Конституция теориясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Конституция теориясы

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Сартаев Султан

Алматы 2017ж

МАЗҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Конститутцияның мазмұны мен мәні;
2.2. Шет елдердің Конституциялары;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Конституция 30 тамызда 1995 жылы Қазақ елінің тарихында тұңғыш рет референдумда қабылданып, Мемлекеттік мереке күні ретінде жарияланды. Ал, 1926 жылы Қазақстанның бірінші Конституциясы ҚазССР Орталық атқарушы комитетінің қаулысының нақты редакциясымен жəне 1925 жылғы РСФСР Конституциясының есебімен қабылданды.Аталмыш негізгі заң басқару формасын, мемлекет құрылымын, саяси тəртіпті, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы басқаратын органдардың құрылымын бекітті. Бюджет, сайлау құқықтарының белсенді негіздері анықталды. Аталмыш Конституцияға сəйкес Қазақстан РСФСР құрамында тең құқықты республика болды. 1937 жылғы 26 наурызда X - шыбүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Конституция 11 бөлім жəне 125 баптан құралды. Онда былай деп жазылған.
- Қазақ ССР - і өзінің тəуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады. Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құқықты республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жəрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), Қаз ССР - дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16бап), жоғары республикалық жəнежергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканыенгізу мəселелері, заңнаманы орындауды бақылау, мемлекеттік жəне қоғамдық тəртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру жəне т.б. (19 бап) қамтылған.
Сондай - ақ, сот жəне прокуратура жүйесі орнатылды. Халықтық соттөрешілері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкілхалықтық, тікелей жəне тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83 - 90 бап-тар). 1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кəрілікте, еңбекке жарамсыздық жəне ауруға шалдығу жағдайында материалдық қамсыздандыру (98 бап) денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері жəне демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына
баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың хат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы. 1978 жылғы 20 ақпанда Жоғары Кеңес шақырған кезектен тыс VII сессияда қабылданған Конституция преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған сəйкес барлық билік халыққа тиесілі, онда халық жұмысшылар, крестьяндар жəне еңбек интелегенцияларының кластары бөлінген. Билік жəне басқару органдарының үстінен Коммунистік партиясы қойылды (6 бап). Республиканың экономикалық жүйесінің негізі ретінде мемлекеттік, кооперативтік - колхоз, кəсіподақ жəне басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі жарияланды. 1990 жылдардың басында Қазақ ССР - інде, содан кейін Қазақстанда бірнеше заң қабылданды, онда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізілді.1990 жылғы Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру туралы заңға сəйкес Конституцияға Президенттің атқарушы жəне орындаушы биліктің басшысы екені туралы өзгеріс енгізілді, Министрлер кеңесі Министрлер кабинеті болып қайта құрылды. Басқа да заңдардың арасында 1991 жылғы
15 ақпандағы Жергілікті өзін - өзі басқару жəне Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы Заң , 1991 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгеру туралы Заңы, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы конституциялық заңы жəне тағы басқалар бар. Алғашқы Конституция Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында пре амбуладан, 4 бөлім, 21 тарау, 131 баппен қабылданып, халық тəуелсіздігі, мемлекет тəуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекеттің басшысы ретінде мойындау, сот органдары Жоғары, Конституциялық жəне Жоғары Арбитраждық соттар жəне басқа нормаларды қамтыды. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады. ҚР - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет 2бап. Президенттік институт екі палаталық Парламентпен, Мемлекетпен жəне Конституциялық кеңеспен іске асырылады. Конституция қоғамда туындайтын талаптарғасай жəне болашаққа бағдарланған Ата Заңымыз!

0.1. Конститутцияның мазмұны мен мәні;
Қазіргі кездегі көптеген мемлекеттердің Конституциясы сол елдердін негізгі саяси-құқықтық құжаты әрі нормативтік құқықтық ережелерінің өзара қабысқан жиынтығы саналып, ең жоғары заң күшіне ие болады. Сондай-ақ, бұл заңдар қоғамдық қарым-қатынастарды, саяси жүйелер мен саяси режимдерді негізге ала отырып, мемлекеттік және өзін-өзі басқару оргаіщарьш институттандыру принциптерін көздейді.Сайып келгенде, Конституция анықтамасы былайша тұжырымдалады. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы, ол басымдық ететін қогамдық күштердің еркін білдіре отырып, сол елдіцң қоғамдық және мемлекеттік құрылысын, құрылымын, сонымен қатар әр түрлі қоғамдық органдардың қызметін көрсетеді.Мемлекеттік құқықтық әдебиеттерді зерттеу барысында мына елдердің: АҚШ (1787 ж.), Франция (1791 ж.) негізгі заңдары- мемлекеттік конституциялары алғаш қабылданғандар қатарына, ал кейінгі қабылданғандарына: Норвегия (1814 ж.), Бельгия (1831 ж.), Аргентина (1853 ж.), Люксембург (1868 ж.), Швейца - рия (1874 ж.) едцерінің конституциялары жатады. Екінші дүние жүзілік соғыс алдында қабылданып, қазірге дейін күшін сақтаған конституцияларды атасақ, олар: Австралия, Мексика, Ли - ван, Ирландия, т.б. елдерге тән. Ал енді, Азия, Африка, Латын Америкасы елдеріне келсек, олардың басым көпшілігі дүние-жүзілік колониальдық жүйенің күйреуінен кейін қабылданған конституциялар.
Мемлекеттану ғылымы ұғымында конституция екі негізгі мағынада қаралады:
Әуелгісі- заңдық конституция (мемлекеттің негізгі заңы ретінде бекітілген тәртіппен түзіліп, қабылданады) - сол елдің мемлекеттік сипатын, саяси жүйесін, мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының ұйымдасуы негізі мен қызметін анықтай Вестник Межпарламентской Ассамблеи, 1994, №1,40-бет.отырып, адамдар мен азаматтардың құқықтық жаиларын тәртіптеп береді. Былайша айтқанда, зандық конституция белгілі бір мемлекеттегі қоғамдық карым-қатынас жүйелерін қағидалап тұжырымдайды.Әлбетте, зандық конституция процесі түзілген кездегі тәжірибеде барлық құқыктық тетіктер жинақталып, дәл саралана алмауы мүмкін. Мұндай жағдайдың өзінде де коғамдық қатынас-тарды басқаратын құқықтық тетік мемлекеттану ғылымында нақтыланып конституция деп санала береді. Бірақ, күнделікті ағымдағы қажетті өзгертулер зандық конституцияға енгізіліп отыруы тиіс.
Конституция уақытша және тұрақты болады. Уақытша конституция әдетте белгілі бір мерзімге қабыдданады, Мысалы, Таиланд Конституциясы 1959 жылы тұрақты конституцияны кабылдағанға дейін күшінде бодды. Көп едцердің конституция - сы тұрақты конституция болып табылады. Алайда, бұл тұрақтылық ол конституцияға өзгертулер, толықтырулар енгізуге, тіпті кайта қарауға бөгет бола алмайды.
Конституциялар демократиялық және авторитарлық деп те бөлінеді. Демократиялық конституциялар еліндегі азаматтардың әр түрлі бірлестіктеріне еркіндік пен кең кұқықтар беруімен кезге түседі. Ал, авторитарлық конституциялар негізінен азаматтардың саяси құқығы мен еркіндігін шектеп, тіпті тыйым да салуымен ерекшеленеді.Әрбір конституция өзіндік ерекшеліктерге ие. Дегенмен, көптеген конституциялар кейбір жалпы сипаттарға ие болады:
а) конституция халықтық өкімет принциптерін жариялайды. Мысалы, Бельгияның 1831 жылғы Конституциясының 25-бабын-да: "Барлық билік халықтан келіп шығады." делінсе, Италия Республикасының Конституциясының 1-бабында: "Италия -демократиялық республика... Тәуелсіздік тек халыққа тиісті"- дейді. Ал, Испания Конституциясының 1-бабында бұл елдегі ұлттық азаттық тек халыққа тиесілі екені айтылады. Өзбекстан Республикасы Конституциясының (1992 ж.) 7-бабында: "Мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық болып табылады", - деп жазылған. Тунис Республикасының Конституциясының (1959 ж.) 3-бабыңда: "Тәуелсіздік құқық тек тунис халқына тән әрі оны Конституцияға сай жүзеге асырады"- деп жазылған.
б) Конституция адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайларын реттейді. Мысалы, Бразилия Конституциясында арнайы бөлім бар. Ол "Құқық Декларациясы" деп аталады. Венесуэланың Конституциясында (1953 ж.) "Жеке және коғамдық құқықтар мен міндеттер" деген бөлім болса, ал Өзбекстан Конституциясында: "Адамдар мен азаматтардың негізгі құқықтары, еркіндігі және міндеттері" атты тарау бар.
в)Конституция билікті бөлу принциптерін бекітіп береді. Мұндай кағидалар, мысалы, АҚШ, Ресей, Жапония, Эстония, Дания және т.б. елдердің конституцияларында бар.
г)Конституция басқару түрлерін орнықтырады (республика немесе монархия). Мысалы, Боливияның саяси конституциясында (1967 ж.): "Боливия унитарлық республика болып табылады" деп көрсетілсе, Испания конституциясы (1978 ж.): "Испан мемлекетінің саяси нысаны - парламенттік монархия болып саналады" - деп жазылған. Ресей, АҚШ, Израиль, Беларусь, Украи - на, Өзбекстан, т.б. мемлекеттер республика деп жарияланған.
д) Конституция мемлекеттік құрылым түрлерін (унитарлық немесе федерациялық) орнықтырады. Мысалы, ФРГ, АҚШ, Индия, Мексика федерациялық мемлекеттер болып жарияланған.
е) Конституция сайлау жүйесін бекітеді.
Сонымен көп мәселелерді, әртүрлілігіне қарамастан, консти - туция лар реттейтіні анықталды.
Конституция - сол елдегі қоғамдық қарым-қатынастарды құқықтықтұрғыдан реттеуші жүйелерді аныктайтын мемлекеттік негізгі заң болып есептеледі. Ал, қалған зандар мен заң күшіндегі актілер, әдетте, конституциялық институттар арқылы белгіленген конституциялық реттер бойынша қабылданады. Конституцияның жоғары заң күшіне ие болу сипаты оның қалған барлық нормативтік құқықтық актілердің конституция нормаларына дәл де сәйкес болуын талап етуімен айқындалады. Әрине, конституцияның үстіден караушылық қуатын ондағы нормалардың өздері камтамасыз етеді. Сөйтіп, Ресей Федерациясының Конституциясы (4-бап) Ресей Федерациясының барлық территориясында үстіден қараушылық қабілетіне ие. Жапония Конституциясының 98-бабында Конституция елдің үстінен қарайтын заң күшіне ие екендігі, қалған заңдар мен жарлықтар, рескриптер немесе тағы да басқа мемлекеттік актілер, егер олар конституция ережелерінің бөлімдеріне не тарамдарына қайшылықты келсе, онда ешқандай заң күшіне ие болмайтыны айтылған.Біз Конституцияны төмендегіше жіктейміз: қабылданган негізгі заңның мәтіндерін зангерлердің дайындау тәсіліне қарай; конституцияны өзгерту (қайта қарау) реті бойынша.
Қабылданған негізгі заңның мәтіндерін заңгерлердің дайындау тәсілі бойынша
Конституция екі топқа бөлінеді:
1. Жазылған
2. Жазылмаған
Жазылған конституция бірыңғай құжат түрінде құрылады. Оған мысалы, Германияның Негізгі заңы, Испания Конститу - циясы, Мексиканың саяси Конституциясы, Ресей Федерациясының Конституциясы, Кырғызстан Республикасы Конститу - циясы кіреді. Жазылған конституция (ерекшелік сипаты) бірнеше мемлекеттік-құқықгық актілерден түрады (Канада, Израиль, Сауд Арабиясы, Швеция). Литва Республикасының 1992 жылғы Конституциясының 150-бабына сәйкес, бұл Конституция құрамына 1991 жылдың 11 ақпанындағы "Литва мемлекеті жайлы конституциялық заң" және 1992 жыддың 8 маусымындағы "Лит - ва Республикасының постсоветтік Шығыс одағына қосылмауы туралы" конституциялық акті кіреді.
Жазылмаған конституция тек Англия мен Жаңа Зеландияда ғана бар. Дегенмен, жазылмаған конституция нормалары нақты көптеген елдердің мемлекеттік-құқыктық актілерінде де кездеседі.
Өзгерту (қайта қарау) реті бойынша да конституцияларды екі топка: бейімді және қатаң деп бөлеміз.
Бейімді Конституция өзі қабылданған, өзгертілген, толықтырылған жай парламент зандары іспетті принциппен өзгертіле береді.
Қатаң Конституция болса негізгі заңның өзінде қарастырылған ерекше тәсілмен өзгертіледі.
Жазылған конституция: преамбула, негізгі бөлім, қорытынды, өтпелі, т.б. ережелерден (қосымшалардан) тұрады.
Преамбула, әдетте, конституцияны салтанатты жариялаудан, сондай-ақ кейбір нормативтік сипаттағы емес мәлімдеу ережелерінен тұрады. Кейбір елдердің (Бельгия, Италия, Латын Америкасының көптеген елдерінің) конституциялары преамбуласыз.Конституцияның негізгі мәтіні адамдар мен азаматтардың құқықтық жағдайлары жайлы нормаларының, мемлекеттің саяси жүйесі мен конституциялық негізгі институттарыньң, мемлекет түрі мен өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік саясат пен қоғамдық қатынастарды баскарудың маңызды жақтарын реттейтін нормалардан тұрады.Қорытынды және өтпелі ережелер нормалардың күшіне ену тәртібін немесе қабылданған конституцияны өзгерту реттерінің орнықтырылуы жайын, сондай-ақ әрекеттегі зандардың жаңартылу мерзімі мен басқа да көптеген жеке мәселелерді карастырады.Конституцияға қосымша негізінен басты мәтіндерде кеткен ақаулықтарды толықтырып не болмаса конституцияның басты мазмұнының (фабуласының, мысалы, Үндістан Конституциясына қосымша) қүқыктық жүгін нақтылайды.Жазылған Конституцияны қабылдаудың әлемде әр түрлі жол-жоралары бары бізге мәлім. Осылардың арасынан төмендегі жалпы мойындалған үш негізгі жол-жораларға тоқталайық:
1) Конституцияны өкілдік құру арқылы (құрылтай жиналысы немесе парламент) кабылдау.
Былайша айтқанда, АҚШ-тың қазіргі күші бар конституциясы конституциялық конвент арқылы қабылданған. Бұл органға құрылтай өкілеттігі берілмеген, конфедеративті одакқа бірлескен 13 тәуелсіз штаттың 12 штатынын өкілдігінен небәрі 55 де - легат қатысқан болатын. Олар өздеріне өздері құрылтайлық өкілдікті иеленген еді. 1787 жылы 13 қыркүйекте делегаттар қол қойған конституция жобасы штаттарға ратификация жасауға жіберіледі. Осы мақсатта штаттарда құрылтай жиналысы сайланды. Жобаны мақұлдауға 9 штат қажет болғанымен, оны 11 штат колдап, 1789 жылдың 4 наурызында АҚШ Конституциясы ресми күшіне енген болатын.1791 жылғы Француз Конституциясы 1789 жылғы 5 мамырда король тарапынан шақырылған бас штат құрамына енетін депутаттардын үшінші тобы (сословия) ұйымдастырған құрылтай жиналысында бекітілгенді. Құрылтай жиналысы мақұлданған конституция жобасы корольге санкциялау үшін жіберілді. Бірақ, бұл акті жанама сипатта болды. Өйткені, конституцияның рес - ми күшіне ену күні король Людовик XVI-ның конституцияға қол қойған 14-қыркүйек күні емес, 1791 жыддың 13-қыркүйегі, яғни, конституцияны құрылтай жиналысының мақұлдаған - оның қабылданған күні саналады.Сондай-ақ, құрылтай жиналысы тарапынан: Италия (1947 ж.), Индия (1974 ж.), Греция (1975 ж.), т.б. елдердің конституцияла - ры қабылданды. Сайлау корпусы тарапынан да конституция кабылданды. Мұндай жағдайда конституцияның қабылдануы, мысалы, 1958 жылы Францияда болды. Сайлау корпусы сол секілді Италияда (1947 ж.), Югославаияда (1945-1947 ж.), Болгария мен Румынияда (1990-1991 ж.) конституциялар қабылдады.Атқарушы өкімет басшысы актісімен (октроирование) конституция кабылдау. Конституция жобасы тек қана өкімет ап - параты тарапынан дайындалады. Кейін оны окімет басшысы бекітеді. Алғаш рет мұндай тәсіл Францияда, Король Людовик XVIII-нің тарапынан қабылданып, ол 1814 жылғы Хартияны бекіткен болатын. Мұндай тәсіл 1831 жылы Бельгияда, 1867 жылы Канадада, 1963 жылы Кувейтте және т.б. елдерде қолданылды.Бұл тәжірибені патшалық Ресей де колданған болатын. 1906 жылы 27 кекекте "Ресей империясының негізгі мемлекеттік заңдарының" мәтіні жарияланды. Шындығын айтсақ, бұл ең алғашқы жоғарыдан ендірілген орыс конституциясы еді. Бұл зандар Ресей империясының мемлекеттік құрылымын, мемлекеттік тілді, жоғарғы биліктің мәнін, заң шығарушылық тәртібін, орталық ұйымдар: Мемлекеттік Кеңес пен Мемлекеттік Дума принциптерінің, Министрлер кеңесі мен министрліктердің, Ресей азаматтарының құқығы мен міндеттерін, православие шіркеуі жағдайын күшейтті, мемлекет елтаңбасының сипаттамасы жазылып, сондай-ақ мемлекет өмірінің ең маңызды мәселелері сөз болды.
Кез келген конституцияның корытынды ережеде көрсетілген кезден немесе арнайы мемлекеттік-құқықтық актімен күшіне енетіні белгілі. Мысалы, Ресей Федерациясының Конституциясының Қорытынды және өтпелі ережелерінде көрсетілгендей осы елдің Конституциясы халықаралық дауыс беру нәтижесіне сай ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енді.Күшіне енген Конституция заң бойынша мемлекеттің барлық территориясында ыкпалды. Кейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресей Федерациясының Конституциясы орыс мемлекеттің негізгі заңы
Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
ҚР Конституциясы - мемлекеттің қалыптасуының және дамуының негізі
Конституциялық құқық қайнар көздері
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері
Мемлекет құқық негіздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы
Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық
Қазіргі таңдағы конституциялық құқықтың қайнар көздері
Пәндер