Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғышарттары
Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Адилгазы Серикхан
Алматы 2017ж
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1.Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары
2.2. Қазақстандағы арнайы экономикалық аймақтар;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Арнайы экономикалық аймақ -- халық шаруашылығының өз даму ерекшеліктері бар территориялық және экономикалық жағынан біртұтас бөлігі. Ондағы өндіріс орындары өзінің экономикалық құрылымына, оның ішінде еңбек, экономикалық-географиялық жағдайына қарай мамандандырылады. Бұл аймақ шегіндегі өндірістік байланыс тұрақты болады және қарқынды жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақ интегралды және салалық болып екіге бөлінеді. Интегралды (яғни меншікті) Арнайы экономикалық аймақта аймақ шаруашылығы жиынтық күйінде қаралады. Ал салалық экономикалық Арнайы экономикалық аймақта шаруашылықтың басым саласы жеделдете дамытылады. Арнайы экономикалық аймақ валюталық-қаржылық және салықтық жеңілдіктер беріледі, шетел капиталын тарту көзделеді. Шетелден әкелінген өнімге кеден салығы салынбайды не салық мөлшері азайтылады, негізгі қорларды пайдалану мерзімі қысқартылады, ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем мөлшері кемітіледі. Сонымен тірге Арнайы экономикалық аймақты қазіргі заманғы инфрақұрылыммен (телефон, телефакс т.б.), шикізатпен, еңбек ресурстарымен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері де қарастырылған. Қазақстанда 4 арнайы экономикалық аймақ бар (1998). Олар: Қызылорда, Ақмола, Маңғыстау облыстары мен Қостанай облысындағы Лисаковск қаласы Арнайы экономикалық аймақтар.
0.1. Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы экономикада оффшорлық орталықтардың пайда болуына әкелді. Соңғы 10 жылдықта аталмыш орталықтардың қаржылық активтері айтарлықтай өсіп, экономикасы дамыған елдерде ғаламдық бизнеске айнала бастады. 1970 жылдары оффшорлық аумақтарға шетелдік капитал салымдары 6,7 млрд. долларды құраса, 1983 ж олар 50 млрд. долларға жетті және осы жағдайда АҚШ капитал салымдарының жалпы көлемі бүкіл әлемде 227 млрд. долларға жетті. Айта кету керек, бұл жерде 1970 ж. АҚШ - тың типтік типтік трансұлттық компаниясы елден тыс жалпы пайданың 10-20 пайызы көлемінде табыс тапты, ал бұл көрсеткіш 1995 ж шет елдік филиалдар есебінен 50 пайызға дейін жетті.
Дүниежүзілік экономикалық бағыттың либералдануына, сөйтіп қарым-қатынастардың жаһандануына байланысты арнайы экономикалық аймақтар құру идеясы әлемнің дамыған және дамушы елдерінде кең таралып отыр. Шетел тәжірибесі көрсетіп отырғандай, өндірісті әртараптандыру, жұмыспен қамту, экономикалық, ғылыми-техникалық даму мақсаттарындағы АҚШ-тың - "Силикон-Веллс", Ирландияның - "Шеннон", Бразилияның - "Манаус", ҚХР-дың шет аумақтарындағы және РФ-ның "Липецк" арнайы экономикалық аймақтары дамуы жағынан артта қалған өңірлерде құрылған.
Экономиканы әртараптандыру, жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған өнімдер шығару, инвести - ция тарту, жаңа өнімдер түрлерін игеру мақсатында Президент Жарлығымен 2002 жылғы 26 сәуірде Маңғыстау облысында "Ақтау теңіз порты" арнайы эко - номикалық аймағы құрылып, ол 2015 жылға дейін қызмет етуге тиіс болатын.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 17 жылдан бері халықаралық экономикалық бірлестік жетегінде бола отырып сыртқы экономикалық қызметті құқықтық реттеу аясындағы интеграциялық процестерден шет қала алмады, яғни оффшорлық бизнес механизмдерінің бір бөлігі отандық заңдылықтарда көрініс тапты.
Оффшорлық белгілерді қарастырмастан бұрын оффшорлық белгілері бар оффшорлық қызмет субъектілеріне сипаттама берейік.
Оффшорлық қызмет субъектілері - арнайы территориялық бірлестік заңдылықтарына сәйкес құрылған салық салудың жеңілдетілген режиміне негізделген және ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режиміне сай қызмет ететін тұлғалар, бұлар көбінесе корпоративтік құрылмыдағы заңды тұлғалар. Сәйкесінше салық салудың жеңілдетілген режимі резидент емес немесе басқаша жеңілдік статустарына сай инкорпорация территориясында шаруашылық қызметін шектеп жүргізуімен сипатталады. Ұйымдастыру-құқықтық міндеттемелерді орындаудың жеңілдетілген режимі тіркеу, басқару, валюталық бақылау және оффшорлық қвызмет субъектісінің есептілігімен сипатталады.
Оффшорлық қызмет түсінігіне ең жақын мазмұндағы сәйкестік отандық тәжірибеде Арнайы экономикалық аймақтар арқылы қарастырылады.
Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы туралы идеялар ағылшындық П. Халла мен С. Хоуль, сондай-ақ американдық С. Бутлер есімдерімен байланысты, олар әртүрлі кризистік жағдайларды мемлекеттің араласуы ірі өнеркәсіптік орталықтарды экономикалық төмендеуден сақтай алмайды деген пікірді жақтаған. Олар экономикалық және саяси әсер теудің дәстүрлі шаралары ретінде осы аумақтарда қызмет етуші кәсіпкерлерге жеңілдіктер қарастырады. Классикалық оффшорлық аумақтарда бірінші қадам салық жеңілдіктьерін беру және ел территориясында әрекет ететін басқа да әкімшілік-валюталық шектеулерді алу болды.
Өткен күн тұрғысынан қарағанда әлемдік шаруашылықта арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы әлемдік экономиканың ғаламдану процесімен байланысты жаңа экономикалық көзқарастар мен тенденцияларды қалыптастырды.
Енді арнайы экономикалық аймақтардың дамуыныі тарихи аспектлерін қарастырайық:
Арнайы экономикалық аумақтардың дамуы өткен жүзжылдықтың 70 жылдарынан басталады, көптеген елдерде шаруашылық жүргізудің жеңілдетілген жүйесі арқылы экономикалық өсу байқала бастады.
Арнайы экономикалық аймақтардың құрылу мақсаты:
* Инвестиция тартуға жағымды жағдайларды қалыптастыру;
* Аудандарды дамытуды жеделдету;
* Нарықтық инфрақұрылым мен кәсіпкерлікті дамыту жағдайларын қалыптастыру;
* өндіріс пен сауда, қазіргі жетілген технологияларды, әлемдік озық тәжірибелерді пайдалану.
Арнайы экономикалық аймақ - капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.
Арнайы экономикалық аймақтар алғашқы сатыда жеңіл және тамақ өнеркәсібіне бағытталды, бұл салалар капитал салымдарын айтарлықтай қажет етпейді және нәтижесін тез көрсетеді. Сонан соң арнайы эконмикалық аймақтардың дамуы басқа салалардан да көріне бастады, оның ішінде шикізаттық сектор да көрініс тапты. Айта кету керек, құқықтық режимдегі айырмашылық елдің басқа аймақтарымен салыстырғанда аталған аймақтарда басқаша. Бұл айырмашылықтар жеңілдіктерде, елдің қалған территориясындағы шектеулерде, мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын құқықтық реттеуден көрінеді.
Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуына сай көптеген арнайы экономикалық аймақтарға тән құқықтық реттеудің төмендегідей механизмдері бар::
* Белгілі жағдайларға сәйкес белгіленген мерзімде инвесторларды толық және ішінара салықтан босату;
* өнім шығару, құрылғылар мен шикізаттар тасымалын кедендік төлемдерден босату, бұл принцип қазір кеңірек қолданылады, арнайы экономикалық аймақтар кедендік территория ретінде қарастырылмайды.
* Либералдық валюталық режим, шетелдік инвесторлар табысына валюталық және салықтық шектеулердің жоқтығы;
* Тіркеу, есептілік және басқа да нысандардың жеңілдетілуі;
* Сәйкес өкілеттілік шеңберінде аймақта арнайы басқару органдарын құру;
* Ғимарат пен жерді жалдауға, әртүрлі қызмсеттерге жеңілдетілген тариф; -Аймақтағы іскерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыру.
Еркін кеден аймағы -- бұл тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар, салықтар алынбастан, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбастан шетелдік және қазақстандық тауарлар арнайы экономикалық аймақтың тиісті аумақтық шекараларында орналасатын және пайдаланылатын кедендік режим.
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етілетін тауарлар. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті тауарларды, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, арнайы экономикалық аймақ аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыруға рұқсат етіледі. Арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін қажетті тауарлардың тізбесі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес бекітілетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленеді. Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен жүргізілетін операциялар.
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлармен операциялар арнайы экономикалық аймақ туралы ережемен белгіленген тізбе бойынша жасалады. Тауарлардың еркін кеден аймағының кедендік режимінде болу мерзімі. Арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеген жағдайда тауарлар мерзімдері шектелместен еркін кеден аймағының кедендік режимінде бола алады.
Арнайы экономикалық аймақ таратылған жағдайда, қайта өңдеу жөніндегі операциялар жүргізілген және арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына жету үшін пайдаланылған тауарларды қоспағанда, бұрын еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалған арнайы экономикалық аймақты тарату рәсімдерін жүзеге асыру мерзімі ішінде өзге кедендік режимге мәлімделуге тиіс.
Арнайы экономикалық аймақтарда Қазақстан Республикасының кеден заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар. Кеден органдары арнайы экономикалық аймақ аумағындағы еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарларды кедендік бақылауды жүзеге асырады.
Арнайы экономикалық аймақтардағы тауарлардың есебін жүргізу
Арнайы экономикалық аймақтарда қызметін жүзеге асыратын тұлғалар еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылған тауарлардың және олармен жүргізілген операциялардың есебін жүргізеді және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден органдарына олар туралы есептеме ұсынады.
Кедендік баждар, салықтар алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану
1. Шетелдік тауарларды еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастыру кезінде импортталатын тауарлардан акциз алуды қоспағанда, кедендік баждар және салықтар алынбайды және тауарлар қауіпсіздігі жөніндегі талаптардан басқа, тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының кеден аумағының қалған бөлігіне әкету кезінде мәлімделген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждар және салықтар алынады және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимінің шарттары мен талаптарын сақтай отырып, қазақстандық тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігінен арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтың аумағынан Қазақстан Республикасының қалған кедендік аумағының бір бөлігіне әкету кезінде кедендік баждар және салықтар алынбайды және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды. Көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкету таңдалған кедендік режимнің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар кедендік төлемдер және салықтар алу мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс орналасқан деп қарастырылады.
4. Тауарлардың арнайы экономикалық аймақтың аумағынан шығуы тауардың шыққан жері туралы сертификатпен расталады. Көрсетілген сертификат болмаған жағдайда, тауар:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге әкету кезінде кедендік әкету баждарын алу және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында -- қазақстандық тауар ретінде;
2) Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне әкелу кезінде кедендік әкелу баждарын және салықтарды алу, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мақсатында - шетелдік тауар ретінде қаралады.
Еркін кеден аймағының кедендік режиміне тауарларды кедендік ресімдеудің ерекшеліктері
1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына әкелінетін және еркін кеден аймағының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар, сондай-ақ өздеріне қатысты еркін кеден аймағының кедендік режимі өзгертілетін тауарлар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен кедендік ресімдеуге жатады.
2. Еркін кеден аймағының кедендік режимі өзге кедендік режимге өзгертілген жағдайда шетелдік тауарларды кедендік ресімдеу, тарифтік емес реттеу шараларын қолдану, кедендік баждарды және салықтарды төлеу таңдалған кедендік режимнің шарттары мен талаптарына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте қолданылатын (пайдаланылатын) тауарларға қатысты тауарлардың кедендік құны Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгіленген қолдану (пайдалану) уақыты ішіндегі амортизация нормаларын ескере отырып, еркін кеден аймағының кедендік режиміне сәйкес айқындалады.
Еркін кеден аймағының кедендік режимінің аяқталуы
Еркін кеден аймағының кедендік режимі:
1) тауарларды өзге кедендік режимде кедендік ресімдеумен;
2) тауарлармен қайта өңдеу жөніндегі операциялар жасалған және алынған тауарлар арнайы экономикалық аймақ құру мақсатына қол жеткізу үшін пайдаланылған жағдайда аяқталады.
Қазіргі кезде Қазақстанда арнайы экономикалық аймақтардың дамуы жаңа сатылардан өтуде. 2000ж 28 шілдеде Астана қаласының арнайы экономикалық аймағының жағдайлары жеңілдетілді. ҚР арнайы эконмикалық аймақтар туралы заңына өзгерістер енгізіліп, жаңа типтегі арнайы экономикалық аймақ - Астана-жаңа қала арнайы экономикалық аймағы құрылды. Қазір осы аймақтармен қатар Ақтау теңіз порты арнайы экономикалық аймағы қызмет етуде.
Теңіз көлігі қызметінің әртүрлі аспектілері бар, олар - техникалық, технологиялық, ақпараттық, экономикалық, құқықтық және т.б.. Алайда, теңіз порттарының көлік жүйесіндегі қызметінің негізінде көлік дамуының бағыттарын, көліктің белгілі-бір түрінің қолданылу қажеттілігін, көлік кешенінің қызмет ету тиімділігін анықтайтын экономикалық процестер тұрады. Осы бөлімде теңіз көлігінің экономика саласы ретіндегі негізгі экономикалық сипаттамалары қарастырылған және оның қызметін бағалайтын көрсеткіштер келтірілген.
Сонымен бірге теңіз және басқа көлік, кәсіпорындар, аймақтар мен елдер арасында тасымалды жүзеге асыра отырып, экономикаға едәуір әсер етеді. Көліктің қоғам өміріне әсері әртүрлі және көпжақты. Ол өндіріс пен тұрғындардың орналасуындағы, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру және өмір сүруін өзгертудегі географиялық және құрылымдық алға жылжуға әсер етеді. Халықаралық еңбек бөлінісін қамтамасыз ете отырып, әлемдік экономикада, мәдениетте және халықаралық қатынастарда ірі өзгерістерге әкеледі.
Қазақстан көлігі экономиканың маңызды саласы болып табылады және оның келесі түрлері бар: теміржол, теңіз, өзен, әуе, автомобиль, құбыр желісі. Көліктің негізгі міндеті- қызмет көрсетуді жақсарта және уақтылы жеткізе отырып, қажетті көлемде және бағыттарда жүк пен жолаушы тасымалына деген әлеуметтік және экономика салаларының қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету.
Су (теңіз және өзен) көлігі Қазақстанның біртұтас көлік жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Қазақстан территориясы бойынша елдің поселоктары мен ауылдарын, қалаларын қосып отырған отандық көлік коммуникациялары болып табылатын өзендер ағып жатыр. Сол себепті, тек қана экономикалық емес, сондай-ақ географиялық жағдайларға байланысты су көлігі Қазақстан Республикасының халықаралық және ішкі экономикалық байланыстарын қамтамасыз етуші маңызды фактор болып табылады.
Сондай-ақ теңіз флоты аралас өзен-теңіз жүзу кемелерін пайдалана отырып, коммуникацияларды белсенді түрде игеруде екендігін айта кету қажет.
Қазақстанның су көлігі келесі негізгі міндеттерді шешеді:
* елдің әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялауға бағыттауды жүргізуге байланысты соңғы жылдары ерекше маңызға ие болған, теңіз сыртқы сауда тасымалдарды қамтамасыз ету;
* тұрғындар миграциясы мен әртүрлі жүк тасымалы қажеттілігі күрт артатын жаз мезгілінде ішкі жүк және жолаушы тасымалын қамтамасыз ету;
* жүктің ірі партияларын тасымалдауға қабілетті іс жүзіндегі жалғыз көлік түрі болып табылатын Каспий аймағында көлік қызметін көрсету;
* ел бюджетіне валюталық кірістерді ұлғайту; әскери-теңіз флотының стратегиялық резерві ретінде елдің қорғаныс қабілетін күшейту.
Теңіз көлігі жүзеге асыратын жүк тасымалдауды теңіз тасымалы деп атайды. Теңіз тасымалдары әдетте аралас теңіз бассейндерінде немесе жүк экспорты және импортын қамтамасыз етуші сыртқы-сауда тасымалдарына бөледі. Қазіргі кедегі бүкіл әлем бойынша теңіз көлік құралдарымен бір жылда тасымалданған жүк көлемі көліктің қалған түрлерінің барлығымен тасымалданған біржылдық жалпы жүк көлемінен артық. Теңіз порттарының әлемдік жүк айналымы тұрақты түрде өсуде. Әлемдік тасымалдар өсуінің болжамы келесі көрсеткіштермен сипатталады: 1980 ж. - 5 млрд.т, 1990ж. - 7 млрд.т, 2000ж. - 10 млрд. т, 2008 ж. - 35-45 млрд.т.
Әлемдік теңіз тасымалында мұнай, темір кені, бидай, көмір, минералды тыңайтқыштар , табиғи газ және басқа жүктердің тасымалы үздіксіз өсуде.
Әлемдік сауда коньюктурасының өзгеруіне байланысты теңіз көлігімен тасымалданатын жүктердің құрамы да өзгереді. Сондықтан соңғы кезде теңіз порттарындағы әлемдік жүк айналымында газ, мұнай, мұнай өнімдері, химиялық және контейнерлік жүктер үлесі артып келеді. Мұнай мен мұнай өнімдеріне жалпы тасымалданатын жүк көлемінің 55%, темір, көмір, астық, тыңайтқыштар 20% -ға жуық, басқа да жүк түрлері - 25% үлес салмағы тиесілі.
Теңіз көлігін сыртқы сауда тасымалында негізгі көлік ретінде пайдалану теңіз көлігінің экономикалық маңыздылығын ғана емес, саяси маңыздылығын да айқындайды. Теңіз көлігі әр түптегі континенттер мен аралдарда орналасқан елдер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Авиация саласының қаншама қарқынды дамуына қарамастан, ол қазір де жақын болашақта да жүк тасымалындағы, әсіресе массалық жүктерді тасымалдаудағы теңіз көлігін алмастыра алмайды.
Теңіз көлігі темір жол және автомобиль көлігімен салыстырғанда экономикалық та экологиялық та жағынан тиімді. Су жолдары форс-мажорлық оқиғаларда барынша қауіпсіз.
Кез - келген көліктің қызмет етуінің негізгі көрсеткіші ретінде жүктердің межелі жерге, көзделген орынға жеткізілу жылдамдығы саналады. Темір жол көлігі мен теңіз көлігі арқылы жүк тасымалын салыстыратын болсақ, тасымалдау қашықтығы мен жеткізілу орнын ескеру қажет. Егер жүк Еуроапдан Үнді мұхиты арқылы Суец каналымен Жапонияға тасымалданатын болса бұл жүктің Транссібір магистралы арқылы тасымалдану ұзақтығы 2 есе аз уақыт алады, бұл жерде аталған жүкті теміржол арқылы тасымалдау артықшылығы көрініп тұр.
Теңіз көлігі тау-кен, көмір, мұнай өндірісі, алтын өндірісі сияқты өндірістің басқа да салаларындағы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Теңіз порттары теңіз көлік жүйесін құраушы негізгі элемент болып табылады. Теңіз порттары төмендегідей болып бөлінеді:
- Теңіз сауда порты; -- Теңіз балық порты;
- Теңізге мамандандырылған порт.
Теңіз порттарының қызмет ету аясындағы назар аударатын басты мәселе ол теміржол және автокөлік, кей жағдайда құбыр көліктері қиылысатын көлік желісі болып табылатын порттардың қалыпты қызмет етуі үшін екі арада құрлық арқылы қатынас жолдары болу қажет. Құрамында аумақтық сұрыптау станциялары мен парктерден басқа сұрыптау порт станциялары, тиеу-түсіру және байланыс жолдары кіретін теміржол құрылғылары маңызды роль атқарады. Сұрыптау порт станциялары портқа келетін және порттан кететін отарбаларды қайта құру үшін қызмет етеді. Порт станциялары порт территориясынан тыс, бірақ портқа тікелей байланысты жақын жерге орналасады. Шет елдерде бірнеше аудандардан тұратын жүк көлемі көп аса ірі порттарда аудандық станциялар мен парктер орналасады, олар жүк майдандарына тікелей байланысты жақын жерлерге орналастырылады.
Жолаушы-жүк операцияларын қамтамасыз етуге арналған негізгі элементтерден басқа порт шегінде келесі қосымша элементтер болуы тиісті: бункерлік және құрылыс базалары, техникалық, қызметтік және резервтік флот тұрақтары, кеме жөндейтін кәсіпорындар причалдары мен портқа негізделетін жағалау ұйымдарының объектілері және көлік кемелеріне қызмет көрсету объектілері.
Әлемдік тәжірибеде теңіз порттары қызмет етуі мен мақсатына, кемелерге қызмет көрсету аудандарына, елдің халық шаруашылығындағы роліне, жүк айналымына, кеме айналымына, мамандандырылуына, қызмет түрлері және басқа да технико-экономикалық критерийлерге, яғни географиялық орналасуы мен портқа тапсырылған тереңдікті қамтамасыз ету әдістеріне байланысты жіктеледі.
Теңіз көлік порттарын технико-экономикалық критерийлер бойынша зерттеудің біртұтас жіктемесі критерийлердің көптігі мен кеме жүрісінің даму қарқынының жоғарылауымен байланысты порт функцияларына айтарлықтай әсерін тигізіп, жіктеудің барған сайын жаңа түрлерін пайда болдыруда.
Әртүрлі елдерде айтылған жіктемеге әр түрлі критерийлер негіз болады: Англияда порт деңгейі елдегі барлық порттар бойынша жүк айналымындағы үлес салмағына байланысты анықталса, Норвегияда қабылданатын кемелер типтерінің мөлшеріне, Польшада жүк айналымы мен кеме айналымының ара қатынасымен анықталатын порттың мәніне байланысты.
Жоғарыдағы сызбада көрсетілгендей шаруашылық қызметтің түрі ретінде екі ішкі жүйе ретінде қарастыруға болады: жалпы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz