Кеден одағының тарифтік реттеу шаралары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
Тақырыбы: Кеден одағының тарифтік реттеу шаралары
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Агыбаев Арыкбай Нусупалиевич
Алматы 2017ж.
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Тарифтік және бейтарифтік реттеу;
2.2. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі;
2.3. Сыртқы экономикалық қатынастар барысындағы тарифтік жеңілдіктер мен преференцияларды қолдану
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Кедендік - тарифтік реттеудің құқықтық негізі, кедендік - тарифтік шараларының түсінігі; кедендік тарифтың мақсаттары. Кедендік баждардың ставкалары және олардың тағайындау тәртібі, баж ставкаларының түрлері. Баж түсінігі, маусымдық және арнайы баждар, демпингке қарсы баждар, өтемдік баждар.
Кедендік баж - кеден органдары тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты өндіріп алатын міндетті төлем;
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету - осы Кодексте айқындалатын уақыт кезеңі ішінде қолданыста болатын және Қазақстан Республикасының аумағында кедендік операцияларды жүргізуге байланысты тәуекелдерді өтейтін кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету;
Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету - кеден одағының кеден заңнамасында және осы Кодексте көзделген кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттерді кеден органдарының алдында орындау кепілдігінің тәсілі; Кедендік төлемдер мен салықтарға:
1) кедендік әкелу бажы;
2) кедендік әкету бажы;
3) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын қосылған құн салығы;
4) кеден одағының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде өндіріп алынатын акциз (акциздер);
5) кедендік алымдар (тауарларды кедендік декларациялау үшін, алып жүру үшін кедендік алымдар, алдын ала шешім үшін төлем) жатады.
Төлеушiлер, кедендiк баждарды есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден заңнамасында айқындалады.
Төлеушілер, кеден органдары өндіріп алатын қосылған құн салықтарын, акциздерді есептеу тәртібі және төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндіріп алу, есепке жазу мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу бойынша жеңілдіктер осы Кодексте және Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалады.
Төлеушiлер, кедендiк алымдарды төлеу, қайтару (есепке жатқызу) және өндiрiп алу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оларды төлеу жөніндегі жеңілдіктер осы Кодексте айқындалады.
Кеден органдары алатын арнайы, демпингке қарсы және өтемдік баждар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді және, егер осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, кедендік әкелу баждарын алу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен алынады.
2.1. Тарифтік және бейтарифтік реттеу
Еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде экспортты реттеу мәселелері маңызды және өзекті болып табылады. Бұл жайында мынандай фактіге сүйенсек 2002 жылы жалпы ішкі өнімдегі экспорттың үлесі 40% құраса, ал 2003 жылы бұл көрсеткіш 44% құраған.
Осы жағдайда негізгі экспортталатын тауарларға мұнай, газ конденсаты, қара және түсті металл, ауылшаруашылығы шикізатын жатқызамыз. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне тұтас экспорттың 80% тиеді. Бұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсекеқабілеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады.
Республиканың қазіргі сауда режимінде экспорт тарифтік (экспорттық баж) және бейтарифтік (лицензиялау, квоталау, тыйым салу тағы басқалар) шаралармен реттелінеді.
Кеден кодексіне сәйкес тауарлардың экспорты мен импорты бейтарифтік реттеу шаралары сақталған және кеден баждары төленген жағдайда жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің Жекелеген тауарлардың түріне шығарылатын кедендік баждардың мөлшері туралы 2000 жылы 5-маусымдағы №841 қаулысына сәйкес белгілі бір тауарлардың экспортына кедендік баждар орнатылған. Осы тауарларға тері, тері шикізаты, тоқыма, жүн, мыс сынықтары мен қалдықтары, қара металл сынықтары мен қалдықтары, қара металлдан жасалған жекелеген заттардың түрі, өңделмеген аллюминий және оның бұйымдары, темір жол мен трамвай локомотивтерінің кейбір бөліктері жатады. Осы тауарларға кедендік баждар отандық өндіріске қажетті шикізаттың республика аумағынан шығуын болдырмау мақсатында белгіленген.
Осыған байланысты айтатын болсақ Бүкіләлемдік Сауда Ұйымы ережелері экспорттық кеден баждарын қолдануға тыйым салмайды, бірақта Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына мүше елдер сыртқыэкономикалық қызметті реттеудің осы механизмінің қолданылғанын қаламайды.
Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты Үкіметтің 1996 жылы 14-қарашадағы № 1389 Әкелінетін тауарларға кеден баждарының мөлшері туралы қаулысына сәйкес кеден баждары белгіленген.
Ал экспортты бейтарифтік немесе жанама реттеуге келетін болсақ, бұл кедендік-тарифтік реттеуден тысқары, экономикалық және әкімшілік іс-шаралардың жиынтығын білдіреді. Осы іс-шаралардың бір жағынан шектейтін, екінші жағынан ынталандыратын мағынасы бар.
Қазіргі таңдағы Қазақстанның отандық тауарларды сыртқы рынокқа жылжыту мен дискриминациялық кедергілерді алып тастауға бағытталған белсенді экспорттық саясатты жүргізіп отырғанына қарамастан, экспортты бейтарифтік немесе жанама реттеу шаралары, көбінесе ынталандыру мағынасындағысы толық күйінде пайдаланылмай жатыр.
Осы жағдайда экспортты ынталандырудың мемлекеттік шараларының тұтас жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі туындап отыр. Экономикадағы табысты құрылымды өзгерістердің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай. Құрылымды өзгерістердің басты аспектісі ретінде отандық экспорттаушыларға тиімді құқықтық механизмді, сонымен қатар сәйкес қаржылық және ақпараттық инфрақұрылымды, сыртқыэкономикалық қызметті тұтасымен жандандырудың қолайлы жағдайларын жасауды көздейтін экспортқа бағытталған экономикалық өсуді мемлекеттік қолдау табылады.
Республикамыздың сыртқы саудасын бейтарифтік реттеу шаралары акцизделетін тауарлардың айналымын реттеуден, тауарларды сертификаттаудан, ішкі рынокты тауарлардың импортынан қорғаудан, экспорттық лицензияларды беруден, сонымен бірге жекелеген тауарлардың экспортын шектеуден немесе тыйым салудан, отандық өнімдерді әлемдік рынокқа жылжытудан тұрады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылы бесінші желтоқсандағы №1243 жекелеген тауарларды әкелу мен әкетуге шектеулерді енгізу туралы және 2002 жылы 16-шілдедегі №785 Орманды пайдаланудың жекелеген мәселері Қаулыларымен алюминий мен никелден жасалатын бұйымдардың кейбіреуінің, ағаш материалдары, кесілген материалдар және ағаштан жасалған кейбір заттардың экспортына тыйым салынған.
Бұдан басқа егін егу уақытында жанармайдың жетіспеушілігін болдырмау мақсатында 2004 жылы 23-ақпанында Үкіметтің №210 қаулысы қабылданды. Бұл қаулы 1-наурыздан бастап, 1-маусымға дейін Қазақстан Республикасы аумағынан жанармайдың шығарылуына тиым салады.
Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының сыртқы сауда режимін ырықтандыру мен отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Үкімет 2003 жылы 31-наурызында №310 Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылы 31-желтоқсандағы №1376 қаулысына өзгерістерді енгізу туралы шешім қабылдап, темекі мен темекі өнімдерінің импортын лицензиялауды алып тастады. Бұдан басқа 2003 жылы 3-қыркүйектегі №839 Қазақстан Республикасының Үкіметінің 30.06.97ж. №37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулы, ветеринарлық дәрі-дәрмектерді тауарлардың экспорты мен импорты кезіндегі лицензиялауға жататындардың тізімінен алып тастады.
Сауда және тарифтер бойынша бас келісімінің ХІ бабына сәйкес Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіру шегінде экспортқа тыйым салуға немесе экспорттық лицензия, квота түріндегі шектеулерді қолдануға болмайды. Тек қана кеден баждары мен салықтарды басқа да алымдарды қолдануға болады. Осыған байланысты бүгінде қолданылып жатқан бейтарифтік реттеу шараларын Сауда және тарифтер бойынша бас келісімінің ережелеріне сәйкестендіру үшін жұмыстар атқарылуда.
Қазақстанның сыртқыэкономикалық саясаты соңғы жылдарда сыртқы сауда және валюталық операцияларды ырықтандыруға, сыртқы экономикалық байланыстарды нұсқаулық басқарудың жүйесін бөлектеуге бағытталған. Бірақта ашықтықтың күшейуі тек қана белгілі бір артықшылықтарға ие болып қалмайды. Сонымен қатар қауіп туғызады, әсіресе экономикасы өтпелі кезеңдегі елдер мен дамушы елдерге. Осы жағдайда ұлттық өндірушілерді шетелдік бәсекелестерінің басып тастауы, жекелеген салалардың әлемдік жағдаятқа, индустрияльды дамыған мемлекеттердің сауда және қаржы саясаттарына тәуелділігінің өсуі, қаржы жүйесі мен ақша айналымының тұрақтылығына қауіп төну секілді қатерлер пайда болуы мүмкін.
Отандық тауар өндірушілердің негізгі қиындықтарының бірі ретінде айналымдағы қаржының жетіспеуі мен техникалық жарақтану деңгейінің төмендігімен қатар отандық өнімдердің алыс шетел мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен импортталып келетін сол тектес өнімдерге қарағанда бәсекеқабілеттілігінің төмендігі табылады. Сонымен бірге шетелдік тауарлардың бағасы біздікіне қарағанда төмен болып отыр. Осыларға қарамастан біздің кәсіпорындардың қазіргі таңда ірі капиталдық салымдарсыз-ақ өндірістің көлемін артырып, импорттың көлемін 20% дейін қысқартуына мүмкіндіктері бар.
Өткізу рыноктарын кеңейту жөніндегі қызмет шеңберінде Америка Құрама Штаттарында демпингке қарсы анықтаудың күші жойылды және қазақстандық титан губкасының импортына, уран өнімі мен ферросилицийге қатысты салынған демпингке қарсы баждар алынып тасталды. 2000 жылғы наурызда Еуроодақ елдері Қазақстан Республикасынан феррохром импортына демпингке қарсы тергеуді тоқтатты.
Еуроодақ елдердің ферросилиций жеткізулеріне енгізілген демпингке қарсы баждары алып тастау, қазақстандық болатты еуропалық рынокқа шығаруға экспорттық квотаны ұлғайту жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.
2000 жылы Еуроодақ Қазақстанға демпингке қарсы анықтауға қатысты нарықтық экономикасы бар елдің мәртебесін берді. Америка Құрама Штаттарының демпингке қарсы заңына сәйкес 2002 жылғы наурызда Америка Құрама Штаттарының Сауда министрлігі Қазақстаннаң нарық экономикасы бар ел емес мәртебесін алып тастады.
Сыртқы экономикалық қызметті реттеу саласындағы басқа бағыт экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға мемлекетік бақылауды күшейту болып отыр. Трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 5 қаңтардағы Заңы халықаралық іскерлік операцияларына мемлекеттік кірістің ысырабын болдырмау үшін трансферттік бағаларды қолдану кезіндегі мемлекеттік бақылау шараларын белгілейді. Осы Заңды іске асыру тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тізбесінде белгіленген тауарлар жөніндегі мәмілелердің мониторингі жүргізу жүзеге асырылады. Тауарлар экспортын және валюта түсімін бақылаудың пәрменділігі мақсатында экспорт көлемін есепке алу, отандық өндірушілердің экспорттық бағаларының әлемдік рыноктардағы бағалардан ауытқуы жөнінде жұмыс жүргізілуде, экспорттаушы кәсіпорындардың қаржы-экономикалық қызметінің барынша мүмкін ашықтығын қамтамасыз ету үшін жағдай жасалуда.
Республиканың экономикалық қауіпсіздігінің мүдделерін және басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін негізге ала отырып, атап айтқанда, ішкі рыноктың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында экспортты шектеу жөніндегі шаралар қолданылады. Бұл лицензиялауды, квоталауды немесе тыйым салуларды, экспортты ерікті түрде шектеуді енгізу жолымен экспортталатын тауардың санын шектеуге арналған шаралар. Мәселен, жылыту маусымында және ауыл шаруашылығы жұмыстары кезеңінде мазутпен және дизель отынымен қамтамасыз етудің дағдарысты жағдайына байланысты 1999-2001 жылдардың ішінде бірнеше рет Қазақстан Республикасының аумағынан мазут пен дизель отынының экспортына уақытша тыйым салу енгізілді.
Мемлекет экспорттық жүктерді тасымалдау үшін көлік дәліздерін салуды және олардың қуаттылықтарын арттыруды қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізуде.
Экспорттық бақылауды күшейту жөнінде жұмыс жүргізілуде. Халықаралық міндеттемелерді сақтау мақсатында тиісті заңнама қабылданды, екі ұдай мақсаттағы тауарлар мен технологиялардың тізбесі кеңейтілді.
2001 жылы оған экспорттық операцияларды несиелендіру функциялары жүктелген Қазақстанның Даму Банкі құрылды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігімен бірлесіп, оның мақсаты - тауарлар экспортынан түсетін түсімнің шетелдік валютамен және теңгемен толық әрі уақытша түсуі, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тауарлар импорты мақсатына қаражатты шетелдік валютамен және теңгемен пайдаланудың заңдылығы мен негізділігін қамтамасыз ету болып табылатын экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыруда.
Барлық осы шаралар мен жұмыстар, дәстүрлі қазақстандық экспорттық тауарларды неғұрлым жылжытуға бағытталған. Экспортты елдің экономикасын дамытудың негізгі факторларының бірі ретінде ұлғайту, қалыптасқан жағдайда өндеуші өнеркәсіпке зиян келтіріп, ұлттық экономиканың құрылымында шикізат кешенінің одан әрі дамуына және күшеюіне әкеледі. Осыған байланысты қазақстандық экспорттың номенклатурасын кеңейту және өңделу дәрежесі жоғары өнімнің есебінен оның құндық көлемін ұлғайту жөнінде тиімді шаралар қажет.
Мемлекеттік реттеудің нысандары мен әдістерін (көбінесе, жанама нысандары арқылы) таңдау елдің экономикасының қазіргі жағдайдағы экспортқа бағдарлануын дамытуға мемлекеттің ықпал ету мүмкіндігін айқындайды. Сонымен бір мезгілде, осы шараларды қолданудың негізгі бағыттарын белгілеу үшін қазақстандық экспортты тежеуге ықпал ететін факторларды анықтау қажет. Оларға:
отандық өнеркәсіп, ең алдымен өңдеуші өнеркәсіп өнімінің бәсекелесу қабілетінің төмендігі;
өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының көпшілігінде перспективалы экспортқа бағдарланған жобалар мен зерттеулерді инвестициялау үшін ішкі ресурстардың болмауы;
тұтынушылық және экологиялық сипаттамаларға, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің рыноктарында сатылатын өнімдердің қауіпсіздігіне қойылатын талаптардың едәуір күшеюі жағдайында экспорттық өнімнің сапасын сертификаттаудың және бақылаудың отандық жүйелерінің жеткіліксіз дамуы;
қазақстандық экспортты қамтамасыз ететін көлік инфрақұрылымының жетілмегендігі;
отандық кәсіпорындар менеджерлерінің көпшілігінде экспорт саласындағы арнайы білім мен жұмыс істеу тәжірибесінің жеткіліксіздігі, олардың сыртқы рыноктардағы іс-әрекеттерінің үйлестірілмеуі;
кеңестік дәуірден кейінгі кеңістікте дәстүрлі өндірістік байланыстардың үзілуі;
шет елде қазақстандық экспортаушыларды кемсітушілік элементтерінің сақталуы жатады.
Осыған байланысты, басты міндет - оның тиімділігін арттыру мақсатында жанама реттеу шараларын қоланудың негізгі бағыттарын әзірлеу болып табылады. Экспорттық операцияларды несиелендіру мен сақтандыруды кеңейту, әлемдік саудадағы өзгермелі жағдайларға сәйкес жаңа рыноктарға жылжуда ақпараттық қолдау мен жәрдемдесудің мемлекеттік саясаты арқылы басты міндетті шешу көзделеді.
Өнеркәсіп саясатын, агроөнеркәсіп кешенін, көлікті және ел экономикасының басқа да секторлардың дамыту стратегиясын жүзеге асырудың нәтижесінде экспорттық құрылымын әртараптандыру қосылған құнының дәрежесі жоғары өнімнің үлесін ұлғайтуға, тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортының номенклатурасын кеңейтуге әкелуі тиіс.
Бұл ретте, экспорттық тұрақты өсуіне жәрдемдесу мына бағыттардағы шараларды әзірлеу мен іске асырудың есебінен жүзеге асырылатын болады;
Қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қазіргі рыноктарға тұрақты қатысуына және жаңа рыноктарды ашуына қол жеткізу;
Дәстүрлі қазақстандық экспорттық тауарларды жеткізуді ұлғайту;
Дәстүрлі емес, жаңа тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту.
Экспорттың өткізу рыноктарын кеңейтуге саяси және экономикалық шаралармен, дипломатиялық рәсімдермен және сыртқы рыноктарда қолдаудың нысандарымен қол жеткізілетін болады:
Сауда жөніндегі екі жақты және көп жақты келісімдер жасасу;
Қазақстандық тауарлардың жолындағы орын алып отырған кемсітушілік кедергілерін алып тастау;
Сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарларға сөзсіз негізде неғұрлым қолайлы жағдай режимін ұсынуға қол жеткізу;
Қазақстандық экспорттық тауарларды дамыған елдер преференцияларының бас жүйесіне енгізу, ол преференциялар мен техникалық көмек беру тетігін дәстүрлі емес тауарларды жылжыту және шет елдердің рыноктарына Қазақстанның қатысуын орнықтыру үшін пайдалануға мүмкіндік береді;
Экспортты дамыту үшін перспективалы елдерде Қазақстан елшіліктерінің қызметін жандандыру;
Экспорт бойынша шығындарды азайту мақсатында өнімдерді тасымалдау кезінде икемді тарифтік саясат жүргізу.
Тұтас алғанда, саудадағы әріптес елдерді таңдауда икемді саясат қажет: өткізу рыноктарын әртараптандыру, Еуропа мен Азия елдерінің жақын рыноктарын толығырақ пайдалану, үшінші елдер арқылы транзитті барынша азайта отырып, аймақтық одақтармен өзара іс-қимылды күшейту.
2.2. Төлеушілер, кедендік алымдарды төлеу мерзімдері мен тәртібі
Декларант немесе осы Кодекске және (немесе) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендік алымдарды төлеу бойынша міндеттер жүктелген өзге де тұлғалар кедендік алымдарды төлеушілер болып табылады. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алым кедендік декларацияны бергенге дейін немесе сонымен бір мезгілде төленеді.
Кедендік алып жүру үшін кедендік алым кеден органы кедендік алып жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді ұйымдастыру басталған күннен кешіктірілмей төленеді.
Кеден органы алдын ала шешім қабылдағаны үшін ақыны төлеуші көрсетілген шешім өзіне берілгенге дейін енгізеді.
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер берілген кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және иелік ету бойынша шектеулерді бұзған күні оларды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулер бұзылған күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу кезінде тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі кедендік шекара арқылы тауарларды өткізген күн болып есептеледі. Егер заңсыз өткізілген күнді анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларацияның тіркелген күні кедендік декларациялау үшін кедендік алымдарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
Төлеушінің кедендік төлемді кедендік алым бойынша алда болатын міндеттемелер есебіне аванспен енгізуге құқығы бар.
Кедендік транзит кедендік рәсімімен шығарылған тауарларды қоспағанда, кедендік алымдар тауарлар шығарылатын кеден органында немесе аумағында кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды заңсыз өткізу фактісі анықталған аумақта төленеді (өндіріліп алынады).
Кедендiк алымдарды бюджетке аудару осы Кодекске сәйкес айқындалған кедендік баждарды, салықтарды және өсімпұлдарды аудару үшін көзделген қағидалар бойынша жүзеге асырылады.
Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу тәртібі
Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда берешек қалыптасады. Кеден органдары берешекті заңда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.
Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.
3. Кеден органдары берешекті өндіріп алу үшін мынадай:
1) төлеушіге хабарлау;
2) Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті кедендік баждар мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомалары есебінен өндіріп алу;
3) берешекті өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:
берешек сомасына өсімпұл есептеу;
төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;
4) мынадай тәртіппен:
төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;
төлеуші дебиторларының шоттарынан;
төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.
Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеуді қоспағанда, бірінен кейін бірі қолданылады.
Жеке кәсіпкерден және заңды тұлғадан берешекті және өсімпұлды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан берешек пен өсімпұл өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

Преференцияның жалпы жүйесі - даму және сауда жөніндегі БҰҰ конференциясында қабылданған дамушы елдерден шығатын тауарлар туралы жеңілдетілген кеден режимі.
Кедендік төлем бойынша жеңілдіктер ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты кедендік төлемдердің босату түріндегі жеңілдіктер, сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсіндіріледі. Кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер Кеден кодексінің 330 және 331 баптарында көзделген жағдайларды қоспаларда, дербес сипатта бола алмайды. ҚР басқа нормативтік құқықтық актілерінен кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер беруге тиым салынған. ҚР кедендік төлемдер салудан босату кедендік кодексте жазылып көрсетілген. Кедендік баждарды салудан: жүктерді, багажбен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлік құралдары, сондай-ақ жол жүру кезінде, аралық аялдама бекеттерінде оларды пайдалануға қажетті немесе осы көлік құралдары апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшін шетелден сатып алынған материалдық техникалық жабдықтау заттары, керек жарақтар, отын, азық-түлік және де басқа мүліктер босатылады. Ұлттық және шетел валютасы сондай-ақ олардың ҚР заңдарына сәйкес бағалы қағаздар кедендік баждарды салудан босатылады. Ізгілік көмек ретінде ҚР кедендік аумағына әкелінетін немесе ҚР кедендік аумағынан әкетілетін, акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар кедендік баждардан босатылады.
ҚР Инвистициялар туралы заңдарына сәйкес тауарлардан кедендік баж салудан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz