Хром элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы


Жоспар
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім; d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуыХром элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуыМолибден элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Химиялық элементтер тірі ағзаның негізгі жасушаларын және биологиялық сұйықтықты құрайды. Элементтердің биологиялық белсенділігі Д. И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі орнымен анықталады, яғни атом құрылысына байланысты болады.
Химиялық элементтердің биологиялық маңызы туралы еңбекті алғашқы рет академик В. И. Вернадский XIX ғасырдың соңында жария ете бастады. Содан бері химиялық элементтердін суда, өсімдіктер мен жануарлар ағзасында таралу туралы материалдар көптеп жиналды.
d-элементтердің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы
Мыс. Ересек адамның ағзасында 100 мг дейін мыс болады. Басқа металл иондарына қарағанда мыс иондары аминқышқылдарымен, ақсылдармен активті түрде әрекеттеседі, сондықтан мыс биологиялық активті заттармен тұрақты комплекстер түзеді. Ағзадағы мыстың негізгі функциясы каталиттік әсері, қазіргі таңда мыс элементі бар ферменттер (церулоплазмин, тирозиназа, цитохромоксидаза) белгілі. Медицинада мыс сульфаты СuSО 4 • 5Н 2 О антисептикалық зат ретінде терінің күйген жеріне жағуға, көз тамшысы ретінде т. б. қолданылады.
Мысқа қажеттілік қабыну және буын дерттерінде артады.
Күміс. Тірі ағзада күмістің физиологиялық рөлі жеткіліксіз зерттелген. Күміс - ультрамикроэлемент.
Медицинада қолданылуы:
АgNОз (ляпис) - күміс нитраты - жұмсартушы және күйдіруші зат ретінде қолданылады. Стоматологияда тісті бүтіндеу, алдын ала тіс каналдарын күмістейді. Бірінші күміс нитратынан күміс оксидінің аммиакты ерітіндісін және 10%-тік формалинді алады. Бұл процестің өтуін былай жазамыз:
2АgNО 3 + 2NН 4 ОН = Аg 2 0 + 2NН 4 NО ? + Н 2 О
Аg 2 О + Н-СНО = Аg + Н-СООН
Қағаз, мақта, дәке бұлардың бәрі күмістің хлориді мен нитраты ерітіндісіне шыланған болады, олар бактерицидті байлайтын материал ретінде қолданылады.
Алтын. Адам ағзасында микроэлемент түрінде табылған, оны енді ғана зерттеуде.
Медицина практикасында алтынның органикалык және бейорганикалық, радиоактивті және металл алтын қосылыстары қолданылады. ( І98 Аu) радиоактивті алтын қатерлі ісікті емдеуде қолданылады. Алтынның күміс және мыспен құймасы тісті протездеуде қолданылады 916-ші құйма сынамасында 91, 6% Аu, 4, 2% Сu және 4, 2% Аg бар, оны тісті салуда қолданылады. 750-шы құймасында 75% Аu, 8, 3% Аg және 16, 7% Сu, ал 583-ші құймасында 58, 3% Аu, 13, 7% Аg және 28% Сu болады.
Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда және демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.
Мырыштың көп қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.
1. ZnSО 4 • 7Н 2 О - көз тамшысы.
2. ZnО - тері ауруларында присыпка, мазь, паста ретінде қолданылады.
3. Мырыш-инсулин - қант диабетін емдеуде қолданылады.
Сынап. Сынап - тірі өсімдіктер мен жануарлар ағзаларының негізгі құрам бөлігі. Сынап негізінде бауыр мен бүйрекке жинақталады. Табиғи сулар, топырақ, өсімдік және жан-жануарлар сынаппен улануда ол биосфераға сынаптың көп мөлшерде тасталуынан болуда. Сынаппен уланғанда ауызға металдың дәмі келіп тұрады, сілекей ағатын болады, адамның бас ауруы және есте сақтау қабілеті нашарлай түседі.
Барлык тұздары улы болғанымен, оның көбі медицинада қолданылады:
НgО (сары сынап майы) - тері ауруларына қолданылады;
HgСl 2 (сулема) - өте улы, онымен жұмыс жасағанда байқаған жөн, 1:1000 қатынасындай етіп сұйытылған ерітіндісін төсеніштерді, медициналық құрал-саймандарды, бөлмені дезинфекциялағанда қолданылады.
Медицинада қосылыстарын қолданып қана қоймай металл сынап пен оның буы да қолданылады (сынап термометрлері аппаратында) .
Хром элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы
Хром. Хром - өсімдік және тірі ағзаның негізгі құрамды бөлігі. Хромның биологиялық активтілігі оның иондарының комплекс түзуге бейімділігі. Мысалы, Сг 3+ ионы нуклеин қышқылының құрылысының тұрақтануына қатысады.
Хром қосылыстары улы, сондықтан медицинада қолданылады.
Молибден элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы
Молибден. Молибден ағзаға жат заттардың заласыздануына қатысатын ферменттердің құрамында кездеседі. Ағзада фторды ұстап қала отырып, кариестің дамуын болдырмайды, сонымен қатар темірдің бауырдағы метоболизміне кедергі келтіреді. Молибден пуриндердің ыдырауын жетелдетеді және ағзадан несеп қышқылын бөліп шығарады, сонымен подаграны болдырмайды.
Молибденнің тапшылығында ауыз куысының, қызыл иекті дерттердің дамуы мүмкін, рактың даму қаупі жоғарылайды.
Марганец. Марганец - микроэлемент, Мп 2+ ионының биогенді функциясы - ферменттер активтілігін реттеуге қатысуы. Сондықтан Мп 2+ ионның биологиялық әсері кең: қан айналымы, минералды алмасу, өсу, көбею т. б. Сонымен қатар Мп 2+ ионы нуклеин қышқылдарының құрылымын тұрақтандырады.
Медицинада КМnО 4 калий перманганаты қолданылады. Бұл жараларды жууда, тамақты шаюда антисептик ретінде қолданылады.
Темір. Биоэлементтердің ішінде тіршілік үшін негізгі маңызы бар элементтердің бірі - темір, ол ағзадағы каталитикалық процестердің активаторы және қандағы газдардың тасымалдануы процесіне қатысады. Ересек адамның ағзасында 3, 5 г темір болады. Оның көп бөлігі эритроциттердің демалатын пигментінде, яғни гемоглобинде болады. Гемоглобин - күрделі ақсыл, оның молекуласы екі бөліктен ақсылды (глобин) және темірден тұрады. Адам ағзасына темір жетіспеген жағдайда адам анемия ауруына шалдығады, шаштың ағаруы және түсуі, сүйектің қақсауы байқалады.
Анемияда, адам ағзасы әлсірегенде темірдің келесі препараттары қолданылады:
- Темірдің аскорбинаты (II)
- "Ферроплекс" (аскорбин қышқылы мен темірдің (II) сульфаты)
- Темостимулин", "Гематоген"
- Алоэ мен темір топшасы
Кобальт. Со 3+ ионы В 12 (кобаламин) витамині құрамына кіреді. Бұл витаминдер құрамына кіретін жеке металл В 12 қан айналымында тек эритроциттер түзілуі үшін қажет.
Ағзада В 12 жетіспеуі анемия (қан аздық) туғызады.
Кобальттің радиоактивті изотопты ( 60 СО) қатерлі ісік ауруларын емдеуге қолданылады.
Азот. Азот негізгі биогенді элементтердің бірі. Тірі ағзада оның мөлшері 3%-тей болады. Азот аминқышқылдарының, ақсылдардың, нуклеотидтердің, нуклеин қышқылдарының, биогенді аминдердің т. б. құрамында болады.
Біз азотты атмосферада өмір сүрудеміз (ауаның 78% азоттан тұрады), қалған бөліктері оттегі және өте аз бөлігі басқа химиялық элементтерден тұрады. Жер бетінде азотсыз тіршілік болмас еді. Азот және өмір - бөлінбейтін түсінік.
Зат айналымына молекулалы азот қатыспайды. Адам органикалық қосылыстардағы азотты қолданады.
Сонымен қатар азоттың нитраты ағза үшін өте зиянды.
Медицинада қолданылуы:
- Азот тотығы (I) немесе "шаттандырғыш газ" - N20 - оттегімен қоспасы наркотикалық зат ретінде қолданылады.
- NН4ОН - аммиактың сулы ерітіндісі (аммоний гидроксиді, нашатыр спирті) . Адам талып қалған жағдайда мақта немесе дәкеге сеуіп абайлап адам мұрнына иіскетеді.
Фосфор. Негізгі биологиялық бес элементтің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz