Бұғанаасты аймағы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
Адам денесінің әр түрлі (жоғарғы бөлік, қол) аймақтарын препараттау тәсілдерін меңгеру.
ІІ. Негізгі бөлім
а) Бұғанаасты аймағы
ә) Дельтатәрізді аймақ
б) Жауырын аймағы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Адам денесінің әр түрлі (жоғарғы бөлік, қол) аймақтарын препараттау тәсілдерін меңгеру

Адам денесі мынадай негізгі аймақтардан тұрады:
* бас аймақтары (regiones capitis);
* мойын аймақтары (regiones cervicales);
* кеуде аймақтары (regiones pectorales);
* іш аймақтары (regiones abdominales);
* бет аймақтары (regiones facials);
* шат аймақтары (regiones perinealis);
* қол аймақтары (regiones membri superioris);
* аяқ аймақтары (regiones nembri inferioris);

Дененің жоғарғы бөлік (қол) аймақтары (regiones membri superioris)
Дененің жоғарғы бөлік (қол) аймақтары мынадай аймақтарға бөлінеді:
1. Бұғанаасты аймағы (regio infraclavicularis);
2. Дельтатарізді аймақ (regio deltoidea);
3. Жауырын аймағы (regio scapulares);
4. Қолтық аймағы (regio axillaris);
5. Иықтың алдыңғы аймағы (regio brachii anterior );
6. Иықтың артқы аймағы (regio brachii posterior);
7. Шынтақ буынының алдыңғы аймағы (regio cubiti anterior);
8. Шынтақ буынының артқы аймағы (regio cubiti posterior);
9. Білектің алдыңғы аймағы (regio anterbrachii anterior);
10. Білектің артқы аймағы (regio anterbrachii posterior);
11. Кәрі жілік - білезік буыны аймағы (regio articulationis radiocarpeae);
12. Саусақтың алақандық бетінің аймағы (palma manus);
13. Саусақтың сыртқы бетінің аймағы (dorsum manus);

Қаңқаны дененің жоғарғы бөлік (қол) аймағымен байланыстыратын иық белдеу аймағы төс аймағы шекарасына орналасып, иықастын құрайды. Иықасты негізінен жоғарыда қарастырылған, дененің жоғарғы бөлік (қол) аймақтарының үш аймағын қамтиды. Олар:
а) бұғанаасты аймағы (regio infraclavicularis);
ә) дельтатәрізді аймақ (regio deltoidea);
б) жауырын аймағы (regio scapulares);

Бұғанаасты аймағы (regio infraclavicularis)
Аймақ шекаралары:
Медиалдық жағынан қарағанда, бұғананың ортасынан төмен қарай ІІІ-ші қабырғаға дейін вертикальді сызық жүргізілген; жоғарыдан - бұғанаға параллель сызық жүргізілген; төменнен ІІІ-ші қабырғаға параллель сызық жүргізілген; латериальді беті, акрамионның бұрышынан төмен қарай, қабырғаның ІІІ-ші деңгейіне дейін вертикальді сызық жүргізілген;

Теріні препараттау
Препараттау алғашында, иықты, жауырын астына орналасқан кеуде торына ауыстыру кезінде орындалады. Теріні көбіне жоғарғы, төменгі және де медиальді аймақтардың шекараларынан кеседі. Теріні препараттау кезінде теріасты майы торларын сыртқы бетінде орналасқан шандырларымен қоса кесіп алады. Теріасты майы торларын кесіп алғаннан кейін, аймақтың жоғарғы жағынан жеке дара талшықтар көрінеді. Осы талшықтарды кесіп алғаннан кейін, үлкен кеуделік және дельтатәрізді бұлшықеттерді жауып тұратын шандырлар көрінеді. Шандырлардың сыртқы жағында бұғанаалды тері нервтері орналасқан. Бұғананың жоғарғы жағындағы үлкен кеуде дельтатәрізді бұлшықеттің жүйегінде орналасқан науашық, үлкен кеуделік және дельтатәрізді үшбұрышқа айналады. Дельтатәрізді және үлкен кеуде бұлшықеттері шандырлармен көмкерілген.

Бұғанаасты аймағын препараттау кезіндегі терінің кесіктері.
1- m. trapezius;
2- clavicula;
3- sulcus deltoideopectoralis;
4- m. pectoralis major;
5- m. deltoideus (pars clavicularis);
6- m. deltoideus (pars acromialis);

Шандырлар мен шандырасты аймақтарын препараттау
Қолдың бұғанаасты шандырларын препараттау үшін, шандырды жоғарғы, төменгі және медиальді аймақтарының шекараларынан латериалды түрде, үлкен кеуде және дельтатәрізді аймаққа дейін бөліп алу қажет. Шандырларды бөліп алғаннан кейін, үлкен кеуде бұлшықеттерінің бұғана көлемдес талшықтарын көруге болады және де бұл талшықтар дельтатәрізді бұлшықеттердің талшықтарымен сәйкес, латериалды түрде төмен қарай бет алған. Аймақтың терең бөліктерін ашу үшін, дельтатәрізді және үлкен кеуде бұлшықеттерінің арасына үңілу қажет, яғни, шандыр көрінгенге дейін олардың жиектеріне тереңірек ену керек. Ол үшін бұлшықеттің артқы бетімен тығыз орналасқан ақ табақшаны байқау жеткілікті. Бұл табақша жоғарғы жағында бұғанаүсті сүйегімен және бұғана бұлшықетімен жалғасқан. Егер, үлкен кеуде және дельтатәрізді бұлшықеттердің жиегімен жүре отырып, субпекториальді кеңістіктің бөлінуі жеткіліксіз болған жағдайда, бұғананың бір бөлігінен төмен қарай бұру қажет. Осы жағдайда ғана бұғанаасты аймағынан субпекториальді кеңістік бөлініп, субпекториальді флегмондар деп аталатын процес жүре бастайды.

Дельтатәрізді аймақ (regio deltoidea)
Аймақ шекаралары:
Аймақтың жоғарғы шекарасы акромиальді өсіндінің деңгейімен анықталып, дельтатәрізді бұлшықеттердің жоғарғы сызығына сәйкес келеді. Төменгі шекарасы үлкен кеуде бұлшықеттерінің қатаю деңгейімен, иықтың жоғарғы бетіне жүргізілген горизонтальды сызықпен анықталады. Алдыңғы шекарасы- акромионның алдыңғы бұрышынан жүргізілгенвертикальды сызықпен анықталады. Артқы шекарасы- акромионнан төмен қарай жүргізілген вертикальды сызық арқылы анықталады. Дәлірек айтқанда, аймақтың шекаралары бұлшықеттердің жиектеріне сәйкес келмейді.Бұл аймақтың негізгі бөліктеріне делтатәрізді бұлшықеттермен қатар иық буындары мен иық сүйектерінің жоғарғы үштен бір бөлігін де жатқызуға болады.

Теріні препараттау
Шынтақ буынында иық кеудеге дейін иіліп, сүйектің соңы түзу бұрыш артынан бүгіледі. Аймақтың проксимальді және дистальді шекараларынан екі жерден көлденең кесік жүргізіледі. Көлденең кесіктер дельтатәрізді бұлшықеттерді бойлық бойымен байланыстырады. Теріні теріасты торынсыз медиальді және латериальді жағына екі терібөлікшесі түрінде препараттайды. Медиальді терібөлікшесі дельтатәрізді кеуде жүлгесіне (sulcus deltoideopectoralis) жетпей тоқтаса, латериальді терібөлікшесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Катетер мен тамырдың тромбозы
Лимфа жүйесінің онтогенезі
Ми қабықтары Перифериялық жүйке жүйесі
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік
Көмекей,кеңірдек,бронхы, өкпелердің құрылысы мен функциялары
Әкелетін бұлшықет өзегі
Жамбас және сан артериялары
Тұлға қаңқасының даму эволюциясы
Алдыңғы бұлшық еттер
Пәндер