Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде Кеден саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастық. Кеден саласындағы халықаралық ұйымдар
Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 3-курс
Тексерген: Адилгазы Серикхан
Алматы 2017ж
Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы;
2. 2. Кедендік одақ - кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың жаңа көрнісі;2. 3. Кеден саласындағы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы
ынтымақтастықтың ерекшеліктері;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Кеден одағы - бірнеше кеден аумақтарында кеден баждары толық жойылған кезде оны бір аумақпен алмастырып, сыртқа бірыңғай кеден тосқауылын жасау. Баждар және сауданы реттеу жөніндегі басқа да шектеу шаралары одақтың құрамдас аумақтары арасындағы бүкіл сауда бойынша немесе осы аумақтарда өндірілген тауарлар бойынша толық жойылады. Европа әкономикалық қауымдастығы, Орталық Африка Кеден және экономикалық одағы және басқалар осындай одақтардың үлгілері болып табылады.
ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында дүниежүзілік нарық тез дамып, әлемдік өндірістің дамуының жеделдеуіне ықпал етті. 1917 жылдарда дүниежүзілік шаруашылық екі жүйе ауқымында дамыды. Бұл, бір жағынан, өндірістік әдістің жеке немесе аралас түрі болса, екінші жағынан, мемлекеттік меншік жағдайында олардың өзара байланыс жасауы еді.
Әрине, дүниедүзілік шаруашылықтың бұл екі түрі күрделі байланыста дамыды. Дүниежүзілік социалитік жүйенің ыдырауына байланысты геосаяси кеңістікте үлкен өзгерістер болды. Солтүстік пен Оңтүстіктің бұрыңғы байланысы қайта жаңғырды. Ол байланыстардың қандай болуын болашақ көрс етеді. Белгілі бір нәрсе, шаруашылықтың дұрыс деңгейде дамуының екі бастамасы бар: біріншіден, мемлекетаралық экономикалық байланыстардың объективті қажеттілігі; екіншіден, даму барысында екі жақтың да өзара қызығушылығы. Бұндай бастапқы элементтерсіз халықаралық қарым-қатынас пен ынтымақтастықтың болуы мүмкін емес. Бұларға: баға заңы, ұсыныс пен сұраныстың түйісу заңы, уақытты үнемдеу және соған байланысты еңбекті бөлудің тереңдеу заңыдары жатады.
Бұл заңдар ұлттық шаруашылықты дүниежүзілік шаруашылыққа, ХЭБ -ге кіруге итермелейді. Шаруашылық өмірді интернализациялау мәселесі бірнеше рет көтерілді. Оның негізгі күші технологиялық революция еді. Әрине, интернализациялау барысында елдер арасындағы байланыстар жылжымайды, әрі күрделене түседі. Сыртқы сауда, тауар айырбастау, басқа да жаңа экономикалық байланыс түрлерімен толықтырылады. Бұлар автоматты түрде өздегеннен іске аспайды, сондай-ақ саяси іс-қимылмен кедергілерді жоймаса, бірте-бірте ұлттық шаруашылықта хаос туындайды.
Әрине, әр ұлттық шаруашылық өзіне табыс әкелетін айырбас түріне ұмтылуы керек. Бұндай байланыстарды ұйымдастыруда мемлекет өзіне табыс түсетін жағын ойластырады. Ал бұл тек дайын өнім айырбастауға ғана жүзеге асуы мүмкін. Сондықтан өндіріске ең алдымен білікті маманның, ғалымның, инженердің күрделі еңбегін қажет етеді. Тек сонда ғана әр ұлттық экономиканың экономиканың халықаралық экономикалық байланыстар жүйесінде деген тең құқықтығы сақталады.
2. 1 Кеден ісі саласы бойынша халықаралық-құқықтық ынтымақтастыққа сыртқы экономикалық қатанастардың ықпалы
Қазіргі таңда әлем өзара байланысты адамдар шаруашылық қызметінің арнасы. Демек кез келген экономикалық жақсы ұйымдастырылған сыртқы экономикалық қызметтің бір түрі болып табылатын сыртқы экономикалық қатынастар мемлекет аралық шаруашылық қатынастар жиынтығынсыз толыққанды дами алмайды. «Сыртқы экономикалық қатынастар» (СЭҚ) түсінігі 1987 жылы пайда болды. Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты.
Басқару жүйесінің ауысу керектігіне және сыртқы экономикалық реформалардың жүзеге асуына пайда болып, олардың келесідей сандар туындады: біріншіден сыртқы сауданы орталықтандыру, екіншіден кәсіпорын деңгеіәндегі мемлекетаралық сыртқы экономикалық қызметке сырқы экономикалық қатынастарға өтуі. Нәтижесінде СЭҚ және сыртқы экономикалық қатынастар атты екі түсінігі қалыптасты.
Сыртқы экономикалық қатынастар ғылыми техникалық сауда өндірістік әріптестік және қаржы валюталық қатынастар нысанын іске асырудағы мемлекет аралық қатынастар. СЭҚ мемлекет аралық сауда экономикалық ғылыми техникалық әріптестіктің нысанындағы құралдармен әдістер жиыны сыртқы экономикалық қатынаста экономика мен саяси, комерция мен дипломатия, өндірістік өнеркәсіппен сауда, ғылыми зерттеу мен қаржы принциптік комерциялары айқындалады. Мемлекетаралық мақсатының бағынышындағы шаруашылық қызметі суьбектілер жүзеге асырумен бірге, олар өндірісінің даму фактірімен жағдайын, сонымен қатар қосылу тәсілдерін анықтайды.
Белгілі халықаралық құқықтармен міндеттерді жекелеуші және өндірістік қызметті халықаралық шаруашылық кенісіндегі ұйымдастырушылық қабілеті бар, керекті капиталды жекелеуші шаруашылық бірлікте сыртқы экономикалық қатынастардың субъектілері болып табылады.
Сыртқы экономикалық қатынастар түрлеріне қатысты : 1. Сыртқы сауда қызметі - бұл интеллектуалдық қызмет көрсеткіштерімен ақпарат, қызмет, тауарды халықаралық алмасу саласындағы кәсіпкерлігі. 2. Өндірістік операция - технологиялық бөлінісінің әртүрлі процестегі бір-бірімен конструктивті байланысты шетел әріптестерінің арасындағы қауымдастықтың формасы. 3. Халықаралық инвестициялық қауымдастық - материалдық техникалық сипатта және қаржылық күштерді біріктіру негізіндегі шетел әріптестерінің әрекет формасы. 4. Валюталық және қаржы кредиттік операциялар - халықаралық есептеу жүйесіндегі сыртқы сауда төлемдерін және ішкі валюталық нарыққа қызмет көрсетудің қаржы кредиттік сферасындағы сыртқы экономикалық қызметтің спецификалық түрі.
ҚР Үкіметі мен ҚР-дағы СЭҚ-ті одан әрі дамытудың басым бағыттары мен стратегиялық мақсаттары анықталған:
- Экспорттық потенциалын дамыту, оған қоса құрылымын жетілдіру, ғылымдық өнім бөлігін ұлғайту және бәсекелестік көрсеткішін арттыру;
- Микродеңгейде (экспорттаушыларға салықтық жеңілдіктер, алмастырушы және экспортты ынталандырудың мемлекеттік механизмін дайындау, сонымен қатар макродеңгейде мемлкеттік инвестициялармен шетел несиелерін орналастыру механизіміне сәйкес экспорттық баждар кірісінің бөлігін қолдану жолымен дайындау;
- СЭҚ-тің қазіргі заманғы өндірістік және қаржы экономикалық құрылымын қалыптастыру;
- Саяси-экономикалық қауіптен сақтандырудың институттарын қалыптастыру;
- Мемлекеттің экспорттық базасын күшейтуге бағытталған, өндірістің негізгі құралдарын қамтамасыз ету процесінің модернизациясы және экономиканың құрылымын өлшеу мақсатындағы импортты рационализациялау;
- СЭҚ-ң ҚР-нда тұрақтылығын қамтамасыз ету және бұл мақсаттарға жету үшін әлемдік және ішкі нарық конюнктурасының ауысуына сәйкес мемлкеттік реттеу механизімінің жаңа элементтерінің қайта қарау және қолданыстағы өзгертуді болжайды.
Ұлттық - сыртқы экономиканың стратегиясының таңдауына елдегі жалпы экономикалық жағдай сондай-ақ әлемдік шаруашылық байланыстардың тенденция маңызды ықпал етеді.
Осы шарттарда кез келген мемлекеттердің макроэкономикалық стратегиясы, мемлекеттің экономикалық саясатының СЭҚ-ң маңыздылығы мен анықталатын сыртқы экономикалық факторлардың күшті әсерін көреді. Олардың санына әлем нарығында бәсекелестіктің асқынуына, төлем баланстарының өсіп бара жатқан теңсіздігі, көп елдердің сыртқы қарызы, жеке елдеріндегі экономикалық және саяси тұрақсыздығы жатқызылады[14], 11б
Бұл факторларды әрекет етуі мемлекеттің сыртқы саудадағы тұрақты әрекеттесуінде 2 бағытты: либерализм мен протекционизмді тудырады.
Белгілі болғандай, протекционизм - ішкі нарықты қорғауға бағытталған мемлекеттің саясаты, либерализм (фритредерство) ішкі нарыққа шетелдік тауарлар, капиталдар, жұмысшы күштеріне жайдарылық мақсатқа ие, яғни ішкі нарықтағы бәсекелестікті арттырады.
Сыртқы экономикалық қатынастарды және басқару мәселелері Конституциямен, ҚР Салық және Кеден кодекстерімен, «Лицензиялау туралы» «Сертификаттау туралы», «Инвестициялар туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы», «Валюталық реттеу туралы» заңдарымен және басқа да құқықтық актілермен және ҚР Үкіметінің қаулыларымен реттеледі. Сыртқы экономикалық басқару органдарының тікелей мүшелеріне индустрия және сауда министрлігі, бюджеттік экономика жоспарлау минитістрлігі, кедендік бақылау комитеті, ҚР қаржы министрлігіне жатады.
Индустрия және сауда министрлігінің атқаратын қызметі, сыртқы экономикалық басқару ісін үйлестіріп реттеу басқада орындаушы басқармалар ұсыныстары бойынша мемлекеттік сыртқы сауда саясатын қамтып оны дамыту.
Бюджеттік жоспарлау және экономика министрлігі СЭҚ ға тиісті басқада қатысты министрліктермен ведомасталар төмендегідей жұмыстар атқарады:
- экономикалық саясатты қалыптастыру ұсыныстарын талдап жасап, ТМД және ЕурАзЭҚ елдерімен бірігіп сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту;
- республикалық бюджет есебінен болатын ірі инвестициялық жобаларды тағайынгдап реттеу, инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарына талдау жасау, шетел инвестицияларын қатыстыру;
- ЕуразЭҚ және ТМД мемлекеттерімен болатын экономикалық байланыстарымен өзара мемлекетаралық келісімшарттарды дайындап бекіту;
- СЭҚ ұсыныстарын механизмін реттеу, өмірге қажетті товарларды экспорттау квоталарын анықтауы;
- ҚР ның экономикасынгда шетел капиталын пайдалангуды, ақша несие саясатын бағдарлауды төлемдік байланыстарды қалыптастыру.
Кедендік бақылау комитетінің атқаратын қызметтері:
- ҚР ның экономикаплық қызығушылықтарын қорғап экономикалық қауіпсіздігін өз қарамағына алады;
- кедендік шекарадан өтетін тауарларға заңдылықтарды дұрыс жүргізу;
- кедендік реттеу жұмыстарында қаржы қолдану;
- кедендік бақылау және кедендік құжат толтыру;
- СЭҚ сыртқы сауда кедендік санақ жүргізу;
- кеденге байланысты ҚРның шетелдік міндеттемелерінің орындалуын қадағалау.
СЭҚ ті басқаруда оның маңыздылығын мемлекет деңгейінде реттеуде басқада орындаушы биліктер маңызды, олар :
- Сыртқы істер министрлігі.
- Білім және ғылым министрлігі
- Транспорт және комуникация министрлігі
- Сауда-өндірістік палаталары
Мемлекеттік емес ұйымдар арасында СЭҚ - тің дамуына әсер беруші ұйым қатарына өнеркәсіп сауда палаталары жатады. Олардың құрылуы себептері еліміздің экономикасының дамуына, әлемдік шаруашылық жүйесінің көп салалығы, өндірістің бүгінгі күн талабына және сауда индустриясын жоспарлау қажеттілігі.
Сауда-өндірістік палаталар келесідей функцияларды атқарады:
- Қазақстан Республикасында немесе шетелдерде отандық кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға сауда қаржылық мүдделерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
- Мемлекет пен кәсіпкерлік қызмет субъектілері арасында өзара әрекеттестікті ұйымдастыру;
- Кәсіпкерлік қызметке кадрларды дайындау және білім жүйесін дамытуға ықпал ету;
- Ақпараттық қызмет көрсету;
- Отандық тауарлар мен қызметтер экспортының дамуына ықпал ету;
- Шетелдік фирмалар менұйымдарға саудалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін қызмет көрсету.
2. 2. Кедендік одақ - кеден ісі саласындағы халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың жаңа көрнісі
Жалпы, бүгінде әлемде экономикалық ықпалдастықтың негізгі төрт сатысы бар. Олар мыналар: бірінші сатысы - еркін сауда аймағы, екінші сатысы - кеден одағы, үшінші сатысы - бірыңғай экономикалық кеңістік, төртінші сатысы - экономикалық одақ. Ең алдымен Кеден одағының құрылуы Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Еуразия кеңістігіндегі экономикалық ықпалдастық идеясының нақты жүзеге асуы екендігін айту шарт. 1994 жылы Елбасымыз Мәскеуде Еуропа Одағына ұқсас экономикалық байланыстар жөнінде айтқанда талай адам таңданған. Сонда көтерілген бастамалардың көпшілігі қазірдің өзінде өмірден өз орнын тауып үлгерді. ЕурАзЭҚ құрылды. Енді, міне, кезек Кеден одағына келді. Еркін сауда аймағына мысал ретінде ТМД-ны айтуға болады. Кеден одағы деп үшінші бір елдерден әкелінетін тауарларға қатысты бірыңғай кеден тарифі, ал жалпы айтқанда бірыңғай сауда саясаты қолданылатын екі немесе одан көп елдің ортақ кеден аумағы аталатыны белгілі.
Яғни, кеден одағы дегеніміз одаққа мүше елдердің арасындағы еркін сауда аймағымен бірге осы елдердің тарапынан үшінші елдерге қолданылатын бірыңғай сауда саясатының комбинациясы болып табылады. Қазір әлемде 12 кеден одағы Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында жұмыс істеп жатыр. Егер, кейбір азаматтарымыздың айтып жүргеніндей, кеден одақтары тәуелсіздікке, егемендікке нұқсан келтіретін, тіпті қатер төндіретін болса, онда олар мұндай одақтарға неге бірігеді? Мұндай одақтардың негізгі міндеті одаққа мүше елдер арасындағы еркін саудаға және үшінші елдермен сауда саясатын тең деңгейде жүргізуге қолайлы жағдай жасау. Жалпы, қандай елде де сауатты сауда саясаты ең алдымен экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау көрсетуден танылуға тиіс. Кеден одағы сондай саясат жүргізуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде Кеден одағының сыртқы саясат, техникалық реттеу, санитарлық және фитосанитарлық шараларды, кедендік әкімшілік шараларын, салық салу негіздерін және тағы басқа салаларды жөнге келтіретін шарттық-құқықтық базасы қалыптастырылды дей аламыз. Биылғы 1 шілдеден бастап Кеден одағының Кедендік кодексі күшіне кіреді. Осы арқылы үш елдің арасындағы кедендік ресімдеудің алынып тасталуы қамтамасыз етілуге тиіс. Қазақстанның, Беларусьтің, Ресейдің ұлттық нарықтарын біріктірудің есебінен қазіргіден әлдеқайда жинақы, ортақ, яғни ішкі нарықты қалыптастыру осы елдердің жаңа өндірістерін дамытуға, тауарлардың сапасын жақсартуға септесетіндігі Президент Жолдауын талқылау барысындағы жарық көріп жатқан материалдарда да кеңінен жазылуда. Кеден одағы бізге кедергі келтірмейді, қайта жаңа мүмкіндіктер туғызады[27], 44б Ол мүмкіндіктердің қалай пайдаланатындығы біздің бизнеспен жұмысты қалай жүргізетінімізге байланысты. Қазақстан өзінің 16 миллион адамдық нарығын 170 миллион адамдық нарыққа ұлғайтады. Бұл - басы ашық артықшылық. Ал нақтылап тарата түссек, біріншіден, Кеден одағын құрудың берер басты пайдасы осы одаққа мүше мемлекеттердің экономикаларына инвестицияларды тартуға жағымды жағдай жасау және мемлекеттердің экономикалық әлеуетін ескере отырып, бірлескен өндірістерді және бір-бірін өзара толықтыратын кәсіпорындар кооперацияларын құруды қамтамасыз ету болып табылады. Кеден одағының қалыптасу нәтижесінде ішкі өнім деңгейі 1, 6 трлн. АҚШ долларды құрайтын және ішкі нарық көлемі 168 млн. адамға жететін бірыңғай аумақ құрылып отыр. Екіншіден, Қазақстанның экспортқа бағытталған кәсіпорындары үшін отандық тауарларды Еуропа елдеріне шығару үшін Ресейдің транспорт инфрақұрылымын әлдеқайда жағымды шарттармен қолдану келесі үлкен мақсат болып табылады. Бұл біздің кәсіпкерлеріміздің көлік шығынын азайтуына, соның арқасында қазақстандық өнімнің үшінші елдер нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, Қазақстан тауарларының Ресей және Беларусь нарығына шығуы үшін техникалық стандарттар мен талаптардың, мысалы, ветеринарлық талаптардың, үш мемлекет тарапынан бір деңгейде қолданылуы өте маңызды міндет болып табылады.
Осылайша, қазақстандық тауар өндірушілер үшін өз өнімдерін сату нарығын кеңейту мүмкіндігі пайда болады және біздің экономикамыздың инвестициялық тартымдылығы артады, бұл өз кезегінде жаңа өндірістерді дамытуға ықпалдасады деп сенеміз.
Кеден одағы сол одаққа мүше елдердің экономикасына инвестиция тартуға, бірлескен өндірістер құруға, бірін-бірі толықтыратын кәсіпорындардың кооперациясына қолайлы жағдай жасайды. Бұл одақ Қазақстанның экспортқа бейімделген кәсіпорындарының алдынан Ресейдің көлік инфрақұрылымына қол жеткізудің қосымша жолдарын ашады. Қазір қолданылып жүрген техникалық стандарттар мен талаптардың бір ізге түсірілуі қазақстандық өнімдердің Ресей мен Беларусь нарықтарына шығуына мүмкіндік жасайды.
Қазақстан үшін нақты әсері болуы мүмкін деген позициялардың бәрі де қоғамдық ұйымдардың, қауымдастықтардың өкілдері қатысқан кеңестерде пысықталған. Мысалы, Бірыңғай кедендік тариф жөніндегі позицияларды екшеу кезінде жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының, тағам және өңдеу өнеркәсібі тауар өндірушілері одағының, алкогольсіз сусындар мен шырын өндірушілер қауымдастығының, металлургия, мәшине жасау, құрылыс материалдарын шығару, көлік қызметі сияқты өнеркәсіптің бірқатар салаларының өкілдерімен кездесулер өткізілген. Кеден одағы аясында жасалған халықаралық шарттардың бәрі де ел Парламентінде ратификациялау рәсімінен өтті. 18 халықаралық шарт ратификацияланды. Алдағы кезде тағы 16 шарт ратификациялануға тиіс. Бұрынғы Индустрия және сауда министрлігі Қазақстанның 18 қаласында семинарлар өткізіп, құрылып жатқан Кеден одағының негізгі сипаттары алдын ала талқыланды.
Еліміз келіссөздерді бастаған кезде үш мемлекет арасында 11 мыңнан астам импорттық тариф ставкаларының 40 пайызы бір деңгейде болатын. Қалған 60 пайызын осы келіссөздердің барысында бір деңгейге келтіру міндеті тұрды. Келіссөздердің нәтижесінде отандық кәсіпорындардың мүддесін қорғау үшін мынандай келісімдерге қол жеткізілді.
Біріншіден, 400-ден аса тауарларға бірыңғай кедендік импорттық тарифін қолдану үшін 3-5 жыл арасында өтпелі кезеңдер қарастырылды. Мысалы, Қазақстан бүгінгі күні дәрі-дәрмекті және медициналық құрал-саймандарды шет елден 5 жылға дейін 0 пайыздық импорттық баж салығымен алып келе алады. Ал бірыңғай кедендік тариф деңгейі 10-15 пайыздың арасында. Сол сияқты химиялық өндірісте қолданылатын шикізаттар және полимерлер шет елдерден 4 жылдың ішінде 0 пайыз деңгейіндегі импорттық бажбен алып келінеді. Ал бірыңғай кедендік тариф деңгейі 10 пайыз болып табылады. Бұл 4 жылдың ішінде Атырау мұнай және газ химиялық кәсіпорнының құрылысының аяқталуы жоспарлануда. Өтпелі кезеңнің ішінде жеңілдетілген кедендік бажбен импортталатын тауарлардың тізбесіне сонымен қатар темір жол вагондары, азық-түлік өнімдерін шығаратын және қағаз шығаратын кәсіпорындар пайдаланатын шикізаттар кіреді.
Екіншіден, Қазақстан экономикасының жедел түрде индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатымен инвестициялық шаралар қолданылатын болады. Басқаша айтқанда, отандық кәсіпорындардың өз тауарлары мен қызметтерін шығару үшін қажетті құрал-жабдықтар және шикізат өнімдері шет елдерден инвестициялық контракт шеңберінде 0 пайыз баж салығымен импортталынатын болады.
Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру Кеден одағына қоса үш мемлекет арасында қызмет, капитал және жұмыс күшінің еркін қозғалуын ескереді. Үш мемлекеттің басшылары 2009 жылдың 19 желтоқсанында Алматы қаласында өткен кездесуі кезінде Бірыңғай экономикалық кеңістіктің нормативтік-құқықтық базасын 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қалыптастыру туралы шешім қабылдады. Осы шешімді жүзеге асыру үшін 20 келіссөздің екі кезеңмен дайындалуы жоспарланып отыр. Бірінші кезеңнің барысында 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін 14 келісімді ратификациялау және екінші кезеңнің барысында 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін қалған 6 келісімді ратификациялау межеленген.
Бұл келісімдер келесі маңызды бағыттардан тұрады. Алдымен олар бірыңғай экономикалық саясат, атап айтқанда, бірыңғай макроэкономикалық саясат, бірыңғай бәсекелестік саясат, табиғи монополияларды бірыңғай реттейтін жүйе, өнеркәсіп және ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын кәсіпорындарға үш мемлекеттің үкіметі тарапынан бірыңғай субсидия беру принциптерін және мемлекеттік сатып алуды бірыңғай саясатпен жүргізуді көздейді. Келісімдердің үш мемлекеттің нарығының арасында қызмет көрсететін кәсіпорындардың емін-еркін жұмыс істеуі үшін жағдай туғызуды көздейтінін де айту жөн. Бұл келісімдер жұмыс күшінің емін-еркін жүруі үшін жағдай туғызуды көздейді. Екінші кезеңде дайындалатын келісімдер бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің инфрақұрылымдарын, атап айтқанда, электр энергетикасын тасымалдауға, газ және мұнай тасымалдау құбырларына және темір жол транспортының инфрақұрылымын қолдануға мүмкіндік жасайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz