Витаминдердің жіктелуі
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
* Витаминдердің жіктелуі
* Майда еритін витаминдер
o А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)
o Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)
o Е витамині (токоферол, антистерильдік)
o К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық)
* Тағамдық көздері
* Химиялық құрылымы
* Биомедициналық қызметі
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Витаминдер (латынша vіta - тіршілік, өмір) тағамдық заттардың құрамында болатын ерекше органикалық қосылыстар. Олар ағзада ферменттердің түзілуіне қатысады. Витаминдер тағамның құрамында аз мөлшерде болғанымен ағза үшін өте қажетті заттар. Витаминсіз ағзаның өсуі, дамуы және тіршілігін жалғастыруы мүмкін емес. Сондықтан да витамин сөзінің латынша тіршілік (өмір) үшін қажетті зат деп аталуының мәні зор.
Витаминдер - әр түрлі химиялық табиғаты бар, организмнің тіршілігіне өте шамалы мөлшерде қажет төмен молекулалы органикалық қосылыстар. Зат алмасуда катализаторлық және реттегіштік қызмет атқарады.
Витаминдерді 1880 жылы орыс ғалымы Н.И. Лунин ашты. 1912 жылы поляк ғалымы К. Функ күріш кебегінен, құрамында азоты бар, кристалды затты бөліп алып, оған витамин лат. vita - тіршілік, amin - амин деген ат берді. Қазіргі уақытта витаминдердің 30-ға жуық түрі жақсы зерттелген.
Витаминдердің жіктелуі
Витаминдерді А, В, С, D, және т.б. латын әріптерімен белгілейді.
Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топқа бөледі:
1) Суда еритін дәрумендер;
2) Майда еритін дәрумендер.
Суда еритін витаминдер тобына жатады:
o В1 дәрумені (антиневериттік);
o В2 дәрумені (рибофлавин);
o В6 дәрумені (антидерматитті);
o В12 дәрумені (антианемиялық);
o РР дәрумені (антипелларлық);
o Фоль қышқылы (антианемиялық);
o Пантотен қышқылы (антидерматиттік);
o Биотин(дәрумен Н,антисеборейлық);
o С және Р дәрумені (антискорбуттық,өткізгіш).
Майда еритін витаминдер тобына:
o А дәрумені (антисерофтальмиялық);
o Д дәрумені (антирахиттік);
o Е дәрумені (көбею дәрумені);
o К дәрумені (антигеморройлық).
Суда еритін витаминдер ферменттің ақуыздық компонентімен бірге биохимиялық реакцияларға тікелей қатысады. Көпшілігі кофермент молекуласын түзуге қатысады. Қазіргі кезде липой қышқылы,парааминобензой қышқылы,фоль қышқылы, биотин, В тобының дәрумендері мен дәрумен тәрізді заттардың коферменттік қызметі анықталған.
Майда еритін витаминдер
Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде: спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т.б. жақсы ериді.
А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны - А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады).
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы формулада көрсетілген, яғни А2 витаминінің β-ионон сақинасында екінші қос байланысы бар:
Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері құрамында β-ионон сақинасы, оның бүйірінде изопреннің екі қалдығы және гидроксил тобы бар спирттер. А витаминдері сары түсті, 59-64°-та балқиды, оттексіз 100°-қа дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын кристалды заттар. Организмде ферменттердің қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады:
Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі қышқылдармен (сірке, пальмитин, янтар) қосылып, күрделі эфир түрінде болады.
А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада, сары майда, т.б. Ал өсімдіктерде А витаминінің провитаминдері - каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. carota - морковь) - ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.
Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жидек, қарлыған, қызыл бұрыш, қызанақ, т.б. өсімдіктер бай. Осы кезде зерттелгендері - α-, β-, γ-каротиндер. Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің әсерімен β-каротиннен А витаминінің 2 молекуласы түзіледі.
А авитаминозының белгілері
А витамині организмде жетіспесе адам мен малдың өсуі баяулайды, салмағы азаяды. Тері мен ішкі органдардың кілегей қабаты кеуіп, мүйізденеді, көру процесі нашарлайды. Көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин белогы - мен А витаминінің альдегидтік түрі ретинальдың қосылысы. Жарықта родопсин опсин және ретинальға бөлініп, көздің көру қабілеті жоғарылайды:
Қараңғыда, керісінше екі зат бірігіп, родопсин түзілген кезде ғана көздің көру қабілеті жоғарлайды. Егер А витамині организмде жеткіліксіз болса, родопсиннің концентрациясы төмендеп, іңірде көздің көру қабілеті нашарлайды, ақшам соқырлығы немесе тауық соқырлығы деген ауру пайда болады. Сондықтан, бұл витаминді көру витамині деп те атайды.
Авитаминоз кезінде көздің мүйіз қабаты құрғап, кеуіп, жас бөлінуі азаяды. Көздің мөлдір қабатына микробтар еніп, қабынып, жұмсарып жара пайда болады, көздің көру қабілеті төмендеп зақымданады, ксерофтальмия (грек. xeros - кебу, ophtalamus - көз) деген ауруға шалдығады. Бұл жағдайда микробтарды жоятын лизоцим ферменті түзілмейді, сондықтан организмнің жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті нашарлайды. Осыған орай, А витаминін денсаулық витамині деп те атайды.
А витамині организмге шамадан тыс көп түскен кезде гипервитаминоз ауруы пайда болады, егер ол бір рет өте көп мөлшерде организмге түссе - уланады.
Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)
Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары - Д2 (эргокальциферол), Д3 (холекальциферол) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жоғары молекулалы циклді спирттер - стеролдардың туындылары:
Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.
Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады.
Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.
Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бензолда, эфирде, ацетонда, спиртте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz