Этил спиртінің (этанол) бауырға әсері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Этил спиртінің (этанол) бауырға әсері
* Бауырдағы этанол метаболизмі
* Бауырдың алкогольді зақымдануларының жіктелуі бауырдағы морфологиялық өзгерістері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Көп жылдар бойы медицинаға спирттік ішімдіктердің әсерімен байланысты аурулар белгілі болған. Арақ-шарап қолданудың жиілеуі алкоголизммен ауырған науқастардың көбеюіне және алгокольді шамадан тыс қолданумен байланысты соматикалық аурулардың кең таралуына әкеп соқты. Адамдардың алкогольге деген қабылдаушылығы тұқым қуалайды.
Аталған ауыр патологиясы бар науқастар арасындағы өлім-жітім және мүгедектік көрсеткіштерінің жоғары деңгейі мамандардан алкогольдің ішкі мүшелерге, әсіресе бауырға деген қолайсыз әсерін алдын алуының немесе азайтуының жаңа жолдарын табуды талап етеді. Медицина ғылымына қойылған міндеттермен қатар, бұл мәселе әлеуметтік алдын - алу мен реабилитация арқылы мемлекеттік деңгейде шешілуге тиісті.

Негізгі бөлім
Этил спирті (этанол) бауырдың алкогольді зақымдануының негізгі факторы болып табылады. Бауырдың алкогольді зақымдануы клиникалық және патофизиологиялық тұрғыдан әртүрлі аурулармен көрінеді. Вирусты инфекциялармен қатар алкоголь бауырдың созылмалы ауруларының негізгі этиологиялық факторы болып табылады.
Бауырдың алкогольді зақымдануына алкогольді ауру үдеуінің әртүрлі сатысы болып табылатын стеатоз, гепа- тит, цирроз және рак жатады. Науқастардың барлығында бауырдағы патологиялық үрдіс бірдей бол- майды, себебі үрдістің ағымына экзогенді (алкогольдің мөлшері, қолдану ұзақытығы, адамның жынысы), эндогенді (дене салмағы) және генетикалық детерминацияланған факторлар әсер етеді. Мысалы, бауырдың алкогольді зақымдануы ер адамдармен салыстырғанда әйелдер мен жасөспірімдерде тезірек дамитыны, алкогольді элимина- циялайтын ферментативті жүйелердің айқын полиморфизмі бар адамдарда ауыр өтетіні анық.
Жоғарыда айтылғандай, алкоголь барлық мүшелерге, соның ішінде, бірінші орында бауырға зиянды әсер етеді. Бауыр - нысана мүшесі болып табылады, себебі, этанолдың 90%-ы осы жерде тотықтанады. Сау адамның бауыры тәулігіне таза 96%-дық этанолдың шамамен 150 г-ын мета- болизмнен өткізеді, бірақ тәуліктік жеткілікті мөлшері - ер адамдар үшін - 40 г, әйеледер үшін - 30 г (100 және 75 мл арақ). Организмдегі эндогенді этанолдың құрамы көптеген жағдайларға байланысты. Қалыпты жағдайда қандағы эитанолдың мөлшері - 10-30 мг%. Этил спирті жоғары қуатты зат болып табылады, себебі, 1 г этанол тотығуының барысында 7 ккал түзіледі. Қалыпты жағдайдағы эндогенді этанолдың тотығуы организмнің қуаттық қажеттіліктерінің 10%-ын қамтамасыз етеді. Эндогенді этанолдың мөлшерінің жоғарылауына гипоксия әсер етеді. Алкоголь метаболизмі бірнеше ферментті жүйелермен жүзеге асы- рылады: алкогольдегидрогеназалық, микросомальді этанол тотықтандыратын (МЭОС), каталазалық, ацетальдегид- гидрогеназалық
Метаболизмнің алғашқы үш сатысында аралық тотығу өнімі ретінде ацетальдегид (АА) шығады. Аце- тальдегид жоғары токсикалық зат болып табылады (антиоксиданттармен химиялық байланыстарға түседі, жасуша мембраналарындағы фосфолипидтер мен май қышқылдарын ыдыратып, бос радикалдардың түзілуіне әкеледі, ферменттер, протеиндер, ДНҚ құрылымын бұзады, мутацияларға әкеп соғады).
1. Алкогольдегидрогеназа (АДГ), жасуша цитоплазма- сында этанол (этанол-ацетальдегид) тотығуының субстраты никотинамид-адениндинуклеотид (NAD) болып табылатын қайтымды реакциясын катализдейді. АДГ-ң асқазандық және бауырлық фракциясы бар, ол 5 әртүрлі гендермен 4-ші хромосомасында кодталады және этанол элиминациясыныңәртүрлі дәрежесін қамтамасыз етеді. АДГ-ң ең белсенді түрлері - АДГ-2 және АДГ-3 изомерлері, олар бауырдың тез көбейіп жатқан АА мөлшеріне деген төзімділігін төмендетеді.
2. Этанолдың АА-ға айналдыру қызметін бауыр жасушаларының тегіс эндоплазмалық торында орналасқан МЭОС атқарады. Бұл жүйедегі этанолдың тотығуы P-450-IIEI цитохромның тотығу-қалыптасуы кіретін реакцияларға жатады. Бұл жолдың қызметі NADPH-ны генерациялайтын ферментті жүйелермен қамтамасыз етіледі. Физиологиялық жағдайда МЭОС алкогольдің 25%-ын тотықтандандырады (этанолдың тіндік концентрациясы 10 ммольл немесе 50 мгдл деңгейінен жоғары).
3. Организмде этанолдың АА-ға айналуының тағы бір жолы жүзеге асырылады, оған каталаза ферменті қатысады. Бұл реакцияның субстраты - жоғары токсикалық сутек тотығы.
4. АА метаболизмінің жалғасуын ацетальдегиддегидро- геназа (ААДГ) ферменті қамтамасыз етеді. ААДГ АА-ны ацетилкоэнзим А (ацетил-КоА) арқылы уксус қышқылына (ацетат) айналдырады. Бұл реакцияда NAD қалыптасып (НАДН), сутектің ко-факторы және акцепторы ролін атқарады. Пайда болған сутек май қышқылдарының қуат ретінде орнын алып, триглицеридтердің көбеюіне және бауырдың майлы дистрофиясына әкеп соғады. Ацинустың 3-ші аймағының некрозы АДГ мен ААДГ ферменттерінің белсенділігінің төмендеуіне әкеледі.
ААДГ ферменті 4 хромосомадағы 4 әртүрлі локустармен кодталады. Негізгі митохондриялық фермент ААДГН-2 АА тотығуының басым бөлігін жүзеге асырады. Монголо- идтар расасының 50%-да ААДГН-2 ферментінің дефициті анықталады, сондықтан олар этанолды нашар көтереді. Бұл адамдарда бауырдың алкогольді зақымдануының даму қауіпі жоғары болып табылады. ААДГН-2У ферментін кодтайтын ген бойынша гетерозиготтарда АА метаболизмі бұзық болып келеді. Бұндай адамдар алкогольді ауру даму қауіпі жоғары топқа жатады. Этанол метаболизмінің соңғы саты- сында уксус қышқылы ацетил-КоА-ң ацетаттық бөлігіне айналады. Ол көмірқышқыл газ бен судың түзілуімен және жылу қуатының жиналуымен аяқталатын Кребс цикліне кіреді. Ацетил-КоА-ң басқа бөлігі май қышқылдарының, холестериннің синтезіне және көптеген басқа биосинтездік реакцияларға қосылады. Адам организміндегі этанолдың бұндай биотрансформациясы алкогольдің пайдасы туралы жалған ой береді, себебі энергетикалық бұл заттың жеңіл қорытылуы және қуатының пайдасы туралы айтылады. Бірақ, осы артықшылықтарының есебіне организмде этанол тотығуының барлық сатыларымен байланысты зат алмасуының терең бұзылыстары дамиды. Этанол АА-ға және АА ацетатқа ауысқан кезде жасуша субстратында NADH (қалыптасқан түрі) көбейеді, NADHNAD қатынасы жоғарылап, жасушаның тотығу потенциалы бұзылады. Бұл жағдай көмірсулар, липидтер және ақуыз алмасуындағы гомеостаздың бұзылуына әкеп соғады. Тотығу үрдістерінің терең метаболикалық қайта құрылуы және цитоплазмалық, митохондриальді және эндоплазмалық мембраналардың физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі бауырдағы ауыр қызметтік және морфологиялық (кейде қайтымсыз) өзгерістерге әкеп соғады.
Этанол майдың деподан шығуын күшейтеді, гепатоциттердегі май қышқылдарының синтезін көбейтеді, май қышқылдарының триглцеридеттерге дейін эстрифика- циясын жоғарылатады, май қышқылдарының тотығуын төмендетеді, липопротеиндердің синтезі мен босауын төмендетеді, қандағы аминқышқылдарының қалыпты қатынасын бұзады. Холестерин синтезінің күшеюіне және оның жиналуына байланысты жасуша мембраналарының өткізгіштігі өзгереді. Бауырдың алкогольді зақымдануының айқын морфологиялық белгілерінің анықталауына қарамастан гепатоцитке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Гемнің құрылысы мен биосинтезі. Билирубин алмасуы
Этил спиртінің жергілікті әсері
Этил спирті судан жеңіл
Орталық жүйке жүйесін қоздыратын дәрілік заттар
Арақ ішетін адам
АДАМЗАТТЫ УЛАҒАН ІШІМДІК ТУРАЛЫ АҚИҚАТ
Жануарлар потологиясы - зертханалық жұмыстар
Salicornia europaea өсімдігінің жер үсті бөлігінен қышқылдық компоненттерді бөлуі
Итшомырт шырғанағы
Этанол–су бинарлы қоспасын бөлуге арналған ректификациялық колоннаны есептеу
Пәндер