Шетелдердегі конституциялық құрылысы және оның негiздерi



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат

Тақырыбы: Шетелдердегі конституциялық құрылысы және оның негiздерi

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Сартаев Султан

Алматы 2017ж

МАЗҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шет елдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі;
2.2. Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі;
2.3. АҚШ Конституцисы;
2.4. Ұлыбританияның конституциялық құқығы негіздері
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Дүние жүзінде басқарудың екі нысаны бар. Олар: монархия және республика. Монархия -- елді мемлекеттік заңды басқаруды тек бір адамның жүзеге асыратынын, оның мемлекеттік жоғары лауазымды тек мұрагерлік тәртіппен иеленгендігін білдіреді.Монархия абсолютті және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолютті монархияға барлық мемлекеттік биліктің монарх қолына топтасуы тән. Қазіргі кезде абсолютті монархия, мысалы, Сауд Арабиясы корольдігінде (мемлекет басшысы және рухани көсем -- король), Оман сұлтандығында (мемлекет басшысы -- сұлтан), Ватиканда (Мемлекет -- Кала Ватиканда заң шығарушылық және сот билігі папа қолында болады. Оны кардиналдар коллегиясы өкілдікке сайлайды).Конституциялық монархия екі түрге бөлінеді: дуалистік және парламенттік.
Дуалистік монархияда екі саяси ұйым -- феодальдық монархия мен буржуазиялық парламенттін болуы тән. Монарх үкіметгі тағайындайды (парламент тек король алдында жауап береді). Парламенттің заң шығарушылық өкілеттігі монарх тарапынан шектелген, өйткені жоғарғы палатаны монархтың өзі тағайындайды, әрі ол тыйым салу құқығына да, парламентті тарату құқығына да және т.б. ие. Дуалистік монархия Иорданияда (Иордания Хашимиттер корольдігі, мемлекет басшысы -- король), Кувейтте (Кувейт мемлекеті, мемлекет басшысы -- әмір, ол билеуші Сабахтар әулеті мүшелерінен сайланады), Тайландта (Тайланд корольдігі, мемлекет басшысы -- король) және тағы басқа елдерде бар. Парламенттік монархияда монарх билігі заң шығарушылық процесінде болсын, мемлекет басқару ісін жүзеге асыруда болсын шектеулі болады. Өйткені, үкімет парламенттік жолмен құрылады әрі өзінің қызметі жөнінде тек парламент алдында жауап береді. Ал, парламент үкіметке сенімсіздік вотумын көрсеткенде үкімет отставкаға кетеді не болмаса парламент таратылады. Мұндай жағдайда үкімет кезектен тыс парламенттік сайлау өткізуді белгілейді. Парламентгік монархияның дуалистік монархиямен салыстырғанда басқа да өзіндік ерекшеліктері бар. Республика -- бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын негізінен халық болып табылатын басқару нысаны.Республикалық басқару негізінен екі түрге бөлінеді: президенттік және парламенттік.
Президенттік республиканың басты сипаты -- президент қолына мемлекет басшысы мен атқару билігінің басшысы өкілеттіктері шоғырланады (мысалы, Аргентина, Боливия, АҚШ, Өзбекстан).Президенттік республиканың алғашқы тарихи әрі үлгілі түрі АҚШ болып табылады. Бұл елде президенттік институт 1787 жылғы Конституция негізінде енгізілген. АҚШ-тың мемлекеттік билігі тыйым салу мен қарама-қайшшық принципі негізінде құрылған. Бұл тыйым салу мен қарама-қайшылық принципі АҚШ конституциясының жобасын жасаушы авторлардың бірі Дж. Мэдисонға тиесілі. Ешбір уақыт ықпалына түспеген бұл идея мемлекет басқару ісіндегі бірден-бір сәтті қадам болды. Заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері біріне-бірі тәуелсіз, бірақ әрі өзара байланысты болып, әрбірі жеке алғанда қалған екеуімен шектеліп отыратын еді. "Бірінің ниетіне екінші бірі қарсы тұратын ниетті құруымыз қажет", -- деп Мэдисон текке айтпаған. Міне, осы қанатты сөз әлі АҚШ саясаты мен саясаттануында альфа мен омега (яғни бас-аяғы) болып отыр. Мэдисон тыйым салу мен қарама-қайшылық жүйесіне мемлекет тарапынан қиянат етушілікті болдырмайтын тетік енгізе білді. Сөйтіп тәуелсіз халықты өкіметтен "ажыратып" әрі өкіметтің де төменнен жасалған қысымға қатты бағынышты болмауы жағын да қарастыратын реттерді ойластырды.Басқарудың аралас нысандары. Басқарудың мұндай нысанында парламенттік те және президенттік республиканың да белгілері болады. Осындай басқару нысанына ие Франция Республикасы. Бұл елдің Конституциясына сәйкес елдің жоғары лауазымды басшысы -- Президент. Францияда 1962 жылы Президентке тікелей сайлау енгізілген. Мемлекет басшысы тарапынан үкімет құрылады әрі ол тек президент алдында ғана жауап береді. Президент өкіметті басқаруды жүзеге асырады; Премьерминистр тек министрлер кеңесі қарайтын құжаттарды даярлауды қамтамасыз етеді.Сол секілді басқарудың басқа да аралас нысаңдары кездеседі. Мысалы, монархия және республика элементтерінің аралас түрі. Малайзля мемлекеті басшысы -- монарх 9 штаттан, сұлтандар арасынан 5 жылға (Малайзия федерациясында 13 штат бар, оның 9-ын мұрагерлік жолмен сұлтандар басқарады. Бұл елдегі монархтың ресми аталуы: Янг ди-Петруан Агонг) сайланады. Монарх Парламент алдында жауапты премьер-министр мен министрлерді тағайындайды. Парламент екі палатадан: өкілдік палатасы (177 депутат) және сенаттан (58 мүшеден) тұрады. Өкілдік палатасына депутаттар тұрғындар тарапынан, ал сенаторлардың 26-сы (әр штаттан 2 адамнан) сайлау жолымен сайланады, ал қалғандарын мемлекет басшысы тағайындайды. Монархтың парламентті таратуға, не өзі отставкаға кетуіне құқы бар.

2.1. Шет елдердегі мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі
Құқықтық жағдайы және тақты мұраға қалдыру тәртiбi. Монархтың абсолюттiк, екi жатық (дуалистiк) және парламентарлық монархиялардағы орны. Ұлыбритания және Жапониядағы монархтардың заңды және деректiк жағдайдағы жалпы арнайы қасиеттерi. Президент және оның құқықтық жағдайы: тiкелей сайлау (Франция, Мексика, Финляндия), жанама сайлау (ФРГ, Италия, Үндiстан), парламентпен сайлау (Греция, Израиль). Президенттiң өкiлеттiгiн мерзiмнен бұрын қысқарту (отставка, өз еркiмен кету), импичмент (сенiмсiздiк).
Мемлекет басшысы қызметiнiң құзыреттерiнiң негiздерi. Финляндия Аланд аралдарының автономиясы, Гренландия және Фарер аралдарындағы автономия. Конфедеративтiк мемлекеттер. Европаның кеңес шеңберiндегi мемлекет аралық интеграция. Ұлттық тәуелсiздiк және ортақ мәселенi шешуге деген ұмтылушылықтың келiсiмi.
Тәжiрибе жүзiнде әлемнiң барлық елдерде мемлекет басшысы институты жүзеге асырылады. Монархияда - монарх, Республикада - президент. Әр елде мемлекет басшысының жағдайы билiктi бөлу жүйесiне қарай әр түрлi:
атқарушы билiк басшысы;
билiк тармағын басқармайды, ерекше мәртебе - арбитр (билiк тармақтары арасында).
Бiр уақытта заң шығарушы, атқарушы, дiн басы болуы мүмкiн;
Мемлекет пен билiк рәмiзi, бiрақ шынайы өкiлеттiкке ие болмайды.
Абсолюттiк монархияда мемлекет басшысы және атқарушы билiк басшысы - монарх (король, сұлтан) болып табылады.
Монархтың тағын мұрагерлiкке қалдыру жүйелерi:
Салилiк - тақты тек ер адамдарға қалдыру (Жапония, Бельгия);
Дәстүрлi кастильдiк - монархтың ұлы болмаса тақтың оның қызына қалуы, яғни тақтың әйел адамға да қалуы (Ұлыбритания, Испания);
-австриялық (габсбургстiк) - әйелдер осы таққа бұл династияның ұрпақтарында ұл болмаса ғана ие болады (Ресейде Павл 1 бекiттi, 1917 жылға дейiн);
-шведтiк - егер осы династияның ұрпақтарында ер адам болмаса, әйелдер таққа ие бола алады;
мұсылмандық - нақты анықталмаған, тұлға, басқарып отырған жанұя - мiндеттi түрде ұлына ғана емес, бос тақты монархтың жақын туыстарының бiреуiне беруi (Кувейт, Катар);
-қазiргi кастильдiк - монархтың тұңғыш баласының ұл, қызына қарамастан тақ берiледi;
-рулық, король рудың басты қолбасшысы болып табылғанда оның мұрагерi ретiнде оның көптеген ұлдарының iшiнен бiреуiн рулық кеңес анықтайды.
Тақты мұрагерлiкке қалдыру Непал, Бутанда ерекшеленедi, тақ нақты династиямен анықталғанмен, король көзi тiрiсiнде өзiнiң мұрагерiн қалдырады, ол үлкен ұлы болмауы мүмкiн.
Ал, Малайзияда король ұрпақтық емес, сайланады. Ол Федерациялық монархиялық субъектiлердiң сұлтандарымен 5 жылдық мерзiмге тек солардың iшiнен сайланады.
Монарх мәртебесiнiң ерекшелiктерi:
-тақ құқығы;
-титулға құқығы. Титулға мемлекетте тек бiр ғана адам ие болады, оған монархтың есiмi, оның нөмiрi, арнайы атау қажет (Мысалы, Ұлы мәртебелi Испания королi Хуан Карлос II);
-хан билiгiнiң рәмiзi - корона, мөр және т.с.с.;
-сарайға және оны қамтамасыз ететiн қызметкерлерiне;
-цивильдiк парақ құқығы, мемлекетпен қаржыландыру;
-жауаптылықтың болмауы;
-церемониал құқығы (iс қимыл регламентi).
Абсолюттiк және дуалистiк монархияда монархтың мемлекеттi басқару өкiлеттiгi шынайы. Формальдiк өкiлдiк - конституциялық монархия, бiрақ кейбiр мемлекеттерде (мысалы, Ұлыбританияда шынайы өкiлеттiктерге ие болады, заңдарға абсолюттiк вето, премьер-министрдi тағайындау, парламенттi тарату). "Ұйғылы өкiлеттiк" себебi, ол көбiнесе запаста тұрады, ал негiзiнде қолданылмайды. Еуропа елдерiндегi "ең күштi" монархтар - Ұлыбритания және Испанияда, орташа - Голландияда, Бельгияда; әлсiз - скандинавия елдерiнде.
Сайланбалы - Польшада 17 ғасырда бос орынға король сейммен сайланған, қазiргi кезде Сауд Аравиясы, Кувейт. Федеративтiк монархия - Малайзия, жоғары монархты тоғыз сұлтанаттың сұлтандары сайлайды.
Президент 4 тәсiлмен сайланады:
Парламентпен;
Таңдаушылар алқасымен;
Ерекше форуммен;
Бүкiлхалықтық дауыс беру арқылы.
Парламентпен сайлануының артықшылықтары: президент парламент алдында жауапты; президенттi кәсiби мамандардың сайлауы; профессионал сайланады; керi байланыс; көптеген партиялардың көзқарасы; референдумға қарағанда шығын аз. Кемшiлiктерi: парламент депутаттарының мүддесi; ешкiмге белгiсiз адам сайлануы мүмкiн; парламентпен сайланған президент тарихи мәселелердi шеше алмайды.
Таңдаушылар алқасы:
таңдаушылар президенттi сайлау мақсатымен халықпен сайланады;
алқа президенттi сайлағаннан кейiн таратылады.
Арнайы форуммен сайлау:
таңдаушылар емес, мемлекеттiк органдардың өкiлдерiнiң ерекше форумы. Оған парламент депутаттары мен провинциялардың өкiлдерi (ГФР, Индия, Италия);
арнайы орган шақырылады - Федеральдық Жиылыс, оған Бундестаг депутаттары және ландтаг жерлерiнiң депутаттары енедi;
парламент депутаттары мен провинция өкiлдерiнiң саны;
Италияда парламенттiң барлық мүшелерi.
Бүкiлхалықтық референдум - 2 сатылы жүйе: бiлiктiлiк көпшiлiк (Азербайджан - 67 пайыз) немесе абсолюттiк көпшiлiк және салыстырмалы көпшiлiк. Артықшылықтары: бүкiлхалықтық мандат, бүкiлхалықтық мүдде, халыққа түсiнiктi. Кемшiлiктерi: авторитарлыјқ басқаруға айналуы мүмкiн, заңдарды жүйелi түрде бұзуы мүмкiн, бүкiлхалықтық сайлау - қымбат iс шара, президенттiкке кандидатты нақты бағалай алмау, президент ретiнде демагогты сайлауы мүмкiн (1934 жылы А.Гитлер).
Қойылатын талаптар: азаматтығы тумысынан, жас - 35, 40-45, ең жоғары - 50 (Италия). қосымша талаптар: кейбiр мемлекеттерде (Түркменстан) тұрғылықты ұлт, мемлекеттiк тiл, жоғары бiлiм, нақты анықталған өкiлеттiк мерзiмi (3-7), президент болу құқығын шектеу.
2.2. Шет елдердегі Парламент. Парламент депутаттарының құқықтық мәртебесі
Парламент - жалпы ұлттық өкiлдi орган. Парламенттiң дамуы. Қазiргi уақыттағы Парламент және парламентаризм. Парламент нысанының әр алуандылығы. Парламенттiң қалыптасу тәртiбi. Депутаттың құқықтық мәртебесi. Депутаттық мандаттың мазмұны. Императивтi мандат және еркiн мандат. Иммунитет және индемнитет. Интерпелляция. Парламент құрылымы. Екi палаталық парламент және палаталардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi. Тең құқылы палатасы бар екi палаталы Парламенттер (АҚШ- тағы Сенат және өкiлдер палатасы). Испанияның Сенат және депутаттар палатасы. Тең құқылы емес палаталары бар екi палаталы парламенттер (Ұлыбританияның қауым палатасы және лордтар палатасы, Жапония парламентiнiң өкiлдер палатасы және штат кеңесi). Парламент қызметiнiң негiзгi бағыттары. Парламенттiң өкiлеттiк көлемiне қарай бөлiнуi: абсолюттi шектелген, абсолюттi шектелмеген, декоративтiк.
ГФР парламентiнiң 2 палаталық құрылымының өзiндiк ерекшелiктерi. Жоғарғы палата рөлiнiң жалпы сипаттамасы. Бiр палаталы парламенттер. Парламент құзiретiнiң негiздерi және оны анықтау тәсiлдерi. Парламент қызметiнiң тәртiбi, жәй және төтенше сессиялары. Парламент қабылдайтын нормативтiк актiлер. АҚШ, Ұлыбритания, Индияның парламенттiк тәжiрибесiндегi жеке және бұқаралық билльдер. Қаржылық заңдар. Парламент қабылдайтын басқа да заңдар және олардың түрлерi, қаулылар, үндеулер және т.б. Парламентегi заң шығару процесi.
Заң шығару сатылары. Парламенттiк елдердегi үкiметтiң қызметiне парламентiтiк бақылау жасау. Сенiм және сенiмсiздiк таныту (вотумы).
Заң шығарушылық билiк - жалпы мемлекеттiк өкiлеттiк органмен, ал федерацияның субъектiлерiнде, саяси сипаттағы автономияларда - жергiлiктi заң шығарушы органдармен жүзеге асырылады. Жалпы мемлекеттiк өкiлеттiк орган әр түрлi атауға (ұлттық, Халықтық, Мемлекеттiк жиылыс, конгресс, меджилис және т.с.с.) ие бола алады, бiрақ оларды жалпы атау парламент деп бекiтiлдi.
Парламент француз сөзi "parler" - сөйлеу, латын сөзi "parlаrе" - сөйлеу, сөйлесу. Парламенттiң отаны - Англия болып саналғанмен, оның шығу тегi Ежелгi Греция, Ежелгi Римдегi өкiлдiк органдар, Еуропаның орта ғасырдың басындағы ауқатты өкiлдiк мекеме болса, ал қазiргi парламент 13-14 ғғ. Англиядағы корольдiң билiгiнiң iрi феодалдардың, iрi дiн басыларының, қала өкiлдерiнiң жиналысымен шектелуiмен байланысады.
Ол тарихи және саяси жағдайларға байланысты дамыды. Мысалы: Ұлыбританияда жоғары деңгейде, ал АҚШ, Францияда төмен деңгейдегi сипатқа ие болады.
Халифат идеясына негiзделген фундаменталистiк мұсылмандық концепцияда парламенттiң маңызы жоққа шығарылады (Сауд Аравиясы).
Қазiргi қоғамда парламенттiң маңызы зор, себебi ол әр түрлi саяси күштердiң мүддесiн көрсетедi және келiсiмге, компромисске келудi iздейтiн жол болып табылады.
Парламенттiң құрылымы. Бiр палаталы құрылым және екi палаталы құрылым.
Буржуазиялық парламенттер пайда бола бастаған кезеңде екi палаталы құрылым сипатына ие болды.
Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiн Еуропа елдерiнiң бiр қатары (Швеция, Дания), жоғары және төменгi палатадан туындайтын демократиялық тенденцияларды ұстану құралы деп түсiндiре келiп, екi палаталық жүйеден бас тартты.
Ал, кейбiр елдерде (Румыния, Польша) керi тенденцияға орын берiп екi палаталық жүйе қайта құрылды.
Англо-саксондық құқықта - Парламент үш бiрiккен мекеме, яғни - мемлекет басшысы, жоғарғы және төменгi палата (Ұлыбритания).
Континентальды құқықта (Германия, Франция) парламент палаталары екеу, ал президент парламенттiң құрамдас бөлiгi болып табылмайды.
Кейбiр елдерде (Жапония, Италия) жоғарғы палата тұрғындармен тiкелей сайланады. АҚШ-та әр штаттардан екi сенатордан сайланады, Италияда - облыстардан жетiден кем болмайтын; Канада, Иорданияда - жоғарғы палата мемлекеттiң басшысымен тағайындалады. Парламенттiң басқарушы органдары: бiржақты спикермен; алқалы орган (президиуммен, бюро, комитеттермен) жүзеге асырылады.
Парламенттiң қалыптасу тәртiбi:
төменгi палата халықпен, ал жоғары палата аумақтық өкiлдiк органдармен (Франция, Голландия);
жоғарғы палата 23 мұрагерлiк қағида, 13 монарх тағайындайды, төменгi халықпен (Ұлыбритания - қауымдар палатасы, лордтар палатасы);
төменгi палата халықпен, ал жоғарғы палата солардың арасынан (Норвегия, Исландия);
жоғары палатаның кейбiр мүшелерi өмiр бойына (сiңiрген еңбегi үшiн - Италия);
кейбiр бөлiгi президентпен жоғары палатаға тағайындалады;
барлық парламент депутаттары мемлекет басшысымен тағайындалады;
кәсiби белгiсiмен (6 палаталы парламент - Югословия тарихында болған).
Парламенттiң төрт бағыты:
1. халық өкiлi;
2. заңдарды қабылдау;
мемлекеттiк органдарды қалыптастыруға қатысу;
басқа мемлекеттiк органдардың қызметiн бақылау.
Көптеген елдерде (Бразилия, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция) парламент мүшелерi - кәсiби парламентарийлер болып табылады. Олар зейнетақылық жеңiлдiктерге ие болады.
Тоталитарлық социализм елдерiнде депутат кәсiби парламентарий болып табылмайды. Себебi, бұл елдерде депутат мiндеттерiн қоғамдық бастамада атқарады (КХР). Депутаттық мандаттардың түрi: еркiн мандат (өзi сайланған округтiң ғана емес, барлық халықтың өкiлi); императивтiк мандат (егер сайлаушылардың мүддесiн орындамаса, мезгiлiнен бұрын шақырылады).
Депутаттық иммунитет - полициялармен тұтқындалуға, ұсталынуға жатпайды және өзi мүше болып табылатын палаталардың келiсiмiнсiз қылмыстық iс қозғалмайды. Иммунитет мынадай жағдайларда берiлуi мүмкiн: сайлану мерзiмiне (Италия, Германия); тек сессия кезеңiнде (Жапония, Франция); сессияға бару және одан қайту жолына (АҚШ).
Депутаттық индемнитеттiң екi мағынасы бар:
парламентте сөйлеген сөзi үшiн жауаптылыққа тартылмайды (Германия, Белоруссияда палата отырыстарында балағаттау мен жалаға индемнитет қолданылмайды);
депутаттың сыйақы алуы, яғни өздерiнiң депутаттық қызметi үшiн қазынадан iрi мөлшердегi сыйақы алып тұрады.
Парламенттiң басты мақсаты заңдарды қабылдау. Парламенттi өкiлеттiгiне қарай топтастырады:
шектелмеген өкiлеттiк (англосаксондық құқық) кез-келген сұрақ бойыншы шешiм қабылдай алады (Ұлыбритания, Италия);
шектелген өкiлеттiк (Франция, Сенегал, Мадагаскар) конституцияларында парламент заң шығара алатын мәселелер көрсетiледi.
Кей мұсылман елдерiнде (Бахрейн, Катар) консультативтi парламенттер болады. Олар заңды монархтың мақұлдауымен қабылдайды, бiрақ олар заң деп аталмайды, себебi олар заңдардың пәнi болып табылатын күрделi қатынастардың барлығы - Құранда және сүннәде реттелген болып есептеледi.
Парламенттiң атқарушы билiктiң және өзге де мемлекеттiк органдардың қызметiн бақылауы:
саяси сипат (сенiмсiздiк таныту, вотум);
заңды сипат (парламентпен танылған тергеу комиссиясы).
Бақылау нысаны: - жоғарғы мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституциялық құқықтың негіздері
Шет елдердің конституциялық құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
«Шет ел конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Шетелдердегі конституциялық қадағалау
Шетелдердегі адам және азаматтың конституциялық-құқықтық мәртебесінің негіздері
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Мемлекеттік - әкімшілік басқару теориясы мен тарихы
Шет елдердегі саяси режимдер, түсінігі және түрлері
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Пәндер