Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеудегі секреция бездерінің маңызы
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Гуморальдық реттелу
* Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеудегі секреция бездерінің маңызы
* Гипофиз. Қалқанша безі. Қалқанша маңы бездері
* Ішкі секреция бездерінен бөлінетін гормондар және олардың адам ағзасына әсері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Без, биологияда -- адам мен жануарлар организмінде арнаулы заттар -- секреттер бөліп шығаратын органдар. Без өзінің атқаратын қызметіне қарай: сыртқы секреция бездері (мысалы, бауыр, сілекей бездері) және ішкі секреция бездері (мысалы, қалқанша безі, гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті безі) болып бөлінеді. Қалқанша безі (glandula thyroіdea) адамда кеңірдектің қалқанша шеміршегі мен 5 -- 7-кеңірдек сақиналары аралығында орналасқан, организмнің өсуін, дамуын, ондағы зат алмасуды реттейтін, құрамында иоды бар гормон түзіп, оны өзіне жинайтын орган. Қалқанша безі адамда, сүтқоректілерде біреу, ал қосмекенділерде, бауырымен жорғалаушыларда, құстардажұп болады. Пішіні таға тәрізді, екі бөліктен тұрады. Ересек адамдарда салмағы 25 -- 30 г. Жас ұлғайған сайын кішірейе береді. Әйелдің қалқанша Б-і еркектің қалқанша Б-іне қарағанда үлкендеу және жүктілік кезінде оның көлемі ұлғаяды. Тағамда иодтың жетіспеуі адамды бұғақ (зоб) ауруына шалдықтырады. Гипофиз (грек. hypophysіs -- өсінді) -- мидың төменгі қосалқы бөлігі, организмге қажетті әр түрлі гормондар бөліп шығаратын орган. Адамда гипофиздің салмағы 0,5 - 0,6 г. Ол алдыңғы (безді), орта (аралық) және артқы (жүйкелі) бөліктен құралған. Гипофиздің қызметі шамадан тыс күшейіп немесе әлсіреп кетсе, ол организмге елеулі әсерін тигізеді. Мысалы, гипофиздің ішкі секрецияны өте көп шығаруы баланың бойын шамадан тыс өсіріп, акцелераттануға ұшыратады. Гипофиздің қызметі әлсіреген жағдайда баланың бойы өспей қалады, организмде зат алмасуы бұзылады, ал ересек адам шамадан тыс семіріп кетеді, басқа бездердің қызметі нашарлайды. Эпифиз ( грек. epіphysіs -- төмпешік) -- адам мен омыртқалы жануарлар миының төрт төмпешік бөлімі үстінде орналасқан орган. Эпифиздің салмағы адамда 0,2 г, жылқыда 0,44 г, шошқада 0,04 г. Оның физиол. қызметі, активті заттары әлі толық зерттелмеген. Дегенмен эпифиз организмнің күн мезгілдері ауысуына орай өзгеріп, бейімделуіне мүмкіндік беретін орган деп есептелінеді. Жас балаларда эпифиздің қызметінің тежелуі олардың ерте жыныстық жетілуіне әкеледі. Бүйрек үсті безі (glandulae suprarenales) -- екі бүйректің үстінде орналасқан, организмде белоктың көмірсуға айналуын және минералдық тұздардың алмасуын реттейтін жұп орган. Салм. 15 г, сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Бүйрек үсті безі 50-дей гормон (мыс., адреналин, альдостерон, кортикостерон, кортизон, т.б.) бөліп шығарады. Оның жұмысын орталық жүйке жүйесі басқарады. Бүйрек үсті безінің сыртқы қабаты зақымданса, адам аддисон ауруына шалдығады. Адам мен жануарларда ішкі және сыртқы секреция бездерінің қызметін қоса атқаратын ұйқы безі болады. Ұйқы безі (pancreas) -- организмде көмірсу, май, белок алмасуына, яғни, ас қорытуға қатысатын орган. Омыртқасыздарда ұйқы Б-і тек моллюскілерде ғана болады. Адамда қарынның артқы жағында 1-, 2-бел омыртқа тұсында орналасқан. Ұзындығы 15 -- 25 см, ені 3 -- 9 см, қалыңдығы 2 -- 3 см., салмағы 70 -- 80 г. Ол тәулігіне 1,5 -- 2 л сөл бөледі.
Гуморальдық реттелу
Гуморальдық реттелу (гуморальная регуляция); (ге- gulatio humoralis; лат. regulatio -- реттеу, реттелу; humor -- сұйық, ылғал) -- организмнің ішкі сұйық ортасына (қанға, лимфаға, ұлпа сұйығына) шығарьшған эндокринді бездер немесе жекеленген эндокринді жасушалар гормондары мен биологиялық белсенді заттарының болмаса ұлпа сұйығында еріген басқадай заттардың әсеріне байланысты мүшелер қызметтерінің реттелуі, яғни организмнің сұйық ішкі ортасының қатысуымен мүшелер қызметтерінің реттелуі (сұйықтық реттелу).

Организмдегі гисто-физиологиялық құбылыстарды реттеу. Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің жұмысы жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. Жүйкенің реттелуі рефлекстер арқылы өтеді. Рефлекстер барлық клеткаларда, ұлпаларда, мүшелер жүйелерінде бар. Олар жүйке жүйесінде пайда болған өзгерісті жылдам қабылдайды. Әр түрлі мүшелер жүйелерінде жүйке жүйесінің тарату жылдамдығы, сондай-ақ бір секундтан аз уақыт ішінде қозу пайда болады. Жүйке жүйесі оларды өзара байланыстырып, жұмыс әрекетіне дер кезінде үйлесімдік әсерін тигізіп отырады.
Гуморальдық реттелу қан құрамындағы заттардың әсерінен болады. Организмде пайда болатын күрделі биологиялық белсенді қосылыстар қанның ағымымен ішкі мүшелерге және мүшелер жүйелеріне келіп, олардың жұмысына әсер етеді. Бірақ бұлардың әсері жүйкенің әсеріне қарағанда баяу болады.
Жүйкелік және гуморальдық жолмен реттелу өзара тығыс байланысты. Мұндай реттелу балалық шақтың алғашқы кезеңінде онық өсуін, денесінің дамуын және сыртқы орта жағдайларына бейімделуін қамтамасыз етеді. Гуморальдық реттелуге ішкі секреция бездерінің қатысы бар.
Сыртқы және ішкі секреция бездері. Организмдегі бездер, негізінен, екі топқа: сыртқы және ішкі секреция бездеріне бөлінеді. Сыртқы секреция бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездерді айтады. Ал ішкі секреция бездерінің сөл бөліп шығаратын өзектері болмайды. Сондықтан олар сөлді тікелей қанға бөледі. Сыртқы секреция бездеріне сілекей, қарын, ұйқы безі және ішек бездері мен бауыр жатады. Бұлар сөлді ас қорыту мүшелеріне сөл өзектері арқылы бөледі.
Ішкі секреция бездеріне гипофиз ( мидың төменгі қосалқы безі) және эпифиз (жоғары қосалқы без), қалқанша безі, қалқанша маңы бездері, тимус, бүйрек үсті безі жатады. Бұларда түтікше болмағандықтан, олар сөлін тікелей қанға бөледі. Бұл екі топта сыртқы және ішкі секрециялық қызмет атқаратын бездер болады. Оларды аралас секрециялық бездер деп атайды. Аралас секрециялық бездерге- ұйқы безі мен жыныс бездері жатады. Ұйқы безінің сыртқы секрециялық бөлімінің сөлі арнаулы түтікшелер арқылы ас қорыту мүшесіне құйылады. Жыныс бездерінен шығатын бөлінді бір жағынан тікелей қанға түседі (бұл ішкі секреция қызметі), екінші жағынан түтікше арқылы жыныс мүшесіне шығады (бұл сыртқы секреция қызметі).
Ішкі секреция бездерінің маңызы. Адамның және жануарлардың тіршілік етіп, өсіп, дамуына ішкі секреция бездерінің маңызы ерекше. Себебі, бұл жүйеге жататын бездер гормон бөліп шығарады. Гормон деп ішкі секреция бездері қанға бөліп шығаратын және организмнің түрлі әрекетін реттейтін күшті биологиялық заттарды айтады. Гормондар қан арқылы бүкіл организмге таралады және барлық мүшелер мен ұлпалардың қызметін реттеуге әсер етеді. Ішкі секреция бездері баланың өсіп, организмнің дамып, жетілуінеде өте маңызды қызмет атқарады. Сондықтан ішкі секреция бездерінің қызметі бұзылып, гормондарды аз немесе көп бөлсе, организмнің өсуіне, оның дамуына зиянды әсерін тигізеді, ауру пайда болады. Балалар организмнің өсуіне ішкі секреция бездері әртүрлі әсер етеді.
Гормондар әрекеті салыстырмалы түрде болады. Сондықтан балалар әр түрлі жұқпалы аурулармен жиі ауырады. Дұрыс тамақтанбау балалар мен жасөспірімдер организміне әсер етеді, олардың жыныстық дамуының ішкі секреция бездері арқылы реттелуі бұзылады. Бұл адам өмірінің әр кезеңінде оның ішкі секреция бездерінде болып тұратын өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау үшін дене және ой еңбегін мөлшерлеудің қажет екеніне көрсетеді. Ішкі секреция бездері адамның дене мүшелерінің атқаратын қызметін және мінез-құлқын, яғни адамның психологиялық іс-әрекетін қалыптастырады.
Әрбір ішкі секреция безі жабын ұлпасынан тұрады және толып жатқан шеткі жүйке жүйесінің талшықтарымен шырмалады. Ішкі секреция бездері жүйке арқылы және гуморальдық жолмен реттеледі. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz