Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Нерв жүйесінің құрылымдық-функционалдық құрылысы және оның жастық ерекшеліктері
* Жалпы жүйке жүйесінің құрылымы туралы жалпы ұғым
* Жалпы жүйке жүйесі туралы жалпы ұғым
* Жүйке жүйесінің құрылымы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жүйке жүйесі организмнің сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Бұлармен қатар жүйке жүйесі түрлі дене мүшелерінің, ұлпалардың, клеткалардың қызметін, зат алмасу мен қан айналысын басқарып, сыртқы ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайларына оларды бейімдеп, үйлестіріп отырады. Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке клеткалардан құралған. Бұл нейрондардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі -- ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі -- көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бұлар орталық, перифериялық (шеткі) және вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өне бойына орналасқан. Орталық жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал перифериялық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жүйкесінен тарайтын әр түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Негізгі бөлім

Жүйке жүйесінің маңызы:
- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтсатығын жүзеге асырады;
- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметін реттейді;
- организмді сыртқы ортамен байланыстырады.
Жүйке жүйесінің жалпы сызбанұсқасы:
Адамның нерв жүйесі 2-ге бөлінеді:
1) Орталық нерв жүйесі (ОНЖ) - ми, жұлын;
2) Шеткі нерв жүйесі - ОНЖ-дан тыс орналасқан нерв клеткалары мен барлық нерв талшықтары.
Сонымен қатар, нерв жүйесі (НЖ) тағы да 2-ге бөлінеді:
1) Вегетативті нерв жүйесі - ішкі органдар қызметі мен зат алмасуды реттейді. ВНЖ өз кезегінде 2-ге бөлінеді:
А) симпатикалық; Б) парасимпатикалық.
2) Соматикалық НЖ көлденең жолақты бұлшықеттің жұмысые реттеп, дененің сезімталдығын қамтамасыз етеді.
Жүйке ұлпасы
Нерв жүйесінің құрылымдық және функционалдық бірлігі болып нейрон табылады. Нерв жүйесінің құрамына нейрондардан басқа глиалдық жасушалар да кіреді. Нейрондар мен глиалдық жасушалардң жиынтығы нерв ұлпасын құрайды. Глиалдық жасушалар нерв ұлпасын қоршап, тірек, қоректік және электроизоляциялық қызмет атқарады.
Жаңа туған нәрестеде глиалдық жасушаларға қарағанда нейрондардың саны көп болады. 20-30 жаста олардың мөлшері теңесіп, кейін нейрондардың саны азайып, глиалдық жасушалар көбейеді. Нерв ұлпасының негізгі қасиеттеріне қозғыштық, өткізгіштік және лабильділік жатады. Бұл қасиеттер өз кезегінде тітіркенгіштікпен тығыз байланысты.
Нейронның негізгі қызметі алынған нерв импульстерін талдаумен байланысты. Нейронның денесі және қысқа өсінді-дендрит, ұзын өсінді-аксон болады. Нейроннның денесі сома д.а. Оның пішіні әртүрлді. Сомада күрделі зат алмасу процестері жүреді, нейронның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті энергия түзіледі. Сомада ядро айқын көрінеді және онда көптеген органоидтар болады. Дендриттердің ұшы күшті бұтақтанып, нейронның басқа клеткаларымен жанасу ауданын үлкейтеді. Д.- қозуды қабылдаушы негізгі бөлік. Бір нейронда бір ғана аксон болады. Сырты қабықшамен қапталған аксон нерв талшығы д.а. Бірнеше нерв талшығы бір нервті түзеді.
Нерв талшықтары мен нервтердің негізгі қызметі - нерв импульстерін өткізу. ОЖЖ-ге нерв импульстерін өткізетін сезгіш (афферентті, орталыққа тепкіш) нервтерді, ОЖЖ-ден шеткі органдарға нерв импульстерін өткізетін қимыл (Эфферентті немесе орталықтан тепкіш) және сезгіш, қимыл нерв талшықтарынан тұратын аралас нервтерді ажыратады. Кейбір нерв талшықтарының май тәрізді зат - миелиннен тұратын қабықшасы болады. Миелин қабығы талшықты толық қаптамай, үзілістер жасайды. Үзілістер Ранвье белдеуі д.а Миелиннің атқаратын қызметі қоректік, қорғаныштық және электризоляциялау. Миелинмен қапталаған нерв талшығы миелинді талшық, миелин қабықшасы жоқ талшық миелинсіз д.а. Миелинді талшық бойымен қозу жылдам өтеді. Онтогенездің алғашқы этаптарында миелинді қабықша болмайды да, бала 2-3 жасқа келгенде дами бастайды. Қабықшаның қалыптасуы баланың өмір сүру жағдайына тәуелді. Қолайсыз жағдайларда миелиндену процесі бірнеше жылға баяулап, ол нерв жүйесінің басқарушы және реттеуші қызметін қиындатады. Жекелеген нейрондар арасындағы байланыс синапс арқылы жүзеге асады.
Синапстың:
- пресинапстық мембранасы (аксонның ұшы түзеді);
- постсинапстық мембранасы (басқа нейронның участогы
- синапс саңылауын ажыратады.
Химиялық синапстарда қозу арнайы химиялық белсенді заттар - медиаторлардың көмегімен беріледі. Рефлекс және рефлекс доғасы. ЖЖ-нің барлық қызметінің негізінде рефлекстік реакциялар жатыр. Рефлекс ОЖЖ-ның қатысуымен өтетін организмнің тітіркенуге жауап беру реакциясы. Рефлекс кезінде қозу өтетін жол рефлекс доғасы д.а. РД 5 элементтен тұрады:
-рецептор;
-афференттік нерв;
-ОНЖ;
-эфференттік нерв;
-жұмыс органы.
Егер РД 2 нейрон 1 синапстан тұрса, ол 2 нейронды немесе моносинапстық д.а. Егер РД көп нейроннан тұрып, олардың арасындағы байланыс көптеген синапстармен қамтамасыз етілсе, онда РД көп нейронды немес полисинапстық д.а. Дененің барлық органдарында тітіркендіргіштерге сезімтал нерв ұштары - рецепторлар орналасқан. Рецепторлар құрылысы (көз, құлақ және т.б.), орналасуы және атқаратын қызметі бойынша әртүрлі.
Орналасуына байланысты рецепторларды:
1)экстерорецепторлар (көздің торлы қабықшасы, құлақ, иіс, дәм сезу органдары, тері рецепторлары) тітіркенуді сыртқы ортадан қабылдайды;
2)интерорецепторлар ішкі органдардың ұлпаларында орналасып, тітіркенуді ішкі ортадан қабылдайды;
3)проприорецепторлар - бұлшықеттерде, сіңірлер мен буындарда орналасып, бұлшықеттің жиырылуын, созылуын қабылдап, дененің қозғалысы туралы белгі береді.
Нерв орталығы туралы түсінік. ОНЖ-ның әртүрлі бөлімдерінде орналасқан нейрондардың күрделі функционалдық бірлестіктері нерв орталығы д.а. Нерв орталығы рефлекторлық реакциялардың және функциялардың реттелуіне қатысады. Нерв орталығының өзіне тән қасиеттері болады. ОНН-гіқозу мен тежелу процестері ОНН-гіқозу мен тежелу процестері
- қозуды бір жақты ғана өткізеді;
- ОНЖ-нің синапстарында қозудың өту жылдамдығы төмендейді (синапстық кешігу).
Синапстардың қозудың өткізу жылдамдығы нерв бойымен өту жылдамдығынан 200 есе төмен. Тежелу. Нерв жүйесінің барлық бөлімдерінің қызметінде қозумен қатар тежелу процечсі де маңызды роль атқарады. Тежелу процесінің нәтижесінде қозу бәсеңдейді немесе өшеді. ОНЖ-гі тежелу құбылысы И.М.Сеченов ашқан. Тежелу құбылысы кез келген рефлекстің жүзеге асуына қатысады. Қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасы. Қозу және тежелу процестерінің өзара әрекеті нерв жүйесінің барлық күрделі қызметі мен адам организміндегі барлық мүшелердің келісімді қызмет етуін қамтамасыз етеді. Сыртқы және ішкі ортадан түскен әсерлерге организм біртұтас құрылым ретінде жауап береді. Организмнің әртүрлі жүйелері қызметінің біртұтас құрылымға бірігуін интеграция, ал олардың организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларына бейімделуіне әкелетін келісімі, өзара қатынасы координация деп аталады. Интеграция мен координация ОНЖ-нің қызметімен байланысты. ОНЖ-дегі иррадиация мен индукция. Қандай да бір тітіркену кезінде туындаған қозу импульстері ОНЖ-не түскеннен кейін көрші участоктарға тарайды. Бұл - иррадиация құбылысы. Иррадиация кішкене балаларда жақсы көрініс табады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушылар әдемі ойыншықты көрген кезде ауыздарын ашып, секіріп, күлуін иррадиация құбылысымен түсіндіруге болады. Бірақ ОНЖ-де қозу белгілі бір шеңберде ғана таралады. ОНЖ-не тсүкен қозуды тежелу шектеп тастайды. Нәтижесінде қозу нейронадардың белгілі бір топтарында тұрақтанады. Ал, олардың айналасындағы нейрондардың қозуы төмендеп, олар тежелу күйіне көшеді. Бұл құбылыс бір уақыттағы теріс индукция деп аталады.
Қозу болған нейрондарда қозудан кейін тежелу пайда болады және керісінше, тежелуден кейін сол нейрондарда қозу туады. Бұл ізді индукция. Мысалы, оқушылардың сабақтан кейін үзілістегі белсенділігі.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады. Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан нерв түйіндері екі жұлын нервтеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы нервтер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын нервтері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін нервпен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін нервтендіреді. Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді. Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі нерв әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға нерв импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын нерв импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Бұларға қоса, жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан (айталық, тізе рефлексі). Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.
Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын нерв импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.
Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады (жүрек-қан тамырлары, ас қорыту, зәр шығару т.б. рефлекстер).
Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп нервтер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz