В1, В2, В12, В6, РР, Н дәрумендердің құрылысы, қызметі


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- В1, В2, В12, В6, РР, Н дәрумендердің құрылысы, қызметі
- Фоль қышқылы, пантотен қышқылы, биотин
- Витаминдердің биологиялық қызметі, биомедициналық маңызы
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Суда еритін витаминдер адам ағзасына тағаммен түседі немесе ішек бактерияларымен синтезделеді. Суда еритін көптеген витаминдердің биологиялық мәні олардың коферменттік қызметіне байланысты болады.
Витаминдер - ерекше органикалық заттар. Адам олардың өте аз мөлшерін ғана пайдаланады. Бірақ дәрумендерсіз біздің орга-низміміздегі мүшелердің қалыпты жұмыс істеуі мүмкін емес. Витаминдер организмнің тіршілік қабілеті үшін қажетті зат, ол адамның дене және ой еңбегін арттырады, оның өсуі мен дамуын, ауруға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Тағам құрамында витаминдер жеткіліксіз болса, организмнің жұмысы нашарлап, қатты ауруға шалдығады. Витаминдер өсімдік пен жануар өнімдерінен алынатын азық-түліктерде болады. Адам әр түрлі тағам ішу арқылы өзіне қажетті витаминдерді алып отырады.
Витаминдерді А, В, С, D, және т. б. латын әріптерімен белгілейді.
Барлық дәрумендерді әдетте екі үлкен топқа бөледі:
1) суда еритін дәрумендер: оларға - В тобының дәрумендері мен С (аскорбин қышқылы) ;
2) Майда еритін дәрумендерге А, D, К, Е, тағы басқалар жатады.
Витаминдердің адам организмі үшін биологиялық мәні өте зор. Олар организмдегі зат алмасу процестерін жақсартады, организмнің әр түрлі жұқпалы ауруларға қарсы күресу қабі-летін күшейтеді және адамның жұмыс істеу қабілетін жақсартады. Сонымен қатар әрбір дәрумендердің организмде ерекше орындайтын өз міндеті бар.
Витаминдерді 1880 жылы орыс дәрігері Николай Иванович Лунин (1853-1937) тапты.
Витаминдер өсімдіктекті және жануартекті тағамдардың құрамында кездеседі. Адамға тәулігіне қажетті барлық витаминдердің мөлшері 180-200 мг.
Суда еритін витаминдер
Тиамин-антиневриттік витамин, (анейрин, аневрин), оны 1906 жылы X. Эйкман ашқан, химиялық табиғатын 1931 жылы Р. Уильямс пен Р. Греве анықтаған. Өсімдік әлемінде кең таралған. Негізінен тұқымның кабығы мен ұрығында болатындықтан, ол кебегі бар ұнда көп кездеседі. Тиамин сол сияқты бұршақта, кейбір ет тағамдарында көп болады. Кейбір ішек бактериялары тиаминді синтездеп, онымен адам ағзасын қамтамасыз етеді. Тәуліктік кажетгілігі 1, 5-2 мг.
Ағзада В1 витаминінің биологиялық белсенді түрі оның дифосфорлы эфирі- тиаминпирофосфат (ТПФ) болып табылады, оны басқаша кокарбоксилаза деп атайды.
Биомедициналық қызметі :
В1 витаминінің биологиялық туындысы-тиаминпирофосфат мынадай ферменттердің коферменті болып табылады:
- пируватдегидрогеназды комплекстің
- альфа- комплекстің
- транскетолазалардың.
В1 витамині авитаминозының белгілері:
В1 авитаминозының алғашқы белгілеріне тәбеттің төмендеуі ішек-қарын қабырғаларының толқын тәрізді жиырылу қасиетінің кемуі, мінез-құлықтың өзгеріп, еске сақтау қабілетінің төмендеуі, көзге елес пайда болуы жатады. Тиамин авитаминозында пирожүзім қышқылының мөлшері қанда, бұлшық ет ұлпаларында бірсыпыра көбейеді, нерв жүйесі зақымданып, полиневрит «бери-бери» ауруы пайда болады. «Бери-бери» ауруының белгісі бірнеше түрлі, құрғақ «бери-бери» шеткі нерв жүйесін зақымдағанда, бұлшық еттер тартылып, солып қалады, ауырған жердің сезіну қабілеті нашарлайды, сал ауруы пайда болады. «Бери-беридің» істіктік түрінде полиневрит пен қатар жүрек және қан тамырлары зақымданып, ақыры өлімге дейін әкеледі. Бұл аурумен адамдардан басқа құстар, иттер, егеу- құйрықтар және т. б. жануарлар да аурады.
В2 (рибофлавин, өсу витамині) . В2 витамині ең алғаш рет сүттен бөлініп алынады, сондықтан лактофлавин деп те аталады. Рибофлавинді 1935 жылы Р. Кун химиялық синтездеу жолымен алады. Химиялық тұрғыдан В2 витамині 5 атомды спирт рибитолмен байланысқан метилденген гетероциклдік изоаллоксазиннен тұратын, кристалды, қызғылт-сары түсті, табиғи пигменттер-флавиндерге жатады. . В2 витаминін кейбір микроорганизмдер мен өсімдіктер синтездейді, ал жануарлар мен адамдар организмдерінде синтезделмейді, сондықтан рибофлавин организмге ас арқылы түседі. Рибофлавин табиғатта өте кең тараған, жануарлар организмінің барлық ұлпаларында және өсімдіктерде кездеседі. В2 витамині етте, бауырда, жұмыртқада, сүтте, ірімшікте, сары майда, балықтан жасалған тағамдарда, ұнда, әсіресе ірі тартылған ұнда, бидай тұқымдастардың дәндерінде, жас көкөністе көп болады.
Биомедициналық қызметі :
В2 витамині коферменттік қызмет атқарады, ФМН мен ФАД-тың құрамына кіреді, соған байланысты мынадай ферменттердің қызметтеріне қатысады:
- митохондриялардың аэробты дегидрогеназаларының (, НАДН2 -редуктазаның, НАДФН2 -редуктазаның, ацил -КоА -дегидрогеназаның және т. б. )
- аминқышқылдарының оксидазаларының (D және L -аминооксидазалардың)
- ксантиноксидазаның
В2 авитаминозының белгілері:
Рибофлавиннің ас арқылы жеткіліксіз түсуі организмдегі органикалық заттардың тотығуын нашарлатып, зат алмасу процесін, әсіресе белоктар мен амин қышқылдарының алмасуын төмендетеді. В2 витамині авитаминозында адам шаршағыш келеді, бұлшық еттерден әл кетеді, жүрек еті әлсірейді, балалардың бойының өсуі тежеледі, салмақ қосуы төмендейді, шашы түсіп (алопеция), бас терісі қабыршақтанады (дерматит) . Адам организмінде рибофлавин жетпегенде көздің мөлдір қабығы мен бұршағында кератит, катаракта сияқты аурулар пайда болады, көз қызарып, жас ағып, көру процесі нашарлайды. Тілдің кілегей қабаты қабынады (глоссит), ауызы уылады, екі езудің терісі жарылып, қабынады (ауыздық ауруы) .
В3 витамині (пантотен қышқылы, антидерматиттік)
Пантотен қышқылы химиялық табиғаты бойынша бета - аланин мен пантой қышқылының (альфа - гамма - дигидроокси - бета, бета - диметилмай қышқылы) туындысы болып табылады.
Биомедициналық қызметі
Пантотен қышқылы ацетильдену коферменті коэнзим А - ның құрамына кіреді, сонымен қатар май қышқылдары синтетазасының ацилтасымалдаушы белогының коферменті - пантотеин - 4- фосфаттың түзілуі үшін пайдаланылады. Коэнзим А кофермент ретінде мынадай ферменттер мен процесстердің каталитикалық белсенділігін қамтамасыз етеді:
- ацил - КоА - синтетазаның, ол ацил КоА (ацетил - КоА және т. б. ) сияқты май қышқылының белсенді түрлерінің түзілуін қамтамасыз етеді;
- май қышкылдарының тотығуы
- кетон денелерінің, ацетилхолиннің, холестериннің және басқа стероидтардың синтезі
- цитраттың түзілуі, Кребс циклында сукцинил - КоА айналуы, сукцинил - КоА -ны пайдаланатын синтетикалық реакциялар
- бөтен қосылыстар мен биогенді аминдерді залалсыздандыру реакциялары.
В3 авитаминозының белгілері:
Пантотен қышқылы авитаминозында адамдар мен жануарлар әр түрлі ауруларға шалдығады: денедегі түктер мен шаш түсіп, түсі өзгереді, терісі зақымданып, ішкі органдардың кілегей қабаты қабынады, жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері зардап шегеді. В3 витаминінің организмде жетіспеуінің ең алғаш белгілері мынадай: адамдардың аяғының саусақтары жансызданып, шанши бастайды, кейінірек саусақтары мен табаны өте қатты ауырып, ол тізеге дейін көтеріледі.
В5 (РР) витамині (никотин қышқылы, никотинамид)
Никотин қышқылы және оның амиді - никотинамид - ертеден белгілі. Бұл витаминді ниацин немесе РР деп те атайды. Никотин қышқылының витаминдік қасиеті 1937 жылы анықталады. Никотин қышқылының РР деп аталу себебі пеллаграға қарсы деген атаудың басты әріптерінен тұрады (итал. preventіve pellagra) . Химиялық тұрғыдан В5 витамині - β-пиридинкарбон қышқылы, ал никотинамид - β-пиридинкарбон қышқылының амиді:В5 витамині ақ түсті, қышқылдау, суда жақсы еритін, эфирде ерімейтін, жоғары температураға, күн сәулесіне, ауаға, сілтілік ерітінділерге тұрақты кристалдар. Никотин қышқылы табиғатта өте кең тараған. Оған өсімдіктер де, жануарлар да бай. Никотин қышқылының негізгі көздері: бауыр, бүйрек, ет, балық, ашытқы, қара құмық, бұршақ тұқымдастар, қара нан, т. б.
Биомедициналық қызметі:
Никотинамид дегидрогеназа ферменттерінің (алкоголь дегидрогеназа, альдегиддегидрогеназа, глутаматдегидрогеназа, фос, лактатдегидрогеназа, малатдегидрогеназа, т. б. ) коферменттері - никотинамидадениндинуклеотид (НАД), (НАДФ) құрамына енеді. НАД және НАДФ протондар мен электрондарды субстраттардан флавопротеидтерге тасымалдап, организмдегі биологиялық тотығу процесіне қатысады.
В5 авитаминозының белгілері:
В5 авитаминозында адамдар пеллагра ауруына шалдығады. Пеллаграның алғашқы белгілері төмендегідей: ішек-қарынның кілегей қабаты қабынады, іш өтеді (диаррея), кейіннен тері қабынып, кедір-бұдырланады (дерматит), асқынған түрінде ми зақымданып, ойлау қабілеті төмендейді (деменция) . Бұл дертке балалар шалдыққанда бойларының өсуі баяулап, салмағын жоғалтады, анемияның жеңіл түрі пайда болады. В6 (пиридоксин, антидерматиттік)
В6 витамині міндетті түрде ас құрамында болу керектігін 1934 жылы Дьерди, егеуқұйрықтылардың аяқ жағында болатын акродиния деп аталатын ерекше дерматитті, сол кезде белгілі болған суда еритін В1, В2 және РР витаминдері жаза алмағаннан кейін ашты. Бұл витамин1938 жылы ашытқылар мен бауырдан бөлініп алынады, 1939 жылы синтезделеді. В6 витамині химиялық құрылымы жағынан 3 - оксипиридин туындысы: 2 - метил - 3 - окси - 4, 5 - диоксиметил - пиридин екендігі анықталады. В6 деген атауды 1970 жылы биологиялық химия номенклатурасы бойынша халықаралық комиссия витаминдік активтілігі бар үш затқа береді. Олар: пиридоксин (пиридоксол), пиридоксаль және пиридоксамин:В6 витаминінің үш түрінде де витаминдік активтілік болғанымен, зат алмасу процесіне тек қана пиридоксаль мен пиридоксаминнің фосфорлы эфирлері - пиридоксальфосфат және пиридоксаминфосфат түрінде қатысады:Пиридоксаль мен пиридоксаминнің фосфорлануы ферментативтік процесс, оларды спецификалық киназалар катализдейді. В6 витамині су мен спиртте жақсы еритін түссіз, жоғарғы температураға тұрақты кристалдар (tпл=160°C) .
Биомедициналық қызметі:
Кейінгі кезде В6 витаминінің азот метаболизмінде атқаратын маңызы өте зор екендігі анықталып отыр. Организмдегі азот алмасуының басты реакцияларын катализдейтін 20-дан астам ферменттердің құрамына В6 витамині кофермент ретінде енеді. Осы ферменттердің ішінде: трансаминаза - амин тобын (-NH2) аминқышқылдарынан α-кетоқышқылдарына қайтымды тасымалдауын, ал, декарбоксилаза - карбоксил тобын (-СО2) аминқышқылдарынан қайтымсыз бөліп, биогенді аминдер түзілуін катализдейді. В6 авитаминозының белгілері :
Пиридоксин авитаминозында амин қышқылдары мен белоктардың алмасуы бұзылады, қанның түзілуі нашарлайды, жалпы мөлшері азайып, анемия ауруы пайда болады. Жас балалар мен мал төлінің бойларының өсуі баяулап, салмақтарын жоғалтады. Жас сәби балалар пиридоксині аз жасанды тамақпен тамақтанғандықтан, В6 авитаминозымен жиі ауырады, ондайда балалардың терісі қабынып, нерв жүйесі зақымданады. Адамдар РР витаминімен емдегенде жазылмайтын, ал пиридоксинді қабылдағанда тез жазылатын, пеллаграға ұқсас, тері қабынатын аурумен ауырады. Туберкулезге шалдыққан адамдар пиридоксин авитаминозымен жиі ауырады, себебі, науқастарға пиридоксиннің антагонисі - изоникотинилгидразид (изониазид) дәрісі беріледі
В12 витамині (цианкобаламин, антианемиялық)
В12 витамині басқа витаминдерден тек химиялық құрылымының күрделігімен ғана емес, құрамында организмге өте қажет кобальт микроэлементінің болуымен ерекше, сондықтан кобаламин деп аталады. В12 витаминінде кобальт циан тобымен және координациялық байланыспен коориндік циклдік жүйесімен байланысқан. Бұл жүйе гемопротеиндердің және гемнің порфирин тобына ұқсас және рибоза мен фосфор қышқылының қалдығы бар 5, 6 - азотымен байланысқан:
В12 витамині (цианкобаламин)
Адам организмінде коферменттік қызмет атқаратын В12 витаминінің екі түрі бар, олар: метилкобаламин - цитоплазмада, дезоксиаденозилкобаламин - митохондрияда шоғырланған. Американдық ғалымдар Джордж Мино мен Уильям Мэрфи 1926 жылы шала піскен бауырды ас құрамына енгізгенде қатерлі анемияны жазатындығын анықтаған. 1948 жылы Эдвард Рикс пен Ролкерс кристалды түрде В12 витаминін жас бауырдан бөліп шығарды. Тек 1955 жылы Ходжкин химиялық құрылымын және кеңістіктегі конфигурациясын физикалық әдіспен (рентгеноструктуралық зерттеу) анықтады. Ал қолдан 1961-1971 жылдары Р. Б. Вудворд синтездейді. В12 витамині суда, спиртте, төменгі органикалық қышқылдарда, фенолдарда жақсы ериді, ал бензолда, хлороформда, ацетонда ерімейді. Жоғары температура әсеріне тұрақты, кристалдары t≈210-220°С қараяды, t≈300°С жұмсарады. В12 витамині оптикалық активті зат. Бұл витамин адам организміне ас арқылы түседі. В12 витамині бауырда, етте, сүтте, жұмыртқада, жануардан алынатын азықтарда болады.
Биомедициналық қызметі :
В12 витамині кофермент ретінде кобамид ферменттер тобы құрамында азоттың, көмірсулардың, нуклеин қышқылдары мен майлардың алмасуына қатысады. Метилкобаламин кофермент ретінде енетін ферменттер метиониннің биосинтезін жеделдетеді. 5’ - коферменті бар ферменттер сутегі атомдарын және әр түрлі химиялық топтарды (гидроксилдік, амин, карбонил тиоэфир т. б. ) тасымалдауға қатысады. В12 витамині жануарлардың өсіп өнуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметіне, қан түзілуіне қажет. Әсіресе, қанның қызыл түйіршіктерінің жетілуіне өте үлкен әсер етеді, гемоглобин құрамына кіретін порфириндер түзілуіне қажет. В12 витамині организмде липотроптық қызмет атқарып, бауырды майланудан сақтайды, метионинмен қамтамасыз етеді.
В12 авитаминозының белгілері :
В12 витамині авитаминозында организм қатерлі анемия (пернициоздық анемия) Аддисон-Бирмер ауруына шалдығады. Пернициоздық анемияда қанда мегалоциттер - көлемі үлкен жетілмеген қызыл түйіршіктер көбейіп, олардың қан айналымындағы жалпы саны азаяды. Ауру адам күніне 100-200 мкг В12 витаминін қабылдаса, екі жұмадан соң сауығады. В12 витамині организмде гомоцистеиннен метиониннің синтезделу процесін тездетеді, авитаминозында зәрде гомоцистеин көбейеді де, метионин азаяды. Бұл витамин метилмалонил-КОА-ның сукцинил-КОА-ға айналуын тездетеді. Авитаминозында метилмалон қышқылы организмде жиналып, нерв ұлпаларына улы әсер етеді, жұлында дегенерациялық өзгерістер байқалады, асқазан сөлінің қышқылдығы төмендейді.
В с витамині (фоль қышқылы, птероилглютамин, антианемиялық)
В с витамині ең алғаш 1945 жылдары өсімдік жапырақтарынан бөлінген (лат. folіum - жапырақ) . Бұл витамин туралы алғашқы мағлұмат 1940 жылдары балапандарға жасалған тәжірибе нәтижесінде алынып, олардың қалыпты өсуіне қажеттілігі анықталды («с» индексі - ағылшынша chіcken - балапан) . Фоль қышқылының химиялық құрылымы анықталмай тұрып кейбір бактериялардың коректік ортада парааминобензой қышқылын керек ететіндігі белгілі болады, керісінше, бұл қышқылға ұқсас сульфаниламидті қосқанда бактериялардың өсуі тежелген. Қазіргі кезде парааминобензой қышқылының өсу процесін тездететіндігі, оның фоль қышқылының құрамына енетіндігі анықталды. Фоль қышқылы үш құрамнан тұрады: птеридин қалдығы (І), парааминобензой (ІІ) және L-глютамин (ІІІ) қышқылдары:Фоль қышқылының бірнеше түрлері белгілі, олар бір-бірінен химиялық құрылымы, құрамы жағынан өзгешеліктері бар, соған байланысты атаулары да өзгеріп отырады. Фоль қышқылы ұсақ кристалды, сары түсті, дәмсіз, иіссіз, суда орташа еритін (25 мг/л), спирт ерітінділерінде жақсы еритін, эфирде, ацетонда, хлороформда ерімейтін зат. Жарықта көп тұрса бұзылады, ауада сақталады, 250°С балқиды. В с витаминінің тағам көздері: бауыр, нан, түсті қырыққабат, саумалдық, сыра, нан ашытқылары және т. б.
Биомедициналық қызметі :
Фоль қышқылы көптеген ферменттердің коферменті ретінде бір көміртегі бар қалдықтарды тасымалдауға қатынасады. Мысалы: метил тобын (-СН3) - метионин мен тимин, оксиметил(-СН2ОН) тобын - серин, формил () тобын - пуриндік негіздер биосинтездерінде тасымалдайды. Жоғарыда аталған заттар мен нуклеин қышқылдарының алмасуында фоль қышқылы негізгі қызмет атқарады. Метионин мен серин - белок, тимин - ДНК, пурин негіздері - ДНК және РНК-ның барлық түрінің биосинтездерінде маңызды қызмет атқарады. Сондықтан, фоль қышқылы жетіспесе организмде зат алмасу процесі өте терең өзгерістерге ұшырайды.
В с авитаминозының белгілері :
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz