Биогендік аминдердің инактивтелуі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Ағзадағы биогенді аминдердің рөлі
* Биогендік аминдердің инактивтелуі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Биогенді аминдерін білу үшін ең алдымен аминдер мен аминқышқылдарына тоқталып өтейік.
Аминдер -- молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді.Аминдерді аммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады.
Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер, полиаминдер болып бөлінеді.
Адам денесінде ақуыздардан бұлшықеттер, сіңірлер, барлық мүшелер және шаш, тырнақтар қалыптасады; ақуыздар сұйықтықтар мен сүйектің құрамына кіреді.Ағзадағы барлық процестерді тездететін және реттейтін ферменттер мен гормондар да ақуыздар болып табылады.
Ағзадағы биогенді аминдердің рөлі
Катаболизмнің реакцияларының бірі ретінде аминқышқылдардың декарбоксильденуі декарбоксилазалармен катализденеді, олардың коферменті В6 витаминінің туындысы - фос-фопиридоксаль (ФП-СН=0) болып табылады. Аминқышқылдарының декарбоксилденуінің өнімдері көмірқышқыл газы және аминдер болып табылады, олардьң биологиялық белсенділігі жогары болады, сондықтан оларды биогенді аминдер деп атайды.Кейбір биогенді аминдер жүйке жүйесінің медиаторы қызметін атқарады және метаболитикалық процестерге және клеткалар мен мүшелердің қызметтеріне реттеуші әсер көрсетеді. Мысалы, гистидиннің декарбоксильденуі кезінде биогенді амин -гистамин түзіледі. Мүшелер мен тіндердің барлыгында дерлік гистамин бар. Әсіресе өкпе мен тері ткандерінде өте көп.
Гистамин -- физиологиялық белсенді зат. Биогенді аминдерге жатады, организмде гистидиннен жасалады. Гистамин өсіп келе жатқан тіндерде (эмбриондық, қайта өсіп келетін) көп түзіледі, көп мөлшерде мес клеткаларда кездеседі. Гистамин қан иммунитетінің лимфокины болып есептелінеді. Аз ғана мөлшерде организмге тағаммен кіреді. Гистамин қан құрамында байламды түрде кездеседі. Гистамин үсақ, тамырлар өткізгіштігін жақсартады және микроциркуляцияның реттелуіне қатынасады, асқазан сөлінің бөлінуіне әсерін тигізеді. Гистамин медиатор есебінде аллергиялық реакцияға қатысады (есекжем, Квинке ісігі, бронхының тарылуы).
Гистамин жұлында және мидың қосылыстарында болады. Гистамин асқазанның шырышты қабатында түзіледі де, пепсиннің және түз қышқылының секрециясына әсер етеді. Гистамин белокты- гепаринді комплекс түрінде дәнекер тканінің жуан клеткаларында түзіледі және жинақталады. Гистамин қанда базофилдер мен эозинофилдердің гранулаларымен байланыста болады:Клеткадан гистаминнің клеткааралық ортаға бөлінуі әр түрлі әсерден, мысалы, күйіп қалу, суықтан, электр немесе химиялық әсерлерден болуы мүмкін. Ағзаның анафилактикалық және аллергиялық реакциялары жуан клеткалардан гистаминнің бөлінуімен сипатталады. Гистаминнің жергілікті бөлінуі температураның жоғарылауын, ісіну, ауырсыну, қызару және т.б. қабынуга тән белгілердің пайда болуын тудырады. Қанда гистаминнің деңгейі жогарылаганда мынадай қүбылыстар байқалады:- артериолалар мен капиллярлардың кеңеюі (соның ішінде теріде), соның әсерінен қан қысымы төмендейді;-капиллярлардың өткізгіштігінің артуы, соның нәтижесінде сүйықтық қаннан клеткааралық ортаға өтеді де, қысым одан ары төмендейді;- қаннан сұйықтықтың шығуы мида қысымның жоғарылауына, жүйке тканінің ги-пергидратациясына және бастың ауруына әкеледі;- гистамин өкпенің тегіс бұлшық етінің жиырылуын тудырып, бүл демікпенің лри-ступтары түрінде көрініс береді. Гистаминнің әсерінің алдын алу үшін клиникалық практикада гистаминге қарсы препараттар - димедрол, пипольфен, супрастин, диазолин және т.б. жиі қолданылады.
Серотонин -- биогенді амин, қан иммунитетін қоздырушы медиатор. Фенилаланин-гидроксилаза және декарбоксилазаның көмегімен триптофаннан құралады. Серотинин әртүрлі органдарда кездеседі. Әсіресе мидың, ішектің әртүрлі торшаларында, кеміргіштердің тромобоциттердіде және мес торшалардың қүрамында өте көп болады.
Серотиннің шамамен 90%-ы ішектің хромоффинды клеткаларында болады. Қалған бөлігі терінің жуан клеткаларында, көк бауырда, бауырда, бүйректе, өкпеде бар, олар жергілікті гормон қызметін атқарып, клеткааралық байланысты қамтамасыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биогенді аминдердің рөлі және биологиялық қызметтері
Стрестің дерт дамуындағы маңызы
Биогендік аминдер. МАО ингибиторлары. Антигистаминдік препараттар
Аммиактың алмасуы
Бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігі туралы
Декарбоксилдену реакциялары
Бауыр қызметтерінің жеткіліксіздігі
Минералдардың алмасуы
Ароматты аминдердің қолданыстағы түрлері
Аминдер
Пәндер