Жүрек бұлшыкет тінінің қалпына келу мүмкіншіліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Жүрек бұлшықет тінінің гистогенезі және құрылысы
* Жүрек бұлшыкет тінінің қалпына келу мүмкіншіліктері
* Тегіс бұлшықет тіндерінің түрлері және олардың ерекшеліктері
* Шығу тегiне байланысты бұлшық ет тiндерiнiң гистогенетикалық жіктелуі
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Жүрек бұлшықет тіні миокардты- жүректің бұлшықет қабығын құрайды. Қаңқа бұлшықет тінінен айырмашылығы- бұл тін нағыз жасушалардан құралған. Микроқұрылымы бойынша жүрек бұлшықет тіні көлденең жолақты бұлшықет тіндеріне жатады, себебі оның кардиомиоцит деп аталатын жасушаларында көлденең сызылымды миофибрилдері бар. Функциялық ерекшеліктеріне байланысты жүрек бұлшықет тіні еріксіздерге жатады. Себебі, вегетативтік иннервациясына және гуморальды реттелуіне байланысты жүректің жиырылғыш белсенділігі біздің еркімізге бағынбайды.

Негізгі бөлім
Жүрек бұлшықет тінінің құрылысы. Бұл тіннің жалғыз гистологиялық элементі- кардиомиоциттер немесе жүрек бұлшықет жасушалары. Олар бір-бірімен көптеген бүйірлік және бойлық анастомоздар және ендірме дискілер аймағында мамандаған жасушааралық қосылыстар құрайды. Осылардың арқасында кардиомиоциттер функциялық жүрек бұлшықет талшықтарының үш өлшемді торына біріктіріледі. Соңғылардың арасында борпылдақ талшықты дәнекер тін орналасқан, мұнда қан тамырлары мен нервтер өтеді.
Кардиомиоциттер- диаметрі 10-20 мкм, ұзындығы 50-120мкм созылған цилиндр пішіндіжасушалар. Жасушаның ортанғы бөлігінде ашық түсті, ірі, сопақ пішінді бір-екі полиплоидты ядролары орналасады. Ядроларының полиплоидтануы жасушаның физикалық жүктемелерге адаптациясын көрсетеді.
Электрондық микроскопиялық зерттеулер кардиомиоциттердің саркоплазмасында органеллалары мен қосындыларын айқындады. Олар қаіқа бұлшықет тініндегідей функциялық аппараттарға біріккен:
● қозуды өткіізу;
● жиырылғыштық;
● тіректік;
● энергетикалық;
● синтездік;
● жасушаішілік қорыту.
Кардиомиоциттердің жиырылғыш аппараты жасушаның перифериясында бойлық орналасқан арнайы органеллалардан- көлденең жолақты миофибрилдерден тұрады. Миофибрилдер саркоплазманың басым бөлігін алып орналасады және көлденең бұлшықет тіндеріне тән құрылысқа ие. Сонымен бірге, кардиомиоциттердің миофибрилдерінің бір қатар өзгеше ерекшеліктері бар:
1) олар қаңқа бұлшықет тініндей жекеленген цилиндрлік құрылымдар құрмайды, ал бір-бірімен бірігіп, бірыңғай құрылым құрайды.
2) олардың жиырылтқыш актин және миозин ақуыздарының биохимиясы қаңқа бұлшықет тінінің сондай ақуыздарынан өзгеше болады. Жұмысшы кардиомиоциттердің жиырылуы қаңқа бұлшықет талшықтарында өтетін жиырылу механизміндей жүзеге асады.
Қозуды өткізу аппараты (саркотубулярлы жүйе) қаңқа бұлшықет талшықтарындағы сияқты, саркоплазмалық тордан және Т-түтікшелерден тұрады. Кардиомиоциттерде олар нашарлау дамыған, бұл жүректің автоматизміне, яғни мұнда кардиомиоциттердің жиырылуына қажет импульстерді генерациялайтын ошақтың болуына байланысты.
Саркоплазмалық тор миофибрилдерді муфта (жалғастырғыш) немесе шұлық сияқты қоршайтын жіңішке түтікті цистерналардың ретсіз жүйесінен тұрады. Мұнда қаңқа бұлшықет талшықтарына тән біріккен үлкен терминалдық цистерналар құрылмайды, ал Т-түтікшелерге іргелес терминалдық кеңеюлер қалыптасады. Саркоплазмалық тордың мұндай нашарлау дамуының себебі, қозуға қажетті Са2+ иондары тек одан ғана түспейді, одар Т-түтікшелерінен де және сарколеммасы арқылы да түседі.
Т-түтікшелер саркоплазмасының ішіне қарай миофибрилдердің Z-сызығы тұсында енеді. Олардың диаметрі қаңқа бұлшықет тініндегілерден екі есе үлкендеу болады, себебі плазмолеммамен және базальді мембранамен астарланған. Т-түтікшелерге саркоплазмалық тордың терминальды кеңеюлері жанасады, сондықтан олар триадаларды құрмайды. Т-түтікшелер сарколеммамен бірге Са2+ иондарын жасушааралық кеңістіктен кардиомиоциттердің саркоплазмасына өткізуге қатысады.
Кардиомиоциттердің тіректік аппараты цитоскелеттің элементтерінен, плазмалеммадан және базальді мембранадан құрылған. Оның биохимиялық құрамы, құрылымы және функциялары қаңқа бұлшықет талшығының осындай құрылымдарына ұқсас. Кардиомиоциттердегі тіректік аппараттың ерекшелігі- цитоскелет элементтерінің жасушааралық қосылыстар кешені- ендірме дискілермен байланысуы. Сарколеммасында трансмембраналық гликопротеиндер- интегриндері бар. Осылар арқылы цитоскелеттің элементтері жасушааралық зат құрамдастарымен (ламинин, фибронектин, коллагендермен) байланысады. Плазмолемманың сыртында базальды мембрана орналасқан, оған қоршаған дәнекер тіннің коллаген және ретикулярлық талшықтары қоса өріледі.Барлық бұл құрылымдар миофибрилдердің, кардиомиоциттердің, функциялық жүрек бұлшықет талшықтарының салған жииырылтқыш күштерінің жинақталуын қамтамасыз етеді.
Кардиомиоциттердің энергетикалық аппараты жақсы дамыған митохондриялардан, қосындылардан (май тамшылары, глюкоген гранулдары) және оттегімен байланысатын миоглобин ақуызынан тұрады. Кардиомиоциттердегі митохондриялардың саны қаңқа бұлшықет талшықтарымен салыстырғанда едәуір көп, жасуша көлемінің 35-38% алады. Олар миофибрилдердің арасында және сарколемманың астында қатпарлар құрылып, ядросының аймағында топталып орналасады. Кардиомиоциттің митохондриялары ірі, кристалары көп, бұо олардың функциялық белсенділігі- АТФ синтезінің деңгейі жоғары екендігін көрсетеді.
Кардиомиоциттердің маңызды энергетикалық потенциалы- ядросының полюстерінде жинақталған көптеген май тамшылары, миофибрилдері мен миофиламенттері арасында орналасқан гликоген гранулдары. Әсіресе, гемоглобинге ұқсас миоглобин ақуызы көп. Күшті энергетикалық жабдықталғандықтан, жүрек бұлшықет тіні тынымсыз өмір бойы қызмет етеді.
Кардиомиоциттердің синтездік аппараты ядро жанындағы аймақта орналасқан бос рибосомдардан, полисомдардан, грЭПТ және Гольджи комлексінен тұрады. Олардың даму дәрежесі әр типті кардиомиоциттерде әр түрлі. Кардиомиоциттің синтездік аппараты жасушаішілік регенерацияны қамтамасыз етеді.
Жасушаішілік қорыту аппараты лизосомдарды, эндосомдарды және қалдық денелерді қамтиды. Олар әжептеуір жақсы дамыған, бұл сондай-ақ кардиомиоциттерде жасушаішілік регенерацияның қарқынды өтетінін көрсетеді.
Ендірме дискілер жарық микроскопия кезінде функциялық жүрек бұлшықет талшықтарын бір-бірінен біршама арақашықта көлденең немесе қиғаш кесіп өтетін, сатылы немесе ирек, күңгірт түсті жолақтар түрінде көрінеді. Электрондық микроскоп арқылы ендірме диск іргелес екі кардиомиоциттердің ұштары жалғанған жер екендігін анықталды. Онда көлденең және ұзына бойлық бөліктерін ажыратады. Жасушаның ұзын бірлігіне тіке бұрыштап орналасқан көлденең бөліктерінде едәуір интердигитациялар, десмосомдар және жабысқақ жолақтары бар. Олар механикалық функцияны атқарады- қысқарылу кезінде жасушалардың бір-бірінен ажырап кетпейтіндей берік жабысуын қамтамасыз етеді. Ендірме дискілердің көлденең бөліктерінің плазмалеммасында кардиомиоциттердің адгезиясын жүзеге асыратын адгезивтік гликопротеиндер- кадгериндер орналасқан. Кардиомиоциттердің плазмолеммасының ішкі бетінде Z-сызыққа ұқсас Z-жолақ көрінеді, ол арқылы- актинді миофиламенттер плазммалеммаға бекітіледі. Ендірме дискілердің ұзына бойлық бөліктерінде тар өзекшелерден тұратын көптеген саңылаулы қосылыстары- нексустар бар. Бұл өзекшелер арқылы су мен иондар бір жасушадан іргелес жасушаға еркін өтіп тұрады. Демек, нексустар қозудың бір жасушадан екіншісіне берілуін жүзеге асырады. Нәтижесінде қозу жүрек бүкіл бұлшықет жасушаларына тез таралып, миокард біртұтас бүтін ретінде және синхронды қысқарылады. Сөйтіп, ендірме дискілер кардиомиоциттер арасында механикалық, химиялық және функциялық қосылыстарды қамтамасыз етеді.
Жүрек бұлшықет тінінің қайта қалпына келу мүмкіншіліктері. Қалыпты тіршілік әрекеттері барысында жүрек бұлшықет тіні көп көлемді қанды өмір бойы қан айналым жүйесіне айдап, орасан зор жүктеме-салмақ көтереді. Бұл кезде кардиомиоциттер цитоплазмасының құрылымдық құрамдастары- жалпы және арнайы маңызды органеллалары әрдайым тозып, ескіріп отырады, тіпті жасушалардың өздері де өлуі мүмкін. Жүрек бұлшықет тінінің Жасушалық регенерациясы, яғни кардиомиоциттердің митоздық бөліну арқылы қалпына келуі физиологиялық жағдайда да және де зақымдалғаннан кейін де мүмкін емес, себебі гистогенез барысында кардиомиоциттер митоздық бөліну қабілетінен қайтымсыз айрылған.
Жүрек бұлшықет тіні жаңаруының жалғыз әдіс-амалы болып жасушаішілік регенерация қалады. Бұл кезде, жойылған құрылымдардың орнына, синтездік процесстер есебінен жаңа органеллалар (митохондриялар, ЭПТ, миофибрилдер және т.б.) құрылып отырады. Жүктеме-салмақ ұлғайған жағдайда, гипертония ауруы және жүрек ақаулары кезінде жасушаішілік регенерация процесстерінің күшеюі салдарынан кардиомиоциттер гипертрофияға (көлемі мен функциялық белсенділігінің өсуі) ұшырайды. Нәтижесінде миофибрилдердің жуандығы мен мөлшерінің және митохондриялардың саны өсуі есебінен тұтас кардиомиоциттің де диаметрі өседі.
Патологиялық жағдайларда-миокард инфаркты, жүректің жарақаттануы кезінде кардиомиоциттер өледі. Жасушалық регенерация болмағандықтан, олардың орнын тыртықты қалыптастыратын борпылдақ талшықты дәнекер тін толтырады. Инфаркттың шектеулі ошағында кардиомиоциттер некроз арқылы өледі. Соңғы ғылыми деректер бойынша, некроздық ошақты қоршайтын миокардтың көлемділеу бөліктерінің кардиомиоциттері апоптоз механизмі арқылы өтеді. Демек, инфаркттан соң ерте кездерде кардиомиоциттердің апоптозын басатын дәрілерді қолдану миокард бұзылуының көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Миокардтың бұзылған жерлері функциясының компенсациясы жасушаішілік регенерация мен полиплоидизация есебінен өтеді.
Тегіс бұлшықет тіндері. Тегіс бұлшықет тіндерінің құрылысы, жүрек бұлшықеті сияқты, жасушалық типке жатады, яғни тегіс бұлшықет жасушаларынан тұрады. Атауы көрсеткендей, тегіс бұлшықет жасушасының цитоплаздасында ешқандай сызылым жоқ. Тегіс бұлшықет тіні, жүрек сияқты, вегетативті нерв жүйесінен иннервацияланады және сондықтан, оның қысқаруы еріксіз. Даму көзіне және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты тегіс бұлшықет тіндері 3типке бөлінеді:
● Мезенхималық;
● Миоэпителиальды;
● Мионейральді.
Мезенхималық- өзіндік тегіс бұлшықет тіні ас қорыту, несеп шығару, тыныс алу жүйелерінің қуысты мүшелері мен қан тамырлары қабырғаларының бұлшықетті табақшасын және қабығын құрайды. Бұл мүшелерде тегіс бұлшықет тіні қабырғасының перистальтикасын және олардың ішіндегісінің жылжуын қамтамасыз етеді, қуыстардың өлшемін реттейді, жартылай жиырылған күйі арқасында тамырлардың тонусын сүйемелдейді.
Гистогенезі. Өзіндік тегіс бұлшықет тінінің даму көзі- спланхномезенхима, яғни спланхнотомдардан көшкен мезенхиманың бөлігі. Тегіс бұлшықет тінінің дамуы басталған ұрық бөлігінде жұлдызша пішінді мезенхимоциттер өсінділерінен айырылады және ұршық тәрізді пішінге ие болады. Олардан дифференцияланған миобласттарда грЭПТ, Гольджи комлексі, митохондриялар дамиды. Бұл органоидтар миофиламенттерді құрастыруға қатысатын жиырылтқыш және қосалқы ақуыздар мен миоциттің базальды мембранасын құрайтын V-типті коллаген синтезделе бастайды. Миобласттар тегіс миоциттерге дифференцияланған сайын коллагеннің синтезі төмендеп, актин мен миозин ақуыздарының синтезі күшейеді. Миофиламенттердің мөлшері өседі, олардың өсуі ретке келеді- жасушаның ұзын білігін бойлай бастайды. Аз дифференцияланған тегіс миоциттер түскен тітіркендіруге жиырылумен жауап қайтара алады. Жасушалардың пролиферациялық белсенділігі төмендеп, жасушаның ұзықтығы ұлғаяды. Тегіс миоциттердің көпшілігі митоздық циклден шығып, дифференцияланған жасушаларға айналады. Тегіс бұлшықет жасушаларының бір бөлігі аз дифференцияланған күйінде қалып, пролиферацияға қабілеттілігін сақтайды. Олар регенерация көзі ретінде қызмет атқара алады.
Тегіс бұлшықет тінінің гистологиялық элементі- тегіс бұлшықет жасушалары. Оның пішіні мен өлшемі орналасқан жеріне немесе функциялық жағдайына байланысты өзгереді. Мысалы, ұсақ қан тамырларының қабырларында ТБЖ-ның ұзындығы 30 мкм, жүктілік кездегі жатырдың қабырғасында- 500 мкм. Тегіс миоциттер көпшілінің пішіні- ұршық тәрізді, өлшемі- 8 мкмx200 мкм. Олар бір-біріне тығыз жатады және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұлшықет тіндері
Бұлшықет тіндерінің жасқа байланысты өзгеруі және қалпына келуі
Зат алмасу кезеңдері
Ет ткані. Қаңқа ет тканінің регенерациясыциясы
Сау жасушаның өспе жасушасына айналуы
Қаңқа мен сүйек
Балалар мүсінінің бұзылуы. Сколиоз
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің гистологиясы оқу құралы
Дене жаттығулары физиологиясының қызметтер жүйесі
Шұбар алатікеннің Silybum marianum жалпы сипаттамасы және биобиологиялық белсенділігі
Пәндер