Биогенді аминдердің рөлі және биологиялық қызметтері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
* Аминқышқылдары туралы жалпы түсінік
II. Негізгі бөлім
* Биогенді аминдердің рөлі және биологиялық қызметтері
o Гистамин
o Серотонин
o Гамма - аминомай қышқылы (ГАМҚ)
o Катехоламиндер
* Биогенді аминдердің тотығуы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Табиғатта аминқышқылдардың 150-ден астам түрі бар. Олардың 20-сына жуығы ақуыздар түзілісінде аса маңызды қызмет атқаратын мономер блок-топшалар. (Аминқышқылдардың ақуыз құрамына енгізілуі тәртібін тектік код есептейді). Аминқышқылдары барлық ағзалардың зат алмасу процесіне қатысып гормондар витаминдер мидиаторлар пуринді және пиримидинді азоттық негіздердің алқолоидтердің т. б. гормондар биосинтезінің негізгі қосылыстарын түзу қызметін атқарады. Микроапалардың көпшілігі өздеріне керекті аминқышқылдарын синтездейді.
Адам организмі қажетті аминқышқылдарының жартысынан астамын өздігінен синтездей алады. Ал сегіз аминқыщқылын адам организмі синтездей алмайды. Олар ауыстырылмайтын аминқышқылдары деп аталады.
Биогенді аминдердің рөлі және биологиялық қызметтері
Катаболизмнің реакцияларының бірі ретінде аминқышқылдардың декарбоксильденуі декарбоксилазалармен катализденеді, олардың коферменті В6 витаминінің туындысы - фос-фопиридоксаль (ФП-СН=0) болып табылады. Аминқышқылдарының декарбоксилденуінің өнімдері көмірқышқыл газы және аминдер болып табылады, олардьң биологиялық белсенділігі жогары болады, сондықтан оларды биогенді аминдер деп атайды.Кейбір биогенді аминдер жүйке жүйесінің медиаторы қызметін атқарады және метаболитикалық процестерге және клеткалар мен мүшелердің қызметтеріне реттеуші әсер көрсетеді. Мысалы, гистидиннің декарбоксильденуі кезінде биогенді амин -гистамин түзіледі. Мүшелер мен тіндердің барлыгында дерлік гистамин бар. Әсіресе өкпе мен тері ткандерінде өте көп.

Гистамин
Гистамин -- физиологиялық белсенді зат. Биогенді аминдерге жатады, организмде гистидиннен жасалады. Гистамин өсіп келе жатқан тіндерде (эмбриондық, қайта өсіп келетін) көп түзіледі, көп мөлшерде мес клеткаларда кездеседі. Гистамин қан иммунитетінің лимфокины болып есептелінеді. Аз ғана мөлшерде организмге тағаммен кіреді. Гистамин қан құрамында байламды түрде кездеседі. Гистамин үсақ, тамырлар өткізгіштігін жақсартады және микроциркуляцияның реттелуіне қатынасады, асқазан сөлінің бөлінуіне әсерін тигізеді. Гистамин медиатор есебінде аллергиялық реакцияға қатысады (есекжем, Квинке ісігі, бронхының тарылуы).
Гистамин жұлында және мидың қосылыстарында болады. Гистамин асқазанның шырышты қабатында түзіледі де, пепсиннің және түз қышқылының секрециясына әсер етеді. Гистамин белокты- гепаринді комплекс түрінде дәнекер тканінің жуан клеткаларында түзіледі және жинақталады. Гистамин қанда базофилдер мен эозинофилдердің гранулаларымен байланыста болады:Клеткадан гистаминнің клеткааралық ортаға бөлінуі әр түрлі әсерден, мысалы, күйіп қалу, суықтан, электр немесе химиялық әсерлерден болуы мүмкін. Ағзаның анафилактикалық және аллергиялық реакциялары жуан клеткалардан гистаминнің бөлінуімен сипатталады. Гистаминнің жергілікті бөлінуі температураның жоғарылауын, ісіну, ауырсыну, қызару және т.б. қабынуга тән белгілердің пайда болуын тудырады.Қанда гистаминнің деңгейі жогарылаганда мынадай қүбылыстар байқалады:- артериолалар мен капиллярлардың кеңеюі (соның ішінде теріде), соның әсерінен қан қысымы төмендейді;- капиллярлардың өткізгіштігінің артуы, соның нәтижесінде сүйықтық қаннан клеткааралық ортаға өтеді де, қысым одан ары төмендейді;- қаннан сұйықтықтың шығуы мида қысымның жоғарылауына, жүйке тканінің ги-пергидратациясына және бастың ауруына әкеледі;- гистамин өкпенің тегіс бұлшық етінің жиырылуын тудырып, бүл демікпенің лри-ступтары түрінде көрініс береді. Гистаминнің әсерінің алдын алу үшін клиникалық практикада гистаминге қарсы препараттар - димедрол, пипольфен, супрастин, диазолин және т.б. жиі қолданылады.

Серотонин
Серотонин -- биогенді амин, қан иммунитетін қоздырушы медиатор. Фенилаланин-гидроксилаза және декарбоксилазаның көмегімен триптофаннан құралады. Серотинин әртүрлі органдарда кездеседі. Әсіресе мидың, ішектің әртүрлі торшаларында, кеміргіштердің тромобоциттердіде және мес торшалардың қүрамында өте көп болады.
Серотиннің шамамен 90%-ы ішектің хромоффинды клеткаларында болады. Қалған бөлігі терінің жуан клеткаларында, кок бауырда, бауырда, бүйректе, өкпеде бар, олар жергілікті гормон қызметін атқарып, клеткааралық байланысты қамтамасыз етеді және ішкі мүшелердің тегіс бұлшық етінің жиырылуын, қан тамырларының тарылуын, тромбоциттер санының артуын тудырады. Мидың сұр затында, гипоталамуста серотонин медиатор қызметін атқарады. Серотонин үйқы үшін қажет деп есептеледі. Серотонин эпифиздің гормоны - мелатониннің биологиялық бастапқы заты болып табылады:Серотонинның мелатонинге айналуы тәулік бойы өзгеріп отырады және жарыққа байланысты болады: қараңғыда мелатонинның синтезі күшейеді, ал күндіз (жарықта)- мелатонинның синтезі тоқтайды. Мелатонин гипофиздың ГТГ бөлуін тежейді де, сол себептен жыныстық осу мен жыныстық белсенділікті төмендетеді. Жарық күннің ұзаруы- мелатонинның синтезін тежейді. Бұл гонадалардың өсуін тудырушы гонадотропты гор-мондарды гипофиздің белсенді синтездеуіне, оларда жыныс гормондарының түзілуіне және жыныстық белсенділіктің артуына әкеледі. Жарық күннің азаюы - қарама-қарсы өзгерістерді тудырады.

Гамма - аминомай қышқылы (ГАМҚ)
Түзілетін орны: орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогендік аминдердің инактивтелуі
Қан биохимиясы. кинин жүйесі. қанның ұюы
Амин қышқылдарының алмасуының арнайы жолдары. Жеке амин қышқылдарының алмасуы
Биогендік аминдер. МАО ингибиторлары. Антигистаминдік препараттар
Хром элементінің биологиялық маңызы және олардың қосылыстарының қолданылуы
d - элементтері қосылыстарының қолданысы
Аминспирттер және олардың биологиялық рөлі. Көпатомды спирттер. Химиялық қасиеттері
S,P,D элементтер
S,p,d-элементтерінің медициналық-биологиялық маңызы.химиялық байланыстың табиғаты
S, p, d элементтердің медициналық-биологиялық маңызы
Пәндер