Энзимологияның медициналық аспектілері


Жоспар
- Кіріспе;
- Негізгі бөлім;
Энзимологияның медициналық аспектілері
Ферменттер. Медицинада қолданылуы
Изоферменттер
- Қорытынды;
- Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе
Қазіргі кезеңде, басқа да ғылым салаларымен бірге қарқынды дамып келе жатқан өзінің зерттеулерінің қолданбалы нәтижелері және жетістіктері жердегі бүкіл тіршілік иелері үшін аса маңызды биохимия ілімінің бір бөлімі ферменттер болып табылады.
Ферменттердің тірі ағзаларда өтетін химиялық реакциялардың жүру барысын реттеп, белгілі бір тәртіппен өткізуі сол ағзаның тіршілік ету қабілетінің сақтауының, тұрақты болуының, ұрпақ жалғастыруының кепілі.
Қандай да бір реакциялардың жүру барысының өзгерісі міндетті түрде метаболиттік процесстердің өзгеруіне әкелетіні, сол себепті, ағзада зат алмасуының бұзылатыны күмән келтірмейді.
Энзимологияның медициналық аспектілері
Ағзалардың оның жасушаларының тіршілік етуі үшін ферменттер өте қажет. Мыңдаған биохимиялық реакциялардың қатаң түрде дұрыс жүруінің бұзылуы жасуша компоненттері мен қызметінің бұзылуына, ағзаның гомеостазының өзгеруіне әкеледі. Медицина үшін энзимологияның ғылыми жетістіктерін ағзаның сау және патологиялық қалпын анықтау, диагностикада, терапияда қолданудың маңызы зор. Сондықтан, қазіргі кезде, бұл медицинаның көптеген салаларында кең пайдаланылады және жақсы нәтижелер беруде.
Ферменттерді медицинада қолдану үш негізгі бағыттармен (энзимопатия, энзимодиагностика, энзимотерапия) айқындалады.
Энзимопатия - деп ферменттердің мүлде болмауы немесе оның белсенділігінің күрт төмендеуінің нәтижесінде ағзадағы өтетін метаболиттік процесстің бұзылуынан болған ағзадағы патологиялық қалыпты айтады. Энзимопатия туындау жолдарына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді:
1. Тұқымқуалаушы энзимопатия, (бірінші ретті) ;
2. Жүре пайда болған, (екінші ретті) .
Себебіне қарай тұқымқуалаушы энзимопатияны үш топқа бөледі:
а) ферменттердің біреуінің немесе бірнеше түрлері жетіспеушілігі;
б) ферменттердің бір немесе бірнеше топтарының жетіспеушілігі;
в) ферменттердің бір немес бірнешеуінің құрылысының өзгеруі нәтижесінде.
Мысалы, лактаза жетіспеушілігі гемолиттік анемия, гемофилияға әкеледі.
Жүре пайда болған энзимопатия - бұл ағзадағы белгілі бір мүшенің патологиялық процессінің нәтижесінде пайда болған фермент жетіспеушілігі болып табылады. Олар үш топқа бөлінеді:
1. Токсикалық энзимопатия (уланудың нәтижесінде) ;
2. Алиментарлық энзимопатия;
3. Нейро-гуморальды энзимопатия.
Токсикалық энзимопатия себептеріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:
а) фермент активтілігінің төмендеуіне байланысты;
б) белок биосинтезінің фермент әсерін спецификалық төмендетуіне байланысты;
в) белок биосинтезінің фермент әсерінің бейспецификалық төмендетуіне байланысты.
Алиментарлы - бұл белгілі бір уақытта берілетін тағамдық рационның құрамдық катынасының бұзылуынан пайда болады. Алиментарлы энзимопатия келесі себептерге тығыз байланысты:
а) тағамдағы витаминдердің тапшылығына (авитаминоз) ;
б) микроэлементтердің тапшылығына;
в) тағамдағы белоктың тапшылығына (белоктық аштық) .
Нейрогуморальдық реттелудің бұзылуынан болатын энзимопатия негізінен жасушадағы процесстердің өзгеруіне тікелей жүйке қызметі мен гормональдық қызметтің сәйкестігінің бұзылуы және кейбір гормон бөлуші тіндердің қызметінің бұзылуына тікелей байланысты болады.
Токсикалық энзимопатия экология әсерлерінен, кейбір дәрілік препараттардың әсерлерінен туындайды. Бұл улы заттардың әсерінен ферменттің белоктық бөлігінің конформациясын өзгертуі арқылы жүретін процесс. Мысалы, антихолинэстеразалық әсер көрсететін ингибитор мен субстратқа ұқсас құрылысты жатқызуға болады.
Сонымен бірге, кейбір антибиотиктер де (актиномицин Д, пуромицин, хлорамфеникол және т. б. ) белок синтезінің белгілі бір стадияларын тежейді. Афлотоксиндер де канцерогендік әсер беретін улы заттарға жатқызылады.
Энзимологияның қазіргі кезендегі ғылыми жетістіктері көптеген аурулардың дамуы механизмдерін түсінуге ықпал жасайды және практикалық медициналық энзимодиагностика, энзимо-, коэнзимотерапия бөлімдерінің кең қолданылуына жағдай жасады.
Ферменттер. Медицинада қолданылуы
Тірі организмдегі химиялық реакциялардың жүруіне қатысатын ерекше белоктарды фермент немесе энзим деп атайды.
Ферменттердің құрылысын, қасиетін, қызметін зерттейтін ғылымды энзимология деп атайды.
Ферменттер барлық ұлпада, жасушада, субжасушалық құрылымдарда кездеседі. Кейбір ферменттер жасуша ішінде синтезделіп, өзінің әсерін жасушадан тыс жүргізеді. Мысалы пепсин, трипсин, липаза сияқты ас қорыту ферменттері. Олар асқазанның кілегейлі қабаттарында кездеседі. Ал кейбір ферменттер жасуша ішінде синтезделіп, жасуша ішінде өзінің қызметін атқарады. Мысалы глю-6-фосфатаза, тотығу-тотықсыздану ферменттері.
Ферменттер барлық дерлік мүшелер мен тіндерде орналасқан. Алайда мүшелер мен тіндердің ферменттік құрамы бірдей болмайды. Әртүрлі маманданған қызмет атқаратын дифференциалды клеткалар өздерінің ферменттік құрамы бойынша ерекшеленеді. Мысалы: бауырдың клеткаларында мочевинаны синтездеуге глюконеогенезге, билирубинді залалсыздандыруға қажетті ферменттер жиынтығы бар.
Медициналық энзимология үш бағытта дамып келеді:
- Энзимодиагностика
- Энзипатология
- Энзимотерапия
Энзимопатология . Қалыпты жағдайдағы және патология кезіндегі ферменттердің активтілігі анықталады. Көптеген тұқым қуалаушы патологиялардың дамуы, ферменттердің дұрыс синтезделінбеуіне және олардың активтілігінің өзгеруіне байланысты. Галактоземия - тұқым қуалаушы ауруға жатады. Фенилкетонурия бауыр жасушаларында фенилаланинді тирозинге айналдыратын ферменттің синтезінің бұзылуымен байланысты.
Энзимодиагностика . Ферменттік реагенттерді қолданып, қан сарысуындағы, несептегі, асқазан сөліндегі және бақа биологиялық сұйықтардағы қалыпты және аномальды заттардың мөлшерін анықтауға негізделген. Сонымен қатар патология кезіндегі биологиялық сұйықтардағы ферменттердің активтілігінің өзгеуі, энзимодиагностикалық әдістемелермен анықталады.
Энзимотерапия . Ферменттерді және ферменттердің әсер етуін реттейтін заттарды дәрі ретінде қолдануға негізделген. Клиникада пепсин, трипсин, химотрипсин ас қорыту жолы ауырғанда қолданылады. РНҚ-лар, ДНҚ-лар, гиалуронидазалар, коллагеназалар, эластазалар бөлек немесе протеиназалармен, коллагеназалар бірге жараны, қабыну процессін, күйікті, ісінуді гемотомды, өкпе туберкулезбен ауырғанда пайда болатын келлойдтық тыртықтарды емдеу үшін пайдалынады.
Изоферменттер
Изоферменттер - бірдей реакцияны катализдейтін ферменттің генетикалық детерминделген молекулярлық формасының физико-химикалық бір түрі болып табылады. Мысал ретінде глюкокиназ бен гексокиназды келтірейік. Осы екі киназдар глюкозаның глюкоз-6-фосфатқа айналуын катализдейді, бірақ Михаэлс тұрақтылығының мағынасына өзгешеленеді. Глюкокиназ-бүйрек ферменті, ал гексокиназа бүйректе, бұлшық еттерде, және басқа да ұлпаларда кездеседі.
І және ІІ көрсетеміз. Осы екі фермент карбамоилфосфатты синтездейді. Бірақ осы реакциялардың айырмашылығы, біріншісі аммиак есебінен амин тобын, ал екіншісі глютаминнің амин тобы есебінен түзіледі. Осыдан өнім реакциясы бір, ал фермент субстраты ұқсас болғанымен, біркелкі емес.
Бірінші фермент митохондрияда орналасып, мочевинаның метоболизм синтез жолына қатысады, ал екіншісі цитозолда орналасып, пиримидинді нуклеотидтердің синтезіне қатысады. Сондықтанда осы ферметтерді изофермент және түрлі фермент ретінде қарастыруға болады.
Ұқсас ферментердің изофермент болуын немесе әртүрлі ферменттерге жатқызуын табу оңай емес. Кейбір аурулар кезінде изоферментті анықтау дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz