Қазіргі әлемдегі діни экстремизм
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Діни экстремизм
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Маликова Шолпан Балтабековна
Алматы 2017ж.
Жоспары:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм
2.2. Діни экстремистік ағымдардың ықпалымен күресу
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Діни экстремизм белгілі бір идеология немесе көзқарастар жүйесі ғана емес, бәлкім бірқатар елдердегі партиялар мен қозғалыстардың, ағымдар мен топтардың қызметін құрайтын қозғаушы күш болып табылады. Экстремистік діни ұйымдардың іс-әрекеті кең ауқымды әрі сан алуан әдістерді қамтиды. Олар өз мақсаттарына жету үшін қолдарындағы барлық құралдар мен әдістерді - заңдыдан заңсызға дейін, тіпті террорлық түрін қолдануға әзір.
Экстремистік ұйымдардың мүшелері кейбір мемлекеттер аумағында жариялы түрде қызмет етсе, кей жерлерде заңсыз, жасырын әрекеттерге көшу арқылы, сол елдің ресми билігі тарапынан қудалануға ұшырайды. Мұндай ұйымдар, әдетте, қызметін жүргізіп жатқан көптеген елдерде биліктегі үкіметке қарсы болған оппозициялық тарапты жақтайтындығын байқауымыз мүмкін.
Экстремистік діни құрылымдар деструктивті сипаттағы мақсаттарды алға қойып, елдің конституциялық құрылысын күшпен өзгертудi, оның егемендігі мен аумағының тұтастығын бұзуды, өкiметтi күшпен басып алуды, заңсыз әскерилендiрілген құралымдарды құруды, сондай-ақ қоғам ішінде діни өшпенділіктер мен алауыздықты қоздыруды көздейді.
Қазақстан мен Орталық Азия аумағында діни экстремизмнің таралуы бүгінде халықаралық сипатты алып бара жатқан біршама күрделі проблемаға айналған. Қалыптасқан діни ахуалдың көрінісінен Қазақстандағы діндарлардың, солардың ішіндегі, әсіресе жастардың арасында радикалды, діни-экстремистік тенденциялардың таралуы бірнеше факторларға негізделгендігін көруге болады:
Мұнда ең алдымен, елдегі шешілмеген әлеуметтік-экономикалық проблемалар ескерілген жөн. Кейбір ақпараттық көздердің мәліметтері бойынша экстремизм мен терроризм жолына түскен адамдардың 80 пайызға жуығы 19 жастан 28 жасқа дейінгі жұмыссыз жастардан тұрады. Радикалды ағымдарға кіргендердің басым бөлігі тұрмыс жағдайы төмен әлеуметтік қабаттардағы отбасылардан шыққан, әрі тұрақты жұмыспен қамтылмаған тұлғалар.
Сонымен бірге,әрине идеологиялық, рухани-тәрбиелік жұмыстардың тиімді жүргізу ісі уақытында қолға алынбағандықтан, халықтың арасында рухани, адамгершілік және патриоттық идеалдардың тоқырауы басталды.
Діни экстремизм Ислам құндылықтарын сақтау жолында үндеу тастаған өздерінің пікірлестерін діни принциптерді бұзушылар деген айыптаулармен кінәлайды. Діни-саяси экстремизм болса, әртүрлі діни пікірлерге негізделгеніне қарамай, олардың іс-әрекеттері Қылмыстық істер кодексінің баптарына сәйкес келеді. Яғни, діни-саяси экстремизм - діттеген саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін, дінді қалқан ете отырып әрекет етуші, дінге ешқандай қатысы жоқ іс-қимыл. Басқаша атағанда - терроризм (лаңкестік). Мұндай әрекеттер көбіне мемлекеттің құрамын күшпен өзгертуге немесе үкіметті басып алуға бағытталады. Қауіпті жағдайға айналған осындай әрекеттерді іске асыру, көбіне қарулы топтар құрып, өзара өшіктіру әдістерін қолдану арқылы дін және ұлттық қайшылықтарды қоздырумен, сондай-ақ адам құқын жаппай бұзумен қатар жүреді.
Мұндай шектен шыққан экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Экстремистер қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Саяси экстремизм тек саяси мүддені ғана көздейді. Олар адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады.
Діни-саяси экстремизм әдетте ешқандай ымыраны мойындамай, ортақ келісімнен бас тартады, ешкімді жақтырмайды, тіпті оларды қолдап жүрген дін өкілдерінің пікірі болса да ешқандай саяси пікірлермен санаспайды. Діни экстремизм үшін Харам мен халал (арам мен адал), өзіңе қалағаныңды басқаға да қала деген қағидалар болмайды. Олардың басты қаруы қатігездік пен шапқыншылық. Сонымен қатар діни антқа байлап қойған адамдардың экстремистік қатардан шыға қоюы өте қиын.
Экстремизмді айыптау, егер Құран және сүннет негізінде болмаса, онда адасушы мұсылмандар айыптауды мойындамайды, бос сөз қатарында қабылдайды. Кінәлілер айыптаушыларды - надан, жалақор ретінде азғыруы да мүмкін. Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу - діни эктремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару. Әлемдегі құбылыстардың қандайы болмасын өзіндік пайда болу ықтималдығына бағытталған әсерге негізделе отырып, ережелер мен заңдарға сүйенген себептері мен салдары бар. Бұл заңдылықтар қатарына тек философиялық ой-пікір тұжырымдары ғана емес, еш күдіксіз қабылдануы бұйырылған Илаһи заңдылықтар да жатады.
2.1. Қазіргі әлемдегі діни экстремизм
Қазіргі кезде діни экстремизм ғылыми және әлеуметтік дискурста маңызды орынға ие болып отыр. Діни экстремизм құбылысымен пайда болған мәселелерді талқылау ғылыми және бұқаралық басылымдарда, теле-, радиобағдарламаларда белсенді түрде жүзеге асуда. Аталмыш құбылысқа қатысты белсенді пікірталастардың орын алуы оны зерттеудің қажеттілігі мен өзектілігін көрсетуде. Діни экстремизм мен экстремистік ұйымдар мәселелерімен көптеген шетелдік зерттеушілер айналысқан, алайда, аталмыш құбылыстардың күрделілігі мен құбылмалылығы себебінен: экстремизмнің тарихи өзгермелілігі және көптүрлілігі, сондай-ақ осы құбы- лысты зерттеушілердің өздерінің идеологиялық көзқарастары, саяси-идеялық және әлеуметтік-философиялық ұстанымдары мен таңдауларының ықпалынан діни экстремизмді объективті тұрғыдан қарастыру қиындыққа толы болып отыр.
Осы орайда, діни экстремизм ұғымын жан-жақты талқылап түсіндіру мақсатында жалпы экстремизм ұғымына тоқталып өткен жөн. Қазақстандық саяси, дінтану, құқықтану салалары - на қатысты ғылыми әдебиеттерді талдау арқылы діни экстре - мизм құбылысына қатысты нақты түсінік қалыптаспағандығын көруге болады.
Егер экстремизм сөзінің этимологиясына үңілсек, экс - тремизм сөзінің нақты мағынасы ХХ ғасырдың өзінде пайда болды. Қазіргі таңда экстремизм шектен шыққан радикалдық ұстаным (бағыт) ретінде түсініледі. Экстремист - біржақты көзқарасты (ұстанымды) берік ұстанып, қоғамдық қатынас тұрғысынан шектен шығатын қимылдарға дайын адам, ол өзінің саяси көзқарасы бойынша солшыл немес оңшыл болуы мүмкін.
Бірқатар сарапшылар экстремизм ұғымының бастауын саяси мүдделерді жүзеге асыру мақсатынан туындағандығын негізге ала отырып, діни экстремизм ұғымын саяси мақсат- тарды жүзеге асыру құралы ретінде қарастыруды ұсынады. Сол себепті, діни экстремизмнің пайда болу себептері мен белгілерін талдау арқылы оны саяси ғылым санаты ретінде қарастыруға ұмтыламыз.
Діни экстремизм ұғымы екі құрамдастырушы - экстре- мизмнің өзі мен діннің қатысуы арқылы тұжырымдалады.
Экстремизм термині латынша шектен шығушы, яғни нақты тұлғаның, адамдар тобының, қоғамдастықтың нақты парадиг- мада орныққан моралдық нормаларға, салт-дәстүрлерге, құқық қорғау қатынастарына қайшы іс-әрекеттері дегенді білдіреді.
Экстремизм нақты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады және ол адам өмірінің барлық салаларында тұлғааралық байланы - старда, қоршаған ортамен қатынастарда, саясат, дінге қатысты орын алады. Экстремизм өз мәнінде агрессия және қылмыс ұғымдарын қамтиды. Алайда, агрессия саналы әрі бейсаналы болатын болса, экстремизмге мотивация тән. Сол себепті, экс - тремизм адамдарға қатысты орын алатын әлеуметтік құбылыс әрі зорлық көрсетуге бағытталған тәрбиенің немесе сыртқы факторлардың тұлғаға кері ықпалынан пайда болатын салдар болып көрінеді. Мысалы, заманауи ғылымда экстремизмнің пайда болуына ықпал ететін:
− әлеуметтік психологиялық және өнегелік (өзгелердің пікірлерімен санаспаушылық, айналадағы жағдайды дұрыс пайымдай алмаушылық), психологиялық тұрақсыздық (шек - тен тыс психологиялық белсенділік, тез қабылдаушылық не - месе жастық максимализмі, бұлардың барлығы тек арнайы жағдайларда немесе өзге факторлармен қатынасқа түскен кез - де ғана пайда болады);
− әлеуметтік-экономикалық (материалдық жағдайының төмен болуы, әлеуметтік теңсіздік);
− идеологиялық (жалпы идеологияның әлсіздігі немесе болмауы);
− жұмыспен қамсыздандыру;
− әлеуметтік тарихи (репрессиялар салдары, соғыс, гуманитарлық апаттар, т.б.) факторларды көрсетеді.
Жоғарыда берілгендерден байқалғандай, экстремизмнің генезисін талдаудан: аталмыш құбылыстың орын алуына қарапайым мүдделердің қақтығысы мен саяси, экономикалық, әлеуметтік, конфессионалдық сипаттағы қайшылықтар негіз бола алады деген тұжырым жасауға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz