Пурин нуклеотидтердің биосинтезі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Нуклеопротеидтер туралы жалпы түсінік
* Пурин нуклеотидтердің биосинтезі
* Перимидинді нуклеотиттердің биосинтезі
* Нуклеин қышқылы
* Нуклеин қышқылдарының құрамы мен құрылысы
* Нуклеотидтердің маңызы. Медицинада қолданылуы
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus -- ядро) -- құрамында фосфоры бар биополемерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеоидтік 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаққасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Нуклеопротеидтер -- нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Құрамына кіретін нуклеин қышқылының түріне байланысты нуклеопротеидтер дезоксирибонуклеопротеидтер (ДНП) және рибонуклеопротеидтер (РНП) болып бөлінеді. ДНП барлық торшалар ядроларының, митохондрийларының құрамына кіреді, сперматозоидтардың басынан табылады. РНП рибосомалардың, информасомалардың және вирустардың кұрамына кіреді. ДНП белоктары гистондар мен протаминдерден тұрады да, ДНҚ қос оралымы арасындағы саңылауларға орналасып, құрылымды бекіндіреді және негіздік қасиетін бақылайды. РНП құрамында бір немесе бірнеше молекула РНП және бірнеше кейде ондаган белок болады. Белоктар әрі кұрлыс заттарының ролін атқарады, әрі РНП құруға катынасады.
Нуклеопротеидтер туралы жалпы түсінік
Нуклеопротеидтер -- нуклеин қышкылдарының белоктармен қосылуынан пайда болатын күрделі құрамалар. Нуклеопротеидтерге жасушалардың хромосомалары мен рибосомалар жатады.
Нуклеопротеидтердің негізгі қызметтері:
1. Генетикалық ақпаратты сақтау және іске асыру
2. Белоктардың синтезін қамтамасыз ету
Нуклеопротеидтердің компоненттері. Нуклеопротеидтердің құрылымдық компоненттері ретінде нуклеин қышқылдары полинуклеотидті тізбектен құралған. Полинуклеотидті тізбектің құрылымдық бірлгі - мононуклеотидтер болып табылады.
Нуклеоидтер: 1) пуринді; 2) пиримидинді болып келеді.

Пурин нуклеотидтердің биосинтезі
Пурин нуклеотидтердің биосинтезі үшін глутамин, глицин, аспаратат, көмір қышқыл газы, формил-ТГФК және метенил-ТГФК қажет, пурин ядросы пайда болады. Екі жолмен жүруі мүмкін:
Нуклеин қышқылының ыдырауы кезінде түзілген пуриндік азоттық негіздерден түзілуі, бұл жол клетка үшін тиімді. Пуриндық азоотық негіздердің жәй заттардан қайтадан түзілуі. Бірінші жолмен, яғни дайын пуриндық азотық негіздерден түзілуі фосфортибозилпирофосфаттың құрамындағы рибозофосфаттың топтың дайын азоттық негізбен байланыс түзуі арқылы жүреді. Осы байланыс түзілу үшін екі фермент қатысады.
1. аденинфосфоррибозилтрансфераза - аденил қышқылының түзілуін қамтамасыз етеді.
2. гипоксантин-гуанин - фосфоррибозилтрансфераза - инозин және гуанил қышқылдары түзуге қатысады.
Гипоксантин + ФРПФ -- инозинат + Н4 Р2 О7
Гуанин + ФРПФ -- гуанилат + Н4Р2О7
Сонымен, фосфортибозилпирофосфат АМФ, ГМФ-тың да синтезделуіне қатысады екен. Бұл ферменттердің белсенділігінің төмендеуі пуриндік азоттық негіздердің алмасуының бұзылуына әкеп соқтырып, несеп қышқылының әдеттегідей көп бөлінетіндегі байқалады. Сонымен қатар, мұндай науқастарда нейрофизиологиялық ауытқулар байқалады, яғни кісі ашуланшақ, ұрысқақ, ақыл-ойы кемістеу болып, өзін-өзі тістеп, жұлып тастауға бейім болады. Бұл байқалған науқастың белгілерін Леше -- Нихан синдромы деп атайды.
Пуриндік негіздердің биосинтезінің екінші жолы, яғни жай қарапайым заттардан синтезделуі: глициннің, аспартаттың, глутамин қышқылының, тетрагидрофолий қышқылының және көмір қышқыл газының қатысуымен жүреді.
Пуринді нуклеотидтердің алмасуының соңғы өнімі- зәр қышқылының түзілуі бауырда жүреді. Ағза тәулігіне 0,5-1,0 грамм зәр қышқылы түзіліп, зәрмен шығарылады. Сау адам қанында орта есеппен 0,16-0,57 ммольл зәр қышқылы болады.

Перимидинді нуклеотиттердің биосинтезі
Пуриндік нуклеотидтерге қарағанда, пиримидиндік нуклеотидтердің биосинтезінің бірден-бір ерекшелігі алдымен пириминдік сақинаның синтезі жүріп, сонан кейін пиримидиндық азоттық негіз рибозофосфатпен әрекетесіп нуклеотид түзеді.
Пиримидиндік азоттық негіздің синтезі карбомоилфосфаттың түзілуінен басталады. Карбомоилфосфат мочевинаның да синтезі үшін реакциялық зат, бірақта пиримидин синтезіне жұмсалатын карбомоилфосфат клетка цитолизінде синтезделсе, мочевина үшін митохондриде синтезделеді. Амин тобының доноры глутамин қышқылының амиді болып табылады.
Пиримидиндік азоттық негіздердің синтезінде шешуші кезең карбомоилфосфат пен аспартаттың қатысуымен N-карбомоиласпартаттың түзілуі:
Осы кезеңдегі ФРПФ-трансфераза және оротидилатдекарбоксилаза ферменттерінің белсенділігі төмен болса оротацидурия ауруы дамиды. Бұл кезде орот қышқылының кристаллдармен несеп шығару жолдарының бітелуі, несеп жүруінің нашарлауы байқалады. Жас нәрестелердің өсуі тоқтап, шаштары сиреп, тырнақтары нашар өседі, көкбауырдың үлкеюді байқалады. Мұндай ауруларды уридинді дәрімен емдейді. Дегенмен, бұл жолмен емдегенде шаштың өсуі, көкбауыр қайта қалпына келгенімен, ақыл ойдың кемістігі қалпына келмейді. Уридилмонофосфор қышқылы уридилтрифосфатқа АТФ-тың қатысуымен айналады:
УМФ + АТФ -- УДФ + АДФ
УДФ + АТФ -- УТФ + АДФ

Нуклеин қышқылы
ХХ ғасырдың 30 -- 40-жылдары организм өсіп-өнгенде өзінде бар қасиеттерін келесі ұрпақтарға жеткізудегі нуклеин қышқылдарының рөлі ғылыми тұрғыдан толықтай дәлелденді.1868 жылы швед биохимигі Ф.Мишер клетка ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан тапқандықтан (латынша "нуклеус" -- ядро) нуклеин қышқылы деп атады. 1951 жылы американдық биохимик Э.Чаргафф ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапты.
Нуклеин қышқылдары тірі клетка ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Перимидинді нуклеотиттердің биосинтезі
Нуклеин қышқылдарының биосинтезі
Нуклеин қышқылдары жайлы
Нуклеопротеидтер алмасуының бұзылуы.Несеп қышқылды диатез, құстар подогарсы, төлдің несеп- қышқылды инфарктісі
Нуклеопротеидтердің алмасуы
Белок емес азоттық заттардың негізгі өкілдерінің - гемоглобиннің, мочевинаның, аммиактың, қаңқаның бұлшық еттерінің маңызды азоттық заттарының креатинфосфаттың, креатиннің, карнозиннің және анзериннің алмасуы
Транскрипция процесі
Абберация – мутацияның әсерінен хромосоманың құрылымының зақымдануы
Органикалық заттардың алмасуы
қушыларға сабаққа деген ынтасын, белсенділігін арттыру мақсатында «Ақуыздар мен нуклеин қышқылдары» тақырыбында сабақ өту әдістемесі
Пәндер