Тауарларды Арнайы экономикалық аймақның кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: Тауарларды Арнайы экономикалық аймақның кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде тыйым салулар мен шектеулер

Орындаған: Иргебекова Ф.Б.-сырттай бөлім,3-курс
Тексерген: Адилгазы Серикхан

Алматы 2017ж
Мазмұны:
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу;
2.2. Арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібі, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары;
2.3. Арнайы кедендік рәсімнің қолданылуын аяқтау тәсілдері мен тәртібі;
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Тауар және көлік құралдарын кедендік бақылау және кедендік рәсімдеудің мазмұны. Кеден территориясы және кеден шекарасының түсінігi. Кеден бақылауын ұйымдастырудың негізгі қағидалары. Кедендік бақылаудың объектілері. Кедендік бакылаудың субьектілері. Тауарлар мен көлік құралдарын декларациялау.
Кедендік рәсімдеуді ұйымдастыру. Кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеудің орны және уақыты. Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасына орналастыру. Кеден бақылау аймақтары.
Алдын-ала шешімдер. Алдын-ала операцияларды қолданудың мәні және тәртібі. Декларацияларды беру мерзімдері. Кедендік рәсімдеуді жүзеге асырудың алдын ала операциялары. Тауарларды кеден бакылауымен кіргізу. Кеден органдарымен алдын ала шешімдерді қабылдау.
Тауарларды кіргізуге және шығаруға шектеу, тыйым салу. Kейбіp мемлекеттер үшін тыйым салу мен шектеулер.
ТМД және Кеден Одағына қатысушы мемлекеттерге тауарлардың кедендік бақылауын ұйымдастыру. Кедендік бақылаудың жеңілдетілген түрі. Кедендік тексеруден босату.

2.1. Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларға салық салу
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тауарлар тізбесі бойынша арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсатына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізуге нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынады.
Тауарлар деп еркін кедендік аймақ кедендік рәсімімен орналастырылатын (орналастырылған) және кедендік бақылаудағы тауарлар түсініледі.
Арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде толығымен тұтынылатын тауарларды өткізу кезінде нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымды растайтын құжаттар мыналар болып табылады:
1) қызметін арнайы экономикалық аймақтардың аумағында жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге жасалған шарт (келісімшарт);
2) еркін кедендік аймақ кедендік рәсімі бойынша тауарлар шығаруды жүзеге асыратын кеден органының белгілері бар тауарлар тізбесі қоса берілген тауарларға арналған декларациялардың және (немесе) көліктік (тасымалдау), коммерциялық және (немесе) өзге де құжаттардың көшірмелері;
3) ұйымдардан тауарларды тиеп-жөнелтуді растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері;
4) ұйымдардан тауарларды алуын растайтын құжаттардың көшірмелері.
Арнайы экономикалық аймақтың аумағына өткізілетін тауарларды берушілерге қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органынан растау алынғаннан кейін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде іс жүзінде тұтынылған әкелінген тауарлар бөлігінде жүргізіледі. Арнайы экономикалық аймақтардың аумағындағы салық органының сұратуы бойынша тиісті арнайы экономикалық аймақтың басқару органы беретін арнайы экономикалық аймақты құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың пайдаланылуы туралы құжат растау үшін негіз болып табылады.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына сай келетін қызметті жүзеге асыру кезінде әкелінген тауарлардың іс жүзінде тұтынылуы туралы құжатты береді.
Бюджет шығындарын өтеу мақсаттары үшін қалыптастырылатын қаржылық қамтамасыз ету мынадай тәсілдермен:
ақшамен;
банк кепілдігімен;
кепілдемемен;
мүлік кепілімен;
сақтандыру шартымен жүргізіледі.
Басқарушы компания қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың кез келген тәсілін, оның ішінде екі немесе бірнеше тәсілді біріктіріп қолдану жолымен таңдап алуға құқылы.
Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймақтың аумағындағы салық органына арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген кемінде 205 000 еселік айлық есептік көрсеткішке барабар сомадағы қаржылық қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды ұсынады.
Қаржылық қамтамасыз етуді қалыптастырудың, басқарушы компанияда осындай қамтамасыз етудің болуын растайтын құжаттарды беру тәртібін, сондай-ақ бюджет шығындарын қаржылық қамтамасыз ету қаражаты есебінен өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2.2. Арнайы кедендік рәсімді қолдану тәртібі, оны қолдану ерекшеліктері, тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарттары
Арнайы кедендік рәсіммен орналастырылған тауарлар осы Қағидаларда және КОК № 329 шешімінде белгіленген оларды кедендік рәсіммен орналастыру шарттарына сәйкес қолданылады.
Кеден одағының кедендік аумағынан әкетілетін және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде елшіліктердің, консулдықтар мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар кедендік әкету баждар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Елшіліктердің, консулдықтардың және басқа ресми өкілдіктердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына тауарлар елшіліктердің, консулдықтардың және Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерлерде Кеден одағына мүше мемлекеттердің ресми өкілдіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналғандығы туралы осындай тауарлардың атауы мен саны қамтылған тізбемен қоса, жазбаша растаманы ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының аумағында және осы аумақтан тыс жерлерде орналасқан, олардың әскери дайындығын сақтау, олардың алға қойылған міндеттерін орындауы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орны ауыстырылатын әскери бөлімдері (мекемелері, құралымдары) арасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін қару-жарақ, әскери техника, оқ-дәрілер мен материалдық құралдар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ шектеулер мен тыйымдар қолданылмай арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Қорғаныс саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік кіріс органына жазбаша растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және табиғи зілзала мен өзге де төтенше жағдайлардың алдын алуға және оларды жоюға арналған тауарлар, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдарының төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккен адамдарға тегін үлестіруіне арналған тауарлар және апаттық-құтқару жұмыстары мен басқа шұғыл жұмыстар және құзыретіне төтенше жағдайлардың медициналық-санитариялық салдарларын жою, медициналық эвакуациялауды қоса алғанда, медициналық көмекті ұйымдастыру және көрсету саласындағы мәселелерді шешу кіретін апаттық-құтқару жасақтарының, медициналық қызметтер мен ұйымдардың тұрмыс-тіршілігі үшін қажет тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және Қазақстан Республикасының мүддесінде Қазақстан Республикасы тұлғаларының коммерциялық емес негізде Арктика мен Антарктидада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының осындай ғылыми-зерттеу экспедицияларының қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Тиісті зерттеулерді жүргізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына тауарлардың Қазақстан Республикасының мүддесінде коммерциялық емес негізде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу экспедициясының қызметін қамтамасыз етуге арналғаны туралы растама ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін, кедендік уақытша әкелу (өткізу) рәсімімен орналастырылған және осындай жөндеуден және (немесе) техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін қайтадан әкелінген шетелдік тауарлар кедендік баждар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Күрделі жөндеу және (немесе) жаңғырту мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілетін, кедендік уақытша әкелу (өткізу) рәсімімен орналастырылған және осындай күрделі жөндеуден және (немесе) жаңғыртылғаннан кейін қайтадан әкелінетін шетелдік тауарлар тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, кедендік баждар және күрделі жөндеу және (немесе) жаңғырту құнынан кедендік баждар мен салықтар төлеу арқылы арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Егер осындай жаңғыртудың нәтижесінде Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша тауардың сыныптау коды өзгерсе, жаңғырту мақсатында Кеден одағының кедендік аумағынан тыс әкетілген, уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімімен орналастырылған шетелдік тауарлар арнайы кедендік рәсіммен орналастырылмайды.
Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тауарлар оларды тасымалдау мерзімдері ескеріле отырып, 6 (алты) айдан аспайтын мерзімге арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Уақытша әкелу (өткізу) кедендік рәсімімен орналастырған кезде мемлекеттік кіріс органымен келісілген, кейін сәйкестендіру тәсілі (тәсілдері) бойынша арнайы кедендік рәсім аяқталған кезде осы кедендік рәсіммен орналастырылатын тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігі осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Шет мемлекеттер мен Кеден одағына мүше мемлекеттердің Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін дипломатиялық поштасы мен консулдық вализасы кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Мыналар:
1) мемлекеттік кіріс органына курьер парағын не мәртебесі мен дипломатиялық пошта мен консулдық вализаны құрайтын орын санын көрсете отырып, оны ауыстыратын ресми құжатты ұсыну. Бұл ретте кедендік декларация мен өзге де құжаттарды ұсыну талап етілмейді;
2) дипломатиялық поштаны құрайтын орындарда өткізілетін тауарлардың тиісті сипатына нұсқайтын сыртқы көрінетін белгілердің болуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Дипломатиялық пошта мен консулдық вализа арнайы кедендік рәсіммен орналастырылғаннан кейін мемлекеттік кіріс органының осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды әкету туралы белгісі бар курьерлік парақ немесе оны ауыстыратын өзге ресми құжат осы құжаттарды ұсынған тұлғаға қайтарылады, ал осы құжаттардың көшірмесі осы тауарларды өткізген мемлекеттік кіріс органында қалады.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін және допинг-бақылау мақсаттарына арналған тауарлар кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ тыйымдар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарлар санатына мынадай тауарлар жатады:
допинг-бақылау мақсаттарына арналған биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін тасымалдауға арналған құралды білдіретін:
ішінде әрқайсысының көлемі 3 немесе 5 мл түтіктері бар, тығындармен саңылаусыз жабылған әрқайсысының көлемі 20 мл 1 немесе 2 флаконнан тұратын. Лазер арқылы кодтық нөмірлер салынған флакондар қызғылт сары (А сынамасы) немесе көк (Б сынамасы) түспен немесе әріп белгісі жоқ қара түспен таңбаланған және пенопласт немесе картон контейнерге (өлшемі - 170х140х80 мм) салынған. Флакондар салынған контейнерлер қан тасымалдауға арналған, көлемі 20 литрге дейінгі, ілмектермен тығыз жабылатын қақпағы бар, мата немесе пластиктен жасалған боксты білдіретін тоңазытқыш-сөмкеге салынған;
лазер арқылы кодтық нөмірлер салынған флакондар қызғылт сары А сынамасы) немесе көк (Б сынамасы) түспен таңбаланған және пенопласт немесе картон контейнерге (өлшемі - 170х140х80 мм) салынған, несеп тасымалдауға арналған әрқайсысының көлемі 110 мл құрайтын, 1 немесе 2 саңылаусыз тығындалған флакондардан тұратын жабдық;
Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік аккредиттеген зертханада жабдықтың құрамындағы биологиялық сұйықтықтардың үлгілерін білдіретін, спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялардың болуына одан әрі диагностикалық зерттеуге арналған сынамалар жатады.
Бұл ретте биологиялық сұйықтықтың үлгілері допинг-бақылау өткізу шеңберінде спортшының ағзасынан және (немесе) жануардың ағзасынан алынған қанды және (немесе) несепті білдіреді.
Мемлекеттік кіріс органына жеке басын куәландыратын құжатты, допинг-бақылау инспекторының куәлігін және спортшының ағзасынан және (немесе) жануардың ағзасынан сынамаларды алуға, сондай-ақ сынамаларды Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкетуге тұлғаның өкілеттігін растайтын Қазақстан Республикасының допингке қарсы уәкілетті ұйымының хатын (орыс және ағылшын тілдерінде) ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады. Арнайы кедендік рәсім допинг-бақылау инспекторының Қазақстан Республикасының аумағына кіруі үшін ресімделген визаның қолданылу мерзімі ішінде қолданылуы мүмкін.
Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін және коммерциялық емес негізде Қазақстан Республикасының мүддесінде спорт түрлері бойынша ұлттық және құрама командаларға кандидаттарымен осындай командалардың мүшелеріне емдеу және қалпына келтіру іс-шараларын өткізуге арналған, сондай-ақ жоғары жетістіктер спорты саласындағы ғылыми-зерттеу топтарының, Қазақстан Республикасының жұмылдырылған министрліктерінің тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған шетелдік тауарлар (дәрілік препараттар (дәрілік заттар), арнайы спорттық тағам, тағамға биологиялық белсенді қоспалар) кедендік баждар, салықтар төленбей, сондай-ақ Кеден одағының заңнамасына сәйкес белгіленген тыйым салулар мен шектеулер қолданылмай, арнайы кедендік рәсіммен орналастырылады.
Тиісті зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік кіріс органына Қазақстан Республикасының мүддесінде ғылыми-зерттеу жұмыстары мен қалпына келтіру-емдеу іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жұмылдырылған министрліктерінің ғылыми-зерттеу қызметтерін қамтамасыз етуге арналғаны туралы жазбаша растаманы ұсынуы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тауарларды Кеден одағының кедендік аумағына әкелу, сондай-ақ арнайы кедендік рәсіммен орналастыру шарты болып табылады.
Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін (өткізілген) спорт саймандары мен жабдықтар, ресми халықаралық спорттық іс-шараларды (бұдан әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік құқықтық қатынастар. Кедендік құқықтық қатынастардың мазмұны. Кеден құқығының субъектілері
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Тауарлар импорты және экспорты кезіндегі валюталық бақылау
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Кедендік бақылаудың жетілдіру жүйесі
Тарифтік емес реттеуге жататын тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде
Кедендік бақылау
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері
Кедендiк шекара арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың өту принципi
Пәндер