Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Социологиялық зерттеулердің кезеңдері мен түрлері
- Социологиялық зерттеу бағдарламасы
- Социологиялық зерттеудегі сұрыптау тәсілі
- Әлемдік діндер
- Таптық қоғамға дейінгі діни сенімдер
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Социология - тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.
Социологияны қоғамдық өмірдің бір ғана саласымен шектеуге болмайды. Социологияның зерттеу нысаны - индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы түрінде қарастырылатын қоғам.
П. Сорокин ұзақ жылғы ғылыми ізденістерінің барысында социологияның пәні мәселесіне әлденеше рет қайта соғып, «Түрлі теориялық методологияның шекарасы мен пәні» (1913) атты арнайы жазылған көлемді мақаласында, «Қылмыс пен жаза» (1914), «Социология жүйесі» (1920) кітаптарының жеке тарауларында бұл мәселеге кеңінен тоқталды. Оның бұл мәселе туралы зерттеулері пікірлерінің сабақтастығымен, жүйелілігімен, талдауларының жаңашылдылығымен ерекшеленеді. П. Сорокин «Социология жүйесі» атты еңбегінде «әрбір социология теоретигінің бірінші міндеті бұл - пәннің анықтамасын айқындап алу, бұлай болмаған жағдайда айтқандардаң бәрі анық емес, бұлыңғыр деген кінә тағылуы мүмкін» деп жазды.
Негізгі бөлім
Социология ғылымының пайда болуы мен дамуы өмірлік тәжірибеден алынған мағлұматтарды талдаумен тығыз байланысты. Социологиялық зерттеулер дегеніміз-зерттеіп отырған нысан туралы объективті мағлұматтар алу мақсатындағы бір-бірімен өзара байланысты жүргізілетін логикалық, методологиялық, тәсілдік және ұйымдастырушылық-техникалық амалдар жиынтығы. Нақтылы социологиялық зертеулер:
- қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестердің шынайы сиапатын білуге жағдай жасайды;
- әлеуметтік байланыстарды дамытудағы қайшылықтар мен тенденцияларды айқындауға мүмкіндік береді.
- Экономикалық, саяси жән әлеуметтік дамудың бағдарын айқындауға көмектеседі.
Социологиялық зерттеулер теориялық сипаттағы методолгиялық тұжырымдамаларды және нақтылы әлеуметтік құбылыстарды немесе, процестерді зерттеуге арналған әдістерді қамтитын бағдарламалар жасаудан бастау алады. Социологиялық зерттеулер әлеуметтік процестер мен құбылыстарды танудың тек бір құралы болып табылады, сондықтан да оның нәтижесін асыра дәріптеуге болмайды. Бірақ ол басқа тәсілдердің жанында біздің қоғамды тану мүмкіндіктерімізді арттыра түсетін, объективті мағлұмат алудың маңызды құралы. Қолданбалы социологиялық зерттеулер әлеуметтік теориялардың тәжірибелік негізін құрайтын деректерді немесе тапсырыс берушілердің нақтылы практикалық қажетін қанағаттандыра отырып, дербес, нақтылы-қолданбалы ұғымға ие болатын мәлімет жүйелерін алуға бағытталған. Ол теориялық болжамдарды дәлелдеу немесе жалған екенін анықтау мақсатында жүзеге асады. Қолданбалы социологиялық зерттеулер негізінен төмендегідей кезеңдерге бөлінеді: 1) дайындық кезеңі; 2) жорық кезеңі; 3) мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезеңі; 4) мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі.
Қолданбалы социологиялық зерттеудің дайындық кезеңінде әртүрлі жұмыстар, ғылыми және практикалық амалдар атқарылады. Дайындықтың сапалылығы болашақта жиналатын мағлұматтардың сапалылығын қамтамасыз етеді. Бұл кезеңде тақырып анықталып, теориялық тұжырымдама, бағдарлама жасалады, іріктеу өлшемдері анықталады. Мағлұмат жинауға арналған әдістемелік құжаттар жасалып, зерттеу ауқымы мен құралдары анықталады, зерттеу топтары қалыптасады, жұмыс кестесі жасалады, ұйымдастыру шаралары жүргізіледі, жұмысты материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге байланысты мәселелер шешіледі.
Жорық кезеңі (немесе алғашқы мәліметтерді жинау кезеңі) мағлұматтарды "алаңнан” (жеке адамдардан, аудиториялардан, сыныптардан, үйден, мекемеден, т. б) жинаумен байланысты. Мағлұматтар зерттеу бағдарламасына сәйкес әртүрлі сұрау жүргізу анкеталық, сұқбаттық, эксперттік, т. б) бақылау, құжаттарды талдау жасау, эксперимент сияқты тәсілдер көмегімен жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу, қолмен атқарылады.
Мағлұматтарды өңдеуге дайындау және өңдеу кезіндежиналған мағлұматтардың барлығы іріктеу өлшемдерінен ауытқуын тексеру тұрғысынан зерттеледі. Тексеру жұмысы әдістемелік құжаттардың дәлдігі мен толықтығына байланысты. Мұнымен қоса бұл кезеңде ашық сұрақтарды кодпен белгілеу жүзеге асады. Мағлұматтарды компьютерде өңдеудің логикалық бағдарламасы жасалады. Кейбір жағдайларда, (мағлұматтар аз болғанда) мағлұматтарды өңдеу қолмен атқарылады.
Мағлұматтарды талдау және социологиялық зерттеудің қорытынды құжаттарын дайындау кезеңі-қорытынды кезең. Талдаудың методологиялық негізі - дайындық кезеңінде жасалған зерттеу бағдарламасы болып табылады. Талдау тәсілі социологиялық зерттеудің түріне, оның мақсаты мен міндетіне байланысты таңдап алынады. Талдау барысында алдын-ала жасалған ғылыми болжамдарды құптау немесе жоққа шығару туралы қорытынды жасалады, әлеуметтік байланыстар, тенденциялар, қайшылықтар, жаңа әлеуметтік мәселелер аңғарылады. Сонымен қатар, жасалынған жұмыстардың нәтижелері айқындалады. Қорытынды құжат зерттеудің түріне және тапсырыс берушінің өтінішіне байланысты жасалады.
Зерттеудің сандық-сапалық талдау деңгейіне, шешілетін мәселелердің ауқымына және қиындығына қарай қолданбалы социологиялық зерттеулерді негізгі үш топқа бөліп қарастыроады. :
· прогноздық социологиялық зерттеулер;
- сипаттамалық социологиялық зерттеулер;
- талдамалық социологиялық зерттеулер.
Прогноздық, барламалық зерттеу өзінше бір сынақ болып есептеледі және негізгі жұмысқа дайындық саласын тексеруге арналады. Оның қамтитын зерттеу ауқымы шағын болады және жеңілдетілген бағдарлама мен шектеулі зерттеу құралдарына негізделеді. Барламалық зерттеу кезінде болашақ негізгі зерттеудің барлық құрамдас бөліктері тексеруден өтеді, оның міндеттері және болжамдары анықталады, негізгі ұғымдарды операцияландыру сапасы тексеріледі, зерттеу құралдары анықталады, зерттеу ауқымының шекаралары нақтыланады, зерттеу барысында кездесуі мүмкін қиындықтар қарастырылады, мағлұматтар жинау тобы тәжірибе жинақтайды.
Сипаттамалық зерттеу-нақтылы социологиялық талдаудың күрделенген түрі. Өзінің алдына қойған мақсаты мен міндетіне сәйкес ол зерттеліп жатқан құбылыс туралы және оның құрамдас бөліктері жайында толық мағлұмат беретін тәжірибе деректерін пайдаланады. Сипаттамалық зерттеу жеткілік ті түрде өңделген бағдарламалар мен әдістемелік тұрғыдан талдап алынған құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Сипаттамалық зерттеу, көбінесе, талдау нысаны әртүрлі сипаттамалармен ерекшеленетін үлкен қауымдар болған кезде қолданылады. Бұл жағдайда зерттелінбек сипаттамаларды салыстыруға, ол сипаттамалардың өзара байланыс орнатқанын, не орнатпағандығын айқындауға болады. Сипаттамалық зерттеудегі мағлұмат жинау тәсілін айқындау зерттеудің міндеті мен бағытына қарай анықталады.
Талдамалық зерттеудің мақсаты - зерттеліп жатқан құбылыстың құрамдас бөліктерін сипаттау ғана емес, сонымен бірге оның негізінде жататын және сипаты мен ерекшелігене себепші болатын құбылыстарды анықтау. Бұл-социологиялық талдаудың ең күрделенген түрі. Сондықтан тиянақты жасалған даярлықты, бағдарламаны және зерттеу құралдарын қажет етеді. Талдамалық зерттеуде қолданылатын әлеуметтік мағлұматтарды жинау тәсілі кешенді сипатқа ие, бұл жерде бірін-бірі толықтыратын сұрау салу, құжаттарды талдау, бақылаудың әртүрлі үлгілері қолданылуы мүмкін.
Мұндай зерттеу кезінде, зерттеу нысандарының жанына қарай бөлінуі өзгеріссіз қалып, зерттелінбек тарихи уақыт пен когорталар өзгеріп отырады. Мәліметтер бірдей әлеуметтік жағдайдағы нысандар зерттеле отырып алынады.
Тарихи және когорталық бағыттың екеуі де адамның жекелеген тұрмыс-тіршілік жолдарына талдау жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін панельдік және лонгитюдтік зерттеулер жүргізіледі.
Панельдік зерттеу жүргізу барысында бұрын зерттелген адамдар тобы бірдей уақыт аралығы зерттеушінің өз қалауымен белгіленеді. Бірақ бірдей әдістеме қолданылады. Панельдік зерттеу барысында бұрынғы бірлікті қатаң сақтау зерттеліп жатқан нысандардың жекелеген өзгерістері туралы мағлұмат дұрыстығының маңызды шарты болып табылады. Бір панельдік зерттеуден екінші панельдік зерттеуге дейін бұрынғы іріктеудің сақталмауы үлкен кемшілік болып саналады. Бір рет іріктелінген топ уақыт өте келе негізгі зерттеу нысанына қатысты типін жоғалтып, олар туралы берілген мәліметтер құндылығынан айырылады. Сондықтан панельдік зерттеулер жүргізіліп жатқан нысан көлемі мен құрылымына қарай барынша тұрақтылығын сақтап қала алатындай уақыт аралығында жүргізілгені жөн.
Егер қайта тексеріс кезеңі зерттеліп жатқан нысанның түп-төркініне үңіле отырып, нақтыланған даму сатысының жетістікке жету бағытына қарай іріктелген болса, онда бұл түрдегі зертеулер лонгитюдтік деп аталады. Панельдік зерттеулерде тексеру нысаны ретінде әр түрлі жас топтары қарастырылса, лонгитюдтік зерттеуде, тек серпімді дамушы топ ретіндегі жастар қарастырылады. Лонгитюдтік зерттеулердің қайта тексерудің басқа түрлерімен салыстырғандағы айырмашылығы- түсіндіруге, сол нысан ішіндегі топтардың ерекше топтарын анықтауға, әртүрлі әлеуметтік топтардағы индивидтердің қалыптасу тенденциясына талдау жасауға, қарастырылып жатқан белгілердің өзгерістерін айқындап, олардың даму процесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Лонгитюдтік зерттеу жүргізу ұзақ методологиялық даярлықты және біршама уақыт пен қаржыны қажет етеді. Бұл жағдайда зерттеудің біркелкілігі сақталу керек.
Дін - адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты - адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.
Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз - әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады. Сөйтіп, шынайы діндар болып, жас кезінен Алланың ғана бұйрығын орындаушы болып өседі. Барлық тіршілік құбылыстары Алла Тағаланың қолында екеніне және күнәлі істері үшін оның қарғысына ұшырайтынына мұсылман кәміл сенеді. Осы сенім - оны жаман істерден тежеуші және дұрыстықтан, имандылықтан шықпауына себепші. Иманын жоғалту адамның дінін жоғалтуына алып келеді. Діни тұрғыдан, дін - бүкіл болмыстың түпкі себебі барын, дүние-болмыстың жаратылу мақсатын, оның сыр-сипатын түсіндіріп, танып-білуге және адамның рухани жетілуіне мүмкіндік жасайтын әдіс-әрекеттер мен бүкіл дүниетанымды болмысты, толық қамтитын өте кең, ауқымды ұғым. Қазіргі ғылымның зерттеулері бойынша дін қырық - елу мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдениет ескерткіштері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілерін сақтаған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрінің белгілері де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері - сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады. Құдайды тұлғалық Бастау ретінде мойындау қазіргі діндерден ислам, христиан, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда діні, христиандық, ислам) түрлері белгілі. Әлемдік діндердің әрқайсысы түрлі ағымдар мен конфессияларға бөлінеді. Мысалы, ислам дінінің сүнниттік, шииттік ағымдары, христиан дінінің католиктік, православие және протестанттық конфессиялары бар. Дүние жүзі халқының дені, негізінен, әлемдік үш дінді (ислам, христиандық, будда) ұстанады. Сонымен қатар, маркстік атеизм және бүкіл дін атаулыны теріске шығаратын басқа да көзқарастар жүйесі ғылымда кейде шартты түрде теріс таңбалы діндер деп аталынады.
Қазіргі кезге дейін өмір сүріп келе жатқан «Прамонотеизм» деген теологиялық теория бойынша діннің шығуы туралы былай дейді: көне діндердің шығуы алдында алғашқы дәуірдегі адамдарда бір Құдайлық немесе бір Жаратушы Құдайға сенген. Кейіннен бұндай сенімге жалған көзқарастар қосылып көп діндік (политеизм) тарады. Дегенмен «жалғыз-Құдайлық» ұғымы олардың арасынан аман өтіп біздің дәуірімізге жетті. Бұл бір Құдайлыққа сену (монотеизм) . Мәселен, монотейстік дін -Христиан діні. Ол ең бір «ақиқат» дін деп есептейді. Келесі бір - ғылыми дінтанушылық көзқарас бойынша «дінсіз дәуір» деген теория бар. Мұндай көзқарастың мазмұны бойынша, адамзатта көптеген дінсіз уақыттың болғандығын дәлелдейді. Ғылыми деректерге сүйене отырып, адамзаттың неандерталдыққа дейін 2 млн. жыл өмір сүргендігін, оның ішінде неандерталдықтардың 100-40 мыңыншы жылда ғана пайда болуы. Дін болса тек неандерталдық (орта тас дәуірде) кезінде пайда болуы туралы дәлелденді. Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия жэне анимизм деп аталады.
Фетишизм - (португ. сөзі -сиқырлы зат) әр түрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. Әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, құдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғаттан емес, қолдан да жасап алуға болады. Фетиштің заттары - табиғи: тас, ағаштың бөлігі, аңның тісі, келе-келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т. с. с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда сол заттардың жәрдем беруі және т. с. с
Тотемизм - өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарларды тамақ, киім, көлік ретінде пайдаланды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды. Қазіргі кезде әрбір діннен тотемнің ізін табуға болады. Міне, осы күнге дейін Африка континентін тотемдік жер деуге болады. Үнді мемлекетінде тотемдік көрініс - сиыр. Сиырды құрметтеп, киелі деп есептеп, оның етін жемейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz