Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Сартаев Султан



Алматы 2017ж

МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстанның экономикалық жүйесіне түрлі нысандағы меншік тән екендігін бекітеді - жеке, мемлекеттік. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк бiрдей қорғалады. Мемлекеттiк меншiк екі түрге бөлінеді:
республикалық және коммуналдық меншiк.
Республикалық меншiк мемлекеттік қазынадан және заң құжаттарына сәйкес
мемлекеттiк республикалық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қазынасын келесілер құрайды:
республикалық бюджеттiң қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсiмдiк және жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де мемлекеттiк мүлiк. Жер заң актiлерiнде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.
Коммуналдық меншiк жергiлiктi қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мүлiктен тұрады.
Жергiлiктi қазынаны жергiлiктi бюджет қаражаты және мемлекеттiк заңды
тұлғаларға бекiтiлiп берiлмеген өзге де коммуналдық мүлiк құрайды.
Коммуналдық меншік жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) меншік болып бөлінеді.
Жеке меншiкті:
1. ҚР азаматтарының, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың меншігі;
2. мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi құрайды.
Конституция адамдардың меншік иесі болу құқығын таниды. Меншiк құқығы - бұл субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде
қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың,
сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен
қамтамасыз етiлуi.
Меншiк иесiнiң өз өкiлеттiгiн жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттiң
құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға тиiс. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де меншігінен - өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн.
Конституцияға сәйкес әркiмнiң кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне, өз мүлкiн кез келген заңды кәсiпкерлiк қызмет үшiн еркiн пайдалануға құқығы бар.
Кәсiпкерлiк - бұл меншiк түрлерiне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншiкке (жеке кәсiпкерлiк) не мемлекеттiк кәсiпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттiк кәсiпкерлiк) негiзделген ынталы қызметi. Кәсiпкерлiк қызмет кәсiпкердiң атынан, оның тәуекел етуiмен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылады. Қазақстанда кәсіпкерлердің кәсіпкерлік еркіндігі бекітілгендіктен оны пайдаланып қиянат жасауға жол берілмейтіндігі де реттелген. Кәсіпкерлік еркіндігін пайдаланып қиянат жасау формасы ретінде заңды бәсекелестiктi шектеуге немесе жоюға, негiзсiз артықшылықтар алуға, тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне қысым жасауға бағытталған монополистiк және қандай болса да басқа қызмет түсініледі.
Ал, монополистік қызмет - бұл нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), үстем (монополиялық) жағдайды теріс пайдалануы, мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері;
Монополистiк қызмет заңмен реттеледi әрi шектеледi. Жосықсыз бәсекеге тыйым
салынады. Жосықсыз бәсеке ретінде заңды тұлғаның және (немесе) жеке адамның, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының бәсекенi жою немесе шектеу арқылы кәсiпкерлiк қызметте негiзсiз артықшылықтар алуға бағытталған кез келген iс-әрекетi (әрекетсiздiгi) анықталады.
Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi Республиканың келесідей
заңнамаларында толығырақ реттелген:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі 1994 ж. 27 желтоқсан;
2. Жеке кәсіпкерлік туралы ҚР заңы 31.01.2006 ж. (21.07.2007 өзгертулер мен
толықтырулармен)
3. Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы ҚР заңы 7 шілде 2006 ж.
(21.07.2007 өзгертулер мен толықтырулармен)
4. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк қызмет еркiндiгiне құқығын қорғау
туралы ҚР Президентiнiң1998 жылғы 27 сәуiрдегi Жарлығы (ҚР Президентінің 10.03.04 ж.
Жарлығымен енгізілген өзгерістерімен)

Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi
Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқықтың қәзіргі заманғы тұжырымдамасы дамыған социализм жағдайында болғандай, бүтін және біртұтас болып табылмайды. Бұрынғы КСРО-ның ыдырауы және тәуелсіз және егеменді мемлекеттердің құрылуы қоғамдық және экономикалық өмірдетүбегейлі өзгерістер тууына жеткізді, сол себепті жабық тұрпатты экономикадан нарықтық экономикаға көшу және құқықтық мемлекет орнатуға бағыттылған демократиялық түрлену орын алды. Кәсіпкерлік құқық - құқықтың әртүрлі салалары нормаларын біріктіретін жан - жақты саласы. Құқықтың жан-жақты саласы - бұл, жекелеген ғалымдардың пайымдауынша, жартылай сала емес, бұл - құқықтың негізгі (белгілі бір қалыпқа келтіретін) саласынан ерекшеленетін сала, алайда құқықтық институттан және құқықтың қосымша саласынан айтарлықтай дәрежеде өзгеше. Құқықтың жан-жақты саласы, бәрінен бұрын, өзіне тән салалық әдісі жоқ, бірақ арнайы, дегенмен көрнекті заңдық режим алатын құқықтық реттеудің біртұтас тақырыбы болып табылады.
Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқыққа қатысты оның мәні және құқықтық табиғатын түсіну үшін, негізгі үш көзқарасты бөліп айтуға болады:
o Бірінші - кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық құқықтың дербес саласы болып табылады. Дегенмен, әрине, оның жақтастыры кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық тақырыбының мазмұны мен әдістерінің айтарлықтай өзгергенін түсінеді.
o Екінші - кәсіпкерлік (шаруашылық) заңының белгілі тұтастығын тануға негізделген. Осыған байланысты Ю. Г. Басин кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық азаматтық құқықтың қосымша саласы, ал кәсіпкерлік (шаруашылық) заң заңның кешенді саласы ретінде әрекет етеді дегенді айтады.
o Үшінші - бұл жеке - құқықтық және әртүрлі салаларға жататын (азаматтық құқық, әкімшілік құқық, халықаралық құқық, қаржы құқығы және т.б.) көпшілік-құқықтық нормаларды біріктіретін құқықтың кешенді саласы дегенді мақұлдайды.
М.К. Сүлейменов кәсіпкерлік құқықты екіжақты түсіну керек деген пікір айтады: тар мағынасында кәсіпкерлік құқық - азаматтық құқықтың бір бөлігі; сол бір мезгілде кәсіпкерлік құқықты кең мағынасында құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы, кеден, еңбек және басқалары) нормаларын біріктіретін жан-жақты білім деп түсінуге болады.
Батыстық құқықтануда құқық жүйесіндегі кәсіпкерлік құқықтың алатын орны туралы мәселені шешудің екі негізгі бағыты қалыптасқан.
Бірінші бағытқа сәйкес (А. Жакомэн, Г. Шранц), шаруашылық құқығы құқық саласы немесе заң саласы емес, себебі ол экономикалық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын әзірлейтін немесе қолданатын жаңа тәсіл болып табылады.
Шаруашылық құқығының екінші бағыты оны құқықтың дербес саласы деп танудан көрінеді. Сонымен бірге бұл тұжырымның аясында ғылымдардың пікірлері бөлінді де, шаруашылық құқығын тар және кең фймағыналарында түсінуді жақтайтындар пайда болды.
Тар түсінікті жақтаушылар шаруашылық құқыққа қатынастарды экономиканың мемлекеттік реттелуі бойынша реттейтін нормаларды енгізеді (оның ішінде ұлттандыруды, баға белгілеуді реттеу, салықтық, кедендік және валюталық реттеу және т.с.с.). Демек, шаруашылық құқығы жария (көпшілік) құқық салаларына жатады. Мұндай көзқарас континенталдық құқық елдерінің бірқатар елдеріне (Германия және Нидерланды) басым болып отыр.
Шаруашылық құқығының кең түсінігі жан-жақты, яғни кәсіпкерлік құқықтың көпшілік-құқықтық және жеке-құқықтық табиғатын тануға саяды.
Сонымен, мынандай қорытынды жасауға болады: шетелдік заң әдебиетіне шаруашылық құқығын кең мағынасында түсінуді жақтайтындар оған шаруашылық қызметін іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды реттейтін құқықтың әртүрлі салалары (азаматтық, әкімшілік, қаржы еңбеқ, халықаралық, қылмыстық және т.б.) нормаларды сыйғызады.
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы Екісекторлық құқық теориясын шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік - шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ көпшілік өркениет - ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.
ХХ ғ - ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды көздейді.
ХХ ғ - ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір - сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды. Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.
Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және азаматтық.
Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан мұндай қатынас тігінен тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік қатынасты реттейді, сондықтан оларды көлденен тұрғызады. Осы салалардың әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.
Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз : Біріншісі - кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған. Сонымен қатар, заңды тұлға болып тіркелу өз меншігінде РФ 23,51 бабында жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға болу, мемлекеттік тіркеуден өтеді.
Екінші топқа - кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады. Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты - тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар - ақша қатынасымен реттеледі.
Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік - құқықтық әдісімен реттейді. Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісім-шарт арқылы жасалады. Бүгінгі таңда құқық ғалымдарын таныстыру, кәсіпкерлік саланы реттеуде екі негізгі тұжырымдаманы қарастырады.
Манистикалық тұжырымдаманы ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов, И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтев-ң көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік және шаруашылық құқық- өз бетінше құқықтық саланың бірыңғайлық пәні деген.Осы салалар өз күшіне мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын бір- бірімен тығыз байланыстырады.Заманға сай жағдайларда мемлекет пен нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін емес.Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің Дуалистік тұжырымдамасын шығарды. Дуализм сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу. Есептеу кезінде қолданбалы мақсаттарды белгілеу әрқашан рұқсат.
ХХ ғ басында атақты орыс өркениетшісі Р.Ф. Шерменевич "тауар құқығы" пәнінен сабақ бергенде, оны өзіндік сала құқығы деп санады, ол тауар құқығына мынандай жауап берді: ол жеке құқықтың нормасы,яғни коммерциялық айналымды реттеу, бірлікті кәсіпкерлердің қарым-қатынасын реттеу деп таңыды. Осыған байланысты ол көпшілік және жеке тауар құқығын бөліп қарастырды.
Көпшілік тауарлық құқық - ол мемлекеттік және тұлғалар арасындағы тауарлық қатынасты реттейді. Жеке кәсіпкерлердің, банктердің, қозғалыстардың құқықтық жағдайларын анықтайды.
Жеке тауарлық құқық - тауар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді. Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып анықталады. Егер біз шетел ғалымдарына құлақ салсақ, кәсіпкерлік құқыққа қызығушылық таңытатын кәсіптік экономикалық жатады. Бұндай кәсіпкерлік құқықтың кең мағынасы басқа құқықөтық саланың пәнін шектей қоймайды. Сондықтан кәсіпкерлік құқыққа басқада дәстүрлі салаларды да жатқызуға болады; олар : экологиялық, жергілікті және еңбек құқығы. Оларға санитарлық - эпидемиялық зерттеулер керек етілмейді. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып, қолданбалы мінез танылады, оны білім алу мақсатында пайдаланады. Олар бөлек бөлімшелерден тұрады. Олар : қаржылық құқық, бәсекелік құқық және т.б.
Кәсіпкерлік құқық кең мағынада әр түрлі құқықтық нормаларды қосады, ол бизнеспен тығыз байланысты. Бизнес, ол өз ішінде бір сала болып табылады. Ол бір компаниядан екінші компанияға әр сала түрін қарастырады.Оған көрсітілген қызмет қаржылық қорытынды шығару.
Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми - методологиялық жүйелер қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда РФ - ғы кәсіпкерлік құқық бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді.
Нарықтық шаруашылық жүйесі.
Осы жүйені объективті түрде реттеу.
Кәсіпкерлік құқық ғылымын кіріспенің методологиялық және ғылыми - теориялық жүйесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз.
Құқықтық кодекс - бұл құқықтық салаларды реттеу, мысалы, совет одағындағы көптеген саюз республикалары әкімшілік кодексін иеленді.
Ресейлік құқық жүйесі - әр саланың бөлінуін білдіретін құрылым. Кәсіпкерлік құқық кәсіпкерлік саланың заңдарын қарастырады. Бұл заңдар біздің елде әртүрлі сұрақтарды қарастырады. Ол сұрақтар мәдениетпен, ғылыммен, экономикамен, кәсіптік саламен тығыз байланысты. Құқықтық сала, өзінің анық пәнімен реттеледі. Заңдық білім алу жүйесінде мынандай тәртіптер қарастырылады. Мысалы, қылмыстық іс қозғалысы, заңдық психология.Осыларды зерттеу үшін әр түрлі құқықтық салаларды қарастырады.Мысалы, көптеген ВУЗ - да осындай тәртіптерді көлік құқығы сақтандыру құқығы секілді ұғымдар мен байланыстырады.
Әдет - ескі заманнан келе жатқан құқықтың бір түрі. Әдетпен істің айналымын жүргізу кең мағынада кәсіптік саланың құқығын қолдануын көздейді. Осы әдеттерді қолдану арқылы нормативтік актілер жүргізіміз.
Қазіргі уақытта істі жүргізу кезінде әдетті қолдану соттың рұқсатымен жүзеге асырылады.
Соттың шешімімен осы пікір - сайысты қарастыру үшін көптеген себебтер бар:
Жоғарғы сот оргындарының қойған ұстанымдары.
Анық көрсетілмеген мінез - қылықтары;
Қандай да бір болған оқиғаларды сот шешімдерінің ұстанған актілерімен жүзеге асыру.
Кәсіпкерлік ұғымы 1-ші рет ғылыми айналымға ағылшын Ричард Каньтелон енгізді(1680-1734 ).Ғалым кәсіпкерлікті ерекше экономикалық функция ретінде қарастырды.Француз эко-ті Жан-Батисг Сейн(1767-1832) айтуынша кәсіпкерлер пайда табу мақсатында өзіндік есебімен риск үшін қызмет атқарды деп түсіндірді.Бұның негізінде әрбір кәсіпкер өз білімі мен тәжіребиесіне жүгінуі тиіс болды.
2.2. Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері.
Кез келген азамат, тіптен кәмелетке толмаған, тіптен әрекет қабілеттілігі жоқ адам меншік құқығы субъектісі бола алады. Ұлттық құқықтық режим, заңнамада көзделген шектеулермен, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға тарайды. Бұл ортақ принцип. Бірақ, меншіктің пайда болу көзі өзінің кәсіпкерлік қызметі болған жағдайларда бірқатар қосымша талаптар туындайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу
Шағын кәсіпкерлік қызметінің қазіргі замандағы құқықтық жағдайын бағалау
ҚР шетел азаматтарының меншік құқығы
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік қызметті мелекетік-құқықтық реттеу проблемалары
Кәсіпкерлік қызмет ұғымы және белгілері
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
ҚР-дағы кәсіпкерліктің шаруашылық жүргізу құқығы
Кәсіпкерлік құқық негіздері туралы
Пәндер