Витаминдердің топтары мен түрлері
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
* Витаминдердің топтары мен түрлері
* Майда еритін витаминдер
* Химиялық құрылымы
* Тағамдық көздері
* Биомедициналық қызметі
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігі үшін өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар.Витамин туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк дәрігері Казимеж Функсол кезге дейін жасалған тәжірибелер нәтижесін қорытындылап, ғылымға витамин терминін енгізді. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, адам әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (әсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін витамин және витамин тектес заттар деп бөледі.Витамин жетіспеушілік, авитаминоз - күнделікті ішетін тағамда витаминдердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не витамин синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі витамині аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген, рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант, тағыда басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса витамин жетіспеушілік дамиды.Сондай-ақ тағамда витаминдердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді.
Витаминдердің топтары мен түрлері
Витаминдерді суда және майда ерігіштігіне байланысты 2-ге жіктейді.
1.майда еритін витаминдер
2. суда еритін витаминдер.
Витаминдерді латынның бас әріптерімен белгілейді.Мысалы:A, B, C, D т.б.
Суда еритін витаминдер тобына жатады:
В1 дәрумені (антиневериттік);
В2 дәрумені (рибофлавин);
В6 дәрумені (антидерматитті);
В12 дәрумені (антианемиялық);
РР дәрумені (антипелларлық);
Фоль қышқылы (антианемиялық);
Пантотен қышқылы (антидерматиттік);
Биотин(дәрумен Н,антисеборейлық);
С және Р дәрумені (антискорбуттық,өткізгіш).
Майда еритін витаминдер тобына:
А дәрумені (антисерофтальмиялық);
Д дәрумені (антирахиттік);
Е дәрумені (көбею дәрумені);
К дәрумені (антигеморройлық).
Майда еритін витаминдер
Бұл топқа жататын витаминдер суда ерімейді, органикалық еріткіштерде: спирт, бензин, хлороформ, ацетон, т.б. жақсы ериді.
А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)
Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А1, А2, А3; ішінде ең көп тарағаны - А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады).
Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы формулада көрсетілген, яғни А2 витаминінің β-ионон сақинасында екінші қос байланысы бар.
Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері құрамында β-ионон сақинасы, оның бүйірінде изопреннің екі қалдығы және гидроксил тобы бар спирттер. А витаминдері сары түсті, 59-64°-та балқиды, оттексіз 100°-қа дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын кристалды заттар. Организмде ферменттердің қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады:
Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі қышқылдармен (сірке, пальмитин, янтар) қосылып, күрделі эфир түрінде болады.
А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада, сары майда, т.б. Ал өсімдіктерде А витаминінің провитаминдері - каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. carota - морковь) - ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.
Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жидек, қарлыған, қызыл бұрыш, қызанақ, т.б. өсімдіктер бай. Осы кезде зерттелгендері - α-, β-, γ-каротиндер. Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің әсерімен β-каротиннен А витаминінің 2 молекуласы түзіледі.
А авитаминозының белгілері
А витамині организмде жетіспесе адам мен малдың өсуі баяулайды, салмағы азаяды. Тері мен ішкі органдардың кілегей қабаты кеуіп, мүйізденеді, көру процесі нашарлайды. Көз торының таяқша клеткаларында родопсин пигменті бар. Ол опсин белогы - мен А витаминінің альдегидтік түрі ретинальдың қосылысы. Жарықта родопсин опсин және ретинальға бөлініп, көздің көру қабілеті жоғарылайды:
Қараңғыда, керісінше екі зат бірігіп, родопсин түзілген кезде ғана көздің көру қабілеті жоғарлайды. Егер А витамині организмде жеткіліксіз болса, родопсиннің концентрациясы төмендеп, іңірде көздің көру қабілеті нашарлайды, "ақшам соқырлығы" немесе "тауық соқырлығы" деген ауру пайда болады. Сондықтан, бұл витаминді "көру витамині" деп те атайды.
Авитаминоз кезінде көздің мүйіз қабаты құрғап, кеуіп, жас бөлінуі азаяды. Көздің мөлдір қабатына микробтар еніп, қабынып, жұмсарып жара пайда болады, көздің көру қабілеті төмендеп зақымданады, ксерофтальмия (грек. xeros - кебу, ophtalamus - көз) деген ауруға шалдығады. Бұл жағдайда микробтарды жоятын лизоцим ферменті түзілмейді, сондықтан организмнің жұқпалы ауруларға төтеп беру қабілеті нашарлайды. Осыған орай, А витаминін "денсаулық витамині" деп те атайды.
А витамині организмге шамадан тыс көп түскен кезде гипервитаминоз ауруы пайда болады, егер ол бір рет өте көп мөлшерде организмге түссе - уланады.
Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)
Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары - Д2 (эргокальциферол), Д3 (холекальциферол) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жоғары молекулалы циклді спирттер - стеролдардың туындылары:
Д2 мен Д3 витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.
Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады.
Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.
Д2 және Д3 витаминдері дәмсіз, түссіз, иіссіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық еріткіштерде: хлороформда, бензолда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глицеринде ерімейді.
Бұл витаминдер тотықтырғыштардың әсерінен В сақинасындағы 7-ші және 8-ші көміртек атомдары арасындағы қос байланыстары үзіліп, өте тез бұзылады.
Д3 витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті провитаминнен синтезделе береді. Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста кездеседі.
Биомедициналық қызметі
Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың ащы ішектің сілемей қабатының клеткаларында сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдың фосфорға қатынасы 2:1 (CaP=21) болатындықтан, осы тепе-теңдікті сақтайды, сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін фосфор-қальций тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша безінің функциясына әсер етеді. Кальциферол қанның белоктарымен кешен түзе отырып тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін биологиялық тотығудан сақтайды.
Д витамині тағамда жетіспегенде балалар - мешел (рахит; грек. zhachіs - арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер - остеомаляция (ostean - сүйек, malatіa - жұмсару), немесе остеодистрофия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. poros - саңылау, тесік) ауруларына шалдығады.
Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі, қарбалас қалқанша бездері қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.
Д витаминдері балық майында, сары майда, жұмыртқа сарысында, бауырда, сүтте көп болады.
Организмге Д витамині көп түскен кезде гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте минералданады, балалардың өсуі тежеледі.
1936 жылы Брокман Д3 витаминін балық майынан бөліп оны холестерин туындысы екендігін анықтайды. Ғалым Виндаус 1937 жылы шошқа терісінің үстіңгі қабатынан 7-дегидрохолестеринді бөліп, оның ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен активті Д3 витаминіне айналатындығын анықтайды.
Е витамині (токоферол, антистерильдік)
1920 жылы Маттилл мен Конклин аралас азықтың құрамында жануарлардың қалыпты ұрықтануына өте қажет бір заттың бар екендігін көрсетеді. Олар ашытқы қосылған жасанды азық берілген жануарлардың бедеулікке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz