Көмірсудың қызметі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
* Көмірсулар
o Моносахаридтер
o Дисахаридтер
o Олигосахаридтер
o Полисахаридтер
* Көмірсудың қызметі
* Көмірсулардың адам өміріндегі маңызы
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Көмірсулар (моносахаридтер - қарапайым қанттар, гидролизденбейді, бұлар глюкоза, фруктоза; дисахаридтер-әр молекуласы 2 моносахаридтерден тұрады: сахароза, лактоза; полисахаридтер - өте күрделі заттар: крахмал, клетчатка) табиғатта өте көп таралған, оның адам өмірінде маңызы өте зор. Мысалы, крахмал адам мен жануарлардың рационындағы негізгі қоректік зат. Организмге қажет қуаттың (энергия) көбі көмірсулар арқылы жүреді. Олар нуклеин қышқылдарының, кейбір белоктардың құрамында кездеседі. Көмірсулардан маталар, қағаз, қопарылғыш заттар алынады да, олардың үлесіне өсімдіктердің 80%, ал жануарлардың 2% құрғақ заттары жатады. Олар қарапайым заттардан күн сәулесінің энергиясын пайдаланып, жасыл пигмент хлорофильдің қатысуымен синтезделеді. Бұл процесті фотосинтез дейді. Жасушаларда олар глюкоза және полимерлер (гликоген жануарлар, крахмал - өсімдік жасушаларында) түрінде болады. Өсімдік жасушаларының қабығы пектиннен, гемицеллюлозадан, целлюлозадан, ал саңырауқұлақтар және буынаяқтылардың сыртқы қаңқасы құрамына кіретін, глюкозаның туындысы - хитиннен тұрады. Көмірсулар - органикалық қосындылар. Олар күрделілік деңгейіне орай, моносахаридтерге (глюкоза, фруктоза), дисахаридтерге (сахароза, мальтоза және басқа), полисахаридтерге (крахмал, гликоген және басқа) жіктеледі. Моносахаридтер - полисахарид, амин және май қышқылдары және басқалардың биологиялық түзілісіне қажет фотосинтездің алғашқы өнімдері. Полисахаридтер ашу немесе тыныс алу процестерінде келешекте ажырап, моносахаридтердің бөлінуіне қажет қуат қоры ретінде жиналады. Су тартқыш (гидрофильді) полисахаридтер жасушалардың су теңгерімін (баланс) сақтайды. Аденозинтрифосфат қышқылы (АТФ) азот негіздерінен - аденин, рибоза көмірсуы және араларында макроэргиялық байланысы бар үш фосфор қышқылы қалдығынан тұрады.
Көмірсулар
Көмірсулар - химиялық құрамы Сm(H2O)n яғни көмірсутек+су, аты осыдан шыққан) формуласымен өрнектелетін табиғи органикалық қосылыстар класы. Көмірсулар -- химиялық құрамына қарай үлкен екі топқа бөлінеді: мономерлік көмірсулар немесе моносахаридтер және полимерлік Көмірсулар -- молекуладағы моносахаридтік қалдық санына байланысты олигосахаридтер мен полисахаридтерге бөлінетін Моносахаридтердің конденсация өнімдері. Ашық түрдегі моносахаридтердің типтік формалары: альдоза үшін СН2ОН(СНОН)nСНО; кетоза үшін СН2ОН(СНОН)nСОСН2ОН, мұндағы n1. Моносахаридтердің көп бөлігінде тармақталмаған көміртектік тізбекпен біральдегидтік (альдозалық) немесе кетондық (кетозалық) топ болады. Тізбектеп көміртек атомының санына орай моносахаридтер тетрозаға (С4), пентозаға (С5), гексозаға (С6), т.б. бөлінеді. Кейде кетоза атауына "ул" жұрнағы жалғанады (мысалы, пентулоза, гептулоза, нонулоза, т.б.). Моносахаридтерде көміртектің асимметриялық атомдары болады және оптик. белсенді стереоизомерлер түзіледі. Көмірсулар табиғи көзден алынады. Барлық тірі организмнің құрамында болады. Көмірсулар тамақ (глюкоза, крахмал, пектиндік заттар), тоқыма және қағаз (целлюлоза) өнеркәсіптерінде, микробиологияда (Көмірсуларды ашы-ту арқылы спирт қышқылдар, т.б. алу) қолданылады, медицинада дәрі-дәрмек жасау үшін пайдаланылады. Фотосинтез нәтижесінде атмосферадағы су мен көмір қышқыл газынан түзілетін көмірсулар табиғи айналымда болады.

Моносахаридтер
Моносахаридтер - қарапайым қанттар, көмірсулардың негізгі тобы. Полиоксиальдегидтер (альдозалар) немесе полиоксикетондар (кетозалар) болып саналады. Углеводтары 3 не одан көп көміртек атомдарынан (триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар т. т.) тұрады. Циклдық және ациклдық (пираноздық және апираноздық) түрде кездеседі. Ең көп тараған моносахаридтер -- глюкоза, галактоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза. М. құрамына карбонилді және гидроксилді топтардан басқа ОН -- тобының, орнына -- сутек атомы (дезоксисахароза), амин тобы (аминды сахарозалар), меркапт топтар (тиосахарозалар), СООН (уронды сахарозалар) т. б. кіреді. М. олигомен полисахаридтердің және ликопротендтер, гликолипидтердің т. б. аралас биополимерлердің құрамына кіреді.

Дисахаридтер
Дисахаридтер - құрамында екі моносахарид қалдығы бар көмірсулар. Тотықсызданбайтын (сахароза, трегалоза) және тотықсызданатын (лактоза, мальтоза) кейбір Дисахаридтер табиғатта бос күйінде таралған. Жоғары олигосахаридтерді немесе полисахаридтерді біртіндеп гидролиздеу арқылы алады.
Дисахаридтер молекулалары өзара оттек атомы арқылы жалғасқан моносахаридтердің екі қалдығынан құралады. Құрылыстары жай эфирлерді еске түсіреді:
R' - О - R"
R' мен R" -- моносахаридтер қалдықтары оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан. Дисахаридтерге: сахароза, лактоза, мальтоза, т.б. жатады.

Олигосахаридтер
Олигосахаридтер - молекуласында гликозидті байланысқан 2-ден 10-ға дейін моносахарид қалдықтары болатын көмірсулар. Қалдықтар санына байланысты олигосахаридтер дисахарид, трисахарид, т.б. болып бөлінеді. Олигосахаридтер бос күйінде көптеген өсімдіктерде (мысалы, қызылша мен қант құрағында сахароза), сиыр сүтінде (дисахарид, лактоза), ана сүтінде (гексасахаридтер) кездеседі. Олигосахаридтер түссіз, қатты (балқу температурасы нақты емес) немесе тұтқыр сұйықтықтар; суда ерігіштігі молекула массасы мен құрылым жүйеленіміне тәуелді. Олигосахаридтер полисахаридтердің гидролизінен алынады. Тамақ өнеркәсібінде қолданылады.

Полисахаридтер
Полисахаридтер, гликандар -- молекуласында гликозидті байланысқан 10-нан артық моносахарид қалдықтары бар көмірсулар. Полисахаридтердің молек. массасы бірнеше мыңнан (ламинарин, инулин) бірнеше млн-ға дейін (гиалурон қышқылы, гликоген) жетеді. Полисахаридтерге моносахаридтердің бір ғана түрінен немесе әр түрінен құралатын целлюлоза, крахмал, хитин, пектиндік заттар, гликопротеиндер, гепарин, т.б. жатады. Полисахаридтер сілтіге төзімді, қышқылда диполимерленеді, суда жақсы ериді. П-дің биологиялық маңызы әр алуан.[1]
Полисахаридтер табиғи жоғары молекулалы қосылыстар. Полисахаридтердің жалпы формуласы (С6Н10О5)n, көптеген моносахарид молекуласының қалдықтарынан тұрады. Макромолекуладағы моносахаридтер қалдықтары полисахаридтерде де оттек "көпіршесі" арқылы жалғасқан:
...R -- О -- R -- О -- R...
Өсімдіктер мен жануарлар ағзасында ферменттердің әсерінен фотосинтез нәтижесінде түзілген моносахарид молекулалары поликонденсацияланып, полисахаридтер түзіледі:
6СО2 + 6Н2О -- С6Н12О6 + 6О2
nС6Н12О6 -- (С6Н10О5)n + nH2O
Полисахаридтердің маңызды өкілі -- крахмал мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көмірсулар және олардың тамақтанудағы маңызы
Көмірсулардың адам өміріндегі физиологиялық рөлі
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Май мен көмірсуының алмасуы
Биологиялық макромолекула құрылысы және қызметі
Физикалық еңбек кезіндегі тамақтану
Өсімдік жасушасының химиялық құрамы
Көмірсулар. Көмірсудың қызметі
Бейорганикалық заттың алмасуы
Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу
Пәндер