Қабырғалар және оның пішіндері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім;
* Кеуде қуысының сүйектері
* Қабырғалар және оның пішіндері
* Төс сүйек
* Кеуде торы
III. Қорытынды;
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Кеуде омыртқалары, vertebrae thoracicae Жалпы саны 12 (Тһ,- Тһ 12). Мойын омыртқаларына қарағанда үлкендеу, беломыртқаларына қарағанда кішілеу келген. Кеуде омыртқаларға түсетін салмақтың көлеміне байланысты, төменгі кеуде омыртқаларының денелері бел омыртқаға жақындаған сайын көлемділеу болып келген. Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері: 1) Денесінің бүйір бетінің төменгі және жоғарғы жиегінде қабырғаның басымен беттесіп, буын құрайтын жартылай немесе толық қабырғалық шұңқыршалары, fovea costalis, орналасқан. Толық шұңқыршалар 1-кеуде омыртқаның бүйір бетінің жоғарғы жиегінде және 11,12- кеуде омыртқаның бүйір бетінің орталық бөлігінде орналасқан. Негізгі қызметі: 1,11,12- жұп қабырғалардың буын басы мен беттесіп, қабырға омыртқа буынын, articulatio costovertebralis, құрауы. Қалған кеуде омыртқалардың 1-9 (Thj-Tlij) бүйір беттерінде жартылай жоғарғы және төменгі қабырғалық шүңқыршалар, fovea costalis superios et inferior, орналасса, 10 (Th ,) кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінде, тек қана жоғарғы жартылай қабырғалық шұңқырша орналасқан. Бұл шұңқырша, 9-кеуде омыртқаның төменгі шұңқыршасымен өзара беттесіп, 10-жүн қабырғанын, қабырға омыртқасының буынын құрайды.Омыртқа доғалары денесімен бірігіп, дөңгелек келген омыртқалық тесігін құрайды. Бұл тесік, мойын омыртқаларының тесігіне қарағанда кішілеу келген.Колденең, өсінділер processus transversus, мойын омыртқалар мен бел омыртқаларыны да көлденең өсіддісіне қарағанда көлемділеу болып, бүйір қапталда жәде артқа қарай бағытталған. Кеуделік омыртқалардың көлдедең өсіндісінің ұштарында қабырғалардың төмпейшегінде буын бетімен беттесіп, бүтін күрайтың, көлденең өсіндісінің қабырғалық иін шұңқыршалары, fovea costalis transversus, орналасқан.
Кеуде қуысының сүйектері; қабырғалар және оның пішіндері

Қабырғалар, costae, жалпақтау және жіңішкелеу келіп, кеуде қуысына қарай иіліп, симметриялық жағдайда орналасқан 12-жұп қабырғалардан тұрады. Қабырғалар: ұзындау келген артқы сүйектік бөліктен және қысқалау келген алдыңғы шеміршектік бөліктен тұрады.
Сүйектік бөлігі: омыртқалық және қабырғалық ұшынан және денесінен тұрады.
* Қабырғаның төмпешігі, tuberculum costae, жоғарғы 10- қабырғаның маңында орналасқан. Қызметі: төмпешіктердің буын беттері кеуде омыртқалардың көлденең өсіндісіндегі шұңқыршалардың буын беттерімен беттесіп, буын құрайды.
* Қабырғаның мойыны, collium costae, бұл сүйектің өте жіңішкелеу келген бөлігі болып саналады. Жоғарғы бетінде I, XII қабырғадан басқа қабырғалар да мойын қырқалары, crista collicostae, орналасқан.
* Қабырғаның басы, caput costae, қабырғаның омыртқалық ұшында орналасқан. Мұнда кеуде омыртқаның қабырғалық шүңқыршаларымен беттесіп, буын құрайтын буын беттері, fades articularis capitis costae, айқын байқалады. II -- X қабырғалардың буын беттерінде горизонталь бағытта орналасқан қабырға басының қырқалары, crista capitis costae, арқылы көлемді келген жоғары және кішілеу келген төменгі буын беттеріне бөлінген. Бұл буын беттері омыртқалардың аралығында қабырғалық шұңқыршақтармен беттесіп, буын құрауға қатысады.
* Қабырғаның омыртқалық ұшы: басынан, мойнынан және денесінен тұрады.
* Қабырғаның денесі, corpus costae, қабырғаның төмпешігі мен шеміршектік ұшының аралығындағы бөлікті құрайды. Қабырғаның денесі сүйектік бөліктің тым ұзын бөлігі болып саналады. Қабырғаның омыртқалық ұшы мен жалғасқан жерінде қабырғаның бұрышы, angulus costae, орналасқан. Қабырғалардың бұрышы I қабырғатөмпешігінің маңында орналасса, қалған қабырғаларда төмен бағытта орталық сы-зықшадан латеральды бағытта ХІ-қабырғаға дейін ауытқып орналасқан. XI, XII қабырғалар-да қабырғалық бұрыштары дамымаған.
Қабырғалардың денесі, corpus costae, барлық қабырғаларда жалпақтау келіп, сагиталь жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің дөңестеу келген сыртқы беті, ойыс келіп кеуде қуысына қараған ішкі беті және доғаддау келген жоғарғы қыры, өткірлеу келген төменгі қыры ажыратылады. Қабырға денесінің кеуде қуысына қараған бетінің төменгі жиегінің ішкі қапталында, қабырғалық нервтер мен қантамырлар өтетін қабырға астылық жүлгелері, sulcus subcostalis, орналасқан.
Қабырғаның шеміршектік ұшы, cartilago costalis, сүйектік бөліктің тікелей жалғасы болып саналады. Олар I қабырғадан VII қабырғаға дейін біртіндеп ұзара келіп, төс сүйегімен тікелей буын арқылы буындасқан. I қабырғадан VII қабырғаға дейінгі қабырғаларды негізгі қабырғалар, costae verae, деп, төменгі VIII қабырғадан X қабырғаға дейінгі қабырғаларды, жалған қабырғалар, costaespuriae, деп, алХІ.ХІІ қабырғаларды қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes, деп аталынады. Қозғалмалы қабырғалар деп аталу себебі, төс сүйегіне жетпей ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан. VII, VIII, X, X қабырғалардың шеміршектік ұштары төс сүйегіне жетпей бір-бірімен өзара жалғасып, қабырғаның доғасын, arcussternicostae, құрайды.
Қабырғалардың ішінен I, II және XI, XII қабырғалар өзгешелеу келеді.
1. Бірінші қабырға, costa prima, басқа қабырғаларға қарағанда жалпақтау, қысқалаужәне горизонтадді жазықтықтың бойында орналасқан. Денесінің бұдырлау келген жоғарғы беті, тегістеу келген төменгі беті және дөңестеу келген сыртқы қыры, ойыстау келген ішкі қыры ажыратылады. Денесінің жоғарғы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін төмпешігі, tuberculum т. scaleneus anterior, орналасқан. Бұлтөмпешіктің алдында бұғана астылық венаның жүлгесі, sulcus v. subclaviae, артында бұғана астылық артерияның жүлгесі, sulcus a.subclaviae, орналасқан. Сонымен қатар, бірінші қабырғаның басы, мойыны және төмпешігі жақсы дамыған. Қабырға басының буын беті толық, қырқаларыжоқ.
2. Екінші қабырға, costa secunda, сагитальды жазықтық пен горизонталді жазықтықтың аралығында орналасқан. Денесінің бұдырлау сыртқы беті ойыстау келген, ішкі беті ажыратылады. Денесінің сыртқы бетінде алдыңғы тісшеленген бұлшық еттің, т. serattus anterior, бұдыры айқын байқалады.
XI, XII қабырғалардың ұштары құрсақ бұлшықеттердің аралығында орналасқандықтан қозғалмалы қабырғалар деп аталуы сол себепті. Ерекшеліктері: буын басытолық, қырқасы жоқ. Мойыны, төмпешігі мен бұрышы нашар дамыған. Сыртқы пішіні қылышқа ұқсаған.

Төс сүйек
Төс сүйегі -- sternum, өз аддына дара, сыртқы пішіні қанжарға ұқсаған, жалпақ және ұзындау келген. Кеуде торының алдыңғы қабырғасын құрауға қатысады. Төс сүйегі үш бөліктен: тұтқасынан -- manubrium sterni, денесінен -- corpus sterni, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеуде омыртқаларының ерекшеліктері
Екі секциялы, екі қабатты, 12-пәтерлік кірпішті тұрғын үй
ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Архитектураның негізгі сипаттары
Бір қабатты тұрғын үй
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
Ғимараттар және оларға қойылатын талаптар
Сәулеттегі конструктивті элементтер
Өкпенің перкуссиясы
Бронхопневмания ауруы
Пәндер