Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау


Мазмұны:
- Кіріспе. . 2-6
- Ақша қаражаттар бюджеті . . . 6-10
- Ақша қаражаттарының мақсаттық қалдығын анықтау . . . 10-15
- Ақша қаражаттарын басқару әдістері . . . 15-17
- Бағалы қағаздарды басқару17-18
- Ақша қаражаттарын жоспарлаудың жəне талдаудың қолданыстағы тəжірибесі18-30
Қорытынды . . . 31-32
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Менің алғам тақырыбым ол ақша қаражаттарын компания ақша қаражаттарын басқару болып табылады. Бірақ осы тақырыпты бастамас бұрын біз ақша қаражаттарының дегеніміз не екенін анықтап алуымыз керек.
Ақша қаражаттары (cash) - қолма-қол және аударым түрінде шоғырланған (жинақталған) ақша - кәсіпорынның кассасында, банктің есепшотында, бағалы қағаздарда және т. б., олар өтімділіктің ең жоғары деңгейіне ие. Қаржы менеджментінде кәсіпорынның барлық ақша қаражаттары «қолма-қол ақша» деп аталады. Халықаралық практикада ақша құралдарының құрамына тез өтетін бағалы қағаздар сияқты ақша баламалары кіреді.
Ақша қаражаттарының бар болуы келесіні қамтамасыз етеді:
- кәсіпорынның әрі қарай дамуының мүмкіндіктері мен бағыттарын;
- кәсіпорынның сенімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін.
Алынған табыс сомасының түскен ақша қаражаттарының шамасынан айырмашылығы келесіде:
- пайда есептегі ақшалай және ақшалай емес табыстарды көрсетеді;
- пайда мәміле жасағаннан кейін есептеледі;
- пайданы есептеу барысындағы шығындар өнімді өткізгеннен кейін есепке алынады;
- ақша қаражаттарының көптеген ағындары пайданы есептеу барысында көрсетілмейді.
Сондықтан ақша қаражаттарының шамасын зерделеумен бірге олардың қозғалысы мен көздерін де зерделеу қажет. Ол үшін қаржылық есептіліктің міндетті түрі - ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі есебі енгізілген. Бұл есептің негізінде:
- кәсіпорынның ағымдағы төлемқабілеттілігі жөнінде қорытындылар жасалады;
- ақша қаражаттарды басқару бойынша жедел шешімдер қабылданады;
- қаржылық нәтижелер мен ақша қаражаттарының өзгерістері арасындағы сәйкессіздіктер түсіндіріледі.
Ақша қаражаттарының ағыны (cash flow) - олардың пайда болу көздерінен тәуелсіз қаржы ресурстарының түсімі мен шығындарының бірлігі (шығындарды алып тастағанда ақша қаражаттарының түсім сомасы) . Ақша ағындарын талдаудың негізгі міндеті - ақша қаражаттар жеткіліксіздігінің (молдығының, артығының) себептерін табу, олардың түсімдер көздерін және пайдалану бағыттарын анықтау. Ақша қаражаттар ағындарын зерттеу келесілердің талдауын өткізуге мүмкіндік береді:
- өтімділігі мен банкроттық қаупін;
- капитал салымдарын қаржыландыру тиімділігін;
- фирманың өндірістік және қаржылық тәуекелін және оның бағалы қағаздарының инвестициялық сипаттарын.
Ақша қаражаттарының түсімі дивидендтерді төлеу негізі ретінде инвесторларға керек, ал несие берушілерге - қарыздардың қайтаруын қамтамасыз етуі ретінде. Ақша қаражаттарын басқару мақсаты : фирманың (компанияның) дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін оларды жеткілікті деңгейде ұстап тұру. Ақша қаражаттарын басқару саясаты тұрақты төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету және сақтау үдерісінде тиімді пайдалану мақсатында олардың қалдығының жиынтық мөлшерін оңтайландыруда тұрады.
Қаржы менедментінің негізгі мақсаттарын ескере отырып, ақшалай активтерді басқаруды жүзеге асыру процесінде оны басқарудың саясаты дайындалады.
Кәсіпорындағы қаражат қозғалысын жүйелі есепке алу, бақылау және талдау жүргізу, алдағы периодта ағымдағы қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі маңызды болып саналады. Ақша ағымдарын басқарудың негізгі мақсаты - келіп түскен және төленетін ақша қаражат көлемін баланстау арқылы фирманың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін келесі көрсеткіштер маңызды болып келеді: тауаларды сатудан табыс ; табыс; ақша қаражаттар ағымы.
Бұл көрсеткіштердің динамикасының бір жыл аралығында өзгеруі оның белгілі бір уақыт аралығындағы жұмысының нәтижесіне байланысты. Егер төлемсіздік орын алған жағдайда, кәспорынның әр түрлі қызметтерден түсетін ақша қаражаты бірінші маңыздылықты иеленді . Егер ақша ағымының түсуі шығыннан жоғарласа, онда кәсіпорын ағымдағы және перспективасының дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл дегеніміз уақытша бос ақша қаражатын бизнес салаларына сала отырып пайда табу. Ал егер фирма пайда табатын болса, онда оның төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде болады.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттайтын түсініктерге мыналар жатады:
-тауарды(өнімді, жұмысты, қызметті) сатудан түсетін табыс;
-сатудан түсетін табыс;
-әр түрлі қызметтен түсетін қаражаттар:тауарды және басқа мүлікті сатудан түсетін табыс; несие; қарыздар және алынатын аванстар; қаржылық салымдар бойынша дивидендтер, проценттер; мақсатты қаржыландыру;
-Ағымдағы және инвестициялық шығындарды жабуда пайда болатын қаражаттар, мемлекеттік бюджеттік емес қорларға төлемдер, бағалы қағаздар бойынша дивиндентер мен проценттер төлеу және т. б.
Ақша қаражат ағымы - бұл фирманың жоспарланған немесе есеп беру кезеңі аралығында жинақталатын және төленетін ақшалай қаражат көлемі болып табылады. Ақша қаражат ағымын басқару келесі аспектілерді қосады:қаражат қозғалысын есепке алу; барлық қаражат ағымын талдау; ақша қаражат қозғалысын бюджеттік құру; ақша қаражат қозғалысын бюджеттік қолдануға бақылау.
Жалпы, қаржылық ағым және олардың элементтері қаржылық басқарудың объектісі болып табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат оны пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражаттарын және оның эквиваленттерін жасауға бейімділігін бағалауға негіз болады. Ұйымның ақша қаражаттарын және оның эквиваленттерін жасау бейімділігін бағалау пайдаланушыларға экономикалық шешім қабылдау үшін қажет. Ұйымдар ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруді № 7 ХЕҚС сәйкес дайындауға міндетті және оны өзінің қаржылық есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуы тиіс.
Қаржылық есептілікті пайдаланушылар ұйымның ақша мен оның эквиваленттерін қалай жасап, пайдаланатынына мүдделі. Бұл ұйым қызметінің сипатына, ақша ұйымның өнімі ретінде қаралатынына тәуелсіз. Ұйымдардың ақша қаражатарына мұқтаждығы олардың негізгі қызметінің әр түрлі болғандығына қарамастан, бір-бірдей себептерге байланысты. Оларға ақша өз оепрацияларын жүргізу үшін, міндеттемелерін өтеу үшін, өз инвестицияларын табыспен қамтамасыз ету қажет.
Ақша қаражттарының қозғалысы туралы есеп беру қаржылық есептіліктің өзге нысандарымен бірге пайдаланған кезде ұйымның таза активтерінің өзгерісін бағалауға, оның қаржылық құрлымын, ақша қаражаттарының түсу және төлену мерзімдеріне ықпал ету тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін ақпараттарды береді. Сонымен, ақша туралы есеп беру ұйымның есепті кезеңдегі операциялық, инвестициялық қызметінің және қаржыландыру бойынша қызметінің оның ақша қаражаттарына ықпалын көрсетеді. Ол есепті кезеңдегі ақшаның таза өсімін түсіндіреді.
Ақша қаражаттары ұйымның кассасы мен есеп айырысу шотындағы ақшаларын қамтиды. Ақша қаражаттарының эквиваленттері-ақша қаражаттарына оңай айналатын қысқа мерзімді, жоғары ликвидті салымдар. Ақша қаражаттарының қозғалысы - ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің түсуі немесе төленуі. Ағымдағы инвестицияларды немесе нарықтық құнды қағаздарды ақша қаражаттарының эквивалентерімен шатастыруға болмайды. Нарықтық құнды қағаздарды сатып алу ақшаның жұмсалуы, ал сатып алынуы түсуі ретінде көрсетіледі.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру ішкі басқарма үшін, сондай-ақ сыртқы инвесторлар мен несиелер үшін қолданыста болады. Жетекшілік бұл есептілікті ұйымның ликвидтілігін бағалау, дивидедтік саясатын анықтау және инвестиция мен қаржыландыруға қатысты негізгі шешімдерді бағалау үшін пайдаланады. Осылайша, ұйым басшылығы есептілікті қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу үшін қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеу үшін қысқа мерзімді қаржыландыру, дивиденті көтеру немесе азайтуға шешім қабылдау, ұйымның инвестициялық және қаржылық мұқтаждығының жоспарын жасау мақсатында пайдаланады.
Инвесторлар мен несиегерлер есептілікті ұйымның ақша қаражаттарын басқаруға тиімділігін бағалау үшін, болашақта ақшаның түсін айқындау үшін, қосымша қаржыландыруға қажеттілігін анықтау үшін пайдаланады. Сондай ақ олар пайда мен залал туралы есеп берудегі таза пайда мен ақша қаражаттарың таза кірісінің айырмашылығын түсіну үшін пайдаланылады. Сонымен бірге есептілік инвестициялық қызмет пен қаржыландыру бойынша қызметінің ақшалай, сондай-ақ ақшасыз әсерін көрсетеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат оны пайдаланушыларға ұйымның ақша қаражаттарын және оны өзінің қаржылық есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуы тиіс.
Саясатты қалыптастыру кезеңдері .
1. Өткен кезеңдегі ақша қаражаттарын талдау .
Осы талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның төлемқабілеттілігі тұрғысынан ақша қаражаттарының орташа қалдығының деңгейі мен сомасын бағалау. Ақша активтерінің айналым капиталында қатысу дәрежесі мен өткен кезеңде оның динамикасы (өсуі), айналым кезеңі, жеке айлар бойынша төлемқабілеттілігінің деңгейі бағаланады.
2. Ақша қаражаттарының орташа қалдығын оңтайландыру .
Бұндай оңтайландыру алдыңғы кезеңде осы қалдықтың жеке түрлерінің қажет мөлешірін есептеу жолымен қамтамасыз етіледі. Ақша қаражаттарының операциялық қалдығында қажеттілік ағымдағы соманы сипаттайды. Осы соманың есебі операциялық қызмет бойынша жоспарланған ақша айналымы мен ақша қаражаттарының айналым санында негізделеді.
3. Орташа қалдықтың ұлттық және шетел валютада саралауы. Бұндай саралау тек қана сыртқы экономикалық қызмет жүргізетін кәсіпорындарда өткізіледі. Саралау мақсаты: кәсіпорынға қажет валюталық қорларын қалыптастыру үшін ақша қаражаттарға жалпы қажеттілігінен олардың валюталық бөлігін айыру.
4. Орташа қалдықты реттеудің тиімді түрлерін таңдау.
Бұндай реттеу кәсіпорынның тұрақты төлемқабілеттілігін қамтамасыз етуі мен ақша активтер қалдықтарында ең жоғары және орташа қажеттілігін азайту мақсатында өткізіледі. Реттеудің негізгі әдісі - алдағы төлемдер ағынын түзету (әріптестермен алдын ала келісу бойынша жеке төлемдердің мерзімдерін ауыстыру) .
5. Уақытша пайдаланбаған қалдықтың тиімді пайдалануын қамтамасыз ету . Бұл кезеңде сақтау және инфляциядан қорғау үдерісінде баламалы табыстың жоғалу деңгейін азайту бойынша шаралар жүйесі әзірленеді. Осындай шаралар санына келесілер жатады:
- осы қалдықтың орташа сомасы бойынша депозиттік пайызды төлеумен ақша қаражаттарының қалдығын ағымдағы сақтау шарттарын банкімен келісу;
- ақша қаражаттарының сақтандыру және инвестициялық қалдықтарын уақытша сақтау үшін инвестициялаудың қысқамерзімді ақша құралдарын пайдалану (мысалы, банктердегі депозиттік салымдар) .
- резервтер мен пайдаланбаған ақша қалдығын инвестициялау үшін жоғары табысты қор құралдарын пайдалану (мемлекеттік бағалы қағазар), бірақ осы құралдардың қаржы нарығында жеткілікті өтімділігі шартында.
6. Ақша қаражаттарына бақылаудың тиімді жүйелерін құру. Бұндай бақылаудың объектісі кәсіпорынның ағымдағы төлемқабілеттілігін қамтамасыз ететін ақша қаражаттары қалдығының жиынтық деңгейі болып келеді
Ақша қаражаттар бюджеті.
Фирма өзінің қаржылық жоспарын әзірлеу үдерісінде қолма-қол ақша қаражаттарында қажеттілігін бағалайды. Ең алдымен негізгі және айналым құралдарының өзгерісі болжанады. Бұл ақпарат дебиторлық қарыздардағы қаражаттар айналымдылығы, салықтардың дивидендтер мен пайыздардың уақыты мен шамасы туралы болжамымен сәйкестендіріледі. Барлық осы ақпарат ақша қаражаттарының бюджетінде жинақталады. Ақша қаражаттар бюджеті - күтілетін түсімдер мен ақша қаражаттар төлемдерінің толық сметасы, іскерлік белсенділігін болжаудың маңызды элементі болып келеді. Оны бір айда немесе тоқсанда бір рет әзірлейді.
Ақша қаражаттар бюджеті:
- басшылықты болашақ қажеттіліктері немесе ақша қаражаттарының молшылығы туралы ескертеді;
- іскерлік белсенділігінің үздіксіздігіне мүмкіндік береді;
- ресурстарды бөлу туралы шешімдерді қабылдау барысында көмектеседі.
Бұл бюджет ақша қаражаттарының үздіксіз қозғалыс үдерісі болып келетін ақша ағындарының жиынтығын қамтиды.
Ақша ағыны немесе қолма-қол ақша ағыны шаруашылық қызметтің немесе субъектінің жеке операцияларының нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысы болып келеді. Мақсаттарына байланысты ақша ағындары кейбір белгілері бойынша жіктеледі:
I - шаруашылық үдерісін қамтамасыз ету ауқымдары бойынша :
- тұтастай кәсіпорын бойынша немесе жиынтық ақша ағыны;
- кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жеке түрлері бойынша;
- жеке құрылымдық бөлімшелері бойынша;
- шаруашылық операциялары бойынша.
Бұндай жіктеу ақша қаражаттарының кейінгі талдауы үшін қажет.
ІІ. Ақша қаражаттарының қозғалыс бағыты бойынша :
оң - бұл шаруашылық операциялардың нәтижесінде ақша қаражаттардың түсімі.
- теріс - әр түрлі төлемдердің нәтижесінде болған ақша
қаражаттарының жылысуы. Егер түсімдер мен жылысу сомаларының арасындағы айырым оң болса, оны ақша қаражаттарының таза түсімі деп атайды, егер теріс болса, оны ақша қаражаттарының таза жылысуы дейді.
ІІІ. Шаруашылық қызмет түрлері бойынша ақша ағындарын операциялық, инвестициялық және қаржы қызметі бойынша бағалайды.
1. Ақша қаражаттарының негізгі (операциялық) қызметі бойынша қозғалысына түсімдер мен жылысулар жатады. Ақша қаражаттарының негізгі түсу көздері :
- тауарларды сатудан және қызметтерді көрсетуден;
- жалға беруден, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және т. б. табыстар;
- сақтандыру компаниясынан.
Ақша қаражатының жылысу бағыттары :
- тауарлар мен қызмет көрсетулер жеткізушілерге ақша төлемдері;
- кәсіпорын қызметкерлеріне ақша төлемдері;
- салықтарды ақшалай төлеу;
- несиелер мен займдар бойынша пайыздарды төлеу;
- сақтандыру жарналар түрінде сақтандыру компаниясының ақшалай төлемдері. Егер кәсіпорын ақша қаражаттарының негізгі түсімі операциялық қызметпен байланысты болса, оның қызметі оң сипатталады.
2. Инвестициялық қызмет әдетте ақша қаражаттарының жылысуын сипаттайды. Кәсіпорын өндірістік қуаттарын кеңейтіп заман талабына сай келтіріп жатқанда осындай үдеріс байқалады. Инвестициялық қызмет бойынша шығындар операциялық қызметтен түскен түсімдермен жабылады. Табыстардың жеткіліксіздігінде сыртқы көздерді тартып, бұл капитал құрылымының өзгерісіне әкеледі.
Инвестициялық қызмет бойынша ақша қаражаттарының түсу көздері:
- мүліктің, машиналар мен жабдықтардың, материалдық емес және де басқа айналымнан тыс активтердің сатуынан;
- басқа компаниялардың, бірлескен компаниялардың үлестік және қарыз құралдарын сатудан.
Инвестициялық қызметі бойынша ақша қаражаттардың жылысуы:
- мүлікті, машиналарды, жабдықтарды, материалдық емес және басқа айналымнан тыс активтерді сатудан;
- акционерлік капиталға және қарыздық құралдарға қатысты төлемдер;
- ұзақмерзімді қаржылық салымдар.
3. Қаржылық қызмет кәсіпорынның ақша қаражаттарының өсуіне мүмкіндік беруге тиісті. Түсім көздерінде (түсімдерде) банк несиелер (ұзақмерзімді және қысқамерзімді) түрінде капиталдың тартуы, меншік бағалы қағаздарды (акцияларды, облигацияларды және т. б. ) сатуы, лизинг алушылардан лизингтік төлемдердің түсуі көрсетілген. Қаржылық қызмет бойынша ақша қаражаттарының жылысуы:
- дивидендтер, акциялар үшін төлемдер түрінде акционерлерге (құрылтайшыларға) төлемдер;
- кәсіпорынның несие берушілерге төлемдер (негізгі қарызды өтеу) ;
- қаржылық жалға беру бойынша қарызды азайту үшін жалға берушінің ақша төлемдері. Пайыздар мен дивидендтердің қозғалысымен байланысты ағындардың жіктеуі жөнінде біріңғай пікір жоқ. Төленген пайыздар мен алынған пайыздар операциялық ақша ағындары ретінде жіктелуі мүмкін, себебі таза пайда немесе залал анықтамасына түседі. Сонымен бір уақытта - қаржылық ағындары ретінде де (қаржылық ресурстарды тартуға шығындар ретінде) немесе инвестициялық ақша ағындары (инвестицияларға табыс бола келе) .
Қорытындысында - жиынтық ақша ағыны - негізгі, инвестициялық және қаржылық қызметінен ақша ағындарының сомасы. Оны да валюталық бағамның өзгерісіне алынған табысқа түзетеді. Ақша қаражаттарының қозғалыс бюджетін әзірлеу барысында шешімдерді қабылдау негізі - ақша ағындарын талдау. Ақша ағындарының қозғалысын талдаудың міндеттері:
- кәсіпорынның ақша ағындарын қалыптастыру мүмкіндігін бағалау;
- кәсіпорынның барлық есептесулері бойынша өз міндеттерін жабу қабілеттілігін бағалау;
- қаржыландырудың қосымша көздерінде қажеттілігін анықтау;
- ақша қаражаттар түсімдерінің құрылымын талдау;
- жылысулар құрылымының талдауын өткізу;
- түсімдер мен жылысулар араларындағы сәйкессіздіктердің себептерін табу. Шетелде шаруашылық қызметін жүргізетін компаниялар алдын ала бюджетпен бірге «Төлем балансын теңгеде» және «Төлем балансын валютада» әзірлейді (ақша қалдықтары, түсімдер, жылысулар), сонан соң жинақтық жоспарлау кезеңінде бұл көрсеткіштерді ақша қаражаттарының жинақтық бюджетінде біріктіреді. Бұның барысында төлем баланстардың келесі әдістерін пайдаланады:
1. Ақша қаражаттарының төлем/түсім мерзімін ауыстыру .
Бұндай шешім төлем қаражаттарының тапшылығын жабады. Төлем мерзімін ауыстыру үшін бұл шешімді құрылымдық бөлімшемен келісу қажет немесе өздігінен шешім қабылдауға тиісті.
2. Займ қаражаттарын тарту .
- жылдық жоспарлау деңгейінде қарыз қаражаттарының тартуын жоспарлау (сұраныстың мерзімдік құбылуында) ;
- жедел жоспарлау деңгейінде қарыз қаражаттарының тартуын жоспарлау (ағымдағы кассалық «үзілулерді» жабу көзі ретінде) .
Қарыз қаражаттарының тартуын жоспарлау барысында оларды пайдалану тиімділігі анықталуы тиіс. Ол үшін қарыз қаражаттарының тартуы мен қайтаруы негізделеді. Онда есептелетіндер:
- қарыз қаржыларын тарту баламасының қаржылық салдары - шығындарды қысқарту;
- қарыз қаржыларының көлемі мен мерзімі;
- қарыздың негізгі сомасының көздері мен жабу мерзімдері;
- компанияның қаржылық тұрақтылығының болжамдық көрсеткіштері (қарыз қаражаттарын ескере отыра) .
3. Басымдығы төмен баптар бойынша шығындарды қысқарту . («қорғалмаған баптар») . Бұл шешім шығындардың сәйкес бабына жауапты құрылымдық бөлімшемен келісілуге тиісті.
4. Төлем қаражаттарының еркін аударылуымен қосымша қаражаттарды тарту . Бұл бір төлем құралын екіншіге ауыстыру, мысалы, шетел валютасын теңгеге сату немесе кері үдеріс. Бұл әдісті қолдану нәтижесі - бір төлем балансында төлемдердің (шығындардың) көбеюі және түсімдердің (табыстардың көбеюі - екінші төлем балансында. Теңгені долларға аудару бағамы және кері есептесу жолымен қалыптастырылады. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілік ақша қаражаттарының түсуі мен жұмсалуын келесі категорияларға жіктейді:Операциялық қызмет, инвестициялық қызмет, қаржыландыру бойынша қызмет.
Операциялық қызмет - ұйымның табыс әкелуге бағытталған негізгі қызметі. Осы категорияға ақша қаражаттарының түсу ағыны ретінде тауарлар мен қызметтерді сатып алушылардан ақша қаражаттарының түсуі, инвестициялар мен ссудалардан алынған пайыздар мен дивидендтер, сондай-ақ нарықтық бағалы қағаздарды сатудан алынған қаражаттар жатады. Ақша қаражаттарының жұмсалу ағынына еңбекке ақы төлеу, тауарлар мен қызметтер үшін төлемдер, проценттер бойынша төлемдер, салықтық төлемдер және нарықтық құнды қағаздарды сатып алу кіреді.
Инвестициялық қызмет - айналымнан тыс активтерді сатып алу және сату, ақша эквиваленттеріне жатпайтын басқа да инвестицияларды сатып алу, сату. Ақша қаражаттарының түсу ағыны ұзақ мерзімді активтерді және нарықтық құнды қағаздарды сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарын қамтиды.
Қаржылық қызмет ұйымның меншікті капиталының құрамындағы өзгерістерді тудырады. Басқаша айтқанда қаржылық қызмет - ұйым иелерінен ресустарды алу немесе иелеріне ресустарды қайтару, олардың инвестицияларына табысты беру. Ақша қаржаттарының түсу ағыны акцияларды, қысқа мерзімді ұзақ мерзімді займдарды шығарудан түскен түсімдерді, ал ақша қаражаттарының жұмсалу ағыны иелеріне ақшалай дивиденттерді төлеу қамтиды.
Ақша ағымы нақты инвестициялау жобасын жүзеге асыру, капиталдық салымды қолдану нәтижесінде шығарылады.
Қозғалыс бағыты бойынша ақша қаражаттарын ақша ағымдары 2-ге бөледі: түсетін және шығарылатын . Түсетін ақша ағымы фирманың анықталған уақыт аралығында түсетін ақшалай қаражаттарын қарастырады. Шығарылатын ақша ағымы белгілі бір кезең аралығында ақша қаражатын қолданумен сипатталады.
Орындау формасы бойынша қолма-қол және қолма-қолсыз ақша ағымына бөледі. Қолма-қол бухгалтерлік есеп шотына жазу арқылы оырндалады, ал қолма-қолсыз ақша қаражатын алу мен шығару формасында болады.
Айналым саласы бойынша ақша ағыны ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Сыртқы ақша ағымы фирмаға түсетін және оларға төленетін ақша қаражаттары болып табылады. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражат қалдығын өсіруге немесе азаюына әкеледі. Ішкі ақша ағымы фирма ішіндегі айналымды құрайтын болғандықтан, ақша қаражат қалдығына әсер етпейді. Көлеміне байланысты қаражаттың түсуі мен жұмсауда ақша ағымының дефицитін және оптималдығын, артықшылығын көрсетеді. Артық ақша ағымы негізінен ағымдағы қажеттіліктен артық ақша қаражатының түсуі және шаруашылықта өз қолданысын таппаған қаражаттар болып табылады. Оптималды ақша ағымдағы қаржылық міндеттемелерді жабуға жеткілікті, сонымен қатар қалдығы болатын және түсім мен шығынның балансталған сипаттағы ақша қаражаты.
Болжамдығы бойынша жоспарланатын және жоспарланбайтын болып бөлінеді. Жоспарланатын ақша ағымы алдын ала жоспарлау арқылы қаражат бюджет айналымына қосылады. Фирмадағы жүйесіз пайда болатын ақша қаражат айналымы жоспарланбайтын ақша ағымын сипаттайды.
Үздіксізгіне байланысты ақша ағымы жүйелі және дискретті болып бөлінеді. Жүйелі ақша ағымы қаралатын уақыт аралығында әр түрлі интервалмен түсетін және шығарлатын ақша қаражаттары. Ал дискретті ақша ағымы ерекше жағдайда, яғни белгілі бір қаржылық операциялар жасауда туындайды.
Уақыт бойынша бағалау әдісі қазіргі және болашақтағы ақша ағымына бөлінеді. Жалпы ақша ағымдағы уақыт мезетіне бағасы бойынша келтірілген және сәйкес келетін көлемімен сипатталады. Болашақтағы ақша ағымы арнайы кестеден алынған немесе операциялар базасында өсіру, не болмаса алдағы уақытқа болжау арқылы жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz