Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу тарихы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Еуразиялық экономикалық одақтың қалыптасу тарихы

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Адилгазы Серикхан

Алматы 2017ж

Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Экономикалық одақ-аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоба;
2.2. Еуразиялық экономикалық одақ;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Еуразиялық экономикалық одақты құру (ЕАЭО) - 1994 жылы Президент Н.Ә. Назарбаев ұсынған Еуразиялық ынтымақтастық идеясы 20 жыл бойы жоспарлы және жүйелі түрде жүзеге асырылып келді. Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық 1996 жылы еркін сауда аймағын құрудан бастау алды.
Онын екінші кезеңі Кеден одағы (КО) қалыптастыру болды, онын аясында 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап үш мемлекеттің арасындағы кеден шекарасы жойылды. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап біздің елдеріміз ынтымақтастықтың үшінші сатысына, яғни Бірыңғай экономикалық кеңістікке (БЭК) қадам басты. Оның шеңберінде тауарлардың, қызмет көрсетудің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз етіле бастады. Қазірде Кеден Одағы және БЭК барынша серпінді дамып жатқан әлемдік экономикалық жобаға айналды. Бұл жетістіктер біздің елдеріміздің арасында Еуразиялық Экономикалық одақты құруға алғышарт жасады.
Еуразиялық экономикалық одақ 20 млн. шаршы км. (әлемдік құрылықтың 15%) көлемдегі территорияны біріктіреді, 170 млн. тұрғындары бар, 2,5 трлн. АҚШ доллары көлеміндегі (шамамен, әлемдік ЖІӨ-нің 5% құрайды) жаңа экономикалық орталық құрылып отыр. Қазіргі таңда кедендік ғғодақ елдері мұнай мен газды өндіруден 1-ші, минералды тыңайтқыштарды шығарудан 2-ші, электр энергиясынан 3-ші, астық, көмір және болат қорытудан 4-ші орынға шықты.
Әлемде 200 интеграциялық бірлестіктер бар. Экономикалық аймақтану интеграциялық процесі жер шарының әртүрлі аймақтарында жүзеге асырылуда, соның ішінде 28 елді біріктірген Еуропалық одақ, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы АСИАН, Солтүстік Америкалық аймақтағы НАФТА, Оңтүстік Америкадағы Меркосур ғаламдық экономикалық ынтымақтастықта елеулі рөл атқарып келеді. Енді міне, Еуразиялық экономикалық одақ жаңа экономикалық бірлікке айнала отырып, әлемдік санада берік негізге ие болатынына сенімдіміз.
Бұл одақ халықаралық келісім шарт нышанындағы, белгілі бір ерекшелігі бар, халықаралық тәжірибиені және қатысушы елдердің ерекшелігін үйлестіретін аймақтық бірлестік болып табылады. Айта кету керек, ЕАЭО Кеден одағы немесе Бірыңғай экономикалық кеңістік сияқты саяси одақтың элементтерінен мүлдем ада. Бұл қатысушылар үшін нақты пайдасы бар таза экономикалық құрылым. ЕАЭО мынандай негізгі экономикалық қағидаттарға сүйенеді. Оған Еуразиялық кеңістіктің ашықтығы, дамудың эволюциялылығы, барлық шешімдерді қабылдаудағы тең құқықтылық, экономикалық прагматизм, егемендікті сыйлау, еріктілік жатады. Мұның бәрі де ЕАЭО Шартында жан жақты көрініс тапқан.
Құрамы және мазмұны бойынша ЕАЭО-тық шарт 969 беттен, 23 бөлімнен, 35 қосымшадан тұрады және экономиканың маңызды салаларын қамтиды. Қатысушы елдермен жобаны талқылау нәтижесінде халықаралық стандарттарға жауап беретін жетілген нормативтік - құқықтық базаға қол жеткізілді. Құжат көптеген бағыттар, соның ішінде кедендік әкімшілік жасау, үшінші елдерге қатысты сауда саясаты, ЕАЭС аясында бәсекелестік саясат, техникалық реттеу және санитарлық ветеринарлық, фитосанитарлық шаралар бойынша балансыланған және салмақты.

2.1. Экономикалық одақ-аймақтық деңгейдегі стратегиялық жоба;
ЕАЭО-тың Қазақстан кәсіпкерлері үшін елеулі артықшылықтары мен мүмкіндіктері бар. Оған тауарлармен қызметтердің, капиталдың, жұмыс күшінің үш ел арасындағы еркін қозғалысы, бірыңғай мемлекеттік сатып алу жүйесіне кәсіпкерлер үшін қол жетімділік, бәсекелестіктің тең шарты, біртұтас нарықты құру есебінен инвестициялық шығындардың азаюы, интелектуалды меншік құқын қорғау, ЕАЭО ішінде кедендік баж салығының болмауы, техникалық реттеудің жалпы жүйесі, теміржол жүк тасымалының бірыңғайландырылған тарифі жатады. Мысалы бірыңғай сатып алуларға үш елдің кәсіпкерлер бизнесмендері қол жеткізе отырып бәсекелестік пен қызмет сапасын арттырады. Сондай - ақ Ресейдің көлік инфрақұрылымына енудің оңтайлы шарттар есебінен қазақстандық экспорттаушылар көлік шығындарын қысқартып, сәйкесінше үшінші елдер нарықтарында өз тауарының бәсекелестігін күшейтеді. Айталық Еуропаға газды экспорттау арқылы қосымша табыс алу мүмкіндігі бар. Мәселен, қазақстандық газдың экспорттық бағасы мың м3 үшін 223,8 АҚШ доларын құрайды, ал ол Еуропада 470 доллар. Осылайша, көлік инфрақұрылымына жеңілдікпен енген жағдайда түсер пайда шамамен мың м3 үшін 145,2 АҚШ доларын құрайтын болады.
Кейбір сараптаушылардың пікірінше, экономикасы әлем бойынша бесінші орындағы Ресей мен экономикалары шағын Қазақстан және Беларусьтің тең құқылы одағы мүмкін бе деген сұрақ туады. Оған мынандай уәж айтуға болады. Біріншіден, қазіргі таңда үш елдің даму деңгейі, яғни бәсекеге қабілеттілігі шамалас, соның ішінде жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері, білім мен денсаулық сақтау, жаңа технологияның таралуы, жұмыс күшінің кәсібилігі, көлік инфрақұрылымы бойынша бір біріне жақын деңгейде. Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтенгі және бүкіләлемдік экономикалық форумның индексі бойынша Қазақстан 50-ші орында ( Ресей - 64, Беларусь - 94-ші орында), ал Менеджмент институтының жаhандық қабілеттілікке байланысты рейтенгі бойынша Қазақстан 34-ші, Ресей Федерациясы - 42-ші орында (Беларусь Республикасы қатыспайды). Қазақстанның артықшылығы икемді және тиімді еңбек нарығында (15 орын) және тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштерде (23 орын). Соңғы жылдары елімізде қосылған құны жоғары дайын өнімдер экспортқа шығарыла бастады. Соның ішінде жеңіл және жүк автомобилдері, тепловоздар, аккумуляторлар , кондинсаторлар, минералды тыңайытқыштар, фосфор, ұн, макарон бұйымдары, кондитерлік өнімдер тек қана ішкі нарықты қамтамасыз етіп қоймай Кеден одағы, ТМД және алыс шет елдергеде экспортталады. 2009-2013 жылдар аралығында экспорттың үлесі 44,9%-дан 54,3%-ға өсті.
Әлемдік сараптаушылардың бағалауынша, XXI ғасырдың бірінші онжылдығындағы барынша серпінді 25 экономиканың арасында Қазақстан үшінші орынды иемденді. Соңғы жиырма жылда жан басына шаққандағы ЖІӨ 20 есе артты, сөйтіп 2013 жылы 12 мың АҚШ доларын құрады, елдің алтын валюта қоры 90 млрд. АҚШ доларынан асты, бұл Қазақстан экономикасының 30% құрайды. Кеден одағы құрылғаннан бері Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне құйылған тікелей инвестициялардың көлемі екі есе өсті. Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне құйылған шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 88% көбейді, яғни 2009-2012 жылдарда 1,8 млрд. АҚШ долларынан 3,4 млрд. АҚШ долларына өсті. Кедендік одақ жұмыс істегеннен бастап мүше-мемлекеттердің өзара саудасының артқандығы байқалды және жалпы қазақстандық экспорт, 2009 жылмен салыстырғанда 64% ұлғайды.
Жоғарыдағы позитивті көрсеткіштерге қарамастан бір сыпыра бағыттар бойынша Қазақстанның деңгейі әлі де төмен. Айталық Жаңа технологияға қол жетімділік және Кәсіпорын деңгейінде технологияны қолданукөрсеткіштері бойынша, сәйкесінше 88 және 78 орында. Соңғы жылдары елімізде ғылыми зерттеулерге арналған шығынның көбеюіне қарамастан халықаралық салыстыру деңгейінде оның мөлшері әзірше мардымсыз болып отыр. Мысалы, ғылыми зерттеу және тәжірибе -конструкторлық жұмыстар шығыны Израилде ЖІӨ-нің 4,38%, Финляндияда - 3,78%, Оңтүстік Кореяда 3,74%, Норвегияда 1,67% құрайды, ал Қазақстанда 2013 жылы оның мөлшері шамамен 0,3% құрады. Осы тұрғыдан алғанда және әлемдік тәжірибие көрсетіп отырғанындай иновациялық жаңа салаларды, ғылыми-техникалық зертемелерді дамытуға, дүниежүзілік нарықта бәсекелестікті артыруға қажетті қамтамасыз етер күшке ие бірнеше ірі экономикалардың бірігуі арқылы құрылған одақтар өмір сүруге қабілетті екендігін көрсетеді. Финляндияның тәжірибиесі көрсеткендей осындай ірі орталықтардың айналасында шоғырланған шағын әріптестердің гүлденуіне жол ашылады.
2.2. Еуразиялық экономикалық одақ
Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО -- Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді.
Мүшелері:
* Беларусь - (1.01.2015 жылдан), (9 481 000 адам. 01.01.2015 жыл).
* Қазақстан (1.01.2015 жылдан), (17 417 447 адам. 01.01.2015 жыл).
* Ресей (1.01.2015 жылдан), (146 270 033 адам. 1.01.2015 жылдан)).
* Армения (2.02.2015 жылдан), (3 010 600 адам. 31.12.2014 жыл).
* Қырғызстан (8.05.2015 жылдан)[3], (5 874 100 адам. 1.11.2014 жыл).
Үміткерлер:
* Тәжікстан
Еуразиялық экономикалық одақ (ЕЭО) -- одақтас үш елдің келешек тағдыры жаңа арнаға бұрылған маңызы зор тарихи кезең. Ол ортақ экономиканың болуы мен оған қатысушылардың ынтымақтасу еркіне негізделген жаңа еуразиялық жақындасу орталығының қалыптасқанын паш етуде. Еуразиялық экономикалық одақ -- тауар мен қызметтің, капитал жəне жұмыс күшінің еркін айналымына жəне экономиканың негізгі салаларында келісілген саясатты жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым. 2014 ж. 20 мамыры Астана қаласындағы маңызы зор тарихи оқиғаның орын алуымен ерекше есте қалды. Тəуелсіз Қазақстан алғаш рет тауарлардың, қызмет көрсетулердің, еңбек ресурстары мен капиталдардың еркін қозғалысын қамтамасыз ететін аймақтық экономикалық интеграциялық одақтың бір бөлігіне айналды.
Еуразиялық экономикалық одақ жастардың академиялық мобильдігінің шынайы мүмкіндікке айналуына, сондай-ақ ішкі нарық сыйымдылығының кеңеюіне ықпал етеді. Еуразиялық экономикалық одақтың біздің одақтас елдеріміздің мəңгілік достығының өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік тетігімі екендігі айқын. Мұнда Ресей, Беларусь жəне Қазақстан мемлекеттері өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. Үштік мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне көлік секілді негізгі салаларында келісілген бірыңғай саясат жүргізеді. Ресей Президенті В.Путиннің айтуынша, 170 млн астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми жəне техникалық əлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, бірыңғай нарық құрылды.
Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта халықаралық ұйымдарға тəн базалық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтың тұтастығы, сондай-ақ Одаққа мүше-мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан. Сонымен қатар шарт Қазақстан, Ресей жəне Беларусь азаматтарының əл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мəселелерін шешуге бағытталған жəне тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын үйлестіруге қатысты экономикалық саясат жүргізуді де ұстанған.
Еуразиялық экономикалық одақтағы елдердің ұстанымдары:
* экономикалық тиімділік;
* еуразиялық кеңістіктің ашылуы;
* дамудың сатылы жолдары;
* егемендікті сыйлау;
* ерікті қарым-қатынас;
* шешім қабылдаудағы теңдік.
Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ЖІӨ-ң жиынтық өсімі 900 млрд доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр. Атап айтқанда, соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88 %-ға өсіп, 24 млрд долл. мөлшерге жетті. Қазірде еуразиялық интеграция жөніндегі серіктес мемлекеттерге біздің экспортымыз 63 %-ға ұлғайып, 6 млрд долл. құрады. Бұл көрсеткіштерге негіз болатын көптеген кəсіпорындар мен компаниялар, қазақстандық, беларусьтік жəне ресейлік серіктестермен арадағы өзара іс-қимылдық жаңа желілер тұр. Бұл -- мыңдаған жаңа жұмыс орындары, тұрақтылық жəне өзіне тиімді жаңа өткізу нарықтарын ашқан Қазақстан бизнесі табыстылығы өсуінің басты көзі.
уразиялық экономикалық одақ -- Азия елдері арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық. Қазіргі таңда Беларусь елінің тауар өндірушілері қазақстандық серіктестерімен бірге Орта Азия мен Қытай нарығына шығуға ниетті болып отыр. Мəселен, біріншіден, Витебск облысындағы сүт-консерві комбинаты, Кеңес Одағы кезінде алғаш қамтылған сүтті шығарғанымен танымал болса, екіншіден, Беларусь сүт өндірушілері қазақ еліндегі серіктестерімен де жұмыс жасайды. Осы бір кəсіпорынның біздің елмен арадағы тауар айналымы жылына 8,5 млн долл. құрайды. Еуразиялық одаққа кіру -- əр мемлекет пен оның жеке аймақтарының бəсекеге қабілетті болуындағы -- өнеркəсібі мен саудасын дамытудың ең басты экономикалық көзі.
Мəселен, 2014 ж. өзінде Қазақстаннан Ресейге экспортталған сиыр еті 1510,4 т құраған. Сиыр еті экспортының негізгі көлемі Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарына тиесілі болып отыр. Жамбыл облысында Ырыс Бақыт ЖШС-гі Ресей мен Беларусь еліне 1 млрд тг тауарын нарыққа шығарады.
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде отандық дəрілік құралдарды өндірушілер үшін 170 млн ортақ нарыққа жол ашылады. Дəрілік құралдардың ортақ нарығының болуы бəсекелестіктің артуына байланысты дəрілер мен медициналық бұйымдар бағасының төмендеуіне жағдай жасайды. Жоғары талаптар, өндірістің жаңартылуы, технологиялар, өндірістік қуатқа жəне дəрілік құралдар, медициналық бұйымдарға деген таңдаудың артуы нəтижесінде дəрілердің сапасы да арта түспек.
Экономикалық одақтың Қазақстан мен басқа елдер үшін ең басты бағыты -- мұнай мен мұнай өнімдері, газ, электр энергиясы, дəрі-дəрмек пен медициналық бұйымдар нарығы болып табылады. Осының негізінде 2013 ж. Беларусь жəне Ресей мемлекеттері арасындағы тауар айналымы 24 млрд долл. асып жығылған. Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы өнеркəсіптік қуаты 600 млрд АҚШ долл. асады.
Үш ел арасындағы -- үштік одақ кедендік баж салығын алып тастап, үш ел кəсіпкерлерінің өз өнімдерін үлкен нарыққа шығаруына жол ашты. Сонымен қатар ортақ нарықты кеңейте отырып, өндірістік қуатты көбейтуге мүмкіндік алып, жұмыс істеп тұрған кəсіпорындардың дамуына да жаңа серпін берді. Мысалы, Ордабасықұс ЖШС құс фабрикасы қазірде Ресейге өз өнімінің 30 пайызын шығарып отыр. Ендігі кезекте жыл сайынғы өнімділік қуаттылығын 10 мыңнан 30 мыңға дейін арттырмақ.
Сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтағы мемлекеттерде 40 трлн АҚШ долл. құрайтын дүние жүзіндегі барлық зерттелген қазба байлықтың төрттен бір үлесі бар, əлемдегі ең үлкен энергоресурстар мен азық-түліктік астықты экспорттаушы үш мемлекет экономикасының жиынтығы 2,2 трлн АҚШ долл. құрайды.
Қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одақ XXI ғасырдағы жүзеге асып отырған ең ауқымды бастама. Ол ішкі нарықтың көлемін барынша арттырып отыр. Экономикалық одақтың жалпы сауда айналымы 2,5 трлн АҚШ долл. құрайды. Оның ішінде адам ресурстары 170 млн асса, Одақтың жалпы өнеркəсіптік қуаты 600 млрд АҚШ долл. асады. Сонымен қатар үш ел арасындағы кəсіпкерлерге бірыңғай тарифтер, жеңілдіктер де жасалып отыр. Кəсіпкерлер осы негізде өздерінің кəсіптерінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алады. Үш елдіңде кəсіпкерлері мемлекеттік сатып алулар жүйесіне тең əрі бəсекеге қабілетті деңгейде қол жеткізеді. Бұл -- тауарлар мен қызметтерді жеткізудің үлкен нарығы .
Ресей, Беларусь, Қазақстан арасындағы сыртқы тарифтердің бірдей болуы жəне ішкі тарифтердің жойылуы, сонымен қатар ортадағы кедендік шекаралардың ашылуы Қазақстанның ішкі өнімінің көбеюіне, экспорт пен импортқа тартылатын тауарлардың пайыздық өсімінің ұлғаюына жоғары септігін тигізеді.
Еуразиялық экономикалық одаққа дейінгі үш елдің Кедендік одағы аясында Қазақстан мен Ресей жəне Беларусь елінің арасындағы жалпы тауар айналымы 50 пайызға дейін өскен. Бұл 26 млрд долл. тең қаражат. Жалпы алғанда, кедендік одақсыз мұндай көлемдегі тауар мен қаржының айналымы елдер арасында орын алуы мүлдем мүмкін емес еді. Яғни алдағы уақыттарда Еуразиялық экономикалық одақтағы тараптар арасындағы тауар айналымы мен сауда-экономикалық қарым- қатынас жəне еркін қозғалыс нəтижесінде ортақ жалпы ішкі өнім көлемі ұлғаймақ.
Еуразиялық экономикалық одақ құру көрші мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатуға, Қазақстан экономикасына жаңа серпін беруге үлкен мүмкіндік туғызбақ. Осы тұста қазақстандық экономиканың дамуындағы басты мəселе -- Еуразиялық экономикалық одақ аясында еңбекті аймақаралық бөлісу жəне үшінші мемлекеттерге қатысты бірыңғай экономикалық саясат жүргізу болып табылады. Сонымен қатар отандық жəне шетелдік бизнеске қаржылық жəне өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін ең қолайлы жағдайларды еркін таңдауға мүмкіндік жасауға, экономикалық кеңістіктегі адал бəсекелестік күресте бизнесті нығайтуға мүмкіндік молаяды.
Сонымен, Еуразиялық экономикалық одақ құру шекаралас елдермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеден одағының Қазақстанның экономикалық жағдайына ықпалы
ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық жобасы
Еуразиялық экономикалық қауымдастығының сауда қатынастары
Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығын салу әдістерінің кәсіпкерлік субъект мүдделеріне әсері
Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы - кредит уйымдарына қатысуы
Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің негізгі қызметтері
Тәуелсіздік жылдарындағы Белорусияның саяси-әлеуметтік дамуы
Еуразия идеясы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Пәндер