Витамин жетіспеушілік



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Витамин тәрізді заттар
* Витамин жетіспеушілік
o Авитаминоз
o Гиповитаминоздар
o Гипервитаминоз
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Витаминдер адам ағзасы үшін маңызды орын алады.Ағзаның дұрыс өсіп дамуы үшін, әр түрлі аурулардың алдын алу үшін күнделікті тағамдық рационымызда ағзаға жеткілікті мөлшерде болатындай витаминдер болуы қажет.Біз денсаулығымыз жайында көбірек ойлауымыз керек. Рухани тәрбиенің орны бөлек. Ал денсаулығына тікелей әсер ететін жәй - дұрыс тамақтануы, жеміс-жидекке үйір болуы, дәріге емес, дәруменге, яғни, витаминдерге, онда да жасандысына емес, табиғиларына жақын жүруі.

Витамин тәрізді заттар
Инозит (витамин В8) − алты атомды циклдік спирт.
1895 жылы атақты орыс ғалымы В.И.Палладин өсімдіктерден фосфор қышқылымен қосылысқан алты атомды циклды спиртті бөліп алды. Инозит − ми липидтерінде табылған. Емдік қасиет көрсеткен зат − алопецке қарсы фактор болып аталған, кейіннен инозиттың фосфорлы эфирі болып табылды.
Химиялық табиғаты мен қасиеттері: бұл витамин химиялық құрылысы жағынан гексозаларға ұқсас, ол гексиддердің 9 изомерінің бірі.
Инозит кристалды зат, суда жақсы ериді. Биологиялық активтілігі жағынан күштісі, оның стереоизомері − мезоинозитол.
Биологиялық маңызы: Жануарлар организмінде инозит липотропты заттың рөлін атқарады. Инозит фосфолипидтердің құрамына кіреді. Инозиттің биологиялық қызметі де құрамында осы аталған заттармен байланысты.
Оның жеткіліксіз болуы нәтижесінде ФЛ синтезі бұзылады, бауырда ТАГ жиналып, бауырда май басу дистрофиясы дамиды. Бұлшықет дистрофиясынды липотропты препарат ретінде қолданылады.
Табиғатта таралуы: Инозит бауыр, ет, жұмыртқа белогі, картоп, саңырауқұлақтарда көп. Тәуліктік қажеттілігі: 1 − 1.5 гр.

Орот қышқылы (витамин В13) урацил − 4 − карбон қышқылы.
Биологиялық маңызы: Активті формасы оротидин − 5 − фосфат пиримидин негіздерінің, нуклеотидтердің синтезіне қажет. Белок синтезін, жасушалардың бөлінуін, жануарлардың өсуі мен дамуын стимулдейді.
Шала туылған балалардың бойын өсіруге, анемияда, миокард инфарктында, бұлшық ет дистрофиясында, регенеративті процестердің күшеюі үшін қолданылады.
Табиғатта таралуы: Жануартекті өнімдерде кең таралған. Грек тілінде Horos - молозиво деген ұғымды білдіреді. өсіп келе жатқан организм үшін және регенерация кезінде қажеттілігі артады.
Ғ витамині (қанықпаған май қышқылдары).
Эссенциалды май қышқылдары − линол, линолен, арахидон қышқылдары: C17H31COOH, C17H29COOH, C19H31COOH.
Биологиялық маңызы: мембрана фосфолипидтерінің құрамына кіреді. Липидтердің агрегаттық күйін қалыптастырады. Простагландиндер синтезінің көзі ретінде пайдаланылады.Глицериннің ерігіштігін (антиатерогендік әсері) арттырады. Тромбо түзілуін азайтады.
Ғ − витаминоз сырқаты кезінде адамдарда холестерол алмасуының бұзылуы салдарынан адамдарда склероз құбылысы байқалады, бұл кезде қан тамырлары қабырғасында қатпарлар пайда болады. медицинада атеросклероз бен күресу де peros линетол құрамында линол, линолен, арахидон қышқылдарының эфирі бар препаратын қолданады, сонымен бірге дененің сәулеленуден және жоғары температураның әсерінен терісі күйген кезде де осы препаратты пайдаланады.
Линол қышқылы мен линолен қышқылы өсімдік тектес және жануар тектес өнімдердегі триглицеридтер мен фосфолипидтер құрылымында болады. Арахидон қышқылы тек қана жануарлар липидінде кездеседі.
Табиғатта таралуы: өсімдік майларында көп кездеседі. Арахидон қышқылының бір тәуліктегі адамға қажет мөлшері оның рационының 0.1% немесе линол қышқылының не линолен қышқылының 1% шамасындай. Тәуліктік қажеттілігі: 5-10 гр.

Липой қышқылы (витамин N)
Липой қышқылы (витамин N) - 8 көміртегінен тұратын органикалық қышқыл. Көп компанентті жүйенің құрамында ацил топтарын тасымалдауда қолдаынады. Негізгі қызметі тіндерде α − кето қышқыл олардың тотығуыдан декорбоксилденуіне тікелей қатысады. Липой қышқылы тиаминпирофосфот пен КоА мультиферменттік пируват және кетоглутарат − дегидрогеназды жүйесінде простетикалық топ ретінде қызмет атқарады. Алайда, микроорганизмдерде, жануарлар тіндерінде, өсімдіктерде липой қышқылының синтезі толық анықталмаған.
Биологиялық маңызы: Тотыққан және тотықсызданған формада болуына байланысты түрлі белоктың ішінде күшейеді. Дене еңбегі кезінде бауырда гликоген сақталады, артық мөлшерде жиналмайды.
Препараттарды бауыр зақымданғанда, қант диабетінде, ауыр уланғанда қолданылады.

Парааминобензой қышқылы (ПАБҚ)
1940 жылы Вудс сульфаниламидті препараттардың гемолитикалық стрептокактарға бактериостатикалы әсер ететіндігін анықтады. Түрлі жануарларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде, парааминобензой қышқылы жетіспесе, онда шаштың, жүннің, қауырсынның пигментациясы қалыпта жағдайдағыдай жүрмейтіндігі дәлелденді. Химиялық табиғаты мен қасиеттері: Парааминобензой қышқылы − бензой қышқылының туындысы, молекуласында пара − жағдайда амин тобы бар. Бұл витамин суда, спиртте, эфирде жақсы ериді. Кристалдары түссіз, қыздыруға төзімді келеді. Парааминобензой қышқылының диэтиламиноэтил эфирінің хлоро сутек тұзы новокаин деп аталатындығы белгілі. Оны жансыздандырғыш дәрі − дәрмек ретінде қолданылады.
Биологиялық маңызы: адам организмінде атқаратын басты функциясы − коферменттік Фолоциннің құрамына кіреді, шөжелерді өсіруде фактор болып табылады, ішек микрофлорасының тіршілік етуі үшін қажет. Бұл витаман тирозиназаның әсеріне белсенді түрде әсер етеді, тирозиназа бұл терідегі меланиннің биосинтезінде негізгі фермент болып табылады.
Медицинада ПАБҚ құрылымдық аналогы кеңінен қолданылады. Атап айтқанда, антибактериальдық қасиет көрсететін - сульфаниламид.
Парааминосалиация қышқылының антагонисті, соның әсерінен бактерияларда Вс синтезі бұзылады, сондықтан бактериялардың көбеюі тоқтатылады, күнге күюден қорғайтын косметикалық заттарда қолданылады
Табиғатта таралуы: күріштің кебегінде, басқа да астық тұқымдастарда,бауыр, сүт, жұмыртқа, ашытқыда көп.

S - аденозилметионин (витамин U) − жараға қарсы витамин.
Витамин кристалды түрде бөлінген, ол метиониннің метилденген туындысы.
Биологиялық маңызы: активті метил топтарының доноры, холин, креатин, лецитин, тимин және тағы басқа метил бар заттардың синтезіне қатысады. АҚЖ кілегей қабаттардың регенерациясын қамтамасыз ететін процестерге оң әсер ететіндігі анықталған.
Асқазан және он екі елі ішектің жарасын емдеуге қолданылады. Жараға қарсы фактор деп аталады.
Табиғатта таралуы: шикі көкөністерде, әсіресе капустада, жаңа сауылған сүтте, бауырды кездеседі. Жараларды емдеу кезінде қолданылатын бір күндік мөлшері 250− 300 мг.
Биологиялық маңызы: Толық зерттелмеген, метионин сияқты метил топтарының көзі болып табылады. Холиннің, ФЛ креатин және сол сияқты биосинтезіне қатысады. В15 фитаминін еңгізгенде оттектік тапшылыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алиментарлы және екіншілік авитаминоздар және гиповитаминоздар. Гипервитаминоздар
Витамин түрлері
Дәрумендер. Дәрумендердің жетіспеушілігі
Витаминдер, олардың жіктелуі, құрылысы, тағамдық көздері және витаминдердің биохимиялық қызметтері. Майда еритін витаминдер А, Д, Е, К
Витаминдер туралы жалпы түсінік
Иммунитеттің әлсіреу себептері
Кальцийдің шығу тарихы, атауы
Спазмофилия
Витаминдер туралы жалпы түсінік, жіктелуі
Дәрумендердің топтары мен түрлері
Пәндер