Қалқаншамаңы, айырша және бүйрекүсті бездері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
* Гормондар - жалпы шолу
2. Негізгі бөлім
* Қалқаншамаңы, айырша және бүйрекүсті бездері
* Кальций мен фосфордың биологиялық ролi
* Фосфордың биологиялық ролi
* Са мен Р-ға қажеттiлiк, оның толықтырылуы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Гормондар (гр. hormao -- қоздырамын, қозғаймын) -- эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар -- өзінің химиялық табиғатына байланысты: стероидты гормондарға (жыныс гормондары, бұйрекүсті безі қыртысты заты гормоны), протеиндік және пептидтік гормондарға (гипофиз, қалқанша без, қалқаншамаңы безі, ұйқы безі, бұйрекүсті безінің бозғылт затының гормондары), ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай: бірыңғай салалы ет құрылымдары мен бездерге салыстырмалы қысқа мерзім ішінде әсер ететін кинетикалық гормондарға (окситоцин, вазопрессин, адреналин, норадреналин), организмдегі зат алмасу процестерін реттейтін метабоддық гормондарға (тироксин, кальцитонин, паратгормон, инсулин, глюкагон) және жасушалар, ұлпалар мен мүшелердің өсуі мен жетілуін бақылайтын морфогенетикалық гормондарға (соматропты гормон, фолликулды жандандырушы гормон, эстрогендер, тестостерон) бөлінеді.
Қалқаншамаңы, айырша және бүйрекүсті бездері
Қалқаншамаңы бездерін ғалымдар көпке дейін қалқанша бездің бір бөлігі деп келген. Кейін жеке бөліп алып зерттегенде (1924) олардың қалқанша безден бөлек екені анықталған. Бұл бездер паратгормон бөледі.
Құрылысы: Бездердің екеуі қалқанша бездің жоғарғы жағына, екеуі төменгі жағына жабысып, оған жанаса орналасқан. Қалқанша безге жақын жабыса орналасқанымен құрылысы мен қызметі мүлдем өзгеше. Бездердің үлкендігі асбұршақтай, салмағы 20-50 мг. Ересек адамда өр бездің ұзындығы 6-8 мм, ені 3-4 мм, калыңдығы і 2 мм. Ер адамда салмағы 30 жасқа дейін, ал әйелдерде 46-50 жасқа дейін өседі.
Қызметі: 1) бездерден бөлінетін гормондар қан мен ұлпа сұйықтығындағы фосфор мен кальцийдің мөлшөрін реттейді;
2) 1 құрамындағы кальций мен фосфордың ішекке тез сінуіне әсер
3) денеден кальций мен фосфордың зөр мен нежіс арқылы жұлуын камтамасыз етеді. .
Ауру белгілері. Егер ағзада паратгормон жетіспесе алып тастаса, қандағы кальцийдің деңгейі азайып, фосфор мөлшері артады. Орталык жүйке жүйесінін қозғыштығы жоғарылайды да бұлшықеттер сіресіп қалады. Қалқаншамаңы бездерінің ісуінен паратгормон шамадан тыс артық бөлінсе, сүйекте мүлдем азаяды. Сүйектер қисайып, сынғыш келеді, каптамырларда бауыр мен бүйректе, мида кальций көп жиналады, Мұндай жағдайда қалқаншамаңы бездерінің зақымданған жерін хирургиялық жолмен алып тастайды немесе рентген сөулесімен емдейді. Қалканшамаңы бездерінің жүмысы бүйрек пен сүйек ұлпасындағы кальций мен фосфордың алмасуымен тығыз байланысты.
Айырша без (тимус) кеуде қуысында кеңірдектің жоғарғы ұшын жауып тұрады. Адамның балалық шағында ірі (30 г) болады. Жыныстық жетілуден кейін кішірейеді (20 г).
Қызметі: бұл без тимозин гормонын бөледі, ол ағзада иммундық жүйенің орталық мүшесі болып саналады. Тимозин гормоны жетіспесе, ағзаның иммундық қасиеті төмендейді. Көкбауырдың мөлшері кішірейіп, қандағы лимфоцит жасушалары аэайып, қарсыдене түзілмейді.
Бүйрекүсті бездері. Құрылысы: бұл - бүйректің жоғарғы ұшына орналасқан жүп бездер. Біреуінің салмағы 6-7 г, екеуін қоскандағы салмағы шамамен 12-14 г. Он, жақтағы бүйрекүсті безінің пішіні - үш бұрыш, сол жактағының пішіні -- жарты ай тәрізді. Бездердің сыртын бүйрекпен қоса тығыз майлы қабық қаптайды. Бүйрекүсті бездері сыртқы қыртысты қабаттан және ішкі боз (милы) қабаттан тұрады. Ішкі қабаты бездің дәл ортасында, шамамен без ұлпасының 10%-ын құрайды. Сыртқы қыртысты қабаты 90%-ын алып жатады. Бүйрекүсті бездерінен көптеген гормондар түзіледі.
Қызметі: 1) бездің қыртысты қабатынан түзілетін гормондар (кортизон) көмірсудың алмасуын және оның нәруыздың түзілуін реттейді;
2) тұз және су алмасуын қамтамасыз етеді;
3) қан мен басқа ұлпалардағы натрий, калий және хлордың қалыпты мөлшерін реттейді;
4) жыныс мүшелерінің дамуына да әсер етеді. Бездің ішкі милы қабатынан адреналин гормоны бөлінеді. Адреналин қан қысымын жоғарылатады; жүректің жиырылу ырғағын жиілетеді; қанда глюкозаның мөлшерін арттырады; бауырдағы гликогеннің мөлшерін азайтады; қанның үюын тездетеді; ұлпаның оттегін қабылдауы жыл-дамдайды; қуық пен ауатамырлардың бұлшықеттерін босаңсытады. Адреналин - жүйке жүйесінің бақылауымен бөлінетін гормон. Адамның көңіл күйі күрт өзгерген кезде адреналин көп бөлінеді. Сондықтан оны кейде көңіл күй гормоны деп те атайды.
Бүйрекүсті бездерінің қыртысты қабаты жарақаттанса немесе гормондары аз бөлінсе (жетіспесе): 1) қанда натрий мен хлордың мөлшері төмендеп, калийдің мөлшері артады;
2) су мөлшері азайып, қан қысымы төмендейді;
3) қанда қанттың және үлпаларда гликогеннің мөлшері азаяды.
Бүйрекүсті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныс бездері туралы
Эндокриндік жүйе
Эндокринді жүйенің жалпы сипаттамасы мен жіктелуі
Аңдар биологиясы туралы ақпарат
Гормондар және адаптациялық процесстер
Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Ішкі секрециялық бездер. Жыныстық жетілу. Оқушыны медициналық-гигиеналық және жыныстық тәрбиелеу
Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі жайлы
Мысық тұқымдастар
Ішкі секреция бездері туралы
Пәндер