Антидиуреттік гормон



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* Антидиуреттік гормон
* Альдостерон және ренин-ангитензин
* Натрий-уретикалық фактордың қызметі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Жасушалық деңгейде гормондардың әсер етуі 2 негізгі механизімі белгілі: жасуша мембранасының сыртқы қабатындағы эффектінің реализациясы, гормон ішіне енгеннен кейін реализация. Гормондардың биологиялық эффекті, рецептормен байланысатын, плазмалық мембранада орналасқан, бұл процесс екінші реттік өткізгіштік арқылы жүзеге асады оны мессенджер деп атайды. Оны атқаратын заттын жіктелуіне байланысты гормондарды бөледі:
1. биологиялық эффектіні көрсететін цАМФ гормоны. Оған: глюкагон , лютеин, ФСГ, ТСГ, кальцитонин, паратиреоидты гормон, антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин жатады
2. өз қызметін циклдік нГМФ арқылы жүзеге асатын гормон - азот тотығы
3. өз қызметін мессенджер арқылы жүзеге асырады олар - фосфатидилинозитол (инозитолтрифосфат және диацилглицерин)немесе екеуін де бірге. Оларға: антидиуретикалық гормон, адреналин, норадреналин, ангиотензин ІІ, гонадотропин-рилизинг немесе люлиберин, тиролиберин жатады
4. өз қызметін каскадты, фосфатазаларды белсендіру арқылы жүзеге асырады. Оларға: инсулин, пролактин, эритропоэтин жатады.
Бірақ бұл жіктелу шартты түрде . Рецепторлардың түріне байланысты бір гормон сигналды түрлі мессенджермен беруі мүмкін. Мысалы, адреналин бета2-рецептормен байланысқанда цАМФ, егер альфа1-рецепторымен байланысқанда онда иондалған Са және фосфатидилинозиттер қатысады.

Негізгі бөлім
Тұз-су гомеостазының негізгі параметрлеріне осмос қысымы, ортаның рН-ы және жасуша ішілік және жасуша сыртылық сұйықтардың мөлшері жатқызлады. (Сур.2.). Бұл параметрлердің өзгерісі артериялық қысымның өзгеруіне, ацидозға немесе алкалозға, дегидратацияға және ісіктерге әкеле алады. Су-тұз балансының реттелуіне қатысатын негізгі гормондарға АДГ (антидиуреттік гормон, вазопрессин), альдостеронжәне жүрекшенің натрий-уретикалық факторы (НУФ)жатқызылады.
АДГ немесе вазопрессин -- пептид, құрамында 1 дисульфидтік көпірше байланысымен жалғасқан 9 аминоқышқыл болады. Ол гипоталамуста прогормон түрінде синтезделеді, сонан кейін гипофиздің артқы бөлігіне жүйке ұлпасының соңдары арқылы тасымалданады. Олардан сәйкес стимул әсері кезінде қан айналысына секретеледі. Аксон бойымен тасымалдануды арнайы тасымалдаушы белок -- нейрофизин атқарады.
АДГ секрециясын дамытатын стимул қызметін натрий ионы концентрациясының жоғарылауы және жасушадан тыс сұйықтың осмостық қысымының жоғарлауы атқарады.
АДГ үшін аса маңызды нысана-жасушалар -- бұлар бүйректің дистальдық және жинақтаушы түтікшелерінің жасушалары болып табылады. Бұл түтікшелердің жасушалары суды салыстырмалы түрде өткізбейді және АДГ болмаған кезде зәр концентрацияланбайды, сондықтан көп мөлшерде бөлінуі мүмкін, тәулігіне 20 л астам (қалыпты мөлшері 1-1,5 л).
АДГ әсер ететін рецептордың екі түрі болады -- V1 және V2. V2 -рецепторы тек бүйректің эпителиалдық жасушаларының беткейінде ғана анықталған (сурет4). АДГ-ның V2 рецептормен байланысуы аденилатциклазалық жүйені қосарландырады және ол протеинкиназа А-ның (ПКА) активтенуін стимулдейді. Протеинкиназа А (ПКА) белоктарды фосфорландырады. Бұл белоктар мембраналық белок - аквапорин-2-нің генінің экспресиясын стимулдейді. Аквапорин-2 апикалдық мембранаға ауысып, оған орналасып су каналдарын түзеді. Олар жасуша мембранасының су үшін селективті өткізгіштігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде судың бүйрек каналшаларынан реабсорциясы жүреді және су интерстициалдық кеңістікке өтеді.
V1-рецептор жазық бұлшықет мембраналарында шоғырланған. Vi-дің АДГ мен байланысуы фосфолипаза С-ның активтенуіне әкеледі. Фосфолипаза С фо-сфатидилинозитол-4,5-бифосфатты гидролиздеп инозитол-3-фосфаттың (ИФ-3) түзілуіне әкеледі. ИФ-3 эндоплазмалық ретикулумнан Са2+-ң босатылуын жүргізеді. Гормонның Vi рецептор арқылы әсерінің нәтижесі тамырлардың жазық бұлшықеттік қабатын жиырылдыру болып табылады.
Гипофиздің артқы бөлігі дисфункциясынан болатын АДГ жетіспеушілігінде, сонымен бірге гормондық сигналдың берілу жүйесіндегі бұзылуда қантсыз диабеттің дамуы мүмкін. Қантсыз диабеттің негізгі белгісі -- полиурия, немесе, тығыздығы төмен зәрдің көп мөлшерде бөлінуі.
Альдостерон -- біршама активті минералокортикостероид. Ол бүйрекүстілердің қыртысты қабығында холестериннен синтезделеді.
Шумақтық аймақтағы жасушалардағы альдостеронның синтезі мен секрециясын ангиотензин II , АКТГ, простагландин Е стимулдейді. Сонымен қатар бұл процестер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гипоталамустың гормондары
Бүйректің инкреторлық қызметтері ренин-ангиотензиндік жүйе, эритропоэтин және т. б. Жасанды бүйрек
Гипофиз гормондары
Зат алмасуының гормонды реттелуі. Гипоталамус және гипофиз гормондары
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Адам мен жануарлар физиологиясы
Гормондар және адаптациялық процесстер
Гормондарға жалпы сипаттама
Эндокринология пәнінен дәрістер
Гипофиздің құрылымдық-қызметтік ұйымдасуы
Пәндер