Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* Жүрек қабырғаларың кеуде қабырғасына проекциялануы
* Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы
* Жүректі тыңдау орындары
* Ірі қан тамырларының басу орындарын анықтау
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
5.
Кіріспе
Қан тамырлары (лат. vasa sanguinea) -- адам мен жануарлар организмінің жүрек-тамырлар жүйесіне жататын, қабырғасы серпімді келген түтікше мүшелер.
Қан тамырлары:
* қанды жүректен алып шығып, организмге тасымалдайтын қызыл тамырларға -- артерияларға,
* қанды организмнен жүрекке алып келетін көк тамырларға -- веналарға және
* оларды өзара байланыстырып организмдегі жасушалық және ұлпалық деңгейде үздіксіз жүретін зат алмасу процестерін қамтамасыз ететін микроайналым арнасының қан тамырларына (қызыл тамырша -- артериола, қылтамыр - капилляр, көк тамырша -- венула) бөлінеді.

Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы. Дене бетінде қан тамырларын тыңдау және басу орындары

Жүрек кеуде аралығында ассиметриялы орналасқан. Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға қарай жайғасқан, оң жағында тек оң жақ жүрекше, қуыс веналар қалады. Жүректің ұзын білігі жоғарыдан төмен, оңнан солға, артынан алға қарай қиғаш орналасып, бүкіл дене білігімен шамамен 40* бұрыш түзеді. Сондықтан жүректің оң жақ веналық бөлімі алға таман, сол жақ артериялды бөлімі артқа таман бұрыла орналасқан сияқты. Жүрек қабымен бірге өзінің алдыңғы бетінің көп бөлігінде өкпемен жабылып тұрады, өкпенің алғы жиектері екі өепеқаптың сәйкесті бөліктерімен бірге жүректің алдынан өтіп, оның алдыңғы бетінің жүрекқап арқылы төске және V-VI қабырғалардың шеміршектеріне жанасатын жерінен басқасын алдыңғы кеуде қабырғасынан бөліп тұрады.

Жүрек қабырғаларың кеуде қабырғасына проекциялануы
Жүрек қабырғаларың кеуде қабырғасына проекциялануы: жүрек ұшының соғуы linea mammillaris sinistra - дан 1см ішке қарай, бесінші сол жақ қабырғааралықта сезіліп тұрады. Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы үшінші қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиегі деңгейімен өтеді. Жүректің оң жақ шекарасы төстің оң жақ жиегінен 2-3см оңға қарай, III қабырғадан V қабырғаға дейін өтеді; төменгі шекарасы көлденең V оң жақ қабырға шеміршегінен жүректің ұшына қарай, сол жақ шекарасы V қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өтеді.

Жүректің кеуде қуысында орналасуын, перкуссия арқылы анықтау

Жүректің ірі қан тамырларының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциясы
Қолқаның жоғарылаған бөлігі (pars ascendens aortae) кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына сол жақта III қабырғааралықтан оң жақта II қабырғаның төске бекитін жеріне дейін проекцияланады.
Қолқа доғасы (arcus aortae) кеуде клеткасының алдыңға қабырғасына төс аймағында I қабырға шеміршегі деңгейінде және I қабырғааралығында проекцияланады. Қолқа доғасының жоғарғы нүктесі төс тұтқасының ортасына сәйкес келеді.
Өкпе сабауы (truncus pulmonalis). Өкпе сабауы басының кеуде клеткасының алдыңғы қабырғасына проекциялануы сол жақ III қабырға шеміршегінің төске бекитін жерінде. Өкпе сабауының оң және сол өкпе артериялық тармақтарға бөлінуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы мәлімет
Ішкі аурулар пропедевтикасы
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі
Кеңістіктегі дене жағдайы
Анатомия, физиология және гигиенаны оқытудың кейбір мәселелері
Жүректі жалпы зерттеу әдістері. Жүрек аймағын зерттеу және пальпациялау, перкуссиялау және аускультациялау
Ішкі аурулар пропедевтикасы пәнінің жалпы сұрақтары
Негізгі тыныс алу шулары. Амфорикалық тыныс алу жайлы ақпарат
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
АДАМ АНАТОМИЯСЫ пәнінен ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Пәндер