Омыртқа жотасының иілімдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
oo Омытқа жотасының қызметі және маңызы
oo Омыртқа жотасының иілімдері
oo Оның құрылысы
oo Сколиоз
oo Дисктер грыжасы
oo Остеохондроз
oo Лордоз және Кифоз
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе:
Біз тік жүреміз. Сондықтан омыртқамызға көп күш түседі. Мәселен, төрт аяқтап жүретін жануарлар остеохондрозбен ауырмайды. Неге? Өйткені адамның омыртқасына қарағанда жануардың омыртқасына түсетін күш аздау. Адам көп қозғалуы керек. Жаңа туған бала әрбір бес секунд сайын өседі. Сондықтан ол үшін қозғалыстың маңызы зор. Қазір адамдар көп қозғалмайды. Таңнан кешке дейін компьютердің алдында отырады. Спортпен айналыспайды, бассейнге бармайды, тек екі қолмен ғана жұмыс жасайды. Қозғалыстың аздығы адамды ауру қылады. Ал омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады.

Омытқа жотасының қызметі және маңызы
Омыртқа жотасы біздің денесіндегі негізгі тірек жүйесі. Егер омыртқа жотасы болмаса адам жүре де алмайды, денесін тік ұстай да алмайды. Омыртқа жотасының тағы бір маңызды қызметі жұлынды қорғау. Сондықтан, адамның денесі сау болуы үшін омыртқаны үнемі жаттықтыру, остеохондрозды омыртқа жарығына (грыжа дисков) дейін асқындырмау қажет.

Омыртқа жотасы 33-34 омыртқа сүйектерінен және 5 аймақтан тұрады: мойын аймағы - 7 омыртқа сүйектерінен, кеуде аймағы - 12, бел аймағы - 5, сегізкоз аймағы - 5 және құйымшақ аймағы 4-5 омыртқадан турады. Ересек адамдарда сегізкөз бен құйымшақ аймағының омыртқалары бітісіп сегізкөз және құйымшақ сүйектерін құрайды. Омыртқа жотасының сүйектері денесінен және 7 өсінді тарайтын доғадан тұрады. Олар: қылқынды өсіндісі, 2 көлденең өсіндісі және 4 буындық өсінділері.

Омыртқа арасында шеміршек пен сіңір болады. Жарақат алғанда, ауыр көтергенде шеміршек жарылып кетеді де, омыртқа арасындағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Екі аяққа күш түсіп, шыдатпай ауырады. Омыртқа ауырса, оның ішіндегі жұлын қысылады. Жұлын -- адам ағзасының ең маңызды органы. Жұлыннан қан тамырлары мен жүйке тамырлары шығады. Жұлын қысылса, адамның денесін қоректендіріп тұрған қанның тарауы әлсірейді де, соның салдарынан бастан бастап, аяғыңның ұшына дейінгі ағзалардың, ішкі ағзалардың барлығы ауырады. Яғни, ішкі органдардың холестицит, панкреотит, простатит, белсіздік, жүректің, ішектердің, зәр жүру жолының ауруларын асқындырады.

Сколиоз
Сколиоз - ол көбінесе жас өспірімдер мен мектепке дейінгі балаларда кездесетін омыртқа жотасының ауруы. Егер сыртынан карасақ омыртқа жотасының иілуі байламдар мен суйекке байланысты S тәрізді болып келеді. Сколиозды омыртқа бұзылысымен жиі шатастырады. Бірақ сколиоз омыртқа бұзылысының күрделі түрі. Омыртқа жотасының бұзылысы: баланың дұрыс отырмауын, қозғалуын қадағаламаса немесе кальций жетіспесе, бұлшықет әлсірегенде байқалады. Қазіргі жас өспірімдердің, оқушылардың біриықты сумкалары, ауыр кітапты котерулері, ыңғайсыз парталар сколиоздың дамуына алып келеді.

Дисктер грыжасы
Дисктер грыжасы- ол тірек-қимыл жүйесінің ең қауіпті ауруларының бірі. Дисктер грыжасының пайда болу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Жастық ерекшеліктер де әсер етеді. Диск грыжасы былай п. б. - оның қабағы жарылып, құрамындағы заттар жұлынға еніп, оны ығыстырады. Грыжаны хирургиялык операция аркылы емдеуге болады, бірақ ол омыртқа жотасының басқа аймағының бұзылуына акелуі мүмкін. Ең тиімті тәсілі комплексті емдеу: мануальді терапия, физиотерапия және массажды

Остеохондроз
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жотасының физологиялық иілімдері
Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Омыртқа бағанасының физиологиялық және потологиялық иілімдері
Тұлға мен қол –аяқ сүйектерінің жеке, жастық және жыныстық ерекшеліктері
Тірек-қимыл жүйесі. Қаңқаның негізгі бөлімдері
Омыртқа жотасы
Лимфалық тамырлар
Кеуде торының түрлерін анықтау
Тірек-қимыл жүйесі, жас ерекшелігі. Баланың аяқ-киіміне, жеке басына қойылатын гигиеналық талаптар
Омыртқалардың құрылысының жастық ерекшеліктерін анықтау
Пәндер