Аминқышқылдарының пайдалану жолдары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
* Аминқышқылдардың алмасуы
* Аминқышқылдарының пайдалану жолдары
* Амин қышқылдар алмасуының жалпы жолдары
o Дезаминделу реакциялары
o Декарбоксиьдену реакциялары
o Трансаминделу реакциялары
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Аминқышқылдары ақуыздар түзетін құрылымдық, химиялық бірліктер немесе құрылыс кірпішіктері болып табылады. Аминқышқылдарының құрамында 16% азот бар, бұл басқаша екіншілік тамақатану элементтері болып табылатын көміртектер мен майлардан құралған негізгі химиялық айырмашылық. Амин қышқылдарының организмдегі маңыздылығы ақуыздардың барлық өмірлік процестердегі үлкен рөлімен анықталады. Ең ірі жануардан, ең кіші микробқа дейінгі ағзалар ақуыздардан тұрады. Ақуыздардың неше түрлі формалары тірі ағзадағы болып жатқан барлық процестерге қатысады. Адам денесінде ақуыздардан бұлшықеттер, сіңірлер, барлық мүшелер және шаш, тырнақтар қалыптасады; ақуыздар сұйықтықтар мен сүйектің құрамына кіреді.Ағзадағы барлық процестерді тездететін және реттейтін ферменттер мен гормондар да ақуыздар болып табылады.
Аминқышқылдардың алмасуы
Адамның ағзасында тәулігіне шамамен 100 г. белок ыдырайды және қайтадан синтезделеді.Тканьдық белоктардың ыдырауы кезінде түзілген аминқышқылдардың 25 % катаболитикалық процестерге қатысып, соңғы метаболиттерге дейін ыдырайды және энергияның көзі ретінде пайдаланылады. Аминқышқылдардың бір бөлігі белгілі бір биологиялық қызмет атқаратын, табиғаты амнқышқылды емес қосылыстардың синтезі үшін пайдаланылады. Яғни, ағзаның тканьдық белоктарды жаңартуға қажетті аминқышқылдарын тұтынуын қамтамасыз ету үшін адам ағзасына тәулік бойы тағаммен бірге қажетті мөлшерде белоктар түсіп отыруы қажет.
Тканьдық белоктардың тәуліктік пайдалануынан көретініміздей, ересек адам үшін белоктың қажеттілігі шамамен 100 г. Калория жағынан жеткілікті тағамдық рационда ағзаның қалыпты азоттық балансын (аминқышқылдық және белоктық алмасудың жағдайы) ұстап тұру үшін белоктың қажетті мөлшері 30-50 граммды құрайды . Ересек адамда қалыпты белоктық тамақтану кезінде азоттық тепе-теңдік байқалады, яғни белокты алмасудың соңғы метаболиттарындағы және зәр арқылы шығарылатын азоттың мөлшері тағаммен келіп түсетін белок пен аминқышқылдарындағы азоттың мөлшеріне тең. Ағзаның өсу кезеңінде , сонымен қатар ұзақ науқастан кейін тәуір бола бастағанда оң азотты баланс орын алады, яғни тағаммен түсетін азоттың мөлшері шығарылатын азоттан көп болады. Ашығу , ауыр науқастану және ағзаның қартаюы кезінде теріс азоттық баланс орын алады.
Сонымен қатар, тағамның белоктарында ауыстырылмайтын аминқышқылдардың барлығы болуы керек. Ауыстырылмайтын аминқышықлдарында адам ағзасында синтезделмейтін 10 аминқышқылдары: вал, лей, изолей, тре, мет, фен, трип, лиз, гис, арг жатады. Құрамында барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдары бар тағамдық белоктар құнды белоктар деп аталады. Егер құрамында ауыстырылмайтын 10 аминқышқылдың біреуі ғана болмаған жағдайда, ол белоктарды - тағамның құнсыз белоктары деп атайды, егер адам тек құнсыз белоктармен ғана тағамданса, ол ағза үшін ауыр зардаптар туғызады. Құнды белоктарға жануар тектес белоктар, бұршақ өсімдіктерінің белоктары және т.б жатады. Өсімдік белоктарының негізгі бөлігі адам үшін құнсыз болып табылады.

Аминқышқылдардың көздері:
1.тағамдық ақуыздар және амин қышқылдары .
2. ақуыздардың лизосомалық ферменттер- катепсиндермен ыдырауы кезіндегі түзілетін АҚ.
3. трансаминделу реакциялары нәтижесінде түзілетін АҚ .
4. көмірсулардан түзілетін алмасуға жататын АҚ.

Аминқышқылдарының пайдалану жолдары:
1.Ақуыздардың , пептидтердің және ақуыздық емес азоттық қосылыстардың (биогенді аминдер, пуриндер, питимидиндер, порфириндер, холин, креатин, адреналин және т.б.) синтезіне ;
2. Коньюгаттардың (мысалы, жұп өт қышқылдары) синтезіне;
3. Глюконеогенез үшін;
4. Майлар синтезі үшін;
5. Соңғы өнімдерге дейін тотығу үшін жұмсалады.

Ағзалардағы амин қышқылдарының 20% тотығу реакцияларына қатысады , ал олардың орны экзогендік ақуыздар, яғни тамақпен түскен ақуыздармен толтырылып отырады: ал қалғандары эндогендік амин қышқылдарымен, яғни ұлпалық амн қышқылдарымен толтырылып отырады. Сүтқоректілердің амин қышқылдарының катаболизмі көбінесе бауырда және бүйректе жүреді. Бұлшықеттерде бұл процестердің белсенділігі төмен болады.

Амин қышқылдар алмасуының жалпы жолдары
Сіңірілген амин қышқылдары қан арқылы ұлпалпрға , мүшелерге , клеткаларға түседі. Амин қышқылдарының клетка- ішілік алмасуы негізінен
3 жолдан тұрады:
1. Дезаминделу реакциялары
2. Декарбоксиьдену реакциялары
3. Трансаминделу реакциялары
Дезаминделу реакциялары.
Трансаминделу реакциясы нәтижесінде, әртүрлі амин қышқылдарынан олардың пирожүзім, қымыздық сірке, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темекі өсімдігін модель есебінде IN VITRO және IN VIVO микроэлементтерді жағдайында өсіргенде қолдану технологиясы және оның экологиялық маңызы
Әртүрлі аймақтарда өсетін топинамбур өсімдігінің (жапырағы, сабағы, жемісі) құрамындағы белоктар мен аминқышқылдарының таралу заңдылықтарын анықтау
Аминқышқылдар. Изомериясы және номенклатурасы
Амин қышқылдарына жалпы сипаттама
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Органдар биохимиясы
Аминқышқылдардың көздері
Амин қышқылдарының маңызы
Мутациялық өзгергіштік (8 тарау)
Көмірсулар жем және ақуыз
Пәндер