Қобыланды батыр



1.Қобыланды батыр туралы
2.Ғалымдардың пікірлері
3.Қызықты деректер
Немістің әйгілі ғалымы Альфред Вебер былай деп жазады: “Орталық Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса-көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды. Қиын-қыстау тіршілік пен қауіп-қатері мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді, үстем нәсіл ретінде олар дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті”. (Карл Ясперс. Смысл и назначение истории. – Москва, 1991. 46 бет).

Яғни, Альфред Вебер көшпелі түрк халықтарын әлемде алғашқы эпос тудырушы халық ретінде даралап көрсетеді. Ақиқаты да солай. Қазіргі этнологтардың есебінде жер бетінде 4-5 мыңдай этножаралым болса, солардың санаулылары ғана эпос туындата алған. Бұл ретте, Батыс жұртынан “Иллияда” мен “Одиссеяны” тудырған байырғы гректерді, Шығыс жұртынан “Махабхарата” мен “Рамаянаны” әкелген үнділерді ғана атауға болады. Ал, мүйізі қарағайдай қытай, славян халықтары эпос тудыра алған жоқ.

Ғалымдардың зерттеуінше, қазақ халқында, варианттарымен қосып есептегенде, мыңға тарта эпикалық туынды бар екен. Солардың ішінде бір ғана “Қобыланды” жырының 29 нұсқасының бар екенін және оларда әрісі сақ-ғұн заманының, берісі қалмақ-жоңғар кезеңінің белгілері жалғасып отыратынын ғалымдар әлденеше рет жазған еді.

Қазақ эпосы жайында алғаш пікір білдіріп, көңіл аударған ғалымдар – В.Радлов, И.Березин, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Алекторов, Ә.Диваевтар еді. Бертінде терең зерттеген ғалымдардан М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев, Е. Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, О.Нұрмағамбетоваларды ерекше атауға болады.

Академик М.Әуезов эпостық шығармалар турасында: “Бұл дастандар көбіне сонау бір бағзы замандарда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған көшпелі тайпалар басынан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар, Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді батырлардың есімдері тарихи оқиғаларға байланысты”, – деп жазғаны баршаға аян.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қаһармандық рух қайта түледі
(Қобланды батыр жыры)

Немістің әйгілі ғалымы Альфред Вебер былай деп жазады: “Орталық
Азиядан шыққан көшпелі халықтардың Қытай, Үндістан және батыс елдеріне баса-
көктеп жетуі (ежелгі дүниенің осынау ұлы мәдениеттері көшпелілерден жылқыны
пайдалануды үйренді) дүниенің үш атырабына да бірдей ықпал етті, ат
үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Олар ежелгі дүниенің
ұлы мәдениеті бар мемлекеттерін жаулап алды. Қиын-қыстау тіршілік пен қауіп-
қатері мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді, үстем нәсіл
ретінде олар дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос
түрінде паш етті”. (Карл Ясперс. Смысл и назначение истории. – Москва,
1991. 46 бет).

Яғни, Альфред Вебер көшпелі түрк халықтарын әлемде алғашқы эпос
тудырушы халық ретінде даралап көрсетеді. Ақиқаты да солай. Қазіргі
этнологтардың есебінде жер бетінде 4-5 мыңдай этножаралым болса, солардың
санаулылары ғана эпос туындата алған. Бұл ретте, Батыс жұртынан “Иллияда”
мен “Одиссеяны” тудырған байырғы гректерді, Шығыс жұртынан “Махабхарата”
мен “Рамаянаны” әкелген үнділерді ғана атауға болады. Ал, мүйізі қарағайдай
қытай, славян халықтары эпос тудыра алған жоқ.

Ғалымдардың зерттеуінше, қазақ халқында, варианттарымен қосып
есептегенде, мыңға тарта эпикалық туынды бар екен. Солардың ішінде бір ғана
“Қобыланды” жырының 29 нұсқасының бар екенін және оларда әрісі сақ-ғұн
заманының, берісі қалмақ-жоңғар кезеңінің белгілері жалғасып отыратынын
ғалымдар әлденеше рет жазған еді.

Қазақ эпосы жайында алғаш пікір білдіріп, көңіл аударған ғалымдар –
В.Радлов, И.Березин, Г.Потанин, Ш.Уәлиханов, А.Алекторов, Ә.Диваевтар еді.
Бертінде терең зерттеген ғалымдардан М.Әуезов, Ә.Марғұлан, Ә.Қоңыратбаев,
Е. Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, М.Ғабдуллин, О.Нұрмағамбетоваларды
ерекше атауға болады.

Академик М.Әуезов эпостық шығармалар турасында: “Бұл дастандар көбіне
сонау бір бағзы замандарда Орта Азияны, Қырым мен Еділ бойын жайлаған
көшпелі тайпалар басынан кешірген нақтылы тарихи оқиғалардың поэтикалық
көрінісі болып табылады. Батырлар жырының кейіпкерлері – Қобыланды, Қамбар,
Тарғын сияқты аға батырлар мен Алпамыс, Сайын тәрізді батырлардың есімдері
тарихи оқиғаларға байланысты”, – деп жазғаны баршаға аян.

Батырлар жырын, байтақ эпостарымызды кеңестік кезең таптық көзқарас
тұрғысынан бағалап, оқытпады. Сөйтіп, сан ұрпақ ата-бабасынан қалған
телегей-теңіз мұраны, ғажайып жырларды оқымай келді. Мұның өзі түптеп
келгенде, нәрестені анасының емшегінен айырғанмен бірдей еді. 1951 жылы
“Манас” эпосы­на арналған халықаралық конференцияда Мұхтар Әуезов жырды
Ленинградта аспирант болып жүргенде оқығанын айта келе: “Манас халық эпосы,
Күлтегінге ділгір болған халық Манастай батырды туғызбай тұра алмаған, ең
ұлы эпостар деп жұрт “Иллияда” мен “Одиссеяны” атайды, көлемі жағынан
әлемде “Манасқа” тең келер эпос жоқ. “Манасты” күзде қой күйек байлағаннан
бастап жырласа, ас, намаз, дәрет мезгілін есептемегенде, көктемде қой
қоздағанға дейін жырласа таусылмайтын жойқын, теңдесі жоқ, телегей теңіз
жыр” – деп халық мұрасын алғаш рет қызғыштай қорып, сөйлегені есімізде. Бұл
сөз “Манас” туған халқына жат саналып жүрген заманда бұлттан шыққан күндей
жарқ ете қалып еді.

“Манасты” манасшылар жырлаған. Соңғы манасшы Қаралаев Саяқбайдың
өнерін көзіміз көрді. Кешегі Сүйінбай, Майкөт, Жамбыл, Кенендер де
“Манасты” өзінше жырлаған еді.

Эпостық мұраларды, ондағы тарихи тұлғаларды терең зерттеп, көп тер
төккен кісі – академик Әлкей Марғұлан. Ғалымның еңбектерінде эпостық
жырлардың деректері негізінен тарихи шындыққа сәйкес келетіні, жұртымыздың
басынан кешкен ұлылы-кішілі оқиғалардың туындысы және халық даналығының
айқын ескерткіші екендігі айтылады. Оларға әр кезде өмір сүрген халық
батырларының ерліктері арқау болғаны ескертіледі. Сонымен қатар, Ә.Марғұлан
қазақ эпосы өзінің қалыптасып даму тарихында ХІІІ ғасырға дейінгі екі
кезеңді (көне заман және VІ-ХІІ ғасыр арасы) басынан кешіргенін және сол
кездерде эпостық шығармаларымыздың алғашқы үлгілері туғанын қадап жазады.

М.Әуезов өзінің қазақ әдебиеті тарихы туралы зерттеуінде біздегі
батырлар жырының ең көне үлгілері есте жоқ ескі заманда туған дейді,
Қ.Жұмалиев қазақтағы батырлар жырының алғашқы үлгілері қазақ батырларының
ертедегі ру бірлігін қорғау жолында жасаған ерліктерін жырлау негізінде
туған деген тұжырым жасайды.

Қазақ эпостарының ішінде ең көп зерттелгендерінің бірі – “Қобыланды
батыр” жыры. Қобыланды жөніндегі аңыз-әңгімені алғаш рет баспа бетіне
түсірген кісі – В.Радлов. Содан бері бұл жыр әлі күнге дейін зерттеу
нысанасына айналып келеді.

“Қобыланды батыр” жыры жайындағы алғашқы келелі сөзді Әлихан
Бөкейхановтың “Туркестанские ведомости” газетінде жарияланған “Женщины по
киргизской былине Кобыланды” деген көлемді зерттеу мақаласынан
кездестіреміз.

Академик Мұхтар Әуезов өзінің 1925 жылы “Таң” журналына жариялаған
“Қобыланды батыр” атты зерттеуінде бұл жырға “эпопея дерлік жыр” деп баға
береді. “Қобыланды батыр” жырын ғалым Мәлік Ғабдуллин де егжей-тегжейлі
зерттеді: 1947 жылы “Қобыланды батыр жырын ғылыми зерттеудің проблемалары”
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады, 15 түрлі нұсқасын
жариялады.

Сонымен қоса, “Қобыланды батырды” Марабай, Мергенбай жырау, Біржан
Толымбаев, Айса Байтабынов, Мұрын Сеңгірбаев, Көшелек Еламанов, Шапай
Қалмағамбетов, Құлзақ Амангелдиев, Нұрсейіт Битілеуов, Рахмет Мәзқожаев,
Сүйінішәлі Жаңбыршыұлы, Қашқынбай жырау, Қали Нұрпейісов, Қалмағамбет
Жамболов, Құлзақ Амангелдин, Әбілда Жүргенбаев, Ержан Ешімов, Шәкір жырау,
Сыр бойының белгілі жыршысы Тұяқбай жырлаған. Қарақалпақстандық қазақ
жыршыларынан: Қуанышбай Досымбаев, Тәжік жырау, Қарлыбай Қалжанов, Жақсылық
Төлепов, Қошақан Туатаев, Ережеп Аманжолов, Төребай Құрбанов жырлаған.
Бұлардың қай-қайсысы да “Қобыланды батырды” өзінше жырлаған, бір-бірін
қайталамаған, жырдың көпшілікке таныс сюжетіне жанынан жаңа әңгімелер қосып
айтқан. Жырдың айтушылары мен нұсқаларының мол болуы бұл жырдың халық
арасына мейлінше көп таралғандығын білдіреді. Осылардың ішінде академиялық
оқулыққа енгені Марабай нұсқасы.

Бұл жырдың 9 мың жолдық нұсқасын Ақтөбе топырағында ақын Нұрпейіс
Байғанин да жырлаған.

– Мен “Қобыландыны” он жеті жасымнан жырладым, тұқымы жыршы Махует
деген ақыннан үйрендім. Махуеттің әкесі Ділмағамбет, Ділмағамбеттің әкесі
Бітеген, Бітегеннің әкесі Терлікбай, Терлікбайдың әкесі Бақы, Бақының әкесі
Жаскелең, Жаскелеңнің әкесі Текберген деген атақты жыраулар өтіпті. Атадан
балаға “Қобыландының” мен айтатын осы желісі қалған екен” – дейді Нұрпейіс.

“Қобыланды батыр” көлемді жыр болып бірден туа салмаған. Ол өзінің
қалыптасып даму процесінде халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық өмірдің әр
алуан талап-тілегіне сәйкес елеулі өзгерістерге ұшыраған; әрбір тарихи
кезеңнің, қоғамдық ой-сананың, түрлі көзқарастардың көптеген әсерін бойына
сіңірген.

Мәселен, жырдың Марабай, Мергенбай, Біржан, Құлжан, Досжан айтқан
нұсқаларында Қобыландының алысатын жаулары кілең қызылбастар болып келеді,
ал, Нұрпейіс, Айса, Мұрын жырлаған нұсқаларда бас кейіпкер қалмақтармен
күреседі. Батырлық жырларда “қызылбас”, “қалмақ” деген атаулар әр кезеңдегі
шапқыншы жаулар ретінде бірінің орнына бірі ауысып айтыла береді. Бұл
жағдай тек қазақта ғана емес, көршілес қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түркімен
халықтарының эпикалық шығармаларында да жиі кездеседі.

“Қобыланды” жыры – тайпалық эпос түрінде туып, бірте-бірте
жалпыхалықтық жырға айналған қазына. Қазан төңкерісінен бұрынғы
фольклортану ғылымында бұл жырды орыс патшасы Иван Грозныйдың 1552 жылғы
Қазан хандығын жаулап алу оқиғасымен байланыстыра қарау басым болды.
Кезінде Мәлік Ғабдуллин бұл пікірге қарсы шығып, “Қобыланды” жырының одан
үш жүз жыл бұрын ХІІІ ғасырдағы парсы жерін билеген Шыңғыс ханның ұрпағы
Ғазан ханға қарсы күрестің барысында туған эпос екенін жазған еді. Жалпы,
“Қобыланды” жырының нұсқалары батырды бес түрлі кезеңге апарып телиді.
Солардың алғашқысы ІХ-Х ғасырлардағы пешенег дәуірі, екіншісі ІХ-ХІ
ғасырлардағы оғыз-қыпшақ заманы. Үшінші-төртінші кезең ХV-ХVІ ғасырлардағы
Ноғайлы ордасы мен Өзбек-Қазақ ұлысы кезеңімен байланысты. Ал жырдың
қайсыбір нұсқалары батырды бергі ХVІІІ ғасырдағы Жоңғар жорығына
араластырады. Әлбетте, мұның бәрі фольклор заңдылығына сәйкес, осы жырды
жырлап таратушы жыраулардың елін сүйген, елі сүйген баһадүр батырға
ділгірлігінен, белдеуден ат кетпеген беймаза замандардағы халықтың батырға
зәрулігінен туған.

Шын мәнінде Қобыландының өмір сүрген дәуірі белгілі. Бұл — тарихи
ақиқат. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі шыққан төл энциклопедиямызда мынадай
жолдар бар: “Қара қыпшақ Қобыланды – (шамамен ХV ғасырда өмір сүрген)
батыр, тарихи қайраткер. Көшпелі өзбек мемлекетінің негізін қалаушы
Әбілхайыр ханның бас батыры. Қазақ шежіресінде Қобыландыны Қара қыпшақтан
тарайтын Тоқтарбайдан туғызады. Қобыландыдан Беркімбай, Беркімбайдан бес
таңбалы Қыпшақ ұрпақтары өрбиді... Ел аузындағы деректерге қарағанда, оның
бейіті Қобда өзенінің бойында”, – делінген. Қобыланды батыр – шын мәнінде
қайталанбас эпостық образ деңгейіне жеткен тарихи тұлға. Кейінгі кешенді
зерттеулер Қобыланды батырдың ХV ғасырда Сырдың бойында хандық құрған
Әбілхайыр тұсындағы Өзбек-Қазақ кезеңінде өмір сүргенін айғақтайды.

Ғалым Әуелбек Қоңыратбаевтың жазуынша, Қобыланды батыр Әбілхайыр
ханның екі төбе биінің бірі болған. Себебі, әзірге белгісіз, Қобыланды
ханның “Ақжол” биі атанып кеткен екінші биі Дайырқожаны ұрып өлтіреді.
Жырда айтылатын Дайырқожаның әкесі Қотан жыраудың: “Қара қыпшақ Қобыландыда
нең бар еді, құлыным, сексен асып таянғанда тоқсанға, тұра алмастай үзілді
ме жұлыным, адасқанын жолға салдық бұл ноғайлы ұлының, аққан бұлақ, жанған
шырақ жалғыз күнде құрыдың, Қара қыпшақ Қобыландыда нең бар еді, құлыным!”
деп келетін жыр жолдарының өзі батырдың Өзбек (Әбілхайыр) хандығының іргесі
шайқалатын тұста ғұмыр кешкеніне дәлел бола алады.

Бір қызығы, аталған жоқтауда Қобыландыға қатысты ешқандай жазғыру жоқ,
жырау атышулы батырмен ұстасқан баласының өліміне күйініш білдіреді. Өзбек
ханның мұрагері – Әбілхайыр Шәйбанидың қабырғалы екі биінің арасындағы осы
оқиға, түптеп келгенде ұшса құс қанаты талатын ұлан-ғайыр жерді алып жатқан
үлкен бір ұлыстың екіге жарылуына себеп болғанға ұқсайды. Осылайша ел іші
алатайдай бүлініп, Керей мен Жәнібек сұлтандардың хандықтан кетіп, мұның
аяғы Шу бойындағы Қозыбасы тауының етегінде дербес Қазақ хандығының
құрылуына алып келеді. Бір жағынан Қобыланды батырды ұлтымыздың бүгінгі
атауының қалыптасу шағының бастауында тұрған тарихи тұлға десек те болады.

Осыған орай белгілі тарихшы Қойшығара Салғараның мына пікірін де
ескермеске болмайды. Ол өзінің “Қазақтар” атты роман-эссесінде:
“...Қобыландының Дайырқожаны өлтіруі – елді екіге айыруының себебі емес,
тек желеуі, ал, елдің екіге айрылуының тарихи шындығы басқада. Есен Бұғының
Керей мен Жәнібек сұлтандарға Шу өңірінен шұрайлы жерді сайлап беруінде
терістік шығыстан еміне енген ойраттар мен оңтүстік батыстан көзінің сұғын
қадаған Ақсақ Темірдің шө­бересі Әбу Сайд мырзаға арқа сүйеген өз ағасы
Жүніске қарсы күресте өзбек жауынгер жігіттерін қалқан етемін деген мақсат,
ізгі үміті жатыр” – деп жазады.

Қазақ эпосы бір автордың шығармасы немесе бір ғасырдың ғана жемісі
емес. Оның тууының түп негізі сонау көне түрк эпикалық дәстүрінде жатыр.
Орхон-Енесей жазбаларында ұшырасатын эпикалық стильдің элементтері осы
ойымыздың айқын дәлелі бола алады. Зерттеушілердің пікірінше “түрк-моңғол
халықтарының қаһармандық эпосы, оның пайда болу дәуірі біздің эрамыздан
бастап көне Түрк қағанаты құрылғанға дейінгі аралықты қамтиды”. “Қобыланды
батыр” эпосының сюжеттік желісі қыпшақ және оғыздардың эпикалық дәстүрімен,
“Тоныкөк”, “Күлтегін”, “Қорқыт ата кітабы”, “Алпамыс батыр” жырларымен
ұқсас, ортақ. Ендеше, “Қобыланды батыр” эпосын Алтын Орданың ыдырау
дәуірінен бұрын туып қалыптасты деуімізге толық негіз бар.

Қазақ эпосының көркемдігінің жоғары болуына жыраулар мен жыршылардың
сіңірген еңбегі айрықша. Батырдың ел-жұрты, ата-анасы, қалыңдығы және жан
серігі – астындағы тұлпары – бәрі де эпоста әсерлі, асқақ бейнеленеді.
Мұның бәрі эпос жанрының табиғатынан туындайды.

Осыған орай, Әбділда Тәжібаевтың: “Эпос бірден туа салмаған, жыраулар
эпосты тудыру үшін алдымен дәуір, заман, ел ахуалы, тарихи тұлғалар туралы
ұзақ толғаған. Мұны желі дейді. Желінің өзі күні-түні айтса таусылмайтын
жыр болған. Содан соң барып батырдың қаһармандығы туралы эпос туған” –
деген сөзі ойға оралады. Жыраулар эпосты домбыраға қосып, әуенмен жырлайды,
кей-кейде оны тоқтатып ұзақ толғау сарынға түседі. Қалай орындалған күнде
де жыр салтанатты болған. Қазақ эпосы турасында біршама зерттеулер жасаған
профессор Н.Смирнова эпикалық тақырыптарға арналған күйлер де болатындығын
атап көрсетеді.

Эпостың негізгі қаһарманы – хас батырдың бойына адалдық, батылдық,
алыптық секілді асыл қасиеттер жинақталып беріледі. Батырлық эпос ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келе жатқан көне, дәстүрлі жыр, ол негізінен жатқа айту
арқылы жалғасады. Бір жыршыдан екінші айтушыға ауызекі жету жолында әрбір
қисса қисапсыз өзгерістерге ұшырайды. Әр алуан жүйріктер ғасырлар бойы
бірінен-бірі іліп алып жырлағандықтан, бастапқы шығарған автордың немесе
алғашқы орындаған жыраудың есімі ұмытылып қалуы да заңдылық. Осылайша ол
халықтық шығармаға айналады.

Тарих тауларының тасасында қалған алыс-жұлысты жаугершілігі мол ерте
заманнан күні кешеге дейін, анығырақ айтқанда, кітап шығару ісі жолға
қойылғанға дейін батырлар жыры – эпос ұрпақ тәрбиесін түбегейлі мойнына
алған академия секілді еді. Біріншіден – батырлар жыры ерте бастан баланың
дүниеге, алыс-жақынға деген көзқарасын қалыптастырды, туған жерге деген
оттай ыстық сүйіспендігін оятты; екіншіден – елін, жерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қобыланды - батыр Қазақ эпосы
Қобыланды батыр биографиясы
Қобыланды батыр жырының композициялық құрылысы
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Эпостағы қазақтану мәселелері (Қобыланды батыр эпосындағы)
Батырлар жырын оқыту
Батырлар жырындағы тарихи шындық
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР ЖЫРЫН АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
Пәндер