Жай белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы Күрделі белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе;
2. Негізгі бөлім;
Жай белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы
Күрделі белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы
3. Қорытынды;
4. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Ақуыздар гидролизденіп, аминқышқылдарын түзеді және өздеріне тән түсті реакциялары бар.
Ақуыз - азықтың құрамына кіретін бүкіл тірі организмнің негізгі қорегі. Ол жасуша протоплазмасын құрумен қатар, организмдегі көптеген тіршілік құбылыстарына - тамақтану, өсу, көбею, тітіркену, қозғалу, тыныс алу процестеріне тікелей қатысады. Адам тәулігіне, шамамен, 100 г ақуыз қабылдауы керек. Азықпен түскен ақуыз әуелі асқазанда, сосын ішектегі ферменттердің әсерінен гидролизденіп, аминқышқылдарына дейін ыдырайды.
Ақуыз тек тірі организмдер құрамында ғана болады. Оның құрамында 50,6 - 54,5% көміртек, 21,5 - 23,5% оттек, 6,5 - 7,3% сутек, 15 - 17,6% азот, 0,3 - 2,5% күкірт бар, кейде фосфор кездеседі. Осы элементтерден түзілетін амин қышқылдарының бір-бірімен байланысып қосылуы нәтижесінде ақуыз молекуласы түзіледі. Ақуыз молекуласының массасы өте үлкен, ол бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.

Жай белоктар. Олардың негізгі өкілдері және сипаттамасы
Жай белоктар гидролиздеу кезінде тек аминқышқылдарына ғана ажырайды. Төменде қарапайым белоктардың негізгі өкілдері жайлы сөз болмақ.
1. Альбуминдер - бейтарап тұздармен (аммоний сульфатымен немесе натрий сульфатымен) толық қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді. Қан плазмасында, сүтте, ағза клеткаларында және биологиялық сұйық заттарда, тауық жұмырткасында, бұршақ тұқымдас өсімдіктерде кездеседі. Альбуминнің молекуласы теріс зарядталған. Құрамында глутамин кышқылы көп болғандықтан, оның қышқылдық қасиеті бар, рН-1 -- 4,7. Альбуминдер суда, тұзды ерітінділерде ериді, қан плазмасында липидтерді, гормондарды, витаминдерді, микроэлементтерді тасымалдайды.
Қан сарысуының альбумині 500 амин қышқылы қалдықтарынан құралады, м.м. -- 70000, лактоальбумин (сүтте болады) 153 амин қышқылының қалдықтарынан құралады, м.м. -- 17 000. Жұмыртқа белогінде овальбумин кездеседі, оның м.м. -- 45000.
2. Глобулиндер -- бейтарап тұздармен жартылай қанықтырған кезде тұнбаға шөгеді, альбуминдер бар жерде кездеседі. Глобулин -- сәл қышқылдау белоктарға немесе бейтарап белоктарға жатады. Ол сұйытылған тұз ерітінділерінде ериді, суда ерімейді, рН-і - 6-7,3. Глобулиндер қанда көп мөлшерде кездеседі. Олар өздерінің құрамы, молекулалық массасы және биологиялық қызметі жағынан бір-бірінен өзгеше. Глобулиндерді: a - глобулиндер, р - глобулиндер және у -- глобулиндер деп бөледі.
Ал, олардың өзі ары қарай бірнеше топқа бөлінеді. a -- глобулиндер тобына церулоплазмин жатады. Ол плазмадағы мыс иондарын тасымалдау қызметін атқарады, м.м. - 150000.р -- глобулиндердің арасында трансферрин бар, ол темір иондарын тасымалдайды, м.м. -- 76000. Глобулиндердің ішіндегі аса маңыздысы ү -- глобулин. Ол антиденешік, ағзаны қорғаушы белок.
3. Гистондар (грекше -- histos -- ұлпа) -- ағзаның ұлпалық белоктары. Ол хроматиннің ДНҚ қосылысымен байланысты болады. ДНҚ-ның кеңістіктік құрылымын тұрақтандыруға және репрессия процесіне қатысады. Генетикалық мәліметтің ДНҚ-дан РНҚ-ға берілуіне жан-жақты тосқауыл қояды.
Гистондар өсімдіктер мен жануарлар клеткаларындағы ядро белогі. Олардың құрамында аргинин мен лизин қалдықтары көп болуына байланысты сілтілік қасиеті бар, м.м. - 11000-21000, рН- 10.
4. Протаминдер -- ең шағын молекулалы белоктар, м.м. -- 4000-12000 шамасындай, күшті негіздік қасиеті бар, құрамында аргинин қалдығы көп, гистондар сияқты ДНҚ-мен байланысты. Ол спермада (еркектің ұрығында) болады және реттеушілік емес, тек құрылымдық қызмет атқарады.
5. Проламиндер -- өсімдіктер белогі, әсіресе бұршақ тұқымдас өсімдіктер дәнінің жабысқақ ұлпасында болады. Суда, тұзды ерітінділерде, қышқылдарда және сілтілерде ерімейді, 70% этанолда ериді. Бұл белоктар тобында кейбір ауыстырылмайтын амин қышқылдары тапшы болады. Проламин белоктары тобына бидай мен қара бидайдың глиадины, арпаның гордеині, жүгері зеині мен сұлының аверині жатады.
6. Глутелиндер де өсімдік белоктарына жатады, сілтінің сұйық ерітіндісінде ериді, астық дақылдары дәнінде болады, оның құрамы глутамин қышқылына және лизинге бай келеді. Астық тұқымдас дақылдар дәнінде проламинмен бірге белок қоры ретінде жиналады. Бұлар: бидайдың глутелині, күріштің оризенині және басқалары.
7. Протеиноидтар (склеропротеиндер) - белок тәріздес заттар. Бұларға сүйеніштірек ұлпаларының (шеміршектің, сіңірдің, сүйектің, мүйіздің, жүннің, шаштың т.с. сияқтылардың) фибрилл белоктары жатады. Бұл белоктар ерекше мықты және иілмелі-созылмалы келеді. Суда, тұздардың, қышқылдар мен сілтілердің сұйық ерітінділерінде ерімейді. Бұл белоктарды протеолиттік, ферменттердің көпшілігі ыдырата алмайды, олар қоректік жағынан бағалы емес.
Протеноидтар тобының белок өкілдері мыналар:
Коллаген -- бұл белок жалғастырып тұратын тканьдерінің (сіңір, сүйек, тері, тіс және шеміршектің) негізін құрайды. Осы фибрилді талшықты белоктар суда ерімейді. Коллагеннің молекуласы үш полипептидтік тізбектен тұрады, м.м. - 285000 және оның амин қышқылдык құрамы ерекше. Ондағы барлық амин қышқылдарының үштен бірі глицин болып табылады. Коллагенді ұзақ қыздырған кезде ол денатураланады да, желатинге айналады.
Эластин -- жалғастырып тұратын ұлпаның иілмелі-созылмалы белогы. Сіңірде, тарамыста болады. Суда ерімейді. Құрамында глицин, валин, лейцин, пролин болады. Ол, әсіресе, мойын омыртқалардың байланысында, аорта қан тамыры қабырғасында коллагенмен бірге кездеседі. Эластин созылғыштық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүт белоктары
Азотты органикалық қосылыстар
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Гепариннің құрылысы мен ролі
Гиалурон қышқылының құрылысы мен ролі
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік жұмыстар
Гемоглобин эритроциттің құрамына кіретін белок
Белоктардың биосинтезі және оны реттелуін зерттеу
Майда еритін дәрумендер
Белок молекуласының құрылымдары
Пәндер