Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО-тың атқарушы органы ретінде
Орындаған: Иргебекова Ф. Б. -сырттай бөлім, 3-курс
Тексерген: Адилгазы Серикхан
Алматы 2017ж
МАЗМҰНЫ:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1. Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі және өкілеттілігі;
2. 2. Комиссялық кеңес және комиссия алқа;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) - Еуразиялық экономикалық одақтың тұрақты әрекет ететін реттеуші органы. 2012 жылғы 2 ақпаннан бастап әрекет етуін бастаған.
Еуразиялық экономикалық комиссияның негізгі мақсаты - ЕАЭО әрекет етуінің және дамуының шарттарын қамтамасыз ету, одан әрі интеграция саласындағы ұсыныстарды әзірлеу.
Қазіргі уақытта ЕЭК құрамында бес ел ұсынылып отыр: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы. ЕЭК басқарудың ұлттық органы ретіндегі мәртебеге ие және кез келген ұлттық үкіметтердің мүделерін өз шешімі ретінде айғақтамай, өз төңірегінде еуразиялық экономикалық интеграция жобасында жалпы мүше мемлекеттердің мүдделерін басшылыққа алады. Комиссияның шешімдері ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында орындалуға міндетті болады.
ЕЭК құру жайлы шешімнің негізінде төрт мемлекет бірге жаһандағы тұрақсыздықтың жағымсыз салдарын төмендетіп қана қоймай, сонымен бірге, сыртқы нарықта өздерін белсенді танытатындығын ұғынуы жатыр. Еуразиялық экономикалық одақ бірлестіктің мақсаттарын қолдайтын және талап етілген міндеттемелерді қабылдауға дайын басқа да, мемлекеттерді қабылдауға ашық.
Комиссияның аса маңызды артықшылығы - барлық қабылданған шешімдердің алқалы негізде қабылданатындығында. Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы 10 мүшеден (әр мүше мемлекеттен Комиссияның 2 Алқа Мүшесінен (Министрден) тұрады, соның ішіндегі біреуі Комиссия Алқасының Төрағасы болып табылады.
Алқаның Төрағасы және Алқаның өкілеттіктерін ықтималды түрде ұзарта отырып мемлекет басшыларының деңгейінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кенестің шешімімен 4 жылға тағайындалады. Алқа дауыс беру арқылы шешім қабылдайды.
ЕЭК қызметі Алқа мүшелері (Министрлер) жетекшілік ететін функционалдық бағыттар бойынша құрылған. Әрбір бағыт салалардан құралған блоктан және экономикалық қызметтің саласын ұсынады. Алқа мүшелері мен ЕЭК департаменттері өз қызмет бағыттарының шеңберінде уәкілетті ұлттық билік органдарымен өзара әрекеттесіп отырады.
Қазіргі сәтте ЕЭК құрылымында 23 департамент әрекет етеді. Олардың қарамағында ЕЭК Алқасына ұсыныстарды әзірлеу және уәкілетті ұлттық билік органдары өкілдерімен консультациялар жүргізу мақсатымен 20 Консультативтік комитет құрылды. Өздерінің қызмет бағыттарына сәйкес Алқа мүшелері (Министрлер) комитеттердің төрағалары болып табылады.
Өз жұмысында Комиссия негізгі серіктестермен жан-жақты диалогтар жүргізуді қолдап отырады. Диалогтың алғашқы деңгейі - мемлекетаралық, шешімдерді әзірлеу және қабылдау үдерісінде ұлттық билік органдарымен тиімді өзара әрекеттесудің құрылуын көздейтін деңгей. Диалогтың екінші деңгейі - бизнес-қоғамдастықпен жұмыс жасаудың тікелей нысаны.
ЕЭК қызметінің негізгі кәсіби қағидаттары - саясатқа кірістірмеу, мүдделер тепе-теңдігі, тиімділік және айқындық болып табылады.
ЕЭК еуразиялық қоғамдастықтың қызметін ұсыну және еуропалық әрі азия-тынық мұхиты аймақтарындағы негізгі серіктестерді интеграциялық үдерістерге кірістіру мақсатымен халықаралық аренадағы белсенді көзқарасын ұстанып отыр.
2. 1. Еуразиялық экономикалық комиссияның қызметі және өкілеттілігі;
Комиссияның негізгі міндеттері Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істеу және даму жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі экономикалық интеграция саласында ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Комиссия өз қызметін:
1) өзара пайданы, тең құқықты және мүше мемлекеттердің ұлттық мүдделерін есеп алуды қамтамасыз ету;
2) қабылданатын шешімдердің экономикалық негізділігі;
3) ашықтық, жариялылық және объективтілік қағидаттары негізінде жүзеге асырады.
3. Комиссия өз қызметін осы Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда көзделген өкілеттіктер шегінде:
1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
2) кедендік реттеу;
3) техникалық реттеу;
4) санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар;
5) кедендік әкелу баждарын есепке алу және бөлу;
6) үшінші елдерге қатысты сауда режимдерін белгілеу;
7) сыртқы және өзара сауда статистикасы;
8) макроэкономикалық саясат;
9) бәсекелестік саясаты;
10) өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары;
11) энергетикалық саясат;
12) табиғи монополиялар;
13) мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алу;
14) көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы және инвестициялар;
15) көлік және тасымалдау;
16) валюта саясаты;
17) зияткерлік қызмет нәтижелерін және тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді дараландыру құралдарын күзету және қорғау;
18) еңбек көші-қоны;
19) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы) ;
20) Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда айқындалған өзге де салаларда жүзеге асырады.
Комиссия өз өкілеттіктерінің шегінде Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттардың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Комиссия Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттардың, Жоғары кеңес пен Үкіметаралық кеңес шешімдерінің депозитарийі функцияларын атқарады.
Жоғары кеңес Комиссияға Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық шарттарға қол қою құқығын беруі мүмкін.
Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында және шешімдер қабылдау Комиссияның құзыретіне жататын жекелеген мәселелер бойынша консультациялар өткізу үшін Комиссия консультациялық органдар құруға құқылы.
Комиссия өзі қарайтын мәселелер бойынша Тараптардың позициясын сұратуға құқылы. Позицияны беру туралы сауал Тараптардың үкіметтеріне жіберіледі. Комиссияның мүше мемлекеттердің атқарушы билік органдарынан, заңды және жеке тұлғаларынан Комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты сұратуға да құқығы бар. Құпия ақпаратты қамтитын сұрауларды қоспағанда, Комиссияның заңды және жеке тұлғалардың мекенжайына жіберген сұрауларының көшірмелері бір мезгілде мүше мемлекеттің уәкілетті органына жолданады. Егер Шартта өзгеше белгіленбесе, позицияны немесе ақпаратты беру туралы сауалды Комиссияның атынан Комиссия Алқасының төрағасы немесе мүшесі жібереді.
Тараптардың атқарушы билік органдары олардан сұратылған ақпаратты өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға жатқызылған мәліметтерді немесе таратылуы шектеулі мәліметтерді қамтымайтын ақпарат болған жағдайда, оны Регламентте белгіленген мерзімде беруді қамтамасыз етеді.
Мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияға немесе таратылуы шектеулі мәліметтерге жатқызылған ақпаратты алмасу тәртібі Одақ шеңберіндегі жекелеген халықаралық шарттарда белгіленеді.
Комиссия Одақтың бюджетін құрастыруға және оның орындалуы туралы есепті дайындауға жауапты, Комиссияның бюджеттік сметасы қаражатына билік жүргізуші болып табылады.
Комиссия заңды тұлға құқығын пайдаланады.
Комиссия Комиссия Кеңесінен және Комиссия Алқасынан тұрады. Комиссия Кеңесі және Комиссия Алқасы қызметінің тәртібі Жоғары кеңес бекітетін Еуразия экономикалық комиссиясының жұмыс регламентімен (бұдан әрі - Регламент) реттеледі.
Комиссия Кеңесі құрылымдық бөлімшелер (бұдан әрі - Комиссия департаменттері) құруға құқылы.
Комиссия өз өкілеттіктері шегінде нормативтік құқықтық сипаттағы және мүше мемлекеттер үшін міндетті шешімдерді, ұйымдастыру-өкімші сипаттағы өкімдерді және міндетті емес сипаттағы ұсынымдарды қабылдайды.
Комиссия шешімдері Одақ құқығына кіреді және мүше мемлекеттердің аумағында тікелей қолданылады.
Комиссияның шешімдерін, өкімдері мен ұсынымдарын Шартта белгіленген өкілеттіктер шегінде және Шарт пен Регламентте көзделген тәртіппен Комиссия Кеңесі және Комиссия Алқасы қабылдайды.
Комиссия Кеңесі мен Комиссия Алқасының өкілеттіктері мен функцияларын ажырату Регламентте айқындалады.
Комиссияның кәсіпкерлік қызметпен айналысу шарттарына әсер етуі мүмкін шешімдері осындай шешім жобаларының реттеуші әсерін бағалау жүргізу нәтижелері ескеріле отырып қабылданады.
Комиссияның көрсетілген шешімдері жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімін өткізу тәртібі Регламентте айқындалады.
Егер Шартта және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Комиссия шешімдері ресми жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2. 2. Комисся Кеңесі және Комиссия Алқасы;
Комиссия Кеңесі-Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді жалпы реттеуді, сондай-ақ Комиссия қызметіне жалпы басшылық жасауды жүзеге асырады.
Комиссия Кеңесіне әрбір мүше мемлекеттен өз мемлекетінің заңнамасына сәйкес қажетті өкілеттіктер берілген үкімет басшысының орынбасары болып табылатын бір-бір өкіл кіреді.
Мүше мемлекеттер Комиссия Кеңесіндегі өкілі туралы бірін-бірі, сондай-ақ Комиссия Алқасын Регламентте белгіленген тәртіппен хабардар етеді.
Комиссия Кеңесі мынадай функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады:
Комиссия қол қоятын халықаралық шарттардың жобаларын Жоғары кеңестің мақұлдауына енгізеді;
Еуразиялық экономикалық одақтың қызметін құқықтық реттеуді жетілдіру жұмыстарын ұйымдастырады;
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі интеграцияның негізгі бағыттарын Жоғары кеңестің бекітуіне енгізеді;
Одақ құқығын құрайтын халықаралық шарттардың орындалуына мониторинг және бақылау жүргізу туралы мәселені қарайды; Үкіметаралық кеңестің қарауына құжаттар жобаларының реттеуші әсерін бағалау рәсімдерін жүргізу мониторингі туралы жыл сайынғы есепті енгізеді; Комиссия Алқасы Төрағасының ұсынуы бойынша Комиссия департаменттерінің тізбесін, оларды құрылымы мен штат санын, сондай-ақ олардың Комиссия Алқасы мүшелерінің арасында бөлуді бекітеді; Комиссияның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің біліктілік талаптарын бекітеді; Еуразиялық экономикалық одақтағы әлеуметтік кепілдіктер, артықшылықтар мен иммунитеттер туралы ережеде көзделген негіздемелер бойынша Комиссия қызметкерлерінен артықшылықтар мен иммунитеттерді алу туралы шешім қабылдайды. Одақ бюджетін мақұлдайды;
Комиссия Алқасы мүшелеріне және Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне еңбекақы төлеу тәртібін мақұлдайды; Комиссия департаменттерінің жалпы шекті штат санын мақұлдайды; Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру және дамыту жөніндегі жоспарын бекітеді;
Шартта көзделген Комиссия департаменттеріне мүше мемлекеттер азаматтарының жұмысқа орналасу құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Комиссия Кеңесі жанынан этика жөніндегі комиссияны құрады және оның ережесін бекітеді;
Комиссия Алқасына тапсырмалар береді; Шартқа, Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға және Регламентке сәйкес өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Комиссия Кеңесінің немесе Комиссия Алқасының шешімін қабылдау алдында Комиссия Кеңесі Комиссия Алқасының осы Ереженің 44-бабына сәйкес құрылған консультациялық орган шеңберінде консультациялар өткізу міндетті болатын мәселелерді айқындауға құқылы.
Комиссия Кеңесінің отырыстары Регламентке сәйкес өткізіледі. Комиссия Кеңесінің кез келген мүшесі Комиссия Кеңесі отырысын өткізуге бастамашы бола алады, сондай-ақ Комиссия Кеңесі отырыстарының күн тәртібіне ұсыныстар енгізе алады.
Комиссия Кеңесінің отырысына Комиссия Кеңесінің барлық мүшелері қатысса, ол заңды болып есептеледі. Комиссия Кеңесі отырыстарына Комиссия Алқасының Төрағасы, сондай-ақ Комиссия Кеңесінің шақыруы бойынша Комиссия Алқасының мүшелері қатысады. Комиссия Кеңесінің мүшелері Комиссия Кеңесінің отырыстарына Тараптардың өкілдерін және өзге де тұлғаларды шақыра алады.
Комиссия Кеңесі отырыстарына үшінші мемлекеттердің өкілдері осы Шартта айқындалған тәртіппен және жағдайларда қатыса алады.
Комиссия Кеңесіне төрағалық ету осы Шарттың 8-бабының 4-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Комиссия Кеңесі төрағасының өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, қалған мерзімде Комиссия Кеңесі Төрағасының өкілеттіктерін төрағалық етуші мүше мемлекеттен Комиссия Кеңесінің жаңа мүшесі жүзеге асырады.
Комиссия Алқасы Комиссияның атқарушы органы болып табылады.
Комиссия Алқасы Алқа мүшелерінен тұрады, олардың біреуі Комиссия Алқасының Төрағасы болып табылады.
Комиссия Алқасы мүше мемлекеттердің тең өкілдігі қағидатын негізге ала отырып, мүше мемлекеттер өкілдерінен қалыптастырылады.
Комиссия Алқасының сандық құрамын және Комиссия Алқасы мүшелері арасындағы міндеттерді бөлуді Жоғары кеңес айқындайды.
Комиссия Алқасы Комиссия департаменттеріне басшылық жасайды.
Комиссия Алқасының мүшесі өзі өкілдік ететін мүше мемлекеттің азаматы болуға тиіс.
Комиссия Алқасының мүшелері мынадай талаптарды қанағаттандыруға тиіс: лауазымдық міндеттерге сәйкес кәсіби дайындығы (біліктілігі) болуға, сондай-ақ лауазымдық міндеттер бейіні бойынша еңбек өтілі 7 жылдан кем болмауға, оның ішінде Тараптардың мемлекеттік органдарында кем дегенде 1 жыл басшылық лауазымда жұмыс істеуге тиіс.
Комиссия Алқасының мүшелерін Жоғары кеңес өкілеттіктерін ұзарту мүмкіндігімен 4 жыл мерзімге тағайындайды.
Комиссия Алқасының төрағасын Жоғары кеңес ротация негізінде мерзімін ұзарту құқығынсыз 4 жыл мерзімге тағайындайды. Ротация мүше мемлекеттің орыс тілінің әліпбиі тәртібіндегі атауы бойынша кезекпен жүзеге асырылады.
Комиссия Алқасының мүшелері Комиссияда тұрақты негізде жұмыс істейді. Комиссия Алқасының мүшелері өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз және мүше мемлекеттердің билік органдарынан немесе ресми тұлғаларынан сұрата алмайды немесе нұсқаулар ала алмайды.
Комиссия Алқасы мүшелерінің мүше мемлекеттермен халықаралық қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау механизмі Жоғары Кеңес бекітетін Одақтың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру тәртібіне сәйкес айқындалады.
Комиссия Алқасы мүшелерінің өз өкілеттіктері қолданысының барлық мерзімінде бұл жұмысты оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа жұмыспен қоса атқаруға немесе өзге ақылы қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
Алқа мүшелері:
1) коммерциялық ұйымды басқару органының қызметіне ақылы негізде қатысуға;
2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға;
3) лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйақылар (сыйлықтар, ақшалай сыйақылар, несиелер, көрсетілетін қызметтер, ойын-сауық төлемдерін, демалыс, көлік шығыстарын және өзге де сыйақылар) алуға құқылы емес. Хаттамалық іс-шараларға, қызметтік іссапарларға және басқа да ресми іс-шараларға байланысты Комиссия Алқасының мүшесі алған сыйлықтар (символдық сыйлықтарды қоспағанда) Комиссияның меншігі болып танылады және Комиссияға акт бойынша тапсырылады. Алынған сыйлықты тапсырған Комиссия Алқасының мүшесі Комиссия Кеңесі бекіткен тәртіппен оны сатып ала алады;
4) жеке және заңды тұлғалар есебінен лауазымдық міндеттерін атқаруға байланысты сапарларды жүзеге асыруға;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz