Дамудың қатерлі кезеңдері
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* Онтогенез. Жеке дамудың заңдылықтары
* Эмбриональдық даму
* Дамудың қатерлі кезеңдері
* Құрсақ ішінде дамитын дерттердің жалпы потогенезі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жеке организмдердің өмір сүру ұзақтығы сол түрдің тіршілік ету ұзақтығынан әлдеқайда аз. Түрдің тіршілік етуі оны құрайтын жеке-даралардың тіршілігімен сипатталады.Табиғатта түрдің сақталуы, дамуы оның дараларының көбеюіне байланысты. Көбеюдің арқасында ұрпақтар жалғасады,түр сақталады. Әрбір түр өкілдерінің жеке дамуында осы түрдің тарихи дамуына тән ерекшеліктері қалыптасады. Жеке даму мен тарихи дамуына тән ерекшеліктері қалыптасады. Жеке дамуы мен тарихи дамудың,онтогенезбен филогенездің арасындағы байланысты ХIX ғасырда Ч.Дарвин,Ф.Мюллер,Э.Геккель биогенетикалық заңында көрсеткен.Ұрықтық дамуы тарихи дамудың қысқаша,жылдам қайталануы,басқаша айтқанда, онтогенез филогенездің қысқаша,жылдам қайталануы.Осы заңды одан әрі қарай жаңалықтарына сай толықтырғандар:А.О.Ковалевский, И.И.Мечников, А.Н.Сверцов.
А.Н.Северцовтің айтуынша эволюциялық процесс ересек жануарлардағы белгігі өзгерістерінің жинақталуымен емес,ұрықтарда пайда болған өзгерістерінің жинақталуының нәтижесінде жүреді.
Онтогенез. Жеке дамудың заңдылықтары.
Онтогенез деп - генетикалық информацияның іске асырылуы негізінде әрбір организмнің,зигота түзілуден басталып,оның өлуіне дейінгі жеке даму процестерінің толық жиынтығын айтады. Онтогенез грекше ontos-мақұлық, тірі жәндік, genesis - пайда болу деген мағыныны білдіреді. Жыныс жол арқылы көбейетін организмдерде онтогенездің екі түрін ажыратады: эмбриондық және постэмбриондық. Аналық жасуша ұрықтануынан бастап нәрестенің дүниеге келген шағына дейін өтетін жаңа организмнің даму процестерін эмбриондық даму немесе эмбриогенез деп атайды. Одан кейін туылғаннан кейін жалғасып, организмнің табиғи өлімімен аяқталатын постэмбриондық кезең басталады. Онтогенезде осы периодтармен қатар прогенезді (проэмбриондық, ұрықтық даму алдындағы), яғни гаметалар (жыныс жасушалары) қалыптасатын кезеңдіде ажыратады. Шын мәнінде прогенез эмбриогенезге жатпайды. Бірақ, егер гаметалар дамуы кезінде кешкен күйі болашақ онтогенезге ықпалын тигізуі мүмкіндігін еске алсақ, онда прогенезді адам эмбриологиясы бөлімінде қарастыру орынды болып шығады.
Онтогенездің негізгі типтері: тікелей және түрленіп даму.
1.Түрленіп,личинкалық даму- организмнің есейіп жетілуі бір немесе бірнеше личинкалық стадиялардың пайда болуы арқылы жүреді.Мысалы:қосмекенділердің, кейбір омыртқасыздардың (насекомдар және т.б.)дамуы.Олардың жұмыртқаларында сары уызы аз болады,личникалары дамуға керекті материалдарын өздері тауып қоректенеді.Личникаларда ересек организмдерінде болмайтын уақытша қызмет атқаратан мүшелері болады.Личникалары түрленуі (метаморфоз)арқылы ересек формаға айналады.
2.Тікелей даму-личинкасыз және ұрықтың жатырда дамуы арқылы жүреді.Личинкасыз даму типі құстарда,жорғалаушыларда,балықтарда байқалады,олардың жұмыртқалары сары уызға бай келеді,сондықтан толық дамып жетіледі.Ұрықтарында қоректік,тыныс алу,зәр шығару қызметтерін уақытша атқаратын провизорлық мүшелер қалыптасады.Тікелей дамудың жатырда жетілу типі тек жоғары сатыдағы сүтқоректілерге тән. Олардың жұмыртқаларында сары уыз өте аз,дамудағы тіршілік процестердің бәрі анасының организмі арқылы,арнайы провизорлық мүше плацентаның қалыптасуы нәтижесінде жүреді.Онтогенездің жатырда даму типі прогенез немесе проэмбриональдық және простэбриональдық кезеңдерінен тұрады.
Адамның дамуын пренатальдық немесе антенатальдық (туғанға дейінгі) және постнатальдық (туғаннан кейінгі) кезеңдерге бөледі.Проэмбриональдық кезеңде жыныс клеткалары (гаметалар) дамиды,пісіп жетіледі.Гаметогенез информациялық күрделі құрылымдары бар жыныс клеткалары түзіледі.Сперматозоидтардың цитоплазмасы азаяды,ұрықтануға қажет қозғалу компоненті-құйрық пайда болады.
Аналық жыныс клеткасы немесе овоцит (лат.жұмыртқа).
Жұмыртқа клеткасы дөңгелек шар тәрізді,сперматозойдпен салыстырғанда цитоплазмасы көп,қозғалмайтын клетка.Оның цитоплазмасында сары уыз болады.Сары уыздың мөлшеріне байланысты жұмыртқаның көлемі бір микрометрден бірнеше сантиметрге дейін ауытқиды (түйеқұстың және балықтың жұмыртқалары).Жұмыртқаларды сары уызы жоқ (алецитальдық),сары уызы аз (олиголецитальдық)және сары уызы көп (полилецитальдық)деп жіктейді.Аналық жыныс клеткасындағы сары уыздың мөлшері жануарлардың даму жағдайына,типіне байланысты.Олиголецитальдық жұмыртқада сары уыз мол болады да цитоплазманың бір полюсінде шоғырланып орналасады.Сары уыз бір плюске жиналып орналасқан плилецитальдық жұмыртқалар телолецитальдық деп,ал сары уызы клетканың ортасында орналасса,центролецитальдық деп аталады.Жұмыртқадағы сары уыздың мөлшері мен орналасуы ұрықтанғаннан кейінгі зиготаның бөлшектенуі мен гаструляциялану типін анықтайды.Плаценталы сүтқоректілердің жатырда дамуына байланысты,жұмыртқаларында сары уыздары аз болады.Олардың жұмыртқалары аз сары уыздыларға (олиголецигальдыққа) жатады.Аналық жыныс клеткасының ядросының өсу мен пісіп жетілу кезеңдерінде болашақ организмнің дамуына қажетті дайындық процестер жүреді:РНҚ-синтездеуге керекті гендердің амплибофикациясына (көптеген көшірмелер түзуші) және р-РНҚ қоры жиналады.Жұмыртқа клеткасының құрылымдық ерекшелігі протоплазма бөлімдерінің химиялық құрамының әртүрлілігінен де байқалады.Осыған байланысты жұмырқаның ұрықтануға дейінгі кезеңде болашақ организмнің презумптивтік бөліктері бастамаларының картасын бейнелеуге болады.Жұмыртқаның пісіп жетілуінде,ұрықтану алдында,цитоплазманың қозғалуы жүреді,соның нәтижесінде жұмыртқа бөлімдеріндегі цитоплазманың құрамы әртүрлі болады.Бұл процесті цитоплазмалық сегрегация дейді.Анимальдық плюсінде гликоген және РНҚ қозғалады,олардың концентрациясы артады.Жұмыртқаның экваторлық бөлімінде негізінен пластинкалы комплекстің (Гольджи аппаратының) орналасуына байланысты аскорбин қышқылы жиналады.Жұмыртқа клеткасында цитоплазма құрамының таңдамалы таралуы және ауысып қозғалуы ұрықтануға дейін басталып,аналық клеткаға сперматозоид енгеннен кейін де жалғасады,кейде ұрықтанғаннан соң да байқалады.Цитоплазманың бластомерлерге осылай таңдамалы түрінде таралуы эмбриогенездің бастапқы сатыларында жүреді.Жұмыртқалардың көбісі плазмолеммадан басқа бір немесе бірнеше қосымша қабықтары болады.Шығу тегіне байланысты бірінші,екінші және үшінші қабықтарды ажыратады."Жалаңаш" жұмыртқалар да болады,олар тек губкалар мен ішекқуыстыларда кездеседі.Омыртқалылардың жұмыртқасының бірінші немесе алғашқы қабықтары жақсы жетілген.Олар жұмыртқаның плазмалық мембранасымен тікелей жанасып жатады.Электрондық микроскоппен қарағанда әртүрлі омытқалылар жұмыртқасының бірінші қабығының қалыптасуында ұқсастық байқалады.Фолликулялық клеткалардың өсінділері бұл қабықтың құралуы кезінде қарқынды қатысады.Оциттің бетінде біріші қабықтың ішкі бөлігіне енетін көптеген микроворсинкалары(бүрлері) оцитке қоректік заттардың тасымалдануын жеңілдетеді.Аналық жыныс безінен овуляция кезінде бөлініп шыққан,жеті ген оцитезінің бірінші қабығын сақтайды.Екінші қабық жұмыртқалардың бәрінде болмайды.Олар фолликулялық клеткалардың бөлетін заттарынан пайда болады.Көпшілік насекомдардың екінші қабықтарында сперматозоид енетін каналы микрополюсі болады.Үшінші қабықтың құрылысы,химиялық құрамы және физиологиялық маңызы әртүрлі.Олар жұмыртқаның түтік арқылы өтуі кезінде арнйы бездердің секреттерінен түзіледі және құрылыстары күрделі болады.Құстардың жұмыртқасының сыртындағы қатты ақ қабық және оның астындағы пергаменттік қабықтар үшінші қабықтарға жатады.Акуланың үшінші қабықтарында мүйіздік құрамы болады да, ұрыққа бесік қызметін атқарады.Әр түрге жататын жануарлардың екінші және үшінші жұмыртқалық қабықтарының құрылысы ұрықтың дамуы жүретін жағдайларына сәйкес түрліше болады.Мысалы,дамуы сумен байланысты балықтар мен амфибиялардың жұмыртқа қабықтары іркілдек консистенциялы болса,рептилиялар мен құстардың жұмырқалары қатты ақ қабықтармен қапталады.Ұрығының жатырда дамуына байланысты сүтқоректілер мен адамның жұмыртқаларында бірінші және екінші қабықтардың есебінен жылтыр қабық түзіледі.
Аталық жыныс клеткасы.
Жұмыртқа және сперматозоид құрылым көрсеткіштеріне байланысты жоғары маманданған клеткаларға жатады.Аталық және аналық жыныс клеткаларының мамандану белгілері гаметогенез нәтижесінде пайда болады.Сперматозоидтардың дамуы аталық жыныс безінің иірімделген түтікшелерінде жүреді.Бұл түтікшелердің қабырғалары дәнекер тінінен және фолликулалық клеткалардан тұрады.Соңғылардың арасындағы ойықтарда сперматогенездің әртүрлі сатысындағы аталық жыныс клеткалары қабаттасып орналасады.Жетілген сперматазоид негізгі төрт бөліктен:бас,мойын,орталық бөлік және құйрықтан тұрады.Басында жұқа цитоплазма қабатымен қоршалған ядро орналасады.Ядро мен мембрананың арасында сперматазоидтың пластинкалы комплексіне байланысты пайда болған, жинақталып,тығыздалған масса акросомасы болады.Ұрықтану кезінде сперматозоидтың жұмыртқаға енуі акросомаға байланысты.Оның құрамындағы ферменттер жұмыртқаның мембранасын ерітіп,оған аталық клетка ядросының енуіне мүмкіндік жасайды.Сперматозоидтың мойнында проксимальдық және дистальдық екі центриолясы болады.Олардың бірі ядроға жақын,екіншісі алыстау орналасады.Дистальдық центриолия құйрықтық жіпті құрайды,ал проксимальдық-ұрықтанған клетканың бөліну ұршығын құрауға қатысады.Сперматозоидтың орталық бөлігін толығымен митохондриялар алып жатады.Митохондриялар оқшауланып,тығыз шоғырланған түрде орналасады және құйрықтың қозғалуына керекті энергиямен қамтамасыз етеді.Құйрық немесе талшық-қозғалу мүшесі қызметін атқарады.Ол,негізінде,біліктік жіпшеден шамалы цитоплазмадан тұрады,ал сырты плазмалық мембранамен қоршалған.Сүтқоректілердің біліктік жіпшесі өте жіңішке жіпшелермен қоршалған,ал жануарлардың кейбір түрлерінде қозғалмалы мембраналары болады.
Эмбриональдық даму
Эмбриональдық кезең ұрықтанудан,яғни сперматозоидтың жұмыртқа клеткасымен қосылуынан басталады.
Ұрықтану кезінде сперматозоид жұмыртқаға енеді,оның әртүрлі синтетикалық процестерін белсендіреді және жұмыртқамен сперматозоид ядроларының қосылуынан түзілген зиготада хромосомалардың диплоидтық жиынтығы қалпына келтірілді.Жұмыртқа мен сперматозоидтардың ұрықтануға қабілеттілігі мен өмір сүру ұзақтығы шектелген.Омыртқасыздар мен судағы омыртқалылардың көбінің жұмыртқалары овуляциядан кейін бірден ұрықтануы керек.Сүтқоректілердің көбісінің жұмыртқалары ұрықтануға қабілеттілігін овуляциядан кейін 24сағат,ал адамдар 12-24 сағат бойы сақтайды.Сперматозоидтардың ұрықтандырғыш қабілеті ұрғашысының жыныс жолдарында бірнеше сағатқа дейін сақталады.Бірақ кейбір жануарлардың,мысалы аралардың,жарқанаттардың сперматозоидтарының тіршілікке қабілеттілігі және белсенділігі ұрғашыларының жыныс жолдарында жыл бойы және одан ұзақ уақыт сақталады.Сперматозоидтың тіршілік ету ұзақтығы мен ұрықтандырғыш қабілеттілігінің сақталуы кейбір сыртқы орта факторларына: температура, жарықтылық, көмірқышқыл газы және сутектік иондардың гамета орналасқан ортадағы концентрациясына байланысты.Сперматозоид пен жұмыртқаның жақындасып жанасуы аталық гаметаның көп болуымен және жыныс клеткаларының басқа да арнайы дистанттық әрекеттесу механизмдеріне байланысты жүреді.Сперматозоидтардың жұмыртқаға қарай қозғалуын хемотаксис құбылысымен орналастырады.Жұмыртқа мен сперматозоид ағзалық гаметаның белсенділігін реттейтін ерекше заттар бөледі.Ол заттар гиногормондар және андрогормондар деп аталады.Гино және андрогормондардың үйлесімді әсерлесуінің нәтижесінде ұрықтандыратын сперматозоид жұмыртқа клеткасының бетіне жабысады.Спермазоидтың жұмыртқамен тығыз жанасуы екі клеткада да өзгерістерге әкеледі.Сперматозоидта акросомалық реакция, ал жұмыртқада кортикальдык реакция басталады,Сперматозоидтың жұмыртқаға енуі гиалунориза және басқа биологиялық белсенді қосындылардың (спермализиндер) әсеріне байланысты.Ұрықтану натижесінде зигота түзіледі.Оның ядросындағы хромосомалар жиынтығы диплоидты.
Эмбрионалдық кезең,эмбригенез.Эмбриогенез зиготаның пайда болуынан басталады.Ұрықтың дамуы сатылы сандық және сапалық күделі өзгерістердің жүруімен сипатталады.Эмбриогенез зигота, бөлшектену және бластуланың қалыптасуы,гаструляция,гисто- және органогенез сатыларынан (стадияларынан) тұрады.Сперматозоидтың жұмыртқаға енісімен аналық клетканың цитоплазмасында қарқынды цитоплазмалық сегрегация процестері жүреді.Сары уызы және пигменттік гранулалар,органеллалар орын ауыстырып , ұрықтанған клетканың бөлігі болашақ ұрықтың нақты бір құрылымына бастама беретіндей өзгереді.Мұндай бөлімдер презумптивтік бөлімдер деп аталады.
Бөлшектену сатысында зигота митоздық жолмен бластомерлерге бөлінеді.Бластомерлер өспей,тек ұдайы бөлінеді, олардың саны көбейгенмен ұрықтың көлемі бастапқы зиготаның көлеміндей ғана болады.Бастапқы сатыдағы бластомерлердің бәрінің тұтас организмді дамытуға қабілеттілігі тең болады.Бұл қасиет тотипотенттілік деп аталады.Гертвиг (1893) екі бластомерді жіңішке жіппен байлап, екіге бөлгенде оның әрқайсысынан жеке ұрық дамып жетілген.Ұрықтың бөлшектенуі омыртқалылардың жұмыртқаларының типін байланысты түрліше жүреді.Бөлшектенудің тоық (голобласттық) біркелкі және әркелкі,толық емес (меробластық) ,дискоидальдық және беткейлік типтері белгілі.Сары уызы аз жұмыртқалар толық (голобластық) бөлшектенеді.Сары уыз цитоплазмаға толық біркелкі таралған болса зигота толық біркелкі бөлінеді.Бластомерлердің көлемі бірдей болады.Сары уыз аз, бірақ цитоплазманың бір жеріне шоқталып орналасқанда бөлшектену бірдей тегіс жүрмейді ,толық емес әркелкі бөлшектену байқалады.Сары уызы көп жұмыртқаларда толық емес (меробласттык) бөлшектену байқалады .Сары уыздың орналасуына байланысты дискоидальдық және беткейлік деп бөлінеді.Адамның зиготасы голобласттық,асинтхрондық әркелкі типпен бөлшектенеді. Бөлшектену бластуланың қалыптасуымен аяқталады.Көптеген клеткалардан тұратын тұт ағашының жемісіне ұқсайтын морула, немесе ішінде қуысы бар, көпіршік тәріздес ұрық бластула қалыптасады. Бластуланың қабырғасы бластодерма,бір қабат орналасқан клеткалардан құралады,ішіндегі-блостоцель бластомерлерден бөлінетін сұйықтықпен толтырылған.Бөлшектену ерекшеліктеріне байланысты бластуланың бірнеше типтері белгілі: целобластула,амфибластула,дискоблас тула.
Гаструляция-сатысының бастапқы кезеңінде сыртқы және ішкі ұрық жапрақшалары,содан соң үшінші- хорда мезодермалық-жапырықша пайда болады. Ұрықтың жапырақшалары қабат-қабатпен орналасады: сыртқы эктодерма, ішкі энтодерма, екеуінің арасында-мезодерма.Гаструляцияның жүру жолдары , инвагинация, иммиграция, эпиболия және деламинация.
Инвагинация кезінде бластуланың бір бөлігі (түрі) ішіне қарай кіреді (ланцентникте).
Иммиграция кезінде бластуланың қабырғасындағы бластомерлердің бір қатары ұрықтың ішкі қуысына қарай көшіп, ауысады, энтодерманы құрайды (ішкі қуыстылар). Эпиболияда бластуланың тез бөлінетін бөлігінің клеткаларымен баяу бөлінетін бөлігі көмкеріліп жабылады (қосмекенділер).
Деламинацияда бластуланың қабырғадағы бластомерлері екіге бөлініп ажырайды, сыртқы клеткалар қабатынан - эктодерма, ішкі клеткалар қабатынан - энтодерма жетіледі (құстар).
Гаструляция кезінде клеткалардың көбеюі,өсуі, бағытталып қозғалуы, мамандануы (ерекшелену) жүреді және химиялық және морфологиялық өзгерістер байқалады. Гаструляция нәтижесінде тіндердер мен мүшелердің бастамалары дамитын ұрықтық жапырақшалар пайда болады .Әр ұрық жапырақшасы белгілі бір бағытта маманданады.Эктодермадан - нерв түтікшесі , гангляция таспа, терілік эктодерма,прехордалық таспа және ұрықтан тыс эктодерма дамып жетіледі. Энтодермадан - қарын ішек, бауыр, ұйқы без эпителийлері және сарыуыз қапшығының эпителийі, ал мезодермадан - көлденең жолақ және бірыңғай салалы бұлшық еттер, өкпе, бүйрек және қан тамырлары және т.б. дамып жетіледі
Провизорлық мүшелер(ұрықтан тыс мүшелер)
Провизорлық мүшелер ұрықтың өсуіне және дамуына қажет көп мағыналы қызметтерді атқарады.Кейбіреулері ұрықты сырттан қоршайды , сондықтан оларды ұрықтың қабықтары деп те атайды. Провизорлық мүшелерге сарыуыз, шірішті қабық, амнион, аллантоис, хорион және плацента жатады.
Амнион қуысындағы сұйықтық ұрықтың еркін дамуын жағдай жасайды, механикалық соққылардан сақтайды , қорғаныштық қызмет атқарады.
Шырышты қабық жорғалаушылар мен құстарда және жұмыртқа салатын сүтқоректілерде ұрықты оттегімен қамтамасыз ететін провизорлық газ алмасу және зәр шығару мүшесі.
Хорион немесе бүрлі қабық ұрық қабырғасына жанасып енгеннен (имплантациясынан) кейде қалыптасады,ана организімін ұрықпен байланыстырады.Хорион жатырдың кілегейлі қабығымен бірге плацентаны құрайды.Плацента арқылы ұрық дамуына керекті заттарды, оттегіні анасынан алады, зат алмасудың ақырғы өнімдерін, көмір қышқыл газын сыртқа шығарады.
Плацента ана-ұрық жүйесіндегі гомеастазды сақтайды.
Фенотиптің қалыптасуындағы тұқым қуалайтын материалдың іске асырылуы.Қосмекенділер мен тікентерілілердің ажыратылған бластомерлерінен толық организмдер дамитыны жоғарыда айтылды.Яғни бұл стадияда бластомерлер тотимпотенті немесе тең маишиналы(тұқым қуалау қабілеттілігі бірдей).Тотимпотентті қоянның 4 бластомерлік, ал тритондардың 16 бластомерлі стадиясына дейін сақталатыны анықталды. Адамның бластомерлерінде де осындай тотимпотенттіліктің барын екі,төрт және жеті монозиготалық егіздердің тууы дәлелдеді. Ұрықты клеткалардың әрі қарай дамуында,бластула стадиясынан бастап тотимпотентілік жойылады.Бластомерлер енді біртекті болмайды.Олардың әр түрлі бағытта жіктелуі мен (дифференцировка) мамандануы басталады.Мамандану немесе әр түрлі бағыта жіктелу деп ұрықтың біртекті материалынан дененің әр түрлі құрылымдары мен бөліктерінің (мүшелерінің) қалыптасуын айтады.Ағылшын эмбриологы Д.Гердон (1964-1966) өзі жүргізген тәжірибелерінде ұрық клеткалары титопотеттілігін жоғалтқанмен де,маманданған түрлі клеткалардың ядроларындағы тұқым қуалау информациясының толық сақталғанан дәлелдеді.Ол итбалықтың тері және ішек клеткаларынан ядросын бөліп алып,ядросы шығарып тасталған аналық жыныс клеткасына енгізген.Бұл аналық клеткадан қалыпты итбалықтар дамып жетілген.
Сонымен,организмдегі кез келген соматикалық өзінің арнайы маманданған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz