Тауарлық кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ
Тақырыбы: Тауарлық кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Агыбаев Арыкбай Нусупалиевич

Алматы 2017ж.

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Кедендік режим жағдайында тауарлар мен көлік құралдарының жылжу ерекшеліктері;
2.2. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
2.3. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу әкету;
2.4. Тауарлар экспорты және кері экспорты;
2.5. Қазақстан Республикасыңда тауарлар көлік кұралдарына қатысты жүргізілетін операциялары;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жана заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жана басты бағыттар мен заң шараларын қабылдауына алып келеді. Осындай басты бағыттардын бірі - кеден жүиесі. Кеден саласын ғылыми негіздеу үшін қазақстандық қана емес, сондай - ақ бұрынғы одақтық және халықаралық кеден заңдарының негізінде қоғамдық қатнастардың құқықтық реттелуінің орны мен рөлін, ерекшелігін анықтау өте маңызды.
Соны мен қатар өзінің толық тұрақты дамуы үшін Қазақстан бір жағынан өнеркәсібі дамыға мемлекеттермен, 2-ші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет. Қазақстан өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, темір жол, автокөлік және құбыр сияқты көлік түрлері, көліктік инфрақұрлымын дамытуы керек.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның импорттық - экспорттық операциялардын көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудін өсуіне әкеледі. Бұл жағдайларда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына басқа мемлекеттерден әкелінетін немесе транзит арқылы әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік өткізу бекеттерінде кірген тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылап отыру үшін кедендік кодекске сәйкес әр көлікке не тауарға арнайы режимдер белгіленеді. Сол кедендік режимдер арқылы тауарлардын сатылу немесе тұтынылу бағыттарын анықтап статистикалық есеп жүргізіп отырады. Кеден органдарының басқару құрлымы өзгеріп отырса да, негізгі мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалып отырады.
Кедендік бақылау агентігі (КБА) - 2003 жылда қайта құрылып Үкіметке тікелей бағынбайтын, бірақ құрамына кіретін мемлекеттік басқару органдарының өкілеттігі берілген мемлекеттік мекеме. Оның негізгі мақсаттары республикамыздың экономикалық мүддесін қорғау және отандық өңдірушілерді, сондай-ақ тұтынушыларды қорғап, олардың өнеркәсібін дамытуға ықпал жасау. Шетелдік инвесторларды тартып немесе арнайы экономикалық аймақтар құру арқылы отандық өнеркәсіптің дамуын жеделдету.

2.1. Кедендік режим жағдайында тауарлар мен көлік құралдарының жылжу ерекшеліктері
Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық құқығы бар қатынасушы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүйе ірге тасының - тұтастай өзгеруін қажет етеді.
Бұл процесті талдаудын бірінші буынында әлемдік шаруашылыққа ену дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы денгейімен сипатталып бағаланады.
Екінші буын. Бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу бүкіл мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттін сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.
Үшінші буын. Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы жүзеге асырылады. Кедендік іс Қазақстан Республикасы кеден саясатының мына мақсаттарын ұстайды: Қазақстандық нарықты және Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан кейінгі экономиканыңқұрылымдық жағынан қайта құрылуына көмектесу; бәсекелестікті нығайту; дайын өнім экспорты мен импорты алмастырушы өңдірісті ынталандыру; шетел инвестицияларын тарту және т.б.
Осыған сәйкес 995 жылы 20 шілдеде "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы " Қазақстан Республикасының Президентінің заңы қабылданды.
1991 жылы Қазақстан Республикасындағы кеден ісі экономиканың ең маңызды салаларымен бір қатарда тұр.
Қазақстан Республикасы ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен кедендік одақ, еркін сауда аймақтарын құруды, халықаралық экономикалық бірігуді одан әрі дамытумен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде келісімдер жасау дегенді білдіреді.
Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге қатысуға, республиканың кеден шекарасына және одан тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы .
Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлармен көлік құралдарын өткізудін негізгі қағидаларын қарастыру керек; олар " кеден ісі туралы " 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығында қабылданған.
Бірінші қағида. Республиканың кеден аумағына тауарлармен көлік құралдарын еркін әкелу және оларды аумақтан шығару жатады. Мұнда кедендік аумаққа жататындар: еркін кедендік аймақтармен еркін қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, аумақтық сулар, ішкі сулар және Қазақмстан Республикасының әуе кеністігі.
Екінші қағида. Республикаға тауарлармен көлік құралдарын енгізу мен оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы қағиданы ескере отырып, мұндай қарама қайшашы тәжірбиеде болатын тауарлар мен көлік құралдарын еңгізу, шығаруға шек қойуға қажеттілікпен түсіндіріледі.
Оның мынандай себептері бар:
ұлттық қауіпсіздіке қауіп төну;
азаматтардын занды және жеке тұлғалардын денсаулығына қауіп. өсімдіктермен жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;
Қазақстан Республикасының шығармашылық тарихи және археологиялық мұрасына қауіп;
Меншік құқығына, оның ішінде интелектуалды меншік құқығына қауіп;
әкелінетін және шығарылатын тауарлар, көлік құралдары сатушылар мен тұтынушылардың мүдделеріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден тыс көп болып кеткенінде ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.
Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және ыңғайсыз болып келеді, сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискациялау, соттың шешімімен мемлекет меншігіне ауысып, аукционға шығарылып, сатылуы мүмкін.
Үшінші қағида. Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен шығаруға лимит қою. Жаңадан қойылған шектеулер-заңды акті түрінде 30-күннен кейін күшіне енеді.
Төртінші қағида. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өту қағидасы-кедендік режиммен сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қағида бірінші қағиданың салдары және құрамдас бөлігі болып келеді.
Оның мағынасы мынада: Шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес кедендік режим таңдауға мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс кедендік режим таңдап алу керек, өйткені дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлеміне байланысты болады. Мұндай тауар иесі алдында таңдалған кедендік режимді өзгерте алады. Кедендік заңға сәйкес 17-кедендік режим белгіленген.
Шекарадан өтпес бұрын тауарлар мен көлік құралдары кедендік құжаттау және кедендік бақылаудан өтуі керек.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жататындар: кедендік аумақ периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі.
Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим анықталады және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарымен, кеден заңын орындау және осы заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады.
Процестің көп векторлығын ескере отырып, тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан белгілі уақытта және белгілі жерде өту тәртібі кеден органдарының жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.
Бесінші қағида. Кедендік режимдерге сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның орындалуын кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы: экспортқа арналған тауарлар кедендік аумақтан тыс жерлерде өңделе алмайды.
Соңғы қағида- Шартты шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және қолдану бойынша жеңілдіктер беріледі. Тауарлар иесі белгіленген мақсаттармен кеден органдары белгілеген түрлі шарттарды орындауға міндеттеледі.
2.2. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару
Ол ең көп таралған кедендік режимдердін бірі. Бұл кедендік режим шетелдік өндіріс тауарлары мен көлік құралдарының осы аумаққа еркін еңуін, тұтынуын, айналымын білдіреді. Тауар түсінігіне материялдық дүниеде қозғалатын кезкелген затты жатқызады. Бұлар атап айтқанда басқа ұлттық аумақта өндіріліп, жолаушылармен тауарларды халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарынаң басқа соңғы және аралық тұтыну өнімдері, өңдіріс құралдары, валюта, валюта құндылықтары, электр, жылу және энетгияның басқа түрлері, көлік құралдары.
Тауарлардың кері импоры.
Тауарлардың кері импортына кедендік режимді тағайындау және орналастырудың шарттары.
Тауарлардың кері импорты - бұрын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген тауарлар Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 122-бабында белгіленген мерзімде, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендік баждардан және салықтардан босатыла отырып, кері әкелінетін кездегі кедендік режимді айтамыз.
Сондай-ақ тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастырудың шарттарын атап өтейік:
1. Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыру үшін:
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы;
2) Әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының кедендік режиміне мәлімдеуі;
3) Тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы тиіс;
2. Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың әкетілген сәттегі құнымен салыстырғанда тауарлар құнының өзгеруіне әкелетін жағдайларды қоспағанда, тауарлардың кері импортынның кедендік режиміне орналастыруға кедергі келтірмейді. Бұл ретте әкетілген күнгі құн мен әкетілген күнгі құны арақатынасы тауарлардың кедендік декларациясында көрсетілетін статистикалық құнының негізінде айқындалады.
Кеден қоймасының кедендік режимін тағайындау және тауарлар мен көлік құралдарын осы режимге орналастырудың шарттары.
Кеден қоймасы - тауарлардың қауіпсіздігі жөнінднгі талаптарды қоспағанда әкетілген тауарларға кедендік баждар, салықтары алынбай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режимді айтамыз.
Сондай-ақ тауарларды кеден қоймасынан кедендік режиміне орналастырудың шарттары төмендегідей болуы қажет:
1. Кеден қоймасы кеден қоймасынан кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез-келген тауарлар орналастыруы мүмкін.
2. Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тауарларға мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы мүмкін. Сондай-ақ тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімдері төменде көрсетіледі.
1. Тауарларды кеден қоймасында сақтаудың мерзімін тауарларды кеден қоймасына орналастырушы тұлға белгілейді, бірақ ол тауарлар кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырылған күннен бастап үш жылдан аспауы керек.
2. Сақтау, тұтыну және сату үшін шектеулі жарамдылық мерзімі бар тауарлар өзге де кедендік режимге мәлімделуі және аталған мерзімдер аяқталғанға дейінгі күн тізбелік 60-күннен кешіктірілмей кеден қоймасынан әкетілуі тиіс.
Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимін тағайындау және осы режимге орналастырудың алғышарттары.
Бажсыз сауда дүкені - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режимді айтамыз.
Сондай-ақ осы режимге орналстыру талаптары келесідей көрсетіледі: 1) бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне Қазақстан Республикасына әкелінуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан аланған тауарларды, сондай-ақ ҚР-ның Үкіметі белгілеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез-келген тауарларды орналастыруы мүмкін.
2) Қазақстан Республикасының аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде ҚР-ның заңдарында белгіленген талаптар сақталынбаған жағдайда сатылады.
3) Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуін қатамасыз ету үшін пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырылуға жатпайды.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу режимін тағайындау
және осы режимге орналастырудың талаптары.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен ҚР-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып ҚР-ның кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануңа арналған редимді айтамыз.
Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 17-тарауында белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын Қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол берілмейді.
1. Сондай-ақ тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу режиміне таурларды орналастыру талаптары мынандай:
1) Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 157 бабында белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) Кедендік режим Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 160-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкету мен аяқталатын жағдайды қоспағанда кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдеріне бірдейлендірілген дғадайда жол беріледі.
2. Егер тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта аумақтық тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
3. Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 374-бабына сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тұлға мәлімдеуі мүмкін.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Тауарлардың еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тағайындау және осы режимге орналастырудың талаптары.
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу - қайта өңдеу өнімдерін тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне кейіннен орналастыра отырып, кедендік баждар, салықтар алынбастан және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік бақылау мен кедендік аумақта шетел тауарлары қайта өңдеу жөніндегі операцияларға ұшырайтын кедендік режимді айтамыз.
1. Сонымен қатар тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне тауарларды орналастыруға мыналар жатады:
1) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің талаптары туралы ҚР-ның кеден кодексінің 168-бабында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган қроытындысы ұсынылған;
2) кеден органдары шетел тауарларына қайта өңдеу өнімдеріне бірдейлендірілген;
3) кедендік бақылаудан тыс, таурлар мен қайта өңдеу өнімдерін алып қою мүмкіндігін болдырмауды қамтамасыз етуді кедендік бақылауды жүзеге асыру үшін жағдайлар жасауды, тауарларға кеден органдарының қол - жетілімділігін қамтамасыз етуді, тауарларды есепке алу және олармен операцияларды жүргізуді, сондай-ақ есептілік беруді қоса алғанда, ҚР-сы кеден заңдарының талаптарын орындауды қамтамасыз етілген;
4) қайта өңдеу өнімдерін экономикалық тиімді тәсілмен бастапқы жағдайдағы қалпына келтірі мүмкін болмаған;
5) қайта өңдеу жөніндегі операцияны тікелей жүзеге асыратын тұлға тауарларды қайта өңдеу үшін әкеткен жағдайда жол беріледі.
2. Таураларды еркін айнаоыс үшін қайта өңдейтін кедендік режимін ҚР-ның кеден кодексінің 374-бабына сәйкес декларант ретінде өкілдік ете алатын тұлға мәлімдеуі мүмкін.
3. Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеудің кедендік режиміне бұрын өзге кедендік режимдерге орналастырылған шетелдік тауарлар орналастырыла алады.
4. Қазақстан Республикасның Үкіметі тауарларды еркін айналыс үшін кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салған тауарлар тізбесін белгілейді.
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу режимін тағайындау және орналастыру талаптары.
Тауарларды кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу- экспорттық бақылау шараларын қоспағанда, Қазақстандық тауарларды тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кедендік баждар және салықтардан толық немесе ішінара босатыла отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында қайта өңдеу өнімдерін өңдеу және оларды кейіннен әкету мақсатында ҚР-ның кедендік аумағынан тыс әкетуге және пайдалануға арналған кедендік режимді айтамыз.
Қазақстан Республикасының 22-тарауында белгіленген жағдайлар-да тауарларды кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған Қазақстандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін шетелдік тауарлармен ауыстыруға жол беріледі.
1. кедендік аумақтан тыс кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) кедендік аумақтан тыс қайта өңдеу талаптары туралы ҚР-ның кеден кодексінің 177-бабында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеу мақсаты жөнінде болып табылса, аталған қорытындыны беруі талап етілмейді.
2) ҚР-ның кеден кодексінің 179 және 180- баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ҚР-ның кеден клдексінің 181-бабына сәйкес кеден органдарының қайта өңдеу өнімдеріндегі Қазақстандық тауарларды бірбейлендіргенде;
3) әкетілімдік кеден баждарын төлеу қамтамасыз етілгенде жол беріледі.
2. Кедендік аумақтан тыс қайта өңдеудің кедендік режимін ҚР - ның кеден кодексінің 374- бабына сәйкес декларант ретінде өкілдік етуге құқылы тұлға мәлімдеуі мүмкін.
3. Кедендік аумақтан тыс тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі мынаңдай жағдайларда:
1) белгіленген шектеулерді, талаптарды немесе шарттарды сақтау міндеттемесі мен ұштасқан кедендік баждардан және салықтардан босатыла отырып еркін айналысқа бұрын шығарылған тауарлар үшін тауарларды жөндеуге әкетуге қоспағанда, осындай шектеулер, талаптар мен шарттарды қолдану мерзімінің аяқталуына дейін;
2)егер тауарлар сатып алу- сату шарты бойынша қайта өңдеуге әкетілсе;
3) ҚР-ның кеден кодексінің 179 және 180- баптарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер қайта өңдеу өнімдері әкетілген тауарларды қайта өңдеу нәтижесінде құралғандығын белгілеу мүкін болмаса, пайдаланылмайды.
Еркін кеден аймағы.
Еркін кеден аймағының кедендік режимін тағайындау
және осы режимге орналастыруға рұқсат
етілетін тауарлар.
Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және Қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтың шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.
Сонымен қатар осы режимге орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар:
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі.
Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі ҚР-ның заң актілеріне сәйкес бекітілетін экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді.
Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін кеден аймағының кедендік режимінде бола алады.
Арнайы экономикаылық аймақ таратылған жағдайда, қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүргізілген және арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жету үшін пайдаланылған тауарларды қоспағанда, бұрын еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар ҚР-ның заңдарымен айқындалған арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі ішінде өзге кедендік режимге мәлімделуі тиіс.
Кеден органдары арнайы экономикалық аймақ аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Еркін кеден аймағы - бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және Қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтың шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.
Сонымен қатар, ҚР-ның заң актілерінде көзделген тауарлары қоспағанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды, сондай-ақ олардың көмегімен тауарларды қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүзеге асырылатын тауарларды еркін қойманың кедендік режиміне орналастыруға жол беріледі.
Сонымен қатар тауарларды еркін қоймаларда болу мерзімдері еркін қойма жұмыс істеп тұрған жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін қоймада бола алады.
Еркін қойма қызметкерлеріне қойылатын талаптар.
1. Еркін қойма құруға раналған үй-жай мынандай талаптарға сай келуге тиіс:
1) қойма иесінің меншігінде болуға не лицензия алуға өтініш берген кезден бастап кемінде үш жыл мерзімге жалға алуына;
2) периметрі бойынша белгіленуге және қоршалынуға;
3) еркін қойманың аумағында оның бөлігі болып табылмайтын үйлер мен ғимараттар орналаспауға;
4) тауарларды тексеруге арналған орындар болуға;
5) тауарларды қайта өңдеу операцияларын жасау үшін жайластырылуға және жабдықталуға тиіс.
2. Еркін қоймалар олар жұмыс істеп тұрған барлық мерзім ішінде белгіленген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
Еркін қойманы құруға арналған лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) тұлғаның лицензия беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініші;
2) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкестікті растайтын құжаттар;
3) тіркеу құжаттарынан нотариалды куәландырған көшірмелері;
4) лицензия бергені үшін алым төленгендігін растайтын құжаттар.
5)сәйкес келетін үй-жайлар мен орындарға қатысты меншік немесе иелік ету және пайдалану құқығын растайтын құжаттар.
Бос автокөлік құралдарын уақытша әкелу кезінде кеден органы шетелдік бос автокөлік құралының әкелу куәлігін рәсімдеуді жүргізеді, онытолтырудың нысаны мен тәртібін кеден ісі мәселері жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
2.3. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу әкету
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудін кедендік режимін тағайындау және оларды орналастыру талаптары.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу-шетелдік тауарлар мен көлік құралдарын ҚР - ның кедендік аумағындағы тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан, кедендік әкелу баждарын және салықтарын төлеуден толық немесе ішінара босатыла отырып пайдаланылатын, тауарлар мен көлік құралдарын кейіннен ҚР-ның кедендік аумағынан тыс жерлерге әкетілетін кездегі кедендік режимді айтамыз.
1. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне тауарлар мен көлік құралдары:
1) тауарлар мен көлік құралдарын бірдейлендіру қамтамасыз етілген;
2) кеден ісі мәселесі жөніндегі уәкілеті орган белгілейтін нысан бойынша тауарлар мен көлік құралдарын белгілеген мерзімдерде ҚР-наң тысқары жерлерге әкету туралы міндеттеме берілген;
3) ҚР - ның кеден кодексінің191-бабына сәйкес кедендік баждар және салықтар төленген жағдайда орналастырылады.
2. тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режиміне:
1) жекелеген даналарын жарнама және көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы заттарды, шығыс материалдарын және үлгілерін, шикі заттар, жартылай фабрикаттарды;
2) жекелеген даналарды жарнама және көрсету мақсатында уақытша әкелуді қоспағанда, алкоголь, темекі өнімдерін қоса алғанда, тамақ өнімдерімен, сусындарды;
3) өндіріс қалдықтарын;
4) ҚР-ның кедендік аумағына әкелуге тыйым салынған тауарларды орналастыруға жол берілмейді.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету.
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарларды Арнайы экономикалық аймақның кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулер
Кедендік инфрақұрылым ұғымы
Кедендік рәсімдер түрлері
Кедендік төлемдер
Темір жол көлігінде кедендік бақылау мен рәсімдеу жүргізу тәртібі
Кеден режимдерінің түсінігі мен түрлері
Тауарларды кедендік ресімдеу
Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
ҚАЗАҚСТАҢДА ТАУАР МЕН КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУЫНЫҢ КЕДЕН КОДЕКСІНДЕГІ НЕГІЗДЕРІ
Кеден органдары құқығы
Пәндер