Антропология ұғымы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
* Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері;
* Антропология ұғымы;
* Антропометрия;
* Дене бітімінің түрлері (типтері).;
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Анатомия -- тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия -- зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді.

Анатомияны тірі адамда оқып білу әдістері
:: жүйелі анатомия -- адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
:: мүсіндік (пластикалық) анатомия -- адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
:: топографиялық анатомия -- адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
:: салыстырмалы анатомия -- әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
:: түр анатомиясы -- жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
:: түқым анатомиясы -- мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
:: жас анатомиясы -- жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
:: қалыпты анатомия -- ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
:: сырқаттық (патологиялық) анатомия -- ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
:: микроскопиялық анатомия -- жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.
Адам мен жануарлардың қалыпты анатомиясы көптеген ғылыми салалардан тұрады:
остеология -- сүйектер жүйесі туралы ілім;
синдесмология -- сүйектер байланыстары туралы ілім;
миология - бұлшықеттер туралы ілім;
дермотология тері жабыны және онын туындылары туралы ілім;
спланхнология -- ішкі ағзалар туралы ілім;
эндокринология -- ішкі секреция бездері туралы ілім;
ангиология -- тамырлар жүйесі (қанайналым, лимфаайналым, қантүзу мүшелері) туралы ілім
нерология -- жүйке жүйесі туралы ілім ;
эстезиолония -- сезім мүшелері туралы ілім ;

Антропология ұғымы
Антропология - адам жөніндегі ғылым, бұл бағыт ХІХ ғасырдан басталған. ХХ ғасырда антропология ғылымы екі бағытпен кетеді. Біріншісінде, француздардың айтуы бойынша, антропология деген адамның универсальды ғылымы дейді (адамның жалпы құрылысы, демеуі, психологиясы, тілі т.б.). Бұл көбінесе батыс елдерінде, АҚШ-та қабылданған. Екінші көзқарас бойынша, антропология бұл тек қана адамның физикалық құрылысы, адамның белгілі бір уақыттағы, кеңістіктегі өзгергіштігі.
Біздің елде антропология - адамның шығу тегі. Физикалық конституциясы, дамуы, өсуі және жасына қарай өзгергіштігі. Соның ішінде жыныс ерекшеліктері, адамның тарихы және нәсілдерге бөлінуі.
Антропология негізгі үш бөлімнен түрады:
* Адам морфологиясы.
* Адамның антропогенезі.
* Адамның нәсілдерге бөлінуі және этникасы.
Антропология (грекше arthropos - адам, logos - ілім) - адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы биология ғылымының қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысы бар саласы. Антропология терминін алғаш рет Аристотель енгізген. Антропология ұғымы көне грек дәуірінен бастап белгілі болғанымен орта ғасырдың аяғына дейін адамның физикалық құрылысын зерттейтін, ішінара адам психологиясы мен этнографиялық ерекшеліктерін сипаттайтын да ғылым саласы болып келді. ХІХ ғасырдың ортасынан антропологияның жалпы ғылымдағы орны, мазмұны, анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның бірі - ХVІІІ ғасырдағы француз ойшылдарының пікірлеріне сәйкес адамға тән құрылысын, тіршілік-әрекетін, тілін, мінез-құлқын, материалдық және рухани қазыналарын т.б. зерттеу. Қазіргі кезде мұндай көзқарасты АҚШ, көптеген Батыс Еуропа елдерінің антропологтары қолдайды.
Ал екінші көзқарас - адамның дене құрылысы ерекшеліктерінің уақыт, кеңістік бойынша өзгерісіне ерекше мән беру. Мұны Ресей, т.б. елдердің ғалымдары қуаттайды. Қазіргі кезде антропология ғылымы 3 түрлі өзекті мәселеге - адамның дене құрылысы ерекшеліктеріне, шығу тегі мен оның дамуына, этникалық құрамының қалыптасуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты эволюциялық антропология, физикалық антропология болып бөлінеді. Антропология ғылымында кеңінен қолданылатын әдістің бірі - антропометрия яғни тірі адам денесінің түрлі мүшелерінің өзгерісін өлшеу. Сонымен қатар антропологиялық мәліметтерді қолдану (биометрия), биохимиялық, генетикалық, иммунологиялық, т.б. әдістер де пайдаланады. Антропология ғылымына П. Брок, Р.Мартин, Л. Мартин, Л. Лики, А.П. Богданов, Д.Н. Анучин, В.В. Бунак, Я.Я. Рогинский, В.П. Алексеев т.б. ғалымдар ерекше үлес қосты.

Антропометрия
Антропометрия -- адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (XIX ғ.) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т.б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ
Антропология тарихы мен теориясы пәні
Философия тарихындағы адамның негізгі бейнелері
Мәдениет құрылымы
Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші
Қазақ антропонимдерінің әлеуметтік мәні
Мәдениеттау ғылымы
Мәдениет пен ғылымдардың байланысы
Психологиялық және психоаналитикалық антропология
Пәндер