Террорлық актінің виктимизациясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Реферат
Тақырыбы: Террорлық актінің виктимизациясы
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Маликова Шолпан Балтабековна
Алматы 2017ж.
МАЗМҰНЫ:
1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Терроризмнің пайда болуының алғышарттары және мақсаттары;
2.2. Терроризм және оның сатыларының, қылмыстық құрамының құқықтық сипаттамасы;
3.ҚОРЫТЫНДЫ
4.ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Өткен XX ғасыр ғылым мен технологиядағы бас айналдырар жылдамдықтағы жаңалықтардың ғасыры ғана емес, сонымен қатар 100 миллионға тарта адамдар құрбан болған дүниежүзілік соғыстардың, қанды қырғындар мен төңкерістердің, көтерілістер мен апаттардың да ғасыры болды. Ұлттық империалистік мақсаттарды көздеген мемлекетер соғыс үстіне соғыс ашып, аяғында өздері әлек болды. Адам сөйлескенше қағидасы жеңіске жетіп, он мыңдаған жылдар бойы жауласып келген үстемдікті қарумен, қара күшпен мойындату дәуірі біршама жабылып, оның, орнына халықаралық сыбайластық, дипломатияльқ айла-амалдар, психологиялық факторлар мен саяси-экономикалық іс-шаралар арқылы әлемді билеу үрдісі пайда болды. Бұқаралық ақпарат құралдары техникасының дамуы және жаңа түрлерінің пайда болуы салдарынан психологиялық соғыс әдістерінің күшейгені соншалық, бүгінгі күні психологиялық соғыстың тактикалары мен стратегиялары ғылымның жеке саласына айналды десек қате болмас.
Психологиялық соғыс санатына жататын терроризм бұрыннан келе жатқан яки қолдан жасалған қақтығыстар мен келіспеушіліктер негізінде қалыптасқан төңкерісшіл идеологиялар мен қозғалыстарды белгілі бір мақсат бойынша ұйымдастырудың нәтижесінде пайда болады .
Терроризм құдды технология сияқты өзгеріп, жаңа әдістер мен жабдықтарды сіңіре отырып, құбыла отырып дамуын жалғастырады. Адамзаттың рахаты үшін ойлап табылған заттар терроршылардың қызметіне жарауы әбден мүмкін. Жолаушы тасымалдайтын ұшағыңыз бомбаға, қол телефоны аузынан от шашатын айдаһарға айналуы әбден мүмкін. Терроршылықтың алдын алуда демократия мен адам құқықтары жөніндегі алға басушылықтардың пайдасы мол. Дегенмен, бүгінде үйіміздің төріне шыққан БАҚ арқылы сойқаншылар мен содырлардың іс-әрекеттері әп-сәтте күллі жаһанға мәлім болуда. Сондықтан, БАҚ адамдарды ақпараттандыру міндеті мен терорды әлемге жариялау дилеммасының алдында тұр. Бұл жалғызым мен жалмауызымның әңгімесі емес, құқықтық тұрғыдан алғанда аражігі нақтылы ашылмаған мүшкіл хал . Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық проблемалар мен биліктегі түзімнің кейбір кемшін тұстарын өздерінше пайдаланатын терроршылар бұған наразы азаматтарды өздерінің идеологиялық бағыттары бойынша үгіттеп, ұйымдастырады. Осы сатыдағы терроршы топтар мен оларды жақтаушылар кейбір барлау мекемелері және ұйымдасқан қылмыстық топтармен жең ұшынан жалғасатын байланыс орнатуы мүмкін. Осы күштер тамызған қақтығыстар мен шиеленістер оты кейде ондаған жылдар бойы өшпеуі мүмкін. Терроршы топтардың ұрандары мен пікіриятына (идеология ) имандай сенген жанкештілер болса өздерін һәм езге де күнәсіз жандарды фида етуде. Өкінішке орай, терроршылардың лаң салуы күн өткен сайын жиілей түсуде, олардың шабуылдарының зияндары күн өткен сайын ұлғаюда. Террор амалдарының көбеюі немесе бәсендеуі халықаралық, аймақтық яки мемлекетгік деңгейдегі саяси-әлеуметгік уақиғалармен тығыз байланысты. Мұндай амалдар сайлау, халықаралық зия раттар мен биік жиналыстар кезінде көбірек болады. Бірақ бір нәрсенің басы ашық - терроризм ешқашанда жеңіске жете алмайды. Үреймен, қоқан-лоқымен, лаңкестікпен жеңіске жетемін деп ойлайтындар алданады. Уақытша ғана әсер ету ешқашанда мәңгілік үстемдікке апармайды. Мәңгілік үстемдік тек әділеттілік, рахымшылық, келісім негізінде ғана болуы мүмкін. Алайда, жер бетіндегі әділетсіздік пен қанаушылың, сыңаржақ ұстанымдар мен тонаушылық бола берсе оған қарсы күресетін адамдардың болатыны күмәнсіз.
2.1 Терроризмнің пайда болуының алғышарттары және мақсаттары
Өткен ғасылардағы түрлі салаларда қолданылған тәжірибелерге жүгінетін болсақ, қандай да бір іс-әрекет болмасын, мейлі ол жақсы ниеттерге бағытталсын, мейлі ол жаманға негізделсін қоғамда белең алған әлеуметтік немесе экономикалық яки саяси жағдайлардың әсерінен туындайтын, соңында түбегейлі өзгерістерге әкеп соғатын қоғамдық маңызы бар нәтижелердің көрінісі болып табылады. Осыған орай, дипломдық жұмыстың тақырыбы болып отырған терроризмнің пайда болып отырғандығына да белгілі бір себептердің бары еш күмән тудырмайды. Ендеше, терроризмнің пайда болуының алғышарттары төмендегідей. Терроршылдықтың психологиялық себептерін зерттегенде терроршылардың туып-өскен жанұясы мен ортасын, менталитетін, сондай-ақ, оларды террор қимылдарына итермелеген басқа да факторларды есепке алған жөн. Себебі, терроризм қоғамға зиянды элементтерді қоғамға қарсы пайдалана отырып, қоғамның құндылықтары мен жетістіктерін жоюды қалайды. Террорист сол қоғамның өзінің ішінен шығатын адам. Ол қоғам үшін және қоғам атынан әрекет жасап, мемлекетке қарсылыққа барады. Ендеше, азаматтарды өз мемлекетіне қарсы қоятын және оларды террористке айналдыратын басты себептер қайсылары? Терроризмнің ішкі және сыртқы ұйымдастырушыларымен қатар азаматтарды терроршылыққа жетектейтін себептердің бастылары мыналар:
1) саяси себеп;
2) Экономикалық себептер;
3) Әлеуметтік және мәдени себептер;
4) Білім жүйесі;
5) Психологиялық себептер.
Енді осыларды сала-сала бойынша жіктеп көрелік.
1) Саяси себеп:
а) есірткі мен қару-жарақтың мықты тасымалдық өткелінде мемлекеттің не мемлекеттердің геосаяси орналасуы;
э) идеологиялық мәселелерді өркениетті түрде шешудің мол тәжірибесі жоқтығынан саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктердің арасындағы күрестің етек жаюы;
б) ұлтаралық қайшылықтардың билік құруы (белгілі бір қоғамдық қозғалыстар өкілдерінің насихаттары, белгілі бір ұлттың басқа ұлттарға қарағанда астамшылдығы, үстемшілдігі);
в) әлемдік деңгейде орын тепкен демократияның қағидаларына сай емес жас демократияның елде болуы мен мемлекеттік басқарудың шынайы тәжірибесінің болмауы;
г) криминалдық саяси элитаның және белсенсіз азаматтық тұрғын халықтың өсуі;
д) жүргізіліп отырған саяси реформалардың тиімсіздігі.
Әрине терроризмнің көрініс табуына себеп саяси радикализм болуы да мүмкін. Қоғамдық көңіл-күйдің радикалдануының кез-келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістері мен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді. Бұл ретте, терроризм туралы "оң" және "сол" радикализмнің көрініс табуының салдары ретінде сөз қозғауға болады.
Терроризм дегеніміз - деструктивті әрекет пен саяси радикализмнің ширыққан шындығы болатын болса, оның салдары белгілі бір партиялық топтардың қандай саяси реттегі шептен табылуымен шендесіп жатпақ. Әрі-беріден соң, саяси радикализм (Радикализм дегеніміз - белгілі бір кезеңдегі толық күшіндегі жағдайды түбірімен өзгертуге ұмтылу және осы ниетті қаймықпастан жүзеге асыруға бел буу) сынаса, терроризм өлтіреді деп айтуға болады. Жеке террористер немесе террористік топтар түрінде көрініс табатын терроизмнің геосаяси себебінің бастау бұлағы қандай болса да, терроризмнің әлемдік және аймақтық державалардың бақылауынан біржола шығып кеткені айдан анық. Былайша айтқанда, мемлекеттер мен мемлекет топтарының арасындағы қайшылықтар әрі оның өсіп отырғаны, терроризммен күрес жұмыстарын үйлестіріп отыру миссиясын мойнына алу мүмкіндігі бар халықаралық институттардың әлсіреуіне әсер етуде. Бүгінгі өмірде ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы айрықша көкейкесті сипат ала түсуде, әрине бұл процестің көрінісі ретінде адамзат қауымдастығының өмір сүруіне төнген осы заманғы қауіп-қатерге қарсы тұруға бейімделген жаңа құрылымдардың туындай бастауын айтуға болады. Терроризм мемлекеттер арасындағы қарулы қақтығыстардың салдары екендігін де атамай өтуге болмайды. Мысал үшін айтқанда, бүгінгі өмірдегі терроризм әскери төңкерістің салдары болуы да немесе кері сипат алуы да бек мүмкін.
2) Экономикалық себеп: экономикалық қиыншылықтар мен кедейшілік адамдарды тек материалдық тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар психологиялық тұрғыдан да жүдетеді. Сол себепті де террор ұйымдары әлеуметтік әділетсіздік пен табыс үлесіміндегі теңсіздікті үгіт-насихат құралы ретінде тиімді пайдаланады. Әсіресе, лайықты дәрежеде білім алмағандар мен надандар осындай насихатқа тез иланады. Зерттеулер террорлың актілерге қатысушылардың басым көпшілігінің осындай адамдар екенін дәлелдеген. Таяу Шығыстағы бір террор ұйымның басшысы адамдарына былай деп тапсырма берген: Бізде жұмыссыз адамдар мен жас жеткіншектер көп. Әр ауылдан осындай бірнеше адамды тауып алсаңдар, мыңдаған жауынгеріміз болады. Оларды ата-аналары балаларын бағуға шамасы келмей әлек болып жүр, сондықтан олар балаларын алып кеткендеріңе қуанады да. Олардың көбі психологиялық, дағдарыстағы жастар. Оларды майданға жіберу қиынға соқпайды. Алғашқыда дұрыстап қарсы алсаңдар, олар үйлерін тастағандарына қуанады да! Террорлық әрекеттерге қатысушылардың көпшілігі 16-30 жас арасындағы жастар екенін ескеруіміз және ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән беруіміз керек... а) бүкіл елдегі және Қазақстанның жекелеген аймақтарындағы экономикалық дамудың пропорциясының теңсіздігі; ә) инфляциялық процестер; б) табыс деңгейіне қарай түрғын халықтың бөлінуі; в) жұмыссыздық.
Бүгінгі өмірде дүние жүзі аймақтарының дамуында сәйкессіздіктің бел алып бара жатқаны ешқандай да жасырын емес. Сол сияқты, бұл ахуал әлсіз дамыған мемлекеттерде әлеуметтік қозғалыстардың етек алуына көп ретте қолайлы жағдай туындатып отырғаны да жасырын емес. Сонымен бірге, терроризімнің пайда болуы мен таралуына дем беретін фактор осы әлеуметтік қорғансыздық екеніне де күмән жоқ. Әрине жұмыссыздықтың биік деңгейі, табыстың төмендігі, болашақтың бұлыңғырлығы әлеуметтік шиеленістің ширығы түсінуіне дем беретіні айдан анық. Соңғы кезде, Қазақстан шетел инвестицтясын молынан тартуда, шетелдерден талай кәсіби мамандар ағылуда. Осыған орай, көптеген мамандардың еш лицензиясыз, тіркеусіз жатқаны да алаңдаушылықты туындырады. Сондай шетел инвесторларының біті түрік азаматтарының осындай заң бұзушылықты саналы жіберіп отырғаны және олардың қазақстандық азаматтарға дискриминациялық көзқараспен қарайтындығы, нәтижесінде қазақ азаматтарын соғып, ҚР Конституциясының нормаларын өрескел бұзып жатқандығы анықталуда. Мемлекеттімізде экономикалық салалардың жан-жақты дамуының бірден-бірі факторы - инвестиция. Алғашқы рет 1996 жылы Елбасының Жарлығымен инвестициялар жөнінде Мемелекеттік комитет құрды, ал 1997 жылдың ақпан айында Қазақсан Республикасының Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы Заңы шықты. Осы заңды жетілдіру және инвестиция саласында жоғарыда аталған мәселелерді құқықтық шешу мақсатында кейбір нормаларына толықтырулар енгізу қажет, себебі көптеген нормативтік құқықтық актілердің жетілмеуінен террористік актілердің етек алуын жол береді.
3) Мәдени-әлеуметтік себеп:
а) өзіндік түрлі мүдделері бар әлеуметтік топтар мен таптарға бөліну;
ә) әлеуметтік кепілдің тиімді жүйесінің жоқтығы мен азаматтар қорғанысының күрт төмендеуі;
б) заңсыз қару-жарақ айналымы;
в) ауыл тұрғынларының қалаларда қысым көру;
г) қылмыс деңгейінің, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың жалпы өсімі;
д) құрылымдық қайта құру кезеңінде рухани модельдік, тәрбиелік және патриоттық идеалдардың тоқыруға ұшыруға ұшыруы; е
) тұрғын халқының мәдени-білім деңгейінің төмендеу;
ж) жеке басқа табынушылық пен зорлық-зомбылықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тең түрде насихаттау.
2.2 Терроризм және оның сатыларының, қылмыстық құрамының құқықтық сипаттамасы
Жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздік бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz