Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, экоцид


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар, экоцид
Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 3-курс
Тексерген: Маликова Шолпан Балтабековна
Алматы 2017ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар;
2. 2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т. б. қатысады.
Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган - Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП - БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.
ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде - қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.
2. 1. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі, яғни мемлекеттердің және халықтың өмір сүруін немесе қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларын және халықаралық әлемнің бейбіт өмірін сақтаудағы қоғамдық қарым-қатынас аталған жаңа тараудың тектік объектісі болып табылады.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың көпшілігінің қылмыс құрамы жалпы формальды болып келеді.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс адам танылады. Кейбір қылмыстар құрамында арнайы субъектілерді қамтиды: мемлекеттік жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адам не қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасауы және т. б.
Заң әдебиеттерінен аталған қылмыс топтарының тікелей объектісіне байланысты әр түрлі топтастыруды кездестіруге болады. Бұл топтастыруды (классификациялау) шартты деп айтуға болады, себебі оқу мақсатында аталған түсіндірмелерді оңай игеруіміз үшін жасалынады.
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстарды былайша төмендегідей топтастыруға болады:
1. Бейбітшілікке қарсы қылмыстар: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу (ҚК, 160-бап) ; басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру (ҚК, 161-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚК, 162-б) ;
2. Әскери қылмыстар: соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК, 163-б) ;
3. Адамзатқа қарсы қылмыстар: геноцид (ҚК, 168-б), экоцид (ҚК, 169-б) ;
4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы басқа да қылмыстар:
а) қарулы қақтығыстарды реттейтін құқықтық қағидаларға қарсы қылмыстар; жалдамалылық (ҚК, 170-б) ;
б) халықаралық қорғау аясындағы адамдар мен ұйымдардың құқықпен реттелетін қағидаларына қол сұғатын қылмыстар; халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК, 173- б) ;
в) ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықтың қозуына тыйым салатын халықаралық құқыққа қарсы қылмыстар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК, 174-б) .
Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу. Қылмыстың тікелей объектісі болып - бейбітшілік пен мемлекеттердің бейбіт өмірін қорғайтын қарым- қатынастар танылады.
Қылмыстың объективтік жағын үш қоғамға қауіпті әрекет құрайды:
1) басқыншылық соғысты жоспарлау;
2) әзірлеу;
3) тұтандыру. Басқыншылық соғысты жоспарлау болып - әскери қимылдарды бастау және оны жүргізу үшін жоспарды өңдеуі, дайындауы табылады.
Басқыншылық соғысты әзірлеу - басқыншылық соғысты тұтандыру немесе жүргізу жоспарын қамтамасыз етуге арналған әрекеттер.
Басқыншылық соғысты тұтандыру - соғысты бастау үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады. Қарастырылып отырған қылмыс созылмалы қыл-мыс болып танылады, себебі оның құрамы үздіксіз жасалып отырады. Созылмалы қылмыс әрекет басталған сәтінен ескерілініп кінәлінің қылмысты аяқтауға бағытталған әрекетімен (агрессияны не соғыс қимылдарын тоқтатуы) немесе қылмыстың аяқталуына кедергі болған мән-жайлардың болуы (мысалы, агрессордың құлауы) арқылы аяқталынады.
ҚК 160-бабында көзделген қылмыстың құрамы - формальды. Қылмыс, қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген әрекетті жүзеге асырған сә-тінен аяқталған болып саналады. Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі соғысқа дайындалу, жоспарлау немесе әзірлеу, тұтандыру сияқты әрекеттерді ұғынып оның қауіпті зардаптары болуын тілейді. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған есі дұрыс адам. Арнайы субъектісі болып, соғысты тұтандыру мен тоқтату мәселесін шешетін жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адам. ҚК 160-бабының 2-бөлігі, аталған қылмыстың дәрежеленген құрамы бойынша жауаптылықты белгілейді.
Жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату .
Қылмыстың объективтік жағы мына әрекеттердің біреуінің болуымен сипатталады:
а) кез келген жолмен (қолдан жасау, лабораториялық, заводта) жаппай зақым келтіретін қару өндіру, өндрудің барлық сатылары;
б) жаппай қырып-жою қаруын сатып алу, яғни иелену, айырбастау, сыйға тарту, тонау т. б. әрекеттер нәтижесінде мұндай қарудың қожайынына айналуы;
в) жаппай қырып-жою қаруын өткізу, қылмыс затын қайтарымды не қайтарымсыз түрде басқа біреудің иелігіне беру (сату, айырбастау, сыйға тарту т. б. ) .
Аталған қылмыстың құрамы формальды. Қылмыс аяқталған болып халықаралық шартпен тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруын өндіру, сатып алу немесе өткізу сәтінен ескерілінеді.
Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарты - шет мемлекеттермен ҚР халықаралық келісімі арқылы жазбаша түрдегі халықаралық құқықпен реттелетін бір немесе бірнеше өзара байланысты 11 құжаттарда қамтылған, яғни нақты атауларының болуына байланысты емес халықаралық келісім болып табылады.
Сонымен қатар аталған қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану, тек ҚР жоғарыда аталған конвенцияларға қол қойғанынан кейін қолданыла алады, Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық. Кінәлі әрекеттің қоғамға қауіпті екендігін сезіне отырып, оның болуын тілейді. Қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс адам.
Геноцид. Экоцид .
Қылмыстың тікелей объектісі болып, ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтардың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар танылады.
Геноцидтің жәбірленушілері болып жекеленген, яғни аталған топтардың ішіндегі жоюға бағытталған топта-ры аталады.
Қылмыстың объективті жағы, яғни ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топты толық немесе ішінара жоюға бағытталған арнайы әрекеттерден тұрады:
- осы топтың мүшелерін өлтіру;
- олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру;
- бала тууға күшпен бөгет жасау;
- балаларды мәжбүрлеп біреуге беру;
- күшпен көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызуы әрекеттері.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналық.
Қылмыстың субъектісі - қандай да болмасын 16 жасқа толған есі дұрыс адам. 14-16 жас аралығындағы қылмыс жасаған адамдар геноцид үшін емес, яғни нақты жасаған қылмыстары үшін - қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі немесе 14 жастан бас-тап жауаптылық пайда болатын осы сияқты қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылады.
Экоцид. Бұл қылмыс құрамы осы аталған тараудың көпшілігінің бірі ретінде ұлттық заңшығарушылар үшін жаңалық болып отыр. Экоцид, яғни "табиғатты өлтіру" деген мағынаны білдіреді. Бүкіл тіршілікті жою деген "биоцидтпен" тектес болып келеді. Экоцидтің болуы өсімдіктерді, қоршаған ортаны, адамзатқа, олардың өміріне аса қауіп төндірумен сипатталады.
Экоцид - бұл орны толмас зардаптар тигізетін, қоршаған ортаға, адамзаттың өмір сүруі үшін қажетті табиғаттың зардап шегуі не әсер ететін қылмыстық (дұшпандық) әрекеттер. Экоцид халықаралық қылмыстардың бірі ретінде көптеген заңгерлермен талқыланды. Экоцидтің қоғамға қауіптілігі - табиғи қоршаған ортаға зиян келтіріле отырып, оның салдарынан экологиялық тепетеңдіктің бұзылуы, табиғи объектілердің зардап шегуімен қатар сол арқылы адамның денсаулығы мен өміріне, олардың генетикалық өзгерістерге ұшырауына әкеп соқтырады.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталады.
Субъектісі - 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам.
2. 2. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық және республикалық ұйымдар
Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т. б. қатысады.
Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық орган - Қоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕП - БҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар.
ЮНЕП үш деңгейде жұмыс істейді:
Бірінші деңгейде коршаған ортаның бәсекелес мәселелері жөнінде және осы салада атқарылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат береді. БҰҰ-ға мүше мемлекеттер жыл сайын қоршаған ортанын ахуалы туралы баяндамалар тапсырады, осы баяндамалардан аталған ақпараттар алынады.
Екінші деңгейде жекелеген елдерге, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдарға қатысты бүкіләлемдік көлемде бағдарламалық шараларды жүзеге асырудың міндеттері мен стратегиясын белгілейді. Осы денгейде қажетті шаралар мен олардың орындаушылары туралы мәселелер шешіледі, нақты бағдарламалар жасау үшін әдістемелік негіз қамтамасыз етіледі.
Одан әрі, екінші деңгейде қолдау тапқан бағдарламалар мен жобаларды Қоршаған ортаны қолдау қоры қаржыландырады. Қолдау мөлшері тиімділікке, яғни қаржылық көмектін бағдарламанын түпкі мақсатын іске асыруға қаншалықты ықпал ете алатындығына байланысты болады. Толық қаржыландыру ерекше жағдайларда ғана, яғни жобанын орындалуы аса ірі жоба бойынша әзірлік жұмыстарын жүргізумен тұтас келетін болса, іске асырылуы мүмкін.
ЮНЕП өзі қызмет істеген жылдары көптеген табиғат қорғау шараларын жүзеге асырды. Қоршаған ортаның аса ауқымды мониторинг жүйесі құрылды және оның құрамдас бөліктері ретінде - қоршаған орта бойынша ақпарат көздерінің Халықаралық анықтама жүйесі (ИНФОТЕРРА) және әуелетті уытты химиялық заттардың халықаралық тіркеушісі құрылды.
Сондай-ақ БҰҰ шеңберінде Орнықты дамыту жөніндегі комиссия жұмыс істеді. Ол БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесінің (ЭКОСОС) көмекші органы болып табылады. Қоршаған ортаны сақтаумен айналысатын 200-ден астам халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар. Мысалы, 1948 жылы Францияда құрылған табиғат және табиғат ресурстарын қорғаудың Халықаралық одағы (МСОП) ; Құстарды қорғау жөніндегі Халықаралық кеңес, Хайуанаттарды қорғау жөніндегі Дүниежүзілік федерация; Альпі аудандарын қорғау жөніндегі Халықаралық федерация. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) шеңберінде 1992 жылғы ақпанда "Экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара әрекеттестік туралы" келісімге қол қойылды. Бұл келісімге: Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина қол қойды. Келісімді іске асыру үшін: Мемлекетаралық экологиялық кеңес, Мемлекетаралық экологияльщ қор құрылды. ТМД шеңберінде табиғат қорғау ынтымақтастығын дамытуда Парламентаралық ассамблея маңызды рөл атқарады. Оның құрамында Қоршаған ортаны қоргау жөніндегі бөлім құрылған.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі әр түрлі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес экологиялық "Гринпис" ұйымы жұмыс істейді. Басты мемлекеттік орган Табиғат ресурстары мен қоршаган ортаны қорғау министрлігі болып табылады. Аралды құтқару жөніндегі комитет, "Табиғат" экологиялық одағы, "Невада-Семей", "Каспий табиғаты" (Атырау), "Көкті сақтау", Ауқымды экологиялық қор, "Жастар экология мен мәдениет үшін" азаматтық қозғалыстары, "Тау" орталығы (Алматы) және басқа да қоғамдық мемлекеттік емес экологиялық ұйымдардың белсенді қызметтерін атап өтуге болады.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңдарды. бұзғаны ушін заң алдындағы жауаптылық Қазақстанда экологиялық заңдардың бұзылуы кең тараған. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты мемлекет белгіліген ережелерді бұзу заң бойынша жауапкершілікке соқтырады. Өкінішке орай, елімізде экологиялық заңдарды бұзатын жағдайлар жиі кездеседі. Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз - жеке және заңды тұлғалардың (мекеме, ұйым, ұжым), мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қол сұғатын, сонымен бірге қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің нақты қаупін тудыратын кінәлі, құқыққа қайшы келетін әрекет немесе әрекетсіздік түріндегі іс-қимыл.
Экологиялық құқық бұзушылық белгілерін қарастырайық:
• Құқық бұзушылық кінәсінің болуы. Кінә - ол құқық бұзушының жасаған құқыққа қарсы әрекетіне психикалық қатынасы, ол қасақана не абайсызда болуы мүмкін. Мысалы, заңсыз аңға шығу, ормандағы ағаштарды заңсыз кесу тек қасақаналы болады, ал судың, жердің, ауаның ластануы абайсызда болуы мүмкін.
• Құқық бұзушының құқыққа қарсы мінез-құлқы. Бұл экологиялық нормалардың және басқа да заңдардың бұзылуын білдіреді.
• Экологиялық құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігі қоршаған табиғи ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары мен заңды мүдделеріне келтіретін нақты зиянның болуы немесе келтіру қаупінің болуын қарастырады.
• Құқыққа қарсы әрекет пен келтірілген зиян арасындағы себепті байланыстың болуы.
• Құқық бұзушыға заңды жауаптылық шараларын қолдану, яғни жазалану белгілері қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz