Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе;
2. Негізгі бөлім;
* Медициналық көмектің түрлері мен көлемі;
* Халыққа білікті медициналық көмек
көрсету ережесі;
* Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы;
* Егде жастағыларға көмек беру;
3. Қорытынды;
4. Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстанда денсаулық сақтауға ерекше көңіл аударып отыр. Елбасымыз өзінің халыққа жолдауында былай деді Бізде денсаулық сақтау ісі тегін, бірақ, бүгінде зейнетақы қорларында жасалып жатқандай, болашақ - медицинадағы сақтандыруда. Адамның өзі, оған жұмыс беруші және мемлекет жауапкершілікте болады. Адамның денсаулығы неғұрлым нашар болса, ол соғұрлым аз сақтандырылады, неғұрлым жақсы болса, сақтандыру сомасы да соғұрлым көп болмақ. Қазір адамдар сапалы медициналық қызмет көрсетілетін емдеу мекемелерін таңдайды. Олар бұл мәселені анықтап алды, енді одан әрі қозғалу қажет.

Медициналық көмектің түрлері мен көлемі
1. Білікті медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың мамандандырылған әдістерін талап етпейтін аурулар кезінде жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкерлері көрсететін медициналық көмек.
2. Білікті медициналық көмектің түрлері:
1) жалпы дәрігерлік практика;
2) терапия;
3) педиатрия;
4) хирургия;
5) акушерия және гинекология.

3. Жалпы дәрігерлерлік практикаотбасы медицинасы - бастапқы медициналық көмек көрсетуге бағдарланған жалпы практика дәрігерлері көрсететін медициналық көмек.
4. Пациенттерге білікті медициналық көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.

Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің түрлері мен көлемі
1. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек - адам, отбасы және қоғам деңгейінде көрсетілетін қолжетімді медициналық қызметтер көрсету кешенін қамтитын, тәуліктік медициналық бақылаусыз учаскелік терапевтер, педиатрлар, жалпы практика дәрігерлері, фельдшерлер, акушерлер және мейірбикелер көрсететін дәрігерге дейінгі немесе білікті медициналық көмек.
2. Бастапқы медициналық-санитариялық көмектің түрлері:
1) ауруды ерте анықтау мақсатында диагностикалау;
2) амбулаториялық деңгейде емдеу;
3) стационарды алмастыратын көмек (күндізгі стационар, үйдегі стационар);
4) еңбекке уақытша жарамсыздық сараптамасы (еңбекке уақытша жарамсыздық парағын, анықтама беру);
5) профилактикалық тексерулер;
6) иммундау;
7) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау жөнінде консультациялар;
8) дұрыс және тиімді тамақтану туралы ұсыныстар;
9) отбасын жоспарлау жөнінде консультациялар мен ұсынымдар;
10) жүкті әйелдерді, балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді патронаждау;
11) диспансерлеу және динамикалық байқау.
3. Пациенттерге бастапқы медициналық-санитариялық көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері мен көлемі
1. Жоғары мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеу мен медициналық оңалтудың ең жаңа технологияларын пайдалануды талап ететін аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын медициналық ұйымдарда бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек.
2. Жоғары мамандандырылған медициналық көмектің түрлері терапиялық, хирургиялық, педиатриялық және акушериялық-гинекологиялық бейіндерге бөлінеді және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
3. Пациенттерге жоғары мамандандырылған медициналық көмектің көлемі тиімділігі мейлінше дәлелденген профилактикалық, диагностикалық және емдік іс-шаралардың негізінде медициналық айғақтар бойынша айқындалады.

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығы
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелді анықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру біршама қиындық туғызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп "аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, әлеуметтік және рухани қолайлы жағдайларын" түсінеміз. Бұл түсінікке денсаулықтың белгісі болуға келе бермейтін, өте кеңінен алынған бағалау көрсеткіштерінің тізімі де кіреді. Ондай көрсеткіштерге әлеуметтік қолайлы жағдайлардың ішінде, кірістің мөлшері, коммуналдық қолайлылық, жеке автокөліктердің болуы т.с.с жа-тады. Халықтың денсаулығы, олардың тұрмыс жағдайларының жақсы деңгейде болуына байланысты, бірақ жоғарыда айтылған факторлар ешуақытта денсаулықтың көрсеткіші бола алмайды.
Сонымен қатар, денсаулық дегеніміздің өзі тек қана биологиялық емес, әлеуметтік категория, сондықтан оны әлеуметтік қызметтің толық бағалы, дұрыс орындалу мүмкіндігі деп те түсінуіміз қажет. Бірақ, дені сау адамдардың да, науқас адамдардың да әлеуметтік қызмет қабілетінің мүмкіндігі өте кең ауқымда болатындықтан, денсаулық сақтау ұйымының "денсаулық" деген түсінікке берген анықтамасы оның дәрежелерін сандық жағынан анықтауға мүмкіндік бермейді.
Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық және психикалық қызметтерінің дұрыс дамып, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, әлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болып, күш-қайраты талмай, ұзақ уақыт өмір сүруі. Бұл анықтамаға денсаулықтың жаңадан алынған көрсеткіштері - жоғары деңгейдегі қызмет қабілеті, ғұмыр жастың ұзақ болуы да кіреді. Бірақ, осы түсініктердің әлі күнге дейін анықталған шекарасы болмағандықтан, оны денсаулықтың нақты белгісі ретінде алуға күмән туғызады. Мысалы, қызмет қабілетінің жоғары деңгейі, өте шартты түрде алынған және ол "денсаулығы мықты" деп алынған адамдардың өздерінде де өте кең аралықта толқып отырады.
Ғұмыр жастың ұзақтығына дұрыс шекара қою қиын болғандықтан, олардың бір қатары И.И.Мечниковтың көзқарасына қосылып, ғұмыр жастың ұзақтығына биологиялық шекара қоюды қолдамайтындықтан осы сұрақ туралы әлі күнге дейін ортақ көзқарас жоқ. Денсаулықтың белгісі ретінде ақыл-ой, қызмет қабілеті, репродукция қызметі және т.б. анықтамалары бар, бірақ осы түсініктің әлі күнге дейін ғылыми негізделген сипаттамасы жоқ. Саны жағынан тұрақты түрде өсіп жатқан көптеген факторлар адамдар денсаулығына әсер етеді, бірақ біздің ойымызша бұл туындап отырған пікірталаста ең алдымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай кезіндегі білікті медициналық көмек ұйымдастыру
Өтелмелі қызмет көрсету
Әлеуметтік қызмет көрсету - әлеуметтік жұмыстың ажырамас бөлігі
Жедел медициналық көмек
Балалардың әлеуметтік кызметтері
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Шетелде инклюзивті білім берудің дамуы. ҚР инклюзияның даму жолдары
Пневмонияға шалдыққан науқастарға жүргізілетін оңалту шаралары
Денсаулық сақтау саласын жетілдіру
Пәндер