Эндокринді жүйелер жіктелісі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Эндокринді жүйеге сипаттама

Эндокринді жүйелер жіктелісі

Ортаңғы мүшелер: Гипаталамус, Гипофиз, Эпифиз

Шеткі мүшелер:Қалқанша және бүйрек үсті бездері

Аралас бездер: - эндо-экзокринді кызмет аткаратын бездер: гонадалар

Жастық ерекшелігі.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мен бұл өзіндік жұмысымда эндокриндік бездер туралы жазып отырмын.
Организм функциялары нерв және эндокринді жүйе арқылы реттеліп тұрады.
Эндокринді жүйе бұл реттеуші жүйенің эфференттік звеносы болып табылады
және ішкі ортаны қалыпты жағдайда сақтайды. Бұл қызмет эндокринді жүйенің
қанға бөлініп шығатын гормондары арқылы атқарылады. Бұл органдардың
белсенділігінің өзгеруі олардың құрылысы өзгеруімен жүреді, сонымен қатар
керісінше олардың құрылысының бұзылуы өндіретін гормондарының мөлшерін
өзгертеді. Осы тақырыптан алынған білім студенттер үшін гормоналды реттеу
бұзылуларын түсінуге қажет.

 ДИФФУЗДЫ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ: АПУДОЦИТТЕР

Жеке орналасқан гормон өндіруші жасушардың жиынтығын диффузды

эндокринді жүйе деп атайды. Бұл эндокриноциттердің көп бөлігі әр түрлі
мүшелердің шырышты қабықшасында және бездерде орналасады. Әсіресе, ас
қорыту жүйесінің құрамында көбірек анықталады. Диффузды эндокринді жүйенің
жасушаларына көбінесе кеңейген базальды, жіңішке апикальды бөліктердің
болуы тән. Көбінесе жасушалардың базальды бөліктерінде тығыз аргирофильді
секреторлық түйіршіктер анықталады. Жасушалардың өндіретін заттары
паракринді және эндокринді ықпал жасай алады. Кейінгі жылдарда диффузды
эндокринді жүйені APUD- жүйе деп те қабылдайды. APUD сөзі ағылшын тілінде
Amine Precursor Uptake and Decarboxylation сөзтіркесінің басты әріптерінен
құралған аббревиатура. Қазақ тіліне аударсақ ол аминдердің бастапқы құрамын
сіңіру және декарбоксилдеу болып шығады. Аминдер түсінігіне катехоламиндер
(адреналин, норадреналин) және индоламиндер (серотонин, дофамин)
жатқызылады.
APUD – жүйесінің эндокриндік жасушаларының моноаминоергиялық және
пептидергиялық ықпалдарының механизмдерінің арасында метаболизмдік,
қызметтік және құрылымдық деңгейлерде іске асырылатын тығыз байланыстар
бар. Олигопептидтердің және нейроаминдердің мөлшері мен ықпалының
арақатынасы әрқилы болады. Нейроэндокринді жасушалардың өндіретін
олигопептидтері орналасқан мүшелеріне паракринді әсер етеді, ал алыста
орналасқан мүшелерге эндокринді ықпал жасай алады. APUD жүйесінің
жасушалары жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық тармақтарынан
келген импульстерге жауап береді, бірақ аденогипофиздің гормондарына
тәуелсіздік байқалтады.
Кейінгі жылдарда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес APUD – жүйенің
жасушалары барлық ұрық жапырақшаларынан да дамиды, барлық тіндерде
анықталады.
Даму негіне орай оларды жіктеуге болады:
• нейроэктодерманың туындылары (гипоталамустың, эпифиздің, бүйрек үсті
безінің милық затының нейроэндокриноциттері, орталық және шеткері жүйке
жүйесінің пептидергиялық нейрондары);
• терілік эктодерманың туындылары (аденогипофиздің APUD-серияға жататын
жасушалары, эпидермистегі Меркель жасушасы);
• ішектік энтодерманың туындылары – гастроэнтеропанкреаттық жүйенің
жасушалары;
• мезодерманың туындылары (мысалы, секреторлық кардиомиоциттер);
• мезенхиманың туындылары – (мысалы, дәнекер тіннің ұлпалық базофильдері).
Даму негіздерінің әртүрлі болуына қарамастан APUD – жүйенің
жасушаларына цитологиялық, гистохимиялық, иммуногистохимиялық, анатомиялық
және қызметтік ұқсастық тән. Жалы жасушалардың 30 астам түрін ажыратады.

ҰЙҚЫ БЕЗІ

Құрылысы. Ұйқы безі бөліктерге бөлінген паренхималық мүше. Оның
стромасын висцералды шажырқаймен біріге орналасқан дәнекер тіндік капсула
және одан бездің ішіне кіре орналасқан трабекулалар құрайды. Дәнекер тіннен
тұратын трабекулалар безді бөлікшелерге бөледі. Борпылдақ талшықты дәнекер
тіннің жұқа қабаттарында бездің экзокринді бөлігінің шығару өзектері, қан
тамырлары, нервтер, интрамуралды түйіндер, Фатер-Пачини денешіктері
орналасады.

Паренхима ацинустардан, шығару өзектерінен және Лангерганс
аралшықтарынан құралады. Әрбір бөлікшеде экзо- және эндокринді бөліктер
анықталады (16 сурет). Бездің 97% экзокринді ацинустардан, ал 3% эндокринді
аралшықтардан тұрады.

16 сурет. Ұйқы безінің бөлікшесінің құрылысы

1. Ацинарлық жасуша

2. Орталықацинарлық жасуша

3. Базофилді жасуша

4. Ацидофилді жасуша

5. Гемокапилляр

Эндокриндік бөлігінің құрылысы. Ұйқы безінің эндокриндік бөлігінің
құрылымдық-қызметтік бірлігі Лангерганс аралшығы (инсула) болып табылады.
Ол ацинустардан борпылдақ талшықты дәнекер тінімен бөлектенген,
гистологиялық препараттарда ол ашықтау болып келеді. Фенестрленген
гемокапиллярлар орналасқан борпылдақ талшықты дәнекер тін қабаттарының
арасында анықталатын инсулоциттер аралшықтарды құрайды. Бояуды қабылдауына
орай инсулоциттерді А, В, Д, Д1 және РР деп жіктейді.

В – жасушалар немесе базофильді инсулоциттер негізгі бояуларды
қабылдап, көк түске боялады. Олар аралшықтың барлық жасушаларының 75%
түзейді. Жасушаларда ақуызтүзеуші органеллалар жақсы дамып жетілген, ал
секреторлық түйіршіктерінің сыртында жалпақ ашық жиекше анықталады. В –
жасушалар инсулинді өндіреді. Инсулин жасушалардың глюкозаны сіңіруін
арттыру арқылы қанның құрамындағы қанттың мөлшерін төмендетеді. Бауырда
инсулин глюкозадан гликогеннің түзелуін жоғарылатады. Инсулиннің аз
өндірілуі нәтижесінде қант диабеті қалыптасады.

А - жасушалардың цитоплазмасында қышқыл бояуларды қабылдайтын өнім
түйіршіктері болады. Барлық ациноциттердің 20-25% құрайды. Түйіршіктердің
сыртында жіңішке ашық жиекше анықталады. Жасушалардың жақсы дамып жетілген
ақуызтүзеуші аппараты бар. Олар глюкагон гормонын өндіреді. Бұл гормон
инсулинге қарама-қарсы әсер көрсетеді. Атап айтсақ, ол бауырдағы
гликогеннің ыдырауын белсендіру арқылы қанның құрамындағы глюкозаны
көбейтеді.

Д – жасушалар барлық эндокриноциттердің 5% жуығын құрайды. Жасушаның
цитоплазмасында орташа тығыздықты түйіршіктер анықталады. Ашық жиекшесі жоқ
түйіршіктер соматостатин гормонынан тұрады. Ол А және В жасушалардың және
ациноциттердің жұмысын тежейді. Сонымен қатар соматостатин әртүрлі
жасушалардың митозын тежей алады.

Д1 - жасушалардың секреторлық түйіршіктерінің жіңішке ашық жиекшесі
болады. Олар артериолалық қан қысымын төмендететін және панкреаттық сөлдің
өндірілуін арттыратын вазоинтестинальды полипептидті (ВИП) бөледі.

РР – жасушалар аралшық эндокриноциттерінің жалпы санының 2-5% түзейді.
Көбінесе олар Лангерганс аралшығының шетінде орналасады, кейде бездің
экзокриндік бөлігінде кездеседі. Жасушаның құрамында пішіні, көлемі,
тығыздығы әртүрлі өнім түйіршіктері болады. Жасушалар панкреаттық
полипептид өндіреді, ол ұйқы безінің экзокриндік қызметін тежейді.

Жас балалардың ұйқы бездерінің аралшықтарында гастрин өндіретін G–
жасушалар анықталады.

ДИФФУЗДЫ ЭНДОКРИНДІК ЖҮЙЕ: АПУДОЦИТТЕР

Жеке орналасқан гормон өндіруші жасушардың жиынтығын диффузды

эндокринді жүйе деп атайды. Бұл эндокриноциттердің көп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалқанды бездер
Диффузды эндокриндік жүйе
Белсенді әсер ететін заттар
Цитокиндердің негізгі топтары,олардың сипаттамалары.Цитокиндік желісі түсінігі
Зат алмасуының гормонды реттелуі. Гипоталамус және гипофиз гормондары
Гипофиз және эпифиз
Электромагниттік сәулелену туралы
Қатты әсер ететін улы заттар /ҚӘУЗ/
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы және функциялық реттелу жолдары
Гормондардың қасиеті
Пәндер