-қатер - отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;
- Балаларды анасына қарсы қолдану - әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Тұрмыстық зомбылық қылмыстық іс болып табылады
Бұл қасақана адам денесіне жүйелі зомбылық әрекет немесе ұрып-соғу жолымен денесіне зақым келтіру немесе психологиялық зақым келтіру негізінде қасақана әрекет ету.
- Зомбылықшының әрекеті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде квилификацияланады: денеге әсер ету, кемсіту, сөзбен тиісу, үй тыныштығын бұзу, азаматтарды сыйламау, жеке өміріне қол сұғу.
- Зорлықшы әрекетінен әкімшілік құқық бұзушылық белгілері де, болмаса қылмыстық істер де байқалмайды. Бірақ ол өзінің мінез құлқы мен жәбірленушінің өміріне қолайсыз жағдайлар жасайды.
Зорлық-зомбылықтың баланың мінез-құлқына әсер ету ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық зорлық – зомбылықты құқықтық қорғау мәселері
Қазіргі Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесінің әлеуметтік аспектілері (салыстырмалы талдау)
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы
Қиын бала ұғымына түсінік
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінез ауытқулары және оларға көмек көрсету жолдары
Баспанада болу ережелері
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
Қазақстандағы зорлық зомбылық
Мәселенің актуальдігіне қарамастан, құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі
Пәндер