Бауырдың балалардағы құрылымының ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
* Бауырдың балалардағы құрылымының ерекшеліктері
* Бауырдың балалардағы қызметінің ерекшеліктері
* Бауырдың балалардағы өлшемдері
* Балалардағы бауырдың жеке бөлімдерінің топографиясы мен анатомиясы бауырдың қанмен қамтамасыз етілуі
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Бауыр (hepar) -- 1) ең үлкен ас қорыту безі. Омыртқасыз жануарларда бауыр ас қорыту және қоректі сіңіру процестеріне қатынасады, сондай-ақ, онда май, көмірсу жиналады. Омыртқасыздардың бауырын кейде бауыр-ұйқы безі деп те атайды, себебі ол омыртқалы жануарлар мен адамның ұйқы безі бөлінетін затқа ұқсас зат (бездердің бөліп шығаратын заты) шығарады. Омыртқалы жануарлар мен адамда бауыр - күрделі орган, ол организмдегі зат алмасу процесіне қатысады әрі онда ас қорыту сөлдерінің бірі - өт түзіледі. Оның ересек адамдардағы орташа салмағы 1,5 - 2 кг. Бауыр іш қуысының оң жақ жоғарғы бөлігіне орналасқан. Бауырдың көк етке жанасып жататын жоғарғы дөңес, төменгі ішкі (висцеральдық) беттері бар. Бұлар бауырды оң(үлкен) және сол(кіші) бөліктерге бөледі. Бауырдың бетінің ортасында бауыр қақпасы деп аталатын көлденең ойық болады. Ол арқылы бауырға артерия, қақпалық вена тамырлары, жүйке талшықтары өтеді де, одан лимфа тамырлары мен өт түтігі шығады. Бауыр қақпасының алдыңғы жағында өт қуығы жатады. Бауыр қорғаныш қызметін де атқарады, яғни тамақ құрамында болып, ішекте сіңірілген зиянды заттар мен белок алмасуының нәтижесінде түзілетін қанның құрамындағы улы өнімдер бауырда залалсыздандырылады.
Негізгі бөлім
Бауырдың балалардағы құрылымының ерекшеліктері. Бауыр паренхимасы аз мамандалған, құрылымының бөлшектігі тек 1 жаста анықталады, толыққанды болғандықтан әр түрлі патологияларда бауыр мөлшері тез ұлғаяды, әсіресе жұқпалы аурулар мен интоксикацияларда.
Жаңа туған нәрестелердің бауырында 75-80% су болады (ересекте - 65-70%).
Жас ұлғая келе бауыр құрамындағы тығыз заттардың мөлшері артады.
Бауыр құрылымының дамуы негізінен 4-5 жаста аяқталады.
Бауырдың балалардағы қызметінің ерекшеліктері. Ерте жастағы балаларда бауыр құрылымының жеткіліксіз жетілгендігі оның улы өнімдерді бейтараптау, қорғаныстық иммундық денелерді түзу және басқа да қызметтерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін төмендетеді.
Жас балаларда бауырдың функционалдық мүмкіндіктері салыстырмалы түрде төмен. Әсіресе жаңа туған нәрестелердің ферменттік жүйесі әлсіз. Соның ішінде, эритроциттер гемолизі кезінде босап шығатын тікелей емес билирубиннің метаболизмі толығымен жүзеге аспайды, нәтижесінде физиологиялық сарғаю дамиды.
Дүниеге келгеннен кейін асты қорыту үшін маңызды болып табылатын өтті бөліп шығарудан басқа бауырда көмірсулар, ақуыздар мен майлардың синтезінің, су-минералды, пигменттік, дәрумендік алмасулардың реттелуінің белсенді үрдістері жүзеге асады.
Бауырдың балалардағы өлшемдері
Жаңа туған нәрестенің бауыры - іш қуысының 13 (23) бөлігін алып жататын ең үлкен мүше. Бұл құрсақ ішілік даму кезеңінде бауырдың қан түзу қызметін атқаруымен байланысты.
Нәрестедегі көлемі 130-170 см³, ересектерде 1400-1700 см³.
Бауырдың салыстырмалы салмағы жаңа туған нәрестеде үлкен болып, жас ұлғая келе азаяды, ал абсолютті салмағы артады.
Жаңа туған нәресте бауырының салмағы шамамен 120-150 г болады. 2 жасқа таман бауыр салмағы 2 есе, ал 3 жасына қарай 3 есе артады.

Жаңа туған нәресте бауырының биіктігі 8 см, ені 11 см, ал қалыңдығы 7,5 см. Бұл өлшемдердің ересектердікіне қатынасы биіктігі мен ені үшін 12, ал қалыңдығы үшін 23-12 құрайды. Биіктігі мен енінің арасындағы қатынас нәрестеде 1,4:1, ені мен қалыңдығының арасында да 1,4:1, яғни бірдей болады. Ересекте бұл қатынастар сәйкесінше 0,95:1,2-1 және 1,5:1.

Балалық жастағы бауырдың көлемдерінің ересек адамнан айырмашылығы
Балалардағы бауырдың жеке бөлімдерінің топографиясы мен анатомиясы
Нәресте бауырының формасы ересектікінен бауыр мөлшерінің 13 бөлігін құрайтын солжақ бөліктің қарқынды дамуының салдарынан ерекшеленеді. Бұл бөлік көкеттің сол жақ бөлігімен және көкбауырмен жанасады.
Бауырдың оң жақ бөлігіне байланысты кеуде қуысының артқы беткейі сыртқа қарай шығыңқы болып, ал бауыр тіні бауырдың тәж байламы мен орақ тәрізді байламға енеді.
Бауырдың диафрагмальды беткейі оң жақ қабырға асты мен эпигастрий аймақтарын түгелдей және сол жақ қабырға асты аймағының көп бөлігін алып жатыр. Диафрагмальды беткейдің жоғарғы шеті оң жақтан орта бұғана сызығы бойымен V немесе VI, ал сол жақтан VІ немесе VІІ қабырға деңгейіне дейін жетеді.
Төменге қарай біраз дөңестеу келген бауырдың төменгі шеті оң жағынан мықын сүйектен 10-15 мм қашықтықта жатса, сол жағынан қабырға доғаларымен 7-10 қабырғалар деңгейінде қиылысады, бірақ бұл қатынас кейіннен өзгеріп, 2,5 жаста бауырдың орналасуы ересектегідей болады. Төменгі шеті кіндіктен 10 мм арақашықтықта болады, бірақ кейде оған да жетеді.
Бауырдың төменгі шеті сол жақ Х қабырға деңгейінде аяқталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүректің қақпақшалық аппаратының зақымдалуы себептерімен даму механизмдері
БАЛАЛАРДАҒЫ ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Жүрек аймағы, ірі және шеткі тамырларды тексеру әдісі
Балалар жұқпалы ауруларына кіріспе
Балалардағы анемия
Омыртқа бағанасының иілімдері
Балалардағы лейкозды емдеу принциптері
Жыныстық жетілу кезеңдері
Қан жүйесi. Қан жүйесінің ауруларын тексерiп, зерттеу
Пәндер