Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің құрылысы


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Дәрілік өсімдік морфологиясы
- Дара жарнақты және қосжарнақты өсімдіктердің құрылысы
- Өркеннің морфологиялық құрлысы
- Өркен және өркендер жүйесі
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Адам баласы өсімдіктерді сонау көне дэуірден бастап күні бүгінге дейін өз қажетіне жаратып, пайдасына асырап келеді. Сондықтан халық өсімдіктерді - басқа пана, жанға сая деп бағалаған.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау үжымының мэліметі бойынша алдағы он жыл ішінде халықты дәрімен қамтамасыз етуде өсімдіктерден алынған препараттардың үлесі 60 пайыздан астам болуы мүмкін. Қазақстан Республикасы территориясында алты мыңнан астам өсімдіктер түрлері кездеседі, олардың көпшілігінен қажетті дэрілер өндіруге болады. Осы уақытқа дейін олардың тек 130 түрі ғана дэрілер өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланылады. Дэрілік өсімдіктің вегетативтік мүшелерінің анатомиялық диагностикалық белгілерін анықтау шикізатты фармакологияда пайдалануға іріктеп алу сапасын жоғарылатады.
Негізгі бөлім
Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis ) , шипалы өсімдіктер - медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты. Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні көбінесе жабайы өсімдіктерден алады.
Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т. б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған.
Дара жарнақтылар , лилиопсидтер ( Мonocotyledones немесе Lіlіopsіda ) - гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан айырмашылығы жеміс ұрығындағы тұқым жарнағы біреу ғана болады. Дара жарнақтылардың 3 класс тармағы (алисмалар, лалагүлділер, арецидалар), 80-дей тұқымдасқа, 2600-дей туысқа және 60 мыңдай түрге жіктеледі. Бұлар гүлді өсімдіктердің 25%-ын құрайды. Көпшілігі шөптесін өсімдіктер, негізінен, қоңыржай белдеулердегі шабындықтарда, далалық аймақтар мен саваннада, ал ағаш тәрізділері субтропиктік, тропиктік аймақтарда өседі. Алисмалар ( Аlіsmatіdae ) - суда және батпақта өсетін шөптесін өсімдіктер (сукөрік, кербезгүл, т. б. ) . Гинецейі (аналықтар жиынтығы) тұтаспаған (апокарпты) . Тұқымы эндоспермсіз (ұрықтың қоректенуіне қажетті ұлпа) . Арецидалар ( Аrecіdae ) - шөптесін немесе ағаш тәрізді өсімдіктер (пальма, аронниктер, т. б. ) . Гүлі дара жынысты, шашақ гүлшоғырына топталған. Гинецейі - түйіні көп ұялы (ценокарпты) . Тұқымы - эндоспермді. Лалагүлділер ( Lіlііdae ) - жуашықты және тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдіктер (қызғалдақ, құртқашаштар, қияқөлең, орхидея, т. б. ) . Гинецейі - ценокарпты (сирек апокарпты) . Гүлі - жай гүл серікті, тостағанша жапырақшалары болмайды, шашақ гүлшоғырына топталады, ірі гүлі жеке-жеке орналасқан, жәндіктер арқылы тозаңданады. Тұқымы - эндоспермді. Дара жарнақтылардың көпшілік түрінің (бидай, қарабидай, күріш, қант қамысы, пальма, т. б. сондай-ақ әсемдік үшін егілетін қызғалдақ, лалагүл, т. б. ) шаруашылық маңызы өте зор. Дара жарнақтылар Қазақстанның барлық жерінде кездеседі.
Қос жарнақтылар , магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) - гүлді өсімдіктердің екі класының бірі. Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 - 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органикалық затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі.
Тұқым - жатынның тұқым бүршігінен дамиды.
Қос жарнақты тұқымның құрылысы. Қос жарнақты тұқымның мысалы ретінде үрмебұршақ (фасоль) тұқымын қарастырайық (1-сурет) . Тұқымның қабығы (қауызы), жарнағы және ұрығы болады. Үрмебұршақ тұқымының пішіні бүйрекке ұқсайды. Оның ойыс жағында жеміске бекінген жерін тұқым кіндігі дейді. Тұқым кіндігінен тұқымның ішіне ауа, су кіреді.
1-сурет. Үрмебұршақ тұқымының құрылысы (ұзынынан қақ жарылған) .
Тұқым қабығы (қауызы) қалың, тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі түсті. Қабығы тұқымды кеуіп кетуден, мезгілсіз өнуден, зақымданудан, шіруден сақтайды.
Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады), ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қос жарнақтылар деп аталады. Қос жарнақтыларда (күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б. ) ұрыққа қорек болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
Ұрық - алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден тұрады.
Дара жарнақты тұқымның құрылысы. Дара жарнақты тұқымға алдын ала суға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен (қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2-сурет) . Дәнектің едәуір бөлігін - эндосперм алып жатады. Эндосперм жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар (құрылысы үрмебұршақтікіндей) . Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік тәрізді білінеді) . Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады, жарнағында болмайды. Дара жарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май қоры да өнуге жұмсалады.
2-сурет. Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысы.
Дара жарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш, банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады. Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктер дара жарнақтылар деп аталады.
Өркен және өркендер жүйесі
Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жапырақтар және бүршіктер орналасқан сабағы өркен деп аталады. Өркен негізінен сабақтан және онда орналасқан жапырақтардан тұрады. Сабақ пен жапырақ төбе меристемасынан бір мезгілде пайда болады да тұтас бір мүше өркенді түзеді. Бүршік - жаңа өркеннің бастамасы, бүршіктен өркеннің бұтақтануы мен өсуі, яғни өркендер жүйесінің қалыптасуы жүзеге асады.
Өркен тамыр сияқты жоғары сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативтік мүшесі. Оның атқаратын қызметі - фотосинтез (жапырақтар арқылы) . Споралы өркендер, сол сияқты гүл де көбею қызметін атқарады.
Өркеннің тамырдан басты айырмасы - жапырақтың болуы. Сабақтың жапырақ (бір немесе бірнеше) өсіп тұрған тұсын буын деп атайды. Кейбір өсімдіктер тобында (астық тұқымдастарда, қалампырларда, қырықбуындарда) сабақтың буын орналасқан жері білеуленіп айқын білініп тұрады, ал кейбір өсімдіктерде ол нашар байқалады. Егер жапырақ немесе жапырақтар шоғы сабақты толық орап алса, онда ол жабық буын деп, ал жапырақ буынды қоршамай орналасса, ашық буын деп аталады.
Өркеннің морфологиялық құрлысы
Өркеннің бөліктері.
Сабақтың жапырақ кететін участогін буындеп атайды, ал сабақтың екі буынның аралығындағы участогін буын аралық деп атайды. Буынның үстіндегі, жапырақтың қолтығында, қолтық бүршігі пайда болады. Егер буын аралықтары айқын байқалатын болса, онда мұндай өркенді ұзарған өркен деп атайды. Егер буындары бір-біріне жақын орналасса жəне буын аралықтары байқалмайтын болса, онда мұндай өркенді қысқарған өркен деп атайды.
Метамерия.
Əдетте өркенде бірнеше буын жəне буын аралықтары болады. Өркеннің осындай қайталанып келіп отыратын, бірдей атпен аталатын органдары барбөлігін метамерия деп атайды. Өркеннің əрбір метамері жапырағы бар буыннан,
қолтықтық бүршіктен жəне төменгі буын аралығынан тұрады.
Бүршік.
Бұл қысқарған өркен. Ол өсу конусымен аяқталатын меристемалық остен жəне жапырақ тұмсықшасынан, яғни алғашқы метамерлердің сериясынан тұрады. Төмен орналасқан, дифференцияланған жапырақтар, өсу конусымен жапырақ тұмсықшасын қоршап жауып тұрады. Вегетативтік бүршіктің құрылысы осындай болады. Өсу конусының вегетативтік-репродуктивтік бүршіктері алғашқы гүлдің немесе гүл шоғырының бастамасынан тұрады. Мұндай бүршіктерде фотосинтез процесі жүретін жапырақтардың нышаны мүлдем болмайды. Көп жағдайда сыртқы жапырақтардың түрі өзгеріп, бүршікті кеуіп, құрғап қалудан сақтайтын, қабыршақтарға айналады. Мұндай бүршіктерді жабындық бүршіктер деп атайды. Олардың жалаңаш бүршіктерден айырмашылығы сол, тек қорғаныштық қызмет атқарады. Орналасу ерекшеліктеріне қарай бүршіктерді төбелік жəне бүйірлік деп бөледі. Соңғысы шығу тегіне қарай, қолтықтық жəне қосалқы болып бөлінеді. Қолтықтық бүршіктер жапырақ тұмсықшаларының қолтығының өсу конусында экзогенді қалыптасады. Ұзақ уақыттар бойы өркен бермейтін, қолтықтық бүршіктерді бұйыққан бүршіктер деп атайды. Қолтықтық бүршіктер не біреуден, не бірнешеуден топтасып орналасады. Қосалқы бүршіктер сабақтың кез-келген бөлігінен меристемалық клеткалардың белсенділігінің нəтижесінде, эндогенді жолмен пайда болады. Кейде қосалқы бүршіктер жапырақта пайда болып, бірден қосалқы тамырлары немесе баданалары бар кішкентай өркендер береді. Мұндай қосалқы бүршіктерді өнім бүрлері деп атайды.
Жапырақтың орналасуы.
Жапырақтың орналсуының негізгі үш түрлі варианты болады спиральды немесе кезектесіп орналасу-буында тек бір ғана жапырақ болады, сабақта жапырақтар спиральдың бойымен орналасады; қарама-қарсы орналасу буында бір-біріне қарама қарсы орналасқан екі жапырақ болады; топтасып орналасу буында үш немесе одан да көп жапырақтар орналасады.
Өркеннің
ұлғайып
орналасуы.
Өркен ұзындыққа əдетте төбелік меристемалардың белсенділігінің нəтижесінде өседі. Бұдан басқа көптеген өсімдіктердің өркендері қыстырма меристемалардың белсенділігінің нəтижесінде едəуір ұзарып өседі. Егер өркен бір төбелік меристеманың есебінен ұзақ уақыттар бойы шексіз өсетін болса, онда өсудің мұндай түрін моноподиалдық деп атайды. Бірақ та көп өсімдіктерде төбелік меристема аз уақыт өмір сүреді, əдетте бір ғана вегетациялық кезең бойыншатіршілік етеді. Бұл жағдайда келесі маусымда өркеннің өсуі жақын орналасқан бүйірлік бүршіктің есебінен жалғасады. Өркен төбесінен үстемелеп өседі. Өркеннің бұлайша ұзындыққа өсуін симподиалды өсу деп атайды.
Бұтақтануы.
Бұтақтанудың мынадай екі типі бар: төбесінен жəне бүйірінен бұтақтану. Төбесінен бұтақтанғанда өсу конусы екі немесе одан да көп бөліктерге бөлінеді. Мұндай бұтақтану төменгі сатыдағы өсімдіктерге тəн. Бүйірінен бұтақтанғанда жаңа өстер бұтақтың жоғарғы ұшынан төмендеу орналасады.
Бір немесе бірнеше рет бұтақтанудың негізінде өстердің системасы түзіледі. Бүйірінен бұтақтанғанда өстердің системасы моноподиалды, немесе симподиалды болу мүмкін. Бұтақтанудың тағы бір ерекше формасы, ол түптеніп өсу. Бұл жағдайда өркеннің ең үлкен бұтақшалары, оның тек түп жағынан кетеді. Əдетте мұндай бұтақшалар өркеннің жерег жақын орналасқан жəне жер асты бүршіктерінен пайда болады. Өркеннің бұл зонасын түптену зонасы деп атайды. Түптеніп өсу бұталарға, көп жылдық өсімдіктерге тəн.
Өсудің бағыты.
Вертикаль бағытта жоғары көтеріліп өсетін, өрмелеп өсетін болып бөлінеді. Жердің бетіне төселіп өсетін өркендерді жатаған өркендер деп атайды. Егер жатаған өркен қосалқы тамыр берсе, онда оны сұлама өркен деп атайды. Өркендер өсу барысында өздерінің бағытын өзгертіп отыруы мүмкін, онда оларды көтеріңкі, жоғары қарай өсетін өркендер деп атайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz